Автор: admin

Жамбыл облысының ПД бастығы полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин жұмыс сапарымен Шу ауданына барды. Ол жеке құраммен кездесіп, аудандық полиция бөлімінің жаңа бастығы — полиция подполковнигі Олжас Омарбеков Төлегенұлын таныстырды. Олжас Омарбеков ішкі істер органдарында 2004 жылдан бері жұмыс істейді. Қызмет жолын Жамбыл облысының ІІД жедел уәкілі болып бастаған. Әр жылдары Тараз қаласы Полиция басқармасының 1-полиция бөлімі бастығының орынбасары, Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы полиция бөлімінің бастығы лауазымдарында қызмет атқарды. Кездесуге Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаев та қатысты. ПД бастығы Олжас Омарбековті тағайындалуымен құттықтай отырып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың заңды мүдделерін қорғау, тұрғындармен тығыз байланыс орнату, сондай-ақ полиция қызметінің сервистік…

Read More

Нашақорлыққа қарсы күрес айлығы аясында Жамбыл медициналық жоғары колледжінде «Есірткісіз Қазақстан» акциясы өтті.  Акцияның бастамашысы Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы болды.  Бейресми форматта өткен әңгімелесу барысында полиция қызметкерлері оқушыларға есірткі және синтетикалық заттарды қолданудың зияны мен оның салдары туралы айтып, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Колледж оқытушылары мен студенттері үшін облыстық ПД кинология орталығының қызметкерлері көрсетілім ұйымдастырды. ⁃ Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «болашақ ұрпақтың әл-ауқатына есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы қауіп төндіреді» деп атап өтті. Президент бұл дерттің біздің азаматтар арасында, әсіресе жастар арасында таралу жолына күшті тосқауыл қоюды…

Read More

Тараз қаласы әкімінің 2022 жылдың 15 маусымындағы өкімімен Тасеменов Айбек Жаханбайұлы Тараз қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. Ол 1985 жылы 27 мамырда Қостанай облысы, Арқалық қаласында туылған.2008 жылы Алматы заң академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша, 2011 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «қаржы» мамандығы бойынша және 2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолы:Еңбек жолын 2008 жылы Жамбыл облысы әкімияты ішкі саясат басқармасында штаттан тыс қызметкер – лектор болып бастаған.2009 – 2014 жылдары Жамбыл облысы әкімияты ішкі саясат басқармасының бас маманы, бөлім басшысы;2014 – 2019 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының индустрияны…

Read More

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 1 маусымда басталған республикалық кең ауқымды «Қарасора» жедел -алдын алу іс-шарасы аясында есірткі құралдарын жою жөніндегі көшпелі комиссия құрамында кешенді жұмыс жүргізуде. Шу, Меркі және Байзақ аудандарының аумағында он күн ішінде ауыл шаруашылығы техникасын тарта отырып, 110 гектар құмды аумақта жабайы өсетін қарасораны ору арқылы жалпы салмағы 23 тонна 270 келі болатын «сора тұқымдас өсімдік» өртелді. «Жамбылдық полицейлер жабайы сораны Жамбыл облысының құмды аймақтарынан басқа өңірлерге шығару арналарын жабу бойынша жұмыстар жүргізуде. Жедел-алдын алу іс — шарасы есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын орындау аясында да…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте халықпен кері байланысты нығайту, жұмыспен қамту, «Мейірім» жобасын жүзеге асыруға қатысты бірқатар мәселелер қаралды. Облыс әкімінің кеңесшісі Нұрмұхаммед Ниязбеков әлеуметтік желіде көтерілген өзекті мәселелер туралы хабарласа, баспасөз қызметінің жетекшісі Данияр Асқарұлы мемлекеттік органдардың ресми сайттарының ақпарат-жаңалықтармен қамтылу деңгейіне жасалған талдау қорытындысын баяндады. Жамбыл облыстық «Бірыңғай диспетчерлік қызметінің» басшысы Бақкелді Тұрсынбек тұрғындардың өтініштеріне жауап беру барысы туралы айтты. Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов көтерілген әрбір мәселе бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді. — «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – қоғам мен билік арасындағы диалогтың, өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықтың негізі. Әр апта сайын…

