Author: admin

Жамбыл облысының балық шаруашылығын дамыту өңірлік бағдарламасы сәйкес облыста 2025 жылы тауарлы балық аулау көлемін 3000 тоннаға, 2030 жылы 8000 тоннаға жеткізу көзделген, – деп хабарлайды Tarazy.kz порталы. Ал, ағымдағы жылы облысымыздың аумағындағы су айдындарында 464,3 тонна тауарлы балық өндіру жоспарланып отыр. Бұл жайында Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төралығымен өткен кеңесте айтылды. Жиында балық шаруашылығын дамыту, күл-қоқысты жинақтау, сұрыптау және өңдеу мәселелері талқыланды. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Айбар Әділбақов күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша баяндама жасап, атқарылған жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі таңда облыс аумағында 142 жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және республикалық маңызы…

Read More

Ағымдағы жылдың алты айында Жамбыл облысында экономиканың барлық салаларында оң динамика қалыптасқан. Оған Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған Жолдауындағы тапсырмаларды өңірімізде тиімді іске асырудың нәтижесінде қол жетіп отыр. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен әкімдіктің кеңейтілген мәжілісінде жан-жақты айтылды, – деп хабарлайды Тarazy.kz ақпарат агенттігі. Биыл бірінші тоқсанда жалпы өңірлік өнім 463,1 миллиард теңгені құрап, 5 пайызға артқан. Ал, алғашқы жарты жылдықта экономикалық өсім 104,1 пайызды құраған. Сол секілді өнеркәсіп – 108,1 пайыз, ауыл шаруашылығы – 102, құрылыс – 105,7, тұрғын үй көлемі 103,7, сауда – 105,3, байланыс – 101,9 пайыз деңгейінде қалыптасты. 155,8 иллиард теңге инвестиция…

Read More

Республикалық және жергілікті жобалардың мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, ауылдардағы мәселелерді кешенді түрде шешуге күш салу керек. Тараз қаласы және аудан әкімдері мен басқарма басшылары қатысқан кеңесте Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов осылай деді. Басқосуда экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова алдағы жылға арналған бюджет, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы, «Асарлатып үй салу», тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыру пилоттық жобаларының орындалу барысы туралы баяндады. Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру бойынша пилоттық жобасы қазіргі таңда 14 ауылдық окрукте іске асуда десек, ағымдағы жылы тағы 10 ауылдық округке қаржы бөлу қарастырылуда. Облыс әкімі «Ауыл-Ел бесігі» жобасының талаптарына сәйкес ағымдағы жылы пилоттық жоба…

Read More

Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы өкілі Таразда колонияда зардап шеккен қызметкерлердің жағдайы туралы айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство мәліметінше, 1 тамызда сағат 8.39-да жедел жәрдем станциясына ҚАЖ департаментінің ТЖ-158/7 мекемесінен қоңырау түскен. Мекемеге екі жедел жәрдем бригадасы барған. Мекеменің медицина қызметкерлері зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсеткен. Кейін олар облыстық ауруханаларға жеткізілген. «Зардап шеккендер жансақтау бөлімінде жатыр. Олар шұғыл түрде Тараз қалалық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оларға бірден ота жасады, – деді Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен екі адамның жағдайы орташа, біреуі тұрақты екенін атап өтті. Еске салайық, 1 тамызда сотталушы…

Read More

Жамбыл облысының аумағында балықтың уылдырық шашу кезеңінде браконьерлік деректерін болдырмау және оның жолын кесуге, сондай-ақ балық пен балық ресурстарын заңсыз аулауға, тасымалдауға және сатуға байланысты құқық бұзушылықтар мен экологиялық қылмыстардың алдын алуға және анықтауға бағытталған «Уылдырық» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Жамбыл ауданының табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Билікөл көлінде орын алған браконьерлік дерегін анықтады. Электр тогының көмегімен балықты заңсыз аулаған 36 және 18 жастағы Жаңаөткел ауылының тұрғындары ұсталды. Тексеру кезінде ұсталғандардан 50 келіден астам ауланған балық пен қолдан жасалған балық аулайтын электр қармақ тәркіленді. Күдіктілердің пайда табу мақсатында қылмыс жасағаны анықталды. — Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 335-бабының 1-бөлігі «Балық ресурстарын,…

Read More

Жамбыл облысындағы Қаратау, Жаңатас және Шу секілді моноқалаларды дамыту республикалық және жергілікті атқарушы органдардың жіті назарында. Ел Үкіметі бекіткен Кешенді жоспар аясында Қаратау және Жаңатас қалаларын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарларының жобасы Ұлттық экономика министрлігіне жолданған. Бұл туралы облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен моноқалаларды дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте жан-жақты айтылды. – Қаратау мен Жаңатас қалаларын алдағы уақытта қалай дамытамыз? Олар Үкіметтен қандай жеңілдіктер мен преференциялар алады? Ондағы тұрғындарды қандай мәселелер толғандырады? Сол өзекті мәселелерді жедел шешіп, дамыту жоспарына сәйкес нақты жұмыстар жүргізуге тиіспіз, – деп атап өтті облыс әкімі. Қаратауда шешімін күткен мәселелер аз емес. Атап айтсақ,…

Read More

2022 жылдың 29 шілдесінде Тараз қалалық 2-полиция бөліміне облыс орталығының бірнеше тұрғынынан бейтаныс азаматшаның арзан бағамен қант жеткізіп беремін деп сенімдеріне кіріп, алаяқтық жолмен қаржыларын иеленіп кеткені туралы арыз түсті. Келтірілген жалпы шығын көлемі 2000 000-нан асады. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген «Anti-fraud» жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 23 жастағы Тараз қаласының тұрғыны анықталды. Күдікті кінәсін толық мойындады. Сондай-ақ, оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігімен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Read More

Таразда белгілі кәсіпкердің қызына жасалған қылмыстың жай-жапсары жарияланды. Оны 100 миллион теңге өтемақы талап ету үшін ұрлап кеткен, – деп хабарлайды 24.kz. Әйелге тапа-тал түсте шабуыл жасап, күштеп көлікке отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткен. Жолда жәбірленуші қарсылық көрсетпек болған, бірақ оны ұрып-соғып, байлап қойған. Ол үш күн тұтқында болып, кейін босатылған. Ұрлау фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, қылмыскерлер ұсталып, сотталған. Алты адам 5 жылдан 13 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды. «Мені үйге кіргізгенде бірден қолыма кісен салып, аяғымды лентамен орап, алғашқы екі күнде бір үйде ұстады, кейін неге екені белгісіз, олар мені екінші үйге апарды, басқа үйде ұстады. Жалға…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесінің президенті Каддуми Саад-Аль, Азия-Тынық мұхиты аймағы қолөнершілерінің дүниежүзілік кеңесінің вице-президенті Азиз Муртазаев, «Асыл Дизайн» сән үйінің «Аспара» брендінің бас дизайнері Айдархан Қалиевпен кездесті. Кездесу барысында тараптар Тараз қаласын Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне енгізуге қатысты орамды ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Қонақтар осы жөніндегі халықаралық сараптамалық комиссия мүшелері болып табылады. Облыс әкімі өз сөзінде 2000 жылдан астам тарихы бар Тараздың өткені өнегеге, тағылымға бай екенін, бүгінде құндылықтарды жаңғырту жолында ауқымды жұмыстар жоспарланып, қолға алынып жатқандығын жеткізді. Айта кетейік, бүгінгі таңда облысымызда 3435 тарихи-мәдени ескерткіштер бар. Олардың 5-уі – халықаралық ЮНЕСКО ның Бүкіләлемдік мәдени…

Read More

Ағымдағы жылдың 27 шілдесінде «Қарасора-2022» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданының құмды аумағында  марихуананы кептірiп дайындап жатқан 51 және 58 жастағы азаматтарды ұстады. Ұсталғандардан жалпы салмағы 267 келi 300 гр «кептірілген марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді. Күдіктілер кiнәсын мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен (Есірткі заттарын, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау, өткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Read More

Әдетте, жастар саябаққа отбасымен, достарымен серуендеуге, ғашығымен кездесуге, сырласуға барып жүрсе, бұл күні облыс әкімі Нұржан Нұржігітовпен жүздесуге жиналды. «Жеңіс» саябағындағы ашық аспан астындағы кездесуде белсенді, талапты жастардың ұсыныс-пікірлері талқыланып, өзекті мәселелер қозғалды, – деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Жыл басында өңірдегі жастарға талдау жасалып, зерделеу жұмыстары жүргізіліпті. Зерделеу нәтижесінде өңірдегі жастардың 10 пайызы білім алуға әрі жұмыс істеуге де құлықсыз екені белгілі болған. Дегенмен, биыл облыста жастар саясатын жүзеге асыруға 1,4 миллиард қаржы бөлініпті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Бұл ретте жаңа бастамаларды іске асыру керек. Ал жастардың жақсы, ұтымды идеялары болса, жастар саясаты мәселелері басқармасы бірлесіп іске асыруға, көмек…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өңірдегі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзекті мәселелер туралы кеңес өтті. Басқосуға облысымызға жұмыс сапарымен келген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев, аталған министрлікке қарасты құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Жүнісбеков қатысты. Жиында алдымен Бақытжан Жүнісбеков облыстағы құрылыс саласына қатысты баяндама жасап, бірқатар маңызды жайттарға тоқталды. Оның айтуынша, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында ағымдағы жылы Жамбыл облысы бойынша тұрғын үй және инфрақұрылым құрылысы бойынша 94 жобаны іске асыруға 31,7 млрд. теңге бөлінген. Соның есебінен 314,4 мың шаршы метр әлеуметтік тұрғын үй (1…

Read More

Жамбыл облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі офицерінің өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «2022 жылдың 27 шілдесінде ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаментінің офицері Азат Үмбетұлы Қордай аудандық орталық ауруханасында қайтыс болды. Өлімнің алдын ала себебі миға қан кетуімен байланысты екен анықталды.Дерек бойынша ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», – делінген хабарламада. ҰҚК мәліметінше, Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады және қажетті көмек көрсету шараларын қабылдап жатыр.

