Автор: admin

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Тараз қаласының №1 аумақтық тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелелері бойынша қабылдаулар өткізді. Басқосуға облыстық құқық қорғау органдарының басшылық өкілдері де қатысты. №32 орта мектептің мәжіліс залында өткен жиында алдымен Тараз қаласы әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Исмаилдың атқарылған жұмыстар бойынша есебі тыңдалды. Айта кетейік, аталған аумақтық округтің құрамына «Астана» (12) шағын ауданы, «Төрткөл», «Дорожник» тұрғын алқаптары кіреді. Ондағы халықтың саны 32800 адамды құрайды. Қайрат Исмаил көшелерді жарықтандыру, абаттандыру, аялдамалар орнату, тұрғын үйлерді жаңғырту және тағы басқа да бағытттағы жұмыстар жөнінде баяндады. Бірқатар өзекті мәселелерге де тоқталып, шешілу…

Read More

Үш адам өнеркәсіптік компанияның шахтасынан алтын рудасын ұрламақ болған. Бұл туралы полиция бөліміне осы кәсіпорынның қызметкерлері хабарлады. Жәбірленуші тараптың айтуынша, белгісіз тұлғалар компанияның күзетілетін аумағына кіріп, тереңдігі 100 метр шахтаға түсіп, құрамында алтын бар 3 қап кен ұрламақ болған. Мойынқұм ауданының полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 1976 және 1977 жылы туылған екі ер адамды ұстады. Күдіктілер Ақмола облысы мен Нұр-сұлтан қаласының тұрғындары болып шықты. Тергеу әрекеттері барысында үш ер адам алдын ала сөз байласып, 2022 жылдың 26 мамырынан бастап өзімен бірге құрал-саймандар мен азық-түлік алып, қымбат металды өндіру үшін шахтаға түскені анықталды. Күдіктілер шахтада 10 күннен астам…

Read More

Жол полициясының инспекторы Самат Алашев 2011 жылғы қарашаның сол бір қаралы күні өзінің командирі Ғазиз Байтасовпен бірге арнайы тапсырмаға аттанды. Олардың алдында қару-жарақ дүкеніне қарулы шабуыл жасаған қылмыскерді ұстау міндеті тұрды. Террористі ұстау операциясы кезінде аса батылдық танытқан Самат Алашев оқ жарақатын алып, ес-түссіз ауруханаға жеткізіледі. Әріптес досы Ғазиздан айырылғанын ол кейінірек біледі. Бейбіт тұрғындардың өмірін сақтауда өз өмірін қатерге тігіп, қызметке деген адалдық танытқаны үшін полиция инспекторы Самат Алашев ҚР Президентінің Жарлығымен ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды. С.Алашев қазіргі уақытта Тараз қаласы Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі бөлімінің аға инспекторы лауазымында қызмет атқарады. ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫНА — 30 ЖЫЛ!

Read More

9 июня 2022 года в ЕНУ им.Л.Н.Гумилева “Ассоциация по связям бизнеса, общества и государства” (АСБОГ) провело дискуссионную площадку и круглый стол по тематике “Строительство атомной электростанции (АЭС) в Казахстане. Проблематика и перспективы. Готовы ли мы к строительству АЭС?”. Модератором площадки выступила Аяжан Утеуова, Президент АСБОГ. Целью мероприятия являлось изучение широкого спектра мнений представителей государственных органов, научного сообщества, бизнеса и общественных организаций по вопросу строительства АЭС в нашей стране. В открытой дискуссии участвовали как стронники строительства АЭС, так и его противники.В дебатах принимали участие представители Министерства энергетики Республики Казахстан, депутаты Мажилиса Парламента Республики Казахстан, руководители специализированных ассоциаций и научных институтов, бизнесмены…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің Мойынқұм ауданына жұмыс сапары Ұланбел ауылдық округінен басталды. М. Әуезов атындағы орта мектептің жұмысымен танысқан аймақ басшысы оқу ордасын аралап көрді. 400 оқушыға арналған мектеп ғимараты 1966 жылы пайдалануға берілген. Бүгінде нысанның тозығы жеткен, күрделі жөндеуді қажет етеді. Қазіргі таңда 200-ге жуық бала білім алып жатқан оқу ордасында 35 педагог қызмет етуде. Бала санының жыл сайынғы өсімін ескерген облыс әкімі мәселенің маңыздылығына назар аударып, келер жылы күрделі жөндеуден өткізу бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді. ЖСҚ әзірленіп, сараптама қорытындысы алынған. Сондай-ақ, аймақ басшысы аталған ауылдық округтегі №4 учаскелік полиция тірегінің жаңа ғимаратын көрді. Қызметтік үй-жай ретінде…

