Автор: admin

Жамбыл облысында ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына орай «Менің Қазақстаным!» атты форум өтті. Әуелете шырқалған Әнұранмен ашылған шараға облыс әкімі Нұржан Нұржігітов қатысып, жиналғандарды мерекемен құттықтады. — Бүгінде Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран – әр қазақ мақтан тұтатын, халқымыздың береке-бірлігін арттыра түсетін бойтұмарымыз.Рәміздерді қастерлеу – біздің ортақ парызымыз. Мемлекеттік рәміздер – кез келген мемлекеттің егемендігі мен тұтастығының бейнесі. Осынау нышандарымыз төрімізден түспей, туымыздың тұғыры биік болсын!Мемлекеттік Тудың авторы Шәкен Ниязбеков Жамбыл өңірінің тумасы және ел мақтанышы. Өткен жылы тарихи тұлғаның есімі өзінің кіндік қаны тамған Жамбыл ауданындағы Бесжылдық ауылына беріліп, ауыл маңында Мемлекеттік Ту-Тұғыры көтерілді. Бұл Мемлекеттік рәміз мен тұлғаға көрсетілген…

Read More

Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қайтыс болған сарбаздың өліміне күдікті ретінде ұсталған Айболат Аманжоловтың отбасы аштық жариялады, — деп хабарлайды azh.kz. Аманжолов тұтқындалғаннан кейін ата-анасы баласын көре алмаған. Алты баласы бар ата-ана Атырау облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің алдына жиналған. Олардың айтуынша, баласын ешқандай ескертусіз Қордай аудандық полициясынан Алматыдағы тергеу изоляторына алып кеткен. «Ұлымды Алматыдағы тергеу изоляторына ауыстырды, бұл туралы ешкім білмеді. Тіпті адвокат білмейді. Қазір ұлымыздың тірі немесе өлі екенін білмейміз. Оны біреу қорқытуы мүмкін. Оған заңды өкілдермен кездесуге рұқсат етілмесе, онда бір нәрсе дұрыс емес деген сөз!» — дейді солдаттың анасы Айнұр Төлемісова көзіне жас алып. Айнұр Төлемісованың айтуынша, ұлымен бірге…

Read More

Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Келесов Еркін Егембердіұлы Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып тағайындалды. Еркін Егембердіұлы 1964 жылы Тараз қаласында туған. Шымкент кәсіптік училищесін «өнеркәсіп кәсіпорнының бухгалтері», М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы Жамбыл облысы бойынша салық инспекциясында аға салық инспекторы болып бастаған. Әр жылдары Жамбыл облысы бойынша салық комитетінде бөлім бастығы, салық департаментінде басқарма бастығы, Байзақ ауданы бойынша салық басқармасының бастығы, Тараз қаласы бойынша салық басқармасының бастығы, Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің жетекші маманы қызметтерін атқарған. 2016 жылдың маусымынан бастап бүгінгі…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов өңірдегі кәсіпорын басшыларымен кездесті. Кездесу барысында аймақ басшысы 5 маусымда өтетін еліміз үшін елеулі оқиға — жалпыұлттық референдумның маңыздылығына тоқталды. — Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар қабылдау бойынша ел тарихында алғаш рет өткелі тұрған рефендумға біз барлық жағынан дайын болу керекпіз. Азаматтарымыз ел болашағы үшін дауыс береді. Әрбір тұрғынның дауысы — маңызды.Бұл күні барлық кәсіпорындар өз қызметін әдеттегідей үздіксіз жүргізуі тиіс. Коммуналдық қызметтер де кедергісіз көрсетілуі қажет. Дауыс беруге ешқандай кедергілер кері әсер етпеуі керек.Бұған дейін сайлауларда жамбылдықтар қатысу көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарлардан көрінген. Бұл жолы жоғары белсенділік танытады деп сенеміз,-деген Нұржан Нұржігітов жиналғандарды ауқымды шараның…