Read More

2022 жылдың 27 шілдесінде Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі  қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданының құмды аумағында «Қарасора-2022» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде ауыл шаруашылығы техникасын тарта отырып, есірткі құралдарын жою жөнінде көшпелі комиссия құрылған болатын. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Жарнама үшін: 87088002208 (@tarazy.kz) Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 30 гектар жерден шабу арқылы 27 тонна жабайы сора өртелінді. Жалпы, профилактикалық іс-шара басталғаннан бері барлығы 60 тоннаға жуық жабайы қарасора жойылды.

Read More

2022 жылдың 26 шілдесiнде сағат 15:00 шамасында Тараз қалалық ПБ-ның жедел бақылау орталығына  белгісіз тұлға «33 жастағы азаматшаның Меркі шипажайына сөмкесіне жарылғыш заттар салып бара жатқаны» туралы хабарлаған. Оқиға орнына жедел түрде жеткен аудандық полиция қызметкерлерімен аумақты тексеру барысында ешқандай жарылғыш зат және күдікті азаматша анықталған жоқ. Меркі АПБ және ҰҚК қызметкерлерiнiң жедел iздестiру шараларының нәтижесінде террорлық әрекет туралы көрiнеу жалған ақпарат берген 41 жастағы Тараз қаласының тұрғыны ұсталды. Күдікті кінәсін толық мойындап, аудандық уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексiнiң 273-бабымен (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Read More

Ағымдағы жылдың 26 шілдесінде түнгі 01:15 шамасында полиция қызметкерлері Тараз қаласы Шөлдала иіні аумағын патрульдеу кезінде күдік тудырған «ВАЗ-2104» маркалы көлігін байқаған. Көлікті тоқтатып, тексеру барысында 51 жастағы жүргізушінің ішімдік ішкені анықталды. Сондай-ақ, ол жүргізу құжаттарының жоқ екенін мойындады. Оған қоса, 2020 жылдың желтоқсан айында сот шешімімен мас күйінде көлік жүргізгені үшін 3 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Медициналық куәландыру жүргізушінiң «орташа» дәрежеде iшiмдiк iшкенiн растады. Көлік арнайы автотұраққа қойылып, ал тәртіп бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы 1-бөлігімен (көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдiк масаң күйдегi адамның…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Жуалы ауданына жұмыс сапары барысында Теріс ауылының маңындағы «Баркуаб» археологиялық қалашығына барып, қазба жұмыстарының барысымен танысты. Тарихи қалашықтағы қазба жұмыстары 2018 жылы басталған. Оған дейін мұнда тек барлау экспедициялары жүргізілген. Бүгінде қалашықтың құпиясын ашу мақсатында да бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бұл ретте «Арк ғылыми ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ескендірбек Төрбеков 2018-2019 жылдар аралығында біздің дәуірімізге дейінгі II ғасыр – біздің дәуіріміздің V ғасыры, біздің эрамызға дейінгі VI – XIII ғасырларға жататын 3000-нан астам артефактілер табылғанын жеткізді. Сонымен қатар, аталған елдімекеннен керамикалық ыдыстар, керамика фрагменттері, ұн тартқыштар және тасты диірмендер табылған. Археологиялық жұмыстар облыстық бюджеттен бөлінген…

Read More

Ағымдағы жылдың 28 шілде күні 15 сағат 06 минут шамасында Алматы облысының құқық қорғау органдары, ҰҚК және «Охотзоопром «ӨБ» РМК инспекторларымен бірлескен іс-шара өткізу барысында Алматы облысы, Іле ауданының аумағында 3 браконьер ұстады. Олар БҚО, Алматы облысы және ҚХР тумалары. Іздеу барысында 2284 дана мүйіз табылып, тәркіленді, олар 26 қорапқа бөлініп салынған. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 339-бабы 1-1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов БАҚ өкілдерімен кездесуде өңірдің ағымдағы жылдың 6 айындағы негізгі даму көрсеткіштері мен алдағы жоспарларына кеңінен тоқталды, – деп хабарлайды Tarazy.kz порталы. – Бірінші жарты жылдықта облыстың экономикалық өсімі 104,1 пайыз құрады. Өнеркәсіп (108,1%), ауыл шаруашылығы (102%), құрылыс (105,7%), тұрғын үй құрылысы (103,7%), сауда (105,3%), байланыс (101,9%)салаларында оң динамика қалыптасты. 155,8 миллиард теңге инвестиция тартылды(92,9%). 255 млрд. теңгеге көлік қызметі көрсетілді (98,5%). Инфляция деңгейі жыл басынан(2021ж .желтоқсанына)110%-ды құрады (ҚР–110,5%). Өзіндік кірістер 60 млрд. теңгеге (жоспар – 46,9 млрд. теңге)орындалып, 25,7%-ға артты (ҚР–119,2%),. Бюджет қаражаты 99,9%-ға игерілді (ҚР – 99,2%). Облыс әкімі лауазымына тағайындалған күннен бері Тараз қаласы, аудан…

Read More

Қарағанды облысындағы полигонда балалар жылына және Қазақстан Қарулы күштерінің 30 жылдығына арналған «Айбын» республикалық жиынының салтанатты жабылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен бүгінде қазақстандық жастарға ерекше көңіл бөлініп отыр. Жарысқа белсенді түрде қатысып, әскери іспен айналысуды құптадыңдар. Өздеріңнің жетістіктеріңді, білімдерің мен дағдыларыңды көрсеттіңдер, жаңа достар таптыңдар. Төзімділік сыналды», – деді Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов жиынға қатысушыларға. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Jas Sarbaz (@jassarbaz_qozgalysy) Жиынға Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әскери-патриоттық клубтарының, Қарулы күштердің, басқа да әскер мен әскери құралымдардының әскери колледждерінің, мектеп-интернаттарының, «Жас ұлан»…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Жуалы ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар нысандардың жай-күйімен танысып, құрылыстардың барысын тексерді. Ең алдымен аймақ басшысы Теріс ауылындағы ескі Мәдениет үйінің бос ғимаратын көрді. Бірнеше жыл жеке меншікте болып, қараусыз қалған нысан бүгінде тозығы жетіп, жөндеуге жарамсыз күйге түскен. Бұған дейін бұл мәселені көтерген тұрғындардың өтінішін ескерген облыс әкімі ескі ғимаратты бұзып, орнына жаңа нысан салу қажеттігін атап өтті. Ол бойынша құжаттама жұмыстарын уақыт созбай пысықтау үшін аудан әкімдігіне нақты міндеттер жүктеді. Бұдан соң іргедегі дүкенге тосыннан кірген Нұржан Нұржігітов азық-түлік бағаларын тексерді. Дүкен иесіне үстеме ақыны талапқа сай 15 пайыздан асырмау керектігін ескертті. Келесі…

Read More

Аким Жамбылской области Нуржан Нуржигитов провел очередное заседание инвестиционного штаба во фронт – офисе «Правительство для бизнеса»,— передает Тarazy.kz.   Принимали участие руководители ряда управлений, представители АО «НК «СПК-Тараз», регионального филиала АО «НК «Kazakh Invest». В ходе заседания рассмотрены проекты по строительству завода по производству керамических плиток, производству и установке в медицинских организациях инновационных систем обеззараживания и очистки воздуха, строительству оптово-распределительных центров, установке солнечных панелей. С представителями зарубежных компаний детально обсуждены вопросы, связанные с поставкой сырья, логистикой. Инвесторам разъяснены меры государственной поддержки в части обеспечения необходимой инфраструктурой, преференции в системе налогообложения. – Необходимо всемерно поддерживать новые инвестиционные проекты. Ни одна инициатива…