Read More

Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Сәкен Сәрсенбайұлы Мыңбаев облыс әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалды. Сәкен Сәрсенбайұлы 1985 жылы Тараз қаласында туған. 2007 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Астана қаласының Кәсіподақтар кеңесінде маман болып бастаған. Әр жылдары Астана қаласы әділет департаменті дін істері бөлімінің бас маманы, ҚР Әділет министрлігінің Дін істері комитетінің сараптама және тіркеу басқармасының сарапшысы, Астана қаласы әділет департаменті дін істері бөлімінің бастығы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының офицерлік және басшылық лауазымдарында қызмет атқарған. 2021 жылдың ақпан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік…

Read More

Тараз қаласы Полиция басқармасының  Жедел басқару орталығына 58 жастағы жергілікті тұрғыннан саябақтардың бірінде отырған кезінде белгісіз адамның ұялы телефонын ұрлап кеткендігі туралы хабарлама түсті. Күдікті саябақта отырған азаматтың көзі көрмейтіндігін байқап, оның қолындағы «Редми» маркалы ұялы телефонын тартып алып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 67 000 мың теңгені құрайды. Тараз қаласы патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің жедел әрекет етуінің натижесінде, күдіктінің ізі суытпай ұсталынды. Оның облыс орталығының 22 жастағы тұрғыны екені анықталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, айғақ зат иесіне қайтарылды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 191-бабының 1-тармағымен (тонау) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Read More

Жастардың кәсіби шеберлігін қолдау және дамыту, жұмысшы жастарды мамандықтарға тарту, жастарға мамандық таңдауға ықпал ету, еңбек нарығында олардың бәсекелестігін арттыру мақсатында «Профи-2022» облыстық байқауы өткізілді. Аталған байқауда «Вarbershop», «Визажист», «Маникюр ісінің шебері», «Дәнекерлеуші», «Кондитер» номинациялары бойынша облыстың кәсіби жастары өз шеберліктерін сынға салды. Байқауға Тараз қаласы мен аудандардан 70-ке жуық кәсіби жас қатысты. Қазылардың шешімі бойынша төмендегі үміткерлер жүлделі орынға ие болды Байқау жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Read More

Мойынқұм ауданының аумағында жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында табиғатты қорғау полициясының инспекторларымен облыстық маңызы бар автожолда жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын ЖШС-тің сексеуіл ағаштарын заңсыз кесу  дерегі анықталды. Аталған ұйым жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз жол жиектері енінің стандарттарын бұзған. 5 текше метр қызыл кітапқа енген өсімдікті жойғаны анықталды. Аталған дерекке қатысты полиция қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің 340-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген шығын көлемі анықталуда. Сот-биологиялық сараптама тағайындалды. Жамбыл облысының Полиция департаменті сексеуілдің жойылу қауіпінің әлі де төніп тұрғанын еске салады! Еліміздің мемлекеттік орман қоры аймақтардағы сексеуіл ағаштарын кесуге 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін тыйым…

Read More

Алтын өндіретін компаниядан шамамен 4 тонна мыс ұрланды. Бұл туралы, осы кәсіпорын басшылығының полицияға жазған  шағымынан белгілі болды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жәбірленуші тарап белгісіз жағдайларда компанияның орталық қоймасынан жалпы көлемі 11 миллион теңгеден асатын металды жасырын ұрлап кеткені туралы хабарлады. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Мойынқұм ауданының полиция қызметкерлері осы кәсіпорынның 32 және 30 жастағы екі қызметкерін анықтап, ұстады. Ұсталғандар кінәларын толық мойындады. Тергеу барысында күдіктілер алдын-ала сөз байласу арқылы қоймадан алып шыққан мысты   бірден металл сынықтарын қабылдау орнына…

Read More