Read More

Тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету – басты талап. Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов кезекті жиында жауапты тұлғалар мен сала басшыларына адам өмірімен байланысты осы міндеттің маңыздылығын тағы бір ескертті. Басқосуда алдымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен тұрғындарды қамту шараларына арналған жол картасының орындалу барысы қаралды. Бүгінгі таңда облыс бойынша жарналар мен аударымдардың жалпы түсімі 37 млрд. 969 млн. теңгеден асқан. Оның ішінде ағымдағы жылдың бес айында 8 млрд. 656 млн. теңге түскен. Бұл туралы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Ләззат Әлімова баяндады. Ол осы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша сақтандырылған тұрғындар саны 911 771-ді құрағанын…

Read More

Жыл басынан бері Жамбыл облысында мал ұрлығының 48 дерегі тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,6% — ға төмен. Өңірде мал ұрлығымен күресу мақсатында тұрақты негізде арнайы құрылған жедел-іздестіру топтары жұмыс жасайды, олар мал базарлары, мал сою орындары және ет саудасына қатысты ретсіз орналасқан орындар бойынша рейдтік іс- шаралар жүргізеді. Ұйымдастыру шаралары мен мақсатқа бағытталған жұмыстардың нәтижесінде ағымдағы жылдың 5 айында мал ұрлығымен айналысқан 38 адам, сондай- ақ 5 қылмыстық топтың әрекеті әшкереленіп, барлығы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Облыс аумағында ұрланған 900-ден астам мал басы табылып, иелеріне қайтарылды. Мәселен, полицияға 28 жастағы ер адам арызданған. Оның айтуынша, оның жайылымдық жерлерінен…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешені» тақырыбындағы республикалық конференцияға қатысты. «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған шара бейне-байланыс режимінде өтті. Аталған РҚБ төрағасы Мэлс Семғалиев конференцияны жүргізіп отырды. Облыс әкімі өзінің кіріспе сөзінде кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес – ең өзекті мәселенің бірі екендігін баса айтты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мақсатында өңірде құзырлы органдарымен бірқатар бірлескен іс-шаралар атқарылуда. Жемқорлықтың алдын алу бағытында арнайы ведомствоаралық комиссия құрылған. Комиссия отырыстары тоқсан сайын өткізілуде. Жемқорлыққа жол бермеу мақсатында облыста және аудандар мен Тараз қаласында «Адалдық…

Read More

Жамбыл облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде облыс орталығы көшелерінің біріндегі гараждың артынан бірнеше қару-жарақты тауып, анықтады. Оқжатарында 8 патроны бар «ПМ» тапаншасы, револьвер, 12-калибрлі «ИЖ» маркалы тегіс ұңғылы мылтық, «LSG-80» жарық-шу гранатасы, 5,45 мм калибрлі патрондары бар металл жәшік (барлығы 2016 дана) тәркіленді. Сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды. Сондай-ақ, полицейлермен тағы бір қару-жарақ арсеналы табылды. Олардың ішінде 1 дана ТТ пистолеті, 1 дана ойық қару, 1 дана тегіс ұңғылы қару, 1 жарық-шу гранаты, 1 дыбыс -шу гранаты, 12 калибрлі 5 патрон, 9 мм ПМ-нің 36 патроны, 5,45 мм калибрлі 19 патрон, ТТ-нің 7,62 калибрлі 3 патроны,…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов салалық басқармалардың атқарған жұмыстары бойынша есебі мен жоспарын тыңдауды жалғастыруда. Бұл жолы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков аймақ басшысына жетістіктер мен өзекті мәселелерді баяндады. Оның айтуынша, бүгінгі таңда облыста 67 спорт мекемесі жұмыс атқаруда, оның ішінде 51 спорт мекемесі басқармаға, қалған 16 спорт мекемесі аудан әкімдіктеріне қарасты. Аталған спорт мекемелерінде 29 219 спортшымен тұрақты түрде 1 045 оқытушы – жаттықтырушы жұмыс жүргізуде. Қазіргі таңда облыста спорттың 72 түрі қамтылған. Өткен жылы 629 спортшы түрлі дейгейдегі Ұлттық құрама командаларға мүше болған. Оның ішінде, 265 спортшы Ұлттық құрама, 239 спортшы жастар құрамасы және 125…

Read More