Read More

Жамбыл облысында ауылдық мәдениет үйлеріндегі штат бірліктерін ұлғайту бойынша шаралар қабылдануда. Бұл туралы аймақ басшысы Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Басқосуда алдымен шомылу маусымындағы қайғылы оқиғалардың орын алуы және олардың алдын алу мәселесі талқыланды. Облыс әкімінің кеңесшісі Нұрмұхаммед Ниязбеков әлеуметтік желіде айтарлықтай тарап, талқыға түскен 23 шілде күні Талас өзеңінде орын алған қайғылы оқиға туралы тоқталып өтті. Ол атасы мен немересінің бірдей суға кеткенін, марқұмдардың денелерін табу бойынша атқарылған жұмыстарға жергілікті тұрғындардың көңілі толмағанын білдірді. Сондай-ақ, тиісті алгоритмнің жоқтығын, кері байланыс орнату мәселесінде ТЖД басшылығы жұмысының әлсіздігін атап көрсетті. ПД және аудан, ауылдық округі әкімдігінің немқұрайлылығын жеткізді. Іздеу жұмыстарына…

Read More

Жамбыл облысындағы техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде оқитын 23 618 студенттің жартысы, нақты айтқанда 11 784 жас мемлекеттік грант аясында білім алады. Биылғы оқу жылында 9-шы сынып бітірген оқушыларға арналған мемлекеттік тапсырыс санын 70 пайызға арттыру көзделіп отыр екен. Айталық, өткен оқу жылында 3 216 орынға мемлекеттік білім гранты бөлінсе, биыл 5 734-ке көбейіпті, – деп хабарлайды Tarazy.kz ақпараттық агенттігі. «Жамбылдағы техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің жалпы саны 44. Аталған білім ошақтарының 20-сы мемлекеттік болса, 24-і жекеменшік. Бұл ретте колледждердің материалдық базасын жетілдіріп, сапалы білім беруге қол жеткізу шаралары күн тәртібінен түскен емес. Осы мақсатта «Жас маман» жобасын қолға алдық, бұған…

Read More

Бүгінде әлемде волонтер саны 1 миллиардқа жуықтапты. Қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін еріктілердің қатары елімізде де жыл санап артып отырғаны байқалады. Бейресми дерек бойынша, әрбір сегізінші қазақстандық еріктілер қатарын толықтыруда екен, – деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Бұл ретте Жамбыл облысында да бірнеше волонтерлік қауымдастықтар жұмыс істеп, жақсылық жасап жарысып жүр. Соның бірі – «Қазақстан волонтерлер лигасы». Қазіргі таңда қозғалыстың бір филиалы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде жұмыс істейді. Ұйым жастары «мен қоғамнан не аламын деп емес, мен қоғамға не бере аламын» деген ұстаныммен мұқтаж отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз етіп, қарт кісілердің үй шаруасына жәрдемдесіп, қамқорлық көрсетуде. Одан бөлек әртүрлі жәрмеңке, акция, квест ойындарын өткізіп…

Read More

2022 жылдың 24 шілдесінде Тараз қаласы Полиция басқармасына облыс орталығының тұрғындары жалпы сомасы  2 620 000 теңге қаражатын бейтаныс азаматшаның аз пайызбен несие шығарып беремін деген сылтаумен сенімдеріне кіріп, алаяқтық жолмен иеленіп кеткені туралы арызданған. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар 34 жастағы Тараз қаласының тұрғыны анықталды. Күдікті кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігімен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте азық-түлік тауарларының бағаларын бақылау, мониторинг жұмыстары, әлеуметтік дүкендердің қамтылуы, сақтау қоймаларының дайындық барысы туралы жан-жақты сараланды,- деп хабарлайды Tarazy.kz ақпараттық агенттігі. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын бақылауда ұстау, тұрақтандыру жұмыстары – басты талап. Ол үшін бізде қажетті шаралар қабылданып, жоспар әзірленген. Бұл тұрғыда әлеуетіміз де жеткілікті. Дегенмен, осы орайдағы жауаптылардың жұмыстары ойдағыдай дей алмаймыз,-деген облыс әкімі бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысын сұрады. Жиында сөз алған ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Көкөніс сақтау қоймаларының ағымдағы жағдайы және шаруашылықтармен жасалған форвардтық келісім шарттар жөнінде баяндады. Облыс әкімінің шаруашылықтармен сауда орындары арасында делдалсыз өнімді өткеру…

Read More

Жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 19 шілдесі  мен 18 тамызы аралығында Жамбыл облысының аумағында «Қауіпсіз жол»жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Рейдтік іс-шаралар шеңберінде әкімшілік полиция қызметкерлері кәсіпорындарда және еңбек ұжымдарында жүргізушілермен, оның ішінде автобус, маршруттық көлік құралдары мен такси жүргізушілерімен профилактикалық әңгімелер жүргізеді. Ал облыс орталығы мен қала сыртындағы жолдардың апатты-қауіпті учаскелерінде полицейлер бүктемелер, брошюралар мен жадынамалар таратуды ұйымдастырды. Жүргізушілерге жол-көлік оқиғасының негізгі себептері туралы айтып, жол ережесін сақтауға шақырды. Апаттар санын азайту үшін жол қозғалысын бақылау процесін автоматтандыру бойынша шаралар кешені жүзеге асырылады. Мысалы, облыстағы…

Read More

Жамбылдық полицейлер жол қозғалысы қауіпсіздігінің айлығы басталғаннан бері 2000-ға жуық жол қозғалысы ережесін бұзушылықты анықтады Ағымдағы жылдың 18 шілдесінен бастап «Жол қозғалысы  қауіпсіздігi» айлығы басталды. Іс-шараның мақсаты-жол-көлік оқиғаларын азайту, жол қауіпсіздігін арттыру және жүргізушілердің назарын жол ережелерін сақтау қажеттілігіне аудару. Айлық барысында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай «республикалық автожолында тәртіп сақшылары күшейтілген режимде қызмет атқарады, яғни бекітілген автожол учаскелерінде тәулік бойы патрульдеуді жүзеге асырады. Сондай-ақ, көліктердi тексеріп, түсіндіру әңгімелерін жүргізеді. Бүгін патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Жамбыл облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Рахымберді Әшкеевтын басшылығымен бірқатар алдын алу іс-шараларын өткізді. ПД ЖПҚ бастығы автомагистраль арқылы өтетін көліктердi…

Read More

Әскери медиа жобасы аясында әскери салада жүрген сарбаздар, сержанттар және офицерлердің қызметтік борышынан бөлек қарапайым өмірдегі қызығушылықтары, өмірлік ұстанымдары және елдің дамуына қосып жатқан үлесі жазылады. Жоба аясында Жамбыл облысындағы әскери бөлімдерге барып, сарбаздармен, әскери клуб мүшелерімен, офицерлік құраммен кездесіп, сұхбаттасып, тренингтер өткізу жоспарланған. Сондай-ақ республикалық «әскери клубтардың» іс-шаралары насихатталады. Бұл іс-шара «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ-ның қолдауымен «Алматы» студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастырып жатқан «Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша кешенді іс-шараларды өткізу» жобасы аясындағы «Әскери медиа» шағын грант негізінде жүзеге асырылып отыр. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Әскери медиа (@as_media2022)

Read More

Бұған дейін Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы «Ақбақай» өндірістік алаңында жыл сайын 850 мың тонна кен өңдірілген болса, фабриканың екінші кезеңі іске қосылғанда өндіріс қуаттылығы жылына 1,2 миллион тоннаға дейін артпақ, – деп хабарлайды Tarazy.kz ақпараттық агенттігі. «Ақбақай» кен орнын 1968 жылы белгілі геолог Дүбек Дүйсенбеков ашқан болатын. Қорды толық игеру жұмыстары 1975 жылы басталды. Ақбақайда жаңа кен қорының ашылуына байланысты шикізатты қайта өңдеу үшін орасан қуат қажет болғандықтан кен өңдеудің заманауи цехы салынды. Бүгінде алтынды фабрикаға қарасты «Ақбақай», «Бескемпір», «Карьерное», «Ақсақал», «Светинское», «Кенжем», «Шығыс Ақбақай» және «Олимпийское» кен орындары өндіреді. Өндірілген пайдалы қазба фабрикада өңделіп, одан Доре қорытпасы түріндегі дайын өнім шығарылады.…

Read More

За 6 месяцев текущего года в Жамбылской области субъектам МСБ выданы микрокредиты на сумму 10,5 миллиарда тенге, более 2000 начинающих предпринимателей получили гранты на общую сумму 3,3 миллиарда тенге. Об этом рассказал аким Жамбылской области Нуржан Нуржигитов на брифинге, посвящённом итогам социально экономического развития региона за первое полугодие 2022 года,— передает Тarazy.kz.   – В целях дальнейшего совершенствования работы по развитию предпринимательства, установления более тесных контактов с инвесторами мы запустили 4 специальные площадки. Во-первых, еженедельно проводится заседание инвестиционного штаба. Участие может принять каждый желающий предприниматель и презентовать свой проект. Во-вторых, мы продолжим работу экспертного совета, созданного при областной прокуратуре. Цель -…

Read More

“Айбын” VIII Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының бірінші байқауы – “Айбын дарыны” зияткерлік ойыны өтті. Байқаудың нәтижелері бойынша орындар келесідей бөлінді: Облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары арасында:1-ші орын – Нұр-Сұлтан қаласы, “Арлан” әскери-патриоттық клубы2-ші орын – Маңғыстау облысы, “Жас сарбаз” әскери-патриоттық клубы3-ші орын – Түркістан облысы, “Арыс” әскери-патриоттық клубы ҚР ҚК, басқа да әскерлері мен әскери кұрылымдарының әскери-патриоттық клубтары арасында:1-ші орын – ҚР ҰҚК Шекары қызметі, “Сұңқар” әскери-патриоттық клубы, Алтай қаласы2-ші орын – ҚР Төтенше жағдай министрлігі, “Семсер” әскери-патриоттық клубы, Қарағанды қаласы3-ші орын – ҚР ҚК Құрлық әскерлеріне ТББ, “Жас байланысшылар” әскери-патриоттық клубы, Талдықорған қаласы ҚР ҚМ Әскери колледжі, “Жас ұлан”…

Read More

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Сарысу ауданының тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелелері бойынша қабылдаулар өткізді. Басқосуға облыстық құқық қорғау органдарының және салалық басқармалардың басшылық өкілдері де қатысты. Аймақ басшысы алдымен Жайылма ауылдық клубында жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесуде ауылдықтар көкейде жүрген өзекті сауалдарын жолдап, жауаптар алды. Жайылмалықтар әсіресе ағын су, таза ауыз су, көпір салу, шабындық, жайылым тапшылығы, Маятас ауылына мектеп салу секілді бірқатар мәселелерге айрықша назар аудартты. Облыс әкімі ауылда соңғы жылдары айтарлықтай оң өзгерістер орын алып, көптеген жұмыстар атқарылғанына көңіл бөліп, басқа да мәселелер кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді. Дәл осындай кездесу…

Read More

Разработан проект Плана развития Жамбылской области до 2025 года с учётом нынешних реалий.  Об этом сообщил аким Жамбылской области Нуржан Нуржигитов на встрече с представителями средств массовой информации,— передает Тarazy.kz.   На брифинге глава региона представил итоги социально-экономического развития области за 6 месяцев 2022 года и подробно рассказал о дальнейших планах. По итогам первого полугодия в области экономический рост составил 104,1%. В базовых отраслях экономики сохраняется положительная динамика роста: обрабатывающая промышленность – 108,1%, сельское хозяйство – 102%, строительство – 105,7%, жилищное строительство – 103,7%, торговля – 105,3%, связь – 101,9%. Сумма привлеченных в регионе за 6 месяцев инвестиций составила 155,8 млрд.…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің кемел келешегін көздеген дәстүрлі Жолдауларында Үкіметке халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған іс-шаралар тізімін жасақтауды әрі оның жер-жерлерде жүйелі жүзеге асырылуын назарда ұстауды тапсыруда, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі. Өңірімізге жұмыс сапары барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова аймақта атқарылып жатқан ілкімді істерді көзбен көрді. Өңір басшысы Нұржан Нұржігітов, облыстық мәслихат пен жергілікті атқарушы орган өкілдері, аудан әкімдері қатысты. Жиында Тамара Дүйсенова қазір еңбек нарығында болып жатқан өзгерістер туралы айтты. Аймақта 15-28 жас аралығындағы жастардың саны – 221 мың. Бұл облыс халқының 19 пайызын құрайды. Осыған орай, министр жастарды жұмыспен қамтудың маңыздылығына айрықша тоқталды. Жамбыл…

Read More

На брифинге, посвящённом итогам развития Жамбылской  области за полугодие 2022 года,  глава региона Нуржан Нуржигитов сообщил, что в этом году на субсидирование АПК направлено 31,2 млрд. тенге.  Этот показатель увеличился на 50% по сравнению с прошлым годом,— передает Тarazy.kz.   – Данными мерами поддержки должны быть охвачены каждое село, каждый предприниматель, каждый крестьянин. Успешное проведение этой работы – основная задача акимов районов и сел, – отметил Нуржан Нуржигитов. В целом, в 2021 году на развитие сельского хозяйства области из всех источников выделено 36,3 млрд. тенге, в том числе 19,4 млрд. тенге – в виде субсидий. В этом году эта сумма увеличилась…

Read More

БАҚ өкілдерімен өткен кездесуде Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов қоғам тарапынан көп көтерілетін әрі көпшіліктің көкейіндегі кадр мәселесіне де тоқталды. – Бұл тұрғыда біз меритократия принципін нығайтуға баса мән берудеміз. Соңғы тағайындаулар соның айғағы!Бұл ретте, басшылық қызметте біршама ысылған, жас, өңірден шыққан азаматтар тағайындалып жатқанын айта кеткен жөн,-деді аймақ басшысы. Талдау көрсеткендей, соңғы 3 айда облыстың жергілікті атқарушы органдарында лауазымдық өсу іскерлік қасиеттерге негізделе отырып, төменгі лауазымдағы 55 мемлекеттік қызметші бос тұрған жоғары лауазымдарға орналасты. 4 жетекші маман бас маман, 26 бас маман бөлім басшысы, бас инспектор, сектор меңгерушісі, 7 бас инспектор бөлім басшысы, 10 бөлім басшысы аппарат басшысының орынбасары,…

Read More

Жамбыл облысында білім беру, денсаулық сақтау салаларына айрықша назар аударылуда. Аталған әлеуметтік салалар адам капиталын дамытудың негізі болып саналады. Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов БАҚ өкілдерімен кездесуінде бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымдылығына қарамастан, туындап отырған мәселелердің де жоқ еместігін айтты. Ағымдағы жылы білім саласына 244,4 млрд. теңге бөлінді. Бұл облыс бюджетінің 53 пайызын құрайды. Биыл 22 білім нысанының құрылысына 7,6 млрд. теңге қаржы бөлініп, 7-уі пайдалануға берілді, жыл соңына дейін тағы 10 мектептегі жұмыстар аяқталады. Бұдан бөлек 4,1 млрд. теңгеге 18 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтуде. Осы жұмыстардың нәтижесінде, 2 үш ауысымды, 2 оқушы орын тапшылығы бар, 6 тозығы…

Read More

В Жамбылской области проводится комплексная работа по обеспечению занятости населения и снижению безработицы. На пресс-конференции по итогам полугодия 2022 года глава региона Нуржан Нуржигитов отметил, что в области ожидается снижение уровня безработицы до 4,9%,— передает Тarazy.kz.   – В дальнейшем работа акимов будет оцениваться в зависимости от созданных новых рабочих мест,- сказал глава региона. В области в соответствии с поручением Главы государства по созданию 100 новых рабочих мест на каждые 10 тыс. населения, создано 11 тыс. новых рабочих мест, из них около 3 тыс. – постоянных. В рамках Плана развития области до 2025 года будет создано 83 тыс. рабочих мест, из…

Read More

Жамбыл облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері КТҮ-158/1 қызметкерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде зират аумағында қару-жарақ пен оқ-дәрілер салынған жасырын қойманы анықтады. Екі оқжатары бар «АКС-74У» автоматы, 9 мм калибрлі «ME-38 Marchal» травматикалық револьвері, 1 жарық-шуылды граната, 5,45 мм калибрлі 11 оқ дәрi, 9 мм калибрлі 38 оқ дәрi, 12 калибрлі 2 оқ дәрi және 5,45 мм калибрлі 8 бос оқ дәрi тәркіленді. Сот-баллистикалық сараптамалар тағайындалды. Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі. Посмотреть эту публикацию…

Read More

Жамбыл облысының 2025 жылға дейінгі даму жоспарының жаңа сипаттағы жобасы әзірленді. Бұл туралы облыс әкімі Нұржан Нұржігітов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен кездесуде баса айтты, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі. Брифингте аймақ басшысы алдымен ағымдағы жылдың 6 айындағы негізгі даму көрсеткіштеріне қысқаша тоқталып, алдағы жоспарлар туралы кеңірек баяндады. Бірінші жартыжылдықта облыстың экономикалық өсімі 104,1 пайызды құраса, өнеркәсіп (108,1%), ауыл шаруашылығы (102%), құрылыс (105,7%), тұрғын үй құрылысы (103,7%), сауда (105,3%), байланыс (101,9%) салаларында оң динамика сақталған. Есепті кезеңде өңірге 155,8 млрд. теңге инвестиция тартылған. Басты талап – халықтың табысын арттыру, тұрмысын жақсарту, қордаланған мәселелерін шешу деген Нұржан Нұржігітов Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген «Халықтың табысын арттыру» бағдарламасын жемісті жүзеге асыруға айрықша…

Read More

Жамбыл облысының Полиция департаменті бірінші жартыжылдықты қорытындылады. Полиция департаментінде осы жылдың бірінші жартыжылдығындағы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысы бойынша кеңес өтті. Бұл туралы Жамбыл облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин хабарлады. Жиын барысында жеке құрамға ҚР ІІМ-нің Алқа отырысында Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Марат Ахметжановтың алға қойған міндеттері жеткізілді. Жалпы, облыстағы жедел жағдай тұрақты. Ағымдағы жылдың 6 айында тіркелген құқық бұзушылықтар мен қылмыстар саны 1,1%-ға азайды. Есеп беру кезеңінде кісі өлтіру, зорлау, тонау, қарақшылық шабуыл, ұрлық және мал ұрлығы азайды. Патрульдік полиция бөліністерімен iзiн суытпай 361 қылмыс ашылды. Жыл басынан бері 286 есірткі қылмысы анықталды. Заңсыз айналымнан бір тоннадан астам…

Read More

Ағымдағы жылдың 6 айында жамбылдық кәсіпкерлік субъектілеріне 10,5 млрд. теңге шағын несие берілді. Екі мыңнан астам азаматқа 3,3 млрд. теңге грант бөлінді. БАҚ өкілдерімен кездесуде осылай деген облыс әкімі Нұржан Нұржігітов кәсіпкерлерге жағдай жасау, мүмкіншіліктер ұсыну, мәселелерін шешу – басты талап екендігін атап өтті. – Саладағы жұмыстарды жетілдіру, инвесторлармен тығыз қарым-қатынас орнату әрі тиімділігін арттыру мақсатында 4 арнайы алаң жұмысын іске қостық.Біріншіден, апта сайын өтетін инвестициялық штаб жұмысын бастады. Штаб жұмысына әрбір кәсіпкер қатысып, өз жобасын таныстыра алады. Екінші кезекте, прокуратура жанынан құрылған сараптамалық кеңестің жұмысын жалғастырамыз. Ондағы мақсат, әрбір кәсіпкердің құқықтары мен мүддесін қорғау. Үшінші, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанындағы…

Read More

Жамбыл облысының 2022 жылдың 6 айындағы даму қорытындысына арналған брифингте аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов Тараз қаласын дамыту жоспарына ерекше тоқталды. Облыс әкімі ендігі кезекте басымдық имидждік жобаларға емес, өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен және кешенді түрде шешуге берілетінін атап өтті. Нұржан Нұржігітов облыс орталығының ирригациялық жүйелерін қалпына келтіру және дамыту жөніндегі жұмыстар іс-шаралар жоспары шеңберінде алдағы 3 жыл бойы жүргізілетінін жеткізді. Ағымдағы жылы 6 негізгі каналды механикалық тазалау жұмыстары басталған. Тараз қаласының кәріз тазарту жүйесінің мәселесін шешу үшін инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде. 15 шағын аудандағы инженерлік инфрақұрылым желілерін кеңейтуге ерекше көңіл бөлінуде. – Тұрғындар мәселелердің шешімін жеке компаниялардан емес, жергілікті билік органдарынан күтеді.…

Read More

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен кездесуде Жамбыл облысының әкімі аймақта биыл субсидияға 31,2 млрд. теңге бөлінгенін жеткізді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырған 50 пайызға артқан, — деп хабарлайды Tarazy.kz сайты. – Аталған қолдау шараларымен әрбір ауыл, әрбір кәсіпкер, шарулар қамтылуы тиіс. Бұл жұмыстарды нәтижелі іске асыру – аудан, ауыл әкімдерінің негізгі міндеті,-деп атап өтті Нұржан Нұржігітов. Жалпы, 2021 жылы облыстың ауылшаруашылығы саласын қолдауға барлық көздерден 36,3 млрд. теңге, оның ішінде 19,4 млрд. теңге субсидия қаралған болса, биыл бұл мақсатқа 60 млрд. теңге бөлініп отыр. Сондай-ақ, аймақ басшысы 2019 жылы бастау алған ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту бағытындағы пилоттық жоба өзінің жалғасын табатынын…

Read More

БАҚ өкілдерімен өткен кездесуінде Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов халықты көп толғандыратын мәселенің бірі – коммуналдық шаруашылық саласы екенін ашып айтты. – Халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін сапалы ауыз су мен көгілдір отынға қол жеткізу бағытында атқарылатын жұмыс бағытымызды айқындадық.Бүгінге облыстағы ауылдық елді мекендердің 269-ы (622 мың тұрғын) орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Биыл тағы 30 елді мекендегі  40,2 мың тұрғын сапалы ауыз суға қол жеткізеді.Сондай-ақ,  биыл қосымша 17 елді мекендегі 10 мың үй  газға қосылады.  Осылайша даму жоспарына сәйкес, 2025 жылға қарай облыстағы 371 елді мекен 100 пайыз ауыз сумен қамтылып, табиғи газды тұтынатын болады, – деп атап өтті Нұржан Нұржігітов.…

Read More

Жамбылдық полицейлер волонтерлерге арнап кинология орталығына экскурсия ұйымдастырды. «LIDER.KZ» іздеу қозғалысының волонтерлері Жамбыл облысы Полиция департаментінің Кинологиялық қызмет орталығына экскурсияға барды. Іс-шараны ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұйымдастырды. Волонтерлер нұсқаушы-кинологтармен, қызметтік иттермен танысты. Оларға Кинологиялық қызмет орталығының жұмысы туралы айтылды. Қонақтар құқық қорғау органдарының төрт аяқты көмекшілерінің көрсетілімдерін тамашалады. Көрсетілім барысында есірткіні алмастыратын арнайы ұнтақтар қолданылды. Криминалистикалық одорологияға (одорология – иістер туралы ғылым) мамандандырылған «Лоя» және «Бава” атты қызметтік иттер есірткі іздеу бойынша өз дағдыларын көрсетті. Полиция қызметкерлері қонақтарға «Есірткісіз болашақ» тақырыбында дәріс өткізді. – Иттер адамдарға пайдалы көптеген функцияларды орындай алады. Олар қылмыстарды ашуда және тергеуде қажет.…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте бірқатар мәселелер қаралды. Алғашқы болып сөз алған ветеринария басқармасының басшысы Нұржас Құрмантаев Сібір жарасы және Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының ошақтарын жою, алдын-алу мәселелері туралы баяндады. Профилактикалық және диагностикалық ветеринариялық іс-шараларға тоқталған ол жыл басынан бері сібір жарасына қарсы ауыл шаруашылығы жануарларынан 466 390 бас МІҚ, 3 026 700 бас ұсақ мал, 134 600 бас жылқы, 9800 бас шошқа, 5090 бас түйе вакцинациялаудан өткенін айтты. Облыс бойынша 189 сібір жарасы ошағы көмінділерінің барлығы талаптарға сай бетондалып, қоршалып, «Қауіпті аймақ» тақтасы ілінген. Дегенмен, жыл басынан бері сібір жарасы ауруына күдікті ретінде 11 адамнан сынама алынып, 5 адамнан…

Read More

«Үйі жоқтың күйі жоқ». Жамбылда 35 жасқа дейінгі жастар санатындағы 7140 тұрғын баспана кезегінде тұр, – деп хабарлайды Tarazy.kz ақпараттық агенттігі. Бұл ретте биыл өңірде «Әулиеата жастары» бағдарламасы іске қосылмақшы. Шілде айының 20-нан құжат қабылдауды бастайтын бұл бағдарлама негізінде осы жылы 35 жасқа дейінгі 50 отбасы баспаналы болады деп жоспарланып отыр. «Жаңа бағдарламаны облыс әкімдігі мен «Отбасы банк» («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) бірлесіп жүзеге асырады. Баспаналы болу үшін жеңілдетілген шарттармен заем алуға 35 жасқа дейінгі жастар санатындағы мұғалім, дәрігер, мейірбике, спорт және мәдениет саласының маманы, журналистер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары, ғылыми қызметкерлерге мүмкіндік бар. Бағдарламаға қатысушылардың жұмыс өтілі 12 айдан кем…

Read More

Тараз қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығына таңғы сағат 4:20 шамасында қаладағы мейрамханалардың бірінің алдынан белгісіз тұлғаның «Volkswagen Passat» маркалы автокөлікті айдап кеткені туралы хабарлама түсті. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қаладан шыға берісте облыс орталығының 49 жастағы тұрғыны мас күйінде ұсталды. Күдікті өз әрекетін таңғы сағат 4-те таксиді тоқтата алмай, ал үйге қандай да бір жолмен жету керектігімен түсіндірді. Сондай-ақ, ол ұрлаған көлікпен қосымша ақша табуды ойлап, жолай жолаушыларды алып кеткісі келген. Бірақ полиция қызметкерлерін көріп, жасырынуға тырысқан. Нәтижесінде рульді басқара алмай, жол-көлік оқиғасын жасады. Сонымен қатар, күдіктінің 2019 жылы мас күйінде көлік жүргізгені үшін көлік…

Read More

Қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Қазақстан халқына» атты қор құрылып, қалталы азаматтар ақша аудара бастаған еді. Міне, содан бері қор атаулы көмек көрсету және даму бағдарламасын іске асыру бағытында жұмыс істеп келеді. Бүгінде қордан көмек сұрағандардың ішінде азқамтылған және көпбалалы отбасылар көп. Дегенмен, қор ең алдымен ерекше қажеттілігі бар балалардың аяққа тұрып кетуіне барынша ықпалдасуда. Бұл расында Балалар жылы қарсаңында қолға алынған игі шарпалардың бірегейі. Бұл туралы облысқа жұмыс сапарымен келген «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева айрықша атап өтіп, қордың жоба-жоспары, бағыты туралы кеңінен айтып берді. Жалпы облыста ерекше білім алуды қажет ететін 7898 бала болса,…

Read More

Халықтың әлеуетін артыруда әлеуметтік саланың салмағы ауыр. Әсіресе, жұмыссыздық мәселесі қашан да өзекті, — деп хабарлайды Tarazy.kz ақпараттық агенттігі. БАҚ өкілдерімен өткен кездесуде осыған ерекше назар аударған Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов өңіріміздегі жұмыссыздық деңгейін 4,9 пайызға дейін төмендету күтілуде екенін жеткізді. – Алдағы уақытта әкімдердің жұмысы құрылған жұмыс орнына қарай бағаланатын болады,-деді аймақ басшысы. Жалпы, облыста Мемлекет Басшысының «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құру» бойынша берген тапсырмасы шеңберінде 11 мың жаңа жұмыс орны ашылған десек, оның 3 мыңға жуығы тұрақты. Ал, 2025 жылға дейінгі облысты дамыту жоспарында өңірімізде 83 мың жұмыс орны ашылатын болады, оның 28,3 мыңы тұрақты, 55…

Read More

Әскери қызметшілер мен азаматтық персоналдың балалары үшін Алматы облысында және Щучинск қаласында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық лагерьлер жұмысын бастады. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Бүгін Щучинск-Бурабай курорттық аймағына бір апталық жазғы демалысқа шалғай гарнизондардан 12-14 жас аралығындағы балалардың алғашқы тобы келіп жетті. Олардың арасында спорттың әр түрі бойынша республикалық жарыстарға қатысқан оқушылар бар. «Жас сарбаз» әскери-патриоттық балалар лагерінің бірінші ауысымының ашылу салтанатына Бас штаб бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы Серік Борамбаев қатысты. «Жас сарбаз» әскери-патриоттық лагерінде сендер демалып қана қоймай, жаңа достар тауып, болашақ Отан қорғаушыға қажетті білім мен біліктеріңді де…

Read More

Жамбыл облысында жарты жылда кәсіпкерлік субъектілеріне  10,5 млрд. теңге шағын несие берілді. Сонымен қатар, екі мыңнан астам азаматқа 3,3 млрд. теңге (400 АЕК) грант бөлінген (0,2 млрд. теңге 166 адамға берілді), – деп хабарлайды Tarazy.kz ақпараттық агенттігі. «Бұл саладағы жұмыстарды жетілдіру, инвесторлармен тығыз қарым-қатынас орнату әрі тиімділігін арттыру мақсатында 4 арнайы алаң жұмысын іске қостық»,- дейді облыс әкімі Нұржан Нұржігітов. – Біріншіден, апта сайын өтетін инвестициялық штаб жұмысын бастады. Штаб жұмысына әрбір кәсіпкер қатысып, өз жобасын таныстыра алады. Бүгінге дейін штабтың 7 отырысы өтіп, 37 жоба қаралды. Оның 17-сі жаңа жобалар. Қаралған жобалардың жалпы құны 1,5 трлн. теңгені құрайды. Екінші кезекте, прокуратура жанынан құрылған…

Read More

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Егер, сізге қоңырау соғып, өздерін банк қызметкері ретінде таныстырса, күмәнді операциялар туралы хабарлап, банк картасының нөмірін, хабарлама арқылы келген кодты және құпия сөзді атауды сұраса, БҰЛ АЛАЯҚТАР!!! Банк қызметкерлері аталған мәліметтерді сұрап хабарласпайды. Дереу байланысты тоқтатып, банктің жедел желісіне қоңырау соғыңыз, не болмаса жақын жерде орналасқан банк бөлімшесіне жүгініңіз. Сонымен қатар,  сіз ОLХ сайты  арқылы тауар сатып жатсаңыз, сізге «сатып алушы» байланысқа шығып, курьерлік жеткізу қызметі арқылы сатып-алуды рәсімдеуді ұсынуы мүмкін, әрі қарай банк картасының реквизиттерін қалдыру қажет болатын қосарлы  сайтқа сілтеме жолдайды. Сеніп қалмаңыздар! Бұлар интернет-алаяқтар, аталған сайтта курьерлік жеткізу қызметі жоқ. Мұқият және сақ болуыңызды сұраймыз!

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының құрылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты шараға қатысты. Баласағұн орталық концерт залында өткен жиында алдымен ҚР ҰҚК-нің Төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты Ермек Сағымбаевтың құттықтау хаты оқылды. Сондай-ақ, Ұлттық қауіпсіздік қомитетінің 30 жылдағы жеткен жетістіктері бейнеленген фильм көрсетілді. Өз кезегінде аймақ басшысы өңірдегі сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың жұмысының маңыздылығына тоқталды. – Сіздер елдегі заң мен құқықтық тәртіптің, ішкі тұрақтылықтың сенімді кепілісіздер. Ел азаматтарының бостандығы мен Конституциялық тұрғыда қорғалуы, қоғамның тұрақтылығы Сіздердің қызметке тікелей байланысты.Сондықтан да, ұлттық қауіпсіздік қызметі қашанда аса маңызға ие, күрделі сала.Кез келген ел дамуының, алға қарай…

Read More

Ағымдағы жылдың 6 айында Жамбыл облысында кәмелетке толмағандардың үйінен кетіп қалуының 78 дерегі  тіркелді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 17,8% – ға аз. Статистикалық талдау көрсеткендей, жасөспірімдердің рұқсатсыз үйден кетуінің негізгі себептері – отбасындағы жанжалдасу, ата -аналардың жұмысбасты болуы, соның салдарынан балалардың бос уақыты мен байланысына бақылаудың болмауы, кәмелетке толмағандардың жұмыспен қамтылуының ұйымдастырылмауы, компьютерлік ойындарға деген құштарлық, отбасылық күйзеліс және жасөспірімнің сенімділікке деген ұмтылысы және бақылаудан шығып кетуі. Кездейсоқ кетіп қалу сирек кездеседі, балалар үйден ұзап кеткен кезде, автобусқа мінгенде тұрғылықты жерін таба алмай адасып кетеді. Мысалы, 6 маусымда бұрын бірнеше рет қашып кеткен 16 жасар жасөспірім үйден кетіп қалды. Бала…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «Саяси реформа жағдайында Қазақстан Халқы Ассамблеясының жұмысын жетілдірудің негізгі бағыттары» тақырыбында өткен Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясының пленарлық отырысына қатысты. Аймақ басшысы өз сөзінде сессияның міндеті – ҚХА-ны одан әрі дамыту бағыттарын белгілеу екенін атап өтті. – Еліміз үшін тұрақтылық пен этносаралық келісімді қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа нақты жағдайда Қазақстан халқы Ассамблеясының бейбітшілік пен келісім саясатымыздың берік институционалдық тірегі болып қала беретінін атап өтті. Ел Президенті ҚХА қызметінің үш негізгі басымдығын айқындап берген болатын. Олар: Ассамблеяның саяси реформаларды іске асырудағы рөлін арттыру, қоғамдық әлеуетін…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Халықаралық Тараз инновациялық институтының бітіруші түлектерге арналған «Диплом тапсыру-2022» салтанатты кешке қатысты, – деп хабарлайды Tarazy.kz сайты. Аймақ басшысы түлектерді маңызды сәтпен құттықтап, алдағы өмірлеріне сәттілік тіледі. – Бұл күн – әр түлектің өмірінде маңызды орын алатын, келешек қадамдарыңа тың серпіліс, жаңа үміт сыйлайтын күн!Сендердің үлкен өмірге қанат қағып отырған осы сәт еліміздің жаңа бастамаларымен, жаңа бетбұрыс кезеңімен сәйкес келіп отыр. Сондықтан, елдің ертеңгі болашағы ретінде жастарға үлкен үміт артылады.Жас түлек ретінде мемлекетіміздің тұғырын биік, еңсесін тік ететіндеріңе кәміл сенеміз.Білім, тәрбие, еңбек сынды үш қасиетке арқа сүйеген маман ғана елдің дамуына үлес қосып, нәтижеге қол жеткізе алады,-дей…

Read More

“Қарасора-2022″ республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының, патрульдік полиция батальонының, ПД Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері қатарынан құралған мобильді топ Жамбыл облысының аумағына кіретін және шығатын автокөлік құралдарын тексеру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізуде. Осындай іс-шараларды жүргізу кезінде «Алматы-Екатеринбург» республикалық маңызы бар тас жолының 360-шақырымындағы Мойынқұм ауданы Шығанақ кентінің жанында Нұр-Сұлтан қаласының 41 жастағы тұрғынының басқаруындағы «ВАЗ-21014» маркалы автокөлікті тоқтатты. «Тея» атты қызметтік-іздестіру итін пайдалана отырып автокөлікті тексеру барысында көлік салонынан ақ полиэтилен пакеті табылып, тәркіленді. Оның ішінде жалпы салмағы 3 келі 30 грамм болатын «гашиш» есірткі заты табылды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады, Қордай ауданының…

Read More

«Қазфосфат» ЖШС-нің әлеуметтік желілерде тараған минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыттағы газ шығарындылары  туралы хабарламалар мен жарияланымдар бойынша ресми түсіндірме жариялайды. 11.07.2022 жылы сағат 20.00 шамасында «Қазфосфат» ЖШС «Минералды тыңайтқыштар» Тараз филиалының күкірт қышқылы цехында абсорбердің моногидратты сорғысы (тазартудың екінші сатысы) істен шығып, соның салдарынан түтіндік газдың қысқа мерзімді шығарылуы орын алды. Сағат 20.15-те осы цехтың жұмысшылары зауыттың диспетчерлік пункті мен цех басшылығына хабарлап, цех жұмысын шұғыл тоқтатты. Компания басшылығы санитарлық-қорғау аймағының шекарасында, жақын маңдағы қала көшелерінде және шығарындылардың негізгі көздерінде атмосфералық ауаны өлшеу жұмыстарын ұйымдастырды. Талдаулардың нәтижелері бойынша атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан асып кетуі анықталған жоқ. Жамбыл…

Read More

Жамбыл облысында тұрғындардың тұрмыстық табысын жақсарту пилоттық жобасы биыл тағы 10 ауылдық округте жүзеге аса бастайды. Бұл туралы облыс әкімінің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте айтылды, – деп хабарлайды Tarazy.kz ақпараттық агенттігі. Күн тәртібінде мал жайылымы және қолдан ұрықтандыру мәселелері қаралды. Жер қатынастары басқармасының басшысы Бақтияр Көпбосыновтың айтуынша, жайылым жетіспеушілігін жою мақсатында ағымдағы жылы бірқатар жұмыстар жоспарланған. Атап айтқанда, жайылым жерлер көлемін 418 мың гектарға ұлғайту қарастырылған десек, оның 107 мың гектары босалқы жерлер есебінен, 166 мың гектары 5 шақырымдық радиуыста орналасқан жерлер есебінен, 146 мың гектары игерілмеген жерлер есебінен қалыптаспақ. – Біз ең алдымен «қоғамдық өріс» мәселесін шешуге тиіспіз. Мал басы…

Read More

Өткізіліп жатқан «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасының 4 күні ішінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері шет мемлекеттерде есепте тұрған автокөліктердің жалған құжаттарын пайдаланудың 20 дерегін анықтады. Мәселен, республикалық маңызы бар «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолында қызмет атқару кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін шетелдік есепте тұрған «Toyota Estima» маркалы көлігі тоқтатылды. Құжаттарын тексеру кезінде ер адам полиция қызметкерлеріне көлік құралын тіркеу туралы жалған куәлік бергені және аталған автокөлік құжатта көрсетілген елдің тіркеу есебінде тұрмайтыны анықталды. Барлық 20 дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабы 3-бөлігі «Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу»…

Read More

В Жамбылской области пилотный проект по повышению доходов сельского населения в текущем году планируется реализовать еще в 10 сельских округах. Об этом говорилось на очередном аппаратном совещании под председательством акима Жамбылской области Нуржана Нуржигитова,— передает Тarazy.kz.   На повестке дня были вопросы развития животноводства. По словам руководителя управления земельных отношений Бахтияра Копбосынова, в текущем году запланирована комплексная работа по ликвидации дефицита пастбищ. В частности, планируется увеличить площадь пастбищ на 418 тыс. га, из них 107 тыс. га – за счет земель выпаса, которые расположены за пределами населенных пунктов,166 тыс. га – за счет земель, расположенных в радиусе пяти километров от сел,…

Read More

«Қарасора-2022» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысы ПД  Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының  қызметкерлері  жедел ақпаратпен Жамбыл облысы Байзақ ауданының құмды аймағында  марихуана жинау сәтінде 31 және 36 жастағы жергілікті тұрғындарды ұстады. Жақын маңдағы аумақты тексеру кезінде полиция қызметкерлері жалпы салмағы 133 келі 700 гр «кептірілген марихуана» есірткі құралын және салмағы 5 гр-нан асатын «каннабис шайыры» есірткі құралын тауып, тәркіледі. Сондай-ақ, жабайы қарасораны шабу үшін сол жерден 2 орақ тәркіленді. Күдіктілер кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. – Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау мүлкі…

Read More

Жамбыл облысында «Жас маман» жобасы шеңберінде бөлінген 171 миллион теңгеден аса сомаға бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігі мәліметіне сілтеме жасап. ҚМА Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті Білім беру саласындағы бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. «Департамент қызметкерлері «Жас маман» жобасы шеңберінде бөлінген 171 миллион теңгеден аса сомаға бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Жобаның мақсаты – колледждер мен жоғары оқу орындарын неғұрлым сұранысқа ие 100 кәсіп бойынша жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу», – делінген хабарламада. ҚМА мәліметінше, қазіргі уақытта қылмыстық іс шеңберінде бірқатар жедел-тергеу іс-шаралары, оның ішінде тиісті сараптамалар…

Read More

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Тәжікстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Бобохонзода Арабшах Равшанмен кездесті. Кездесу барысында Тәжікстан мен облысымыздың арасындағы сауда-экономикалық және рухани, мәдени байланыстар, инвестициялық даму перспективалары сөз болды. Облысымыздың Тәжікстанмен тауар айналымы жыл басынан мамыр айына дейін 2021 жылдың осы аралығымен салыстырғанда 76,5 пайызға ұлғайып, 6,8 миллион АҚШ долларын құраған. Оның ішінде экспорт 5,7 миллион АҚШ долларын құрап, 62,5 пайызға өссе, импорт 1,1 миллион АҚШ долларын құрап, 3,2 есе артқан. Экспортталған тауарлар қатарында арпа, күнбағыс тұқымы, кондитерлік өнімдер, сульфат, натрий цианиді, аммоний сульфаты, ферроқорытпалар мен ферросиликомарганец бар. Ал біздің өңірге Тәжікстаннан пияз бен кептірілген жемістер жеткізілген. Басқосу барысында…

Read More

Таразда полицей итке табельдік қару қолданды, – деп хабарлайды Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі. 8 шілдеде сағат 13:50-де «102» тетігіне Тараз қаласындағы дәріханаға қарама-қарсы бетте екі белгісіз ер адам спирттік ішімдік ішіп отырғаны, ал олардың жанында тұмылдырықсыз төбелесетін иттің бар екені туралы хабарлама түсті. Шақыру орнына келген полиция қызметкерлері 1979 және 1986 жылғы жергілікті екі тұрғынды анықтады, оларға өтіп бара жатқан адамдар шағымданған. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от @zhambyl_police «43 жастағы ер адам «Питбультерьер» тұқымды итін тыныштандыру және оған тұмылдырық кигізу туралы полиция қызметкерінің талабына жауап бермеді. Ит босанып шығып, айналада жүрген адамдарға қауіпті болды.Қайғылы оқиға орын алмауы…

Read More

Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов облыс прокуратурасы жанындағы бизнесті қорғау жөніндегі сараптамалық кеңестің отырысына қатысты. Жиын барысында Нұржан Молдиярұлы шағын және орта бизнес үшін қарсы міндеттемелерді енгізу, олардың жауапкершілігін күшейту мәселелеріне жеке тоқталды. – Бизнес қауымдастық қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштықты сақтауда маңызды рөл атқарады. Мәселен, азық-түлік бағасын реттеу мәселесін алайық. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сату кезінде сауда үстемесін 15 пайызға дейін шектеу жөніндегі нормалар бекітілді. Бірақ, барлық бизнес субъектілері бұл талапты сақтамайды. Әсіресе, көп қабатты үйлердің аулаларындағы дүкендердің иесі ойына келген бағаны қояды. Мұндай болмауы тиіс. Бұл мәселеде отандық бизнестің ортақ ұстанымы маңызды. Ал адал кәсіпкерлер әрқашан мемлекеттің қолдауына ие…

Read More

Жамбыл облысында тұрғынынан жарты тоннадан аса кептірілмеген марихуана табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 7 шілдеде «Қарасора-2022» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданы аумағында пилотсыз ұшу аппаратын пайдалана отырып, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде жабайы сораны жинап жатқан 41 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Полиция қызметкерлері күдікті ұсталған маңды тексеру барысында Уля атты қызметтік ит көмегімен шабылған жабайы қарасораны тауып, тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, ол жалпы салмағы 517 келі «кептірілмеген марихуана» болып шықты. Ұсталған ер адам кінәсін толық мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. «Дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі бойынша…

Read More

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ шабуылдан кейін қайтыс болды, – деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz порталы. NHK телеарнасы мәліметінше, саясаткер Нарадағы медициналық университеттің ауруханасында қайтыс болды. Ол 67 жаста еді. Синдзо Абэге көшеде сөз сөйлеп тұрған жерінде белгісіз біреу оқ атқаны хабарланған болатын. Қарулы шабуыл жергілікті уақытпен 11.30-да болған (елорда уақытымен 08.30). Оған екі мәрте оқ атылып, саясаткер бірден құлаған. Кейін шабуыл жасаған күдікті анықталды. Полиция Нара қаласында 41 жастағы Ямагами Тецуяны қамауға алған. Ол бұған дейін Жапонияның теңіздегі қорғау күштерінде қызмет еткені хабарланды. Оқиға орнында полицейлер қолдан жасалған қаруды тәркіледі. Оқиғаның куәгері болған екі әйел NHK арнасына берген сұхбатында, ер адам Абэ сөз сөйлеп жатқанда…

Read More

Қазақ эстрадасының әншісі Мақпал Исабекова Instagram желісіндегі парақшасында күйеуінің балаға таңдаған есімін жариялады, – деп хабарлайды Zakon.kz. Айтуынша, күйеуі екеуі бұл есім туралы жүктілікке дейін көп ойланған. Асқар, Азамат, Олжас сияқты есімдер баланың ерекше тегі мен әкесінің атына сәйкес келмейтінін түсіндім. Бұл халықаралық және әдеттен тыс нәрсе болуы керек. Бірақ, деп қосты әнші: «Күйеуімнің қиялының деңгейі мені таң қалдырды», – деп қосты әнші. Ерекше дау-дамай болмас үшін, ұл болса, атын күйеуім, ал қыз болса, мен қоямын деп бірден келістік, өйткені қызға өзім ойлаған есім бар еді. Бірақ күйеуімнің тұңғыш баламызға ең жақсы есімді ойлап тапқанына таң қалдым. Мен оның дыбысына,…

Read More

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде білім алатын 15113 студенттің 4 572-сі биыл қолға диплом алып, үлкен өмірге қанат қағып отыр. Соңғы бес жыл ішінде университет 23000-нан астам маман даярлаған, – деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі. «Былтырғы түлектердің 77 пайызы жұмыспен қамтылды»,- дейді аталған университеттің басқарма төрағасы-ректоры Талғат Ешенқұлов. – Жастарды еңбекпен қамту – уақыт оздырмайтын, кезек күттірмейтін мәселе. Ал қолға диплом алып, кәсіпқой маман атанғандардың нарықта сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті болуы – жұмыссыздықпен күрес мәселесінде қатар жүретін түйткіл. Себебі нарықтық қатынастар кезеңінде жұмыс беруші сапалы білім алған, білікті кадрды талап етуге құқылы. Бұл еңбек өнімділігі әрі мекемелер мен кәсіпорындардың ішкі қорына…

Read More

Балалар мен жасөспірімдер үшін пайдалы бос уақытты ұйымдастыру – бұл оқушылардың сауығуы, демалуы және жеке дамуы үшін жағдай жасау болып табылады. Сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу, демалудың әртүрлі нысандарын және кәмелетке толмағандардың дене бітімін дамытуды қамти отырып, қауіпсіз және сапалы демалуы мен сауығуын қамтамасыз ету. Осы кезеңде ата-аналардың балаларды қызығушылықтары бойынша тиімді бос уақытқа тартуға күш салуы өте маңызды. Жалпы облыс бойынша қосымша білім берудің барлық түрлерімен қамтылған білім алушылардың үлесі 83,7% – ды құрайды. Ішкі істер органдарында есепте тұрған жасөспірімдер құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында, өйткені жазғы каникул кезінде олар бос уақыттың көптігіне байланысты заңсыз ортаға көбірек ұшырайды. Бүгінгі…

Read More

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Тараз бен Шымкенттен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін анықтады, – деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі. «2022 жылғы 30 маусымда ҰҚК Ішкі істер министрлігімен бірге Тараз және Шымкент қалаларында «А» және «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің жұмылдырылуымен ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз іс-әрекетінің жолын кесті», – делінген хабарламада. Тексеріс барысында қылмыстық топ мүшелерінің тауар-материалдық құндылықтарды аса ірі мөлшерде ұрлауға және кәсіпкерлерден ақша бопсалауға қатысы бар екені туралы дәлелдер жиналған. «Арнайы операция нәтижесінде қылмыстық топтың 14 басшысы мен белсенді қатысушылары ұсталды.Процессуалдық іс-шаралар барысында қару-жарақ арсеналы, қомақты ақша сомасы, сондай-ақ, тергеу үшін қызығушылық тудыратын құжаттар табылып, тәркіленді», – делінген ҰҚК хабарламасында. Соталды тергеу жүргізіліп…

Read More

Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте өңірде жайылымдық жерлердің тапшылығын төмендету, ауыл халқының табысын арттыру бойынша пилоттық жобаны іске асыру, мал шаруашылығын дамыту мәселелері қаралды. Жиынға бейнеконференция байланысы режимінде аудан әкімдері де қатысты. Кеңес барысында Нұржан Молдиярұлы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланудың тиімділігіне кезең-кезеңмен талдау жүргізу, сондай-ақ әрбір ауылдық округ бойынша ауыл шаруашылығы жерлерінің картасын әзірлеу бойынша міндеттер қойды. Аудан әкімдеріне жайылым тапшылығы мәселесін шешу үшін бес негізгі бағыт бойынша шаралар қабылдау жүктелді. Жиында алдымен облыс әкімдігі жер қатынастары басқармасының басшысы Бақтияр Көпбосынов ағымдағы жағдай мен биылғы жылға арналған жоспарлар туралы баяндады. – Бірінші…

Read More

Заңсыз көші-қонның алдын алу және жолын кесу мақсатында ағымдағы жылдың 27 маусымы мен 4 шілдесі  аралығында Жамбыл облысының аумағында «Заңсыз көші-қон» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Полиция қызметкерлері Қордай ауданында қызмет атқару кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту дерегін анықтады. Тексеру барысында Қырғызстан Республикасының 28 жастағы тумасында ҚР аумағына келу туралы ақпарат жоқ екені анықталды. Күдіктінің айтуынша, 2020 жылдың наурыз айында «Қарасу АВТО» өткізу пунктінде ол анықталмаған адамның көмегімен базада тіркеусіз мемлекеттік шекараны кесіп өткен. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 392-бабы 1-бөлігі (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. -…

Read More

ROI тұтынушылар кооперативінің 3 жылдығы қарсаңында шымкент пен түркістандықтардан 100-ші отбасы үй алды деп newsroom.kz хабардайды. ROI кооперативінің 3 жылдық мерейтойына орай шымкенттік мүмкіндігі шектеулі жан мен көпбалалы ана және жеке кәсіпкер баспана мен көлік кілтін алды. Жалпы, 2019 жылдан бері ROI тұтынушылар кооперативі арқылы 2000-ға жуық үлескер жалпы құны 13 млрд теңгеге үй және көлік алған. Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша бүгінге дейін ROI кооперативі арқылы 100 пәтер мен көлік берілді. Олардың ішіндегі 3 үлескер қарызын уақытынан бұрын жапты. Айта кетерлігі, қазіргі таңда кооперативте республика бойынша 17 мыңға жуық үлескер бар.

Read More

Жыл басынан бері 7,4 мыңнан аса этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. «2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 7 415 этникалық қазақ тарихи Отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 95,3 мың этникалық қазақ оралды», – делінген хабарламада. Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (70,2 пайыз) Өзбекстаннан, 10,4 пайызы – Қытайдан, 7,4 пайызы – Түрікменстаннан, 3,2 пайызы – Моңғолиядан және 8,8 пайызы басқа елдерден қоныс аударғаны айтылды. Этникалық қазақтар негізінен мына өңірлерге қоныстанған: Алматы облысы (31,6 пайыз),Маңғыстау облысы (18,3 пайыз),Түркістан облысы (9,8 пайыз)Жамбыл облысы…

Read More

Тараз кинотеатрында мектеп оқушылары мен колледж студенттері есірткі заттарының қауіптілігі туралы «Тұздар мен Спайстар», «Ешқайда жол жоқ» фильмдерін тамашалады. Аталмыш кинокөрсетілімді Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Облыстық кино орталығы және Білім басқармасының қолдауымен Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұйымдастырды. Фильмде нашақорлармен жұмыс істейтін мамандар синтетикалық есірткіге тәуелділіктің қандай зияндылықтар әкелетіні туралы өмірден нақты мысалдар келтіре отырып баяндайды. – Бізге жастардың назарын нашақорлық мәселесіне аудару маңызды. Әрбір жасөспірім, шын мәнінде, қауіп-қатерге ұшырауы мүмкін. Бүгінгі таңда синтетикалық есірткі үнемі әр түрге өзгеріп отырады. Жастар өздерін және басқаларды тек қызығушылық деп алдайды. Алайда наркологтар бір…

Read More