Read More

«Алматы» студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастырумен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның гранттық қаржыландыруы негізінде «Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша кешенді іс-шараларды өткізу» жобасыаясында әскери-патриоттық клубтар мен ұйымдар үшін шағын гранттар конкурсы басталды. Бұл шараның мақсаты әскери-патриоттық бағытта жұмыс жасайтын клубтар мен үкіметтік емес ұйымдарға мектептер мен колледждер базасында өз жұмыстарын ұйымдастыруға қолдау көрсету. Шағын гранттар байқауына қатысуға Қазақстан Республикасында әрекет ететін әскери-патриоттық клубтар мен үкіметтік емес ұйымдарға рұқсат етіледі және әскери-патриоттық клуб атынан өтінім берген жағдайда, топ жетекшісінің жасы 18 жастан жоғары болуы тиіс. Топтың қалған мүшелерінің жасы 14 жастан жоғары болуы қажет. Байқауға…

Read More

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында жамбылдық дзюдошы,  халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері  Елдос Сметов  қала мектептерінің оқушыларымен және студент-спортшылармен кездесті. Тараз қаласының олимпиадалық резервті даярлау орталығында өткен кездесуді Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және қалалық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері ұйымдастырды. Атақты спортшы балалармен әңгімелесуінде өзінің олимпиадалық тұғырға апаратын ұзақ және қиын жолы туралы айтты, өз жетістіктерінің құпияларымен бөлісіп, бірқатар кеңестер де берді. Олимпиада жүлдегері жастарды салауатты өмір салтын ұстануға және спортпен шұғылдануға шақырды. — Мықты денсаулық үшін спортпен белсенді айналысып, зиянды әдеттерден бас тартып, үнемі алдына мақсат қою қажет — деді…

Read More

Ерекше қабілеті бар бала­лар­ды әдетте құрсақта жатып біліп туған деп жатады. Соңғы кездері ғаламдар да айрықша дарынмен дүниеге келген балаларға «бола­шақтың кереметі» ретінде назар аудара бастады. Дәрігерлердің өзі өзгеше қа­сиет­ке ие бала­лар­дың гинетикалық құрылымының құпиясын ашу жолында ізденіп жатыр. Ғалымдар «Индиго бала­лары» деп атайтын вундер­кинд­тер Жамбыл жерінде де бар. Күнтізбе бала – Заңғар Талас ауданы Ақкөл ауылында «күнтізбе бала» атанып кеткен Заңғар Қалиұлын ақкөлдіктер жақсы біледі. Ол бес жыл­дық күнтізбені жатқа айтады. Яғни, бала Заңғар бұған дейін 2011-2015 жылдарға арналған күнтізбенің қай күні қай аптаға түсетінін матема­ти­ка­лық дәлдікпен айта алса, бү­гінде 2019-2022 жылдарға арналған күн­тізбеден жаңылмайды. Баланың мұндай қабілеті 5 жасында оянған.…

Read More

Орнымен жұмсалған аз ақша да үлкен табыстың бастауы болатынын әлемдік деңгейдегі талай мықтылардың өмір жолынан көріп келеміз. Сондықтан қазіргі таңда қаржылық сауаттылық әрбір адамға керек. Бұл үшін ең әуелі кез келген адам өз қаражатын дұрыс жоспарлап, отбасы бюджетін жүйелі жүргізе білуі қажет. Қазіргі таңда қаржы қызметтерінің серпінді дамуының, бөлшек сауда өнімдерін онлайн форматқа және жаңа цифрлық технологияларға айналдырудың, күрделірек және сонымен бірге тәуекелді қаржы құралдарына сұраныстың артуы жағдайында халықтың қаржылық сауаттылығы мәселелері оларды өзекті етуді талап етеді. Халықтың қаржылық білімін арттыру қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің негізгі элементі, халықтың және бизнестің қаржылық қызметтерге үздіксіз қол жеткізуінің, қаржылық тұрақтылық пен…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Жиында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) Жамбыл облысы бойынша департаменті бастығының бірінші орынбасары Ғани Тубаев, превенция басқармасы басшысының орынбасары Ербол Бақтыхожаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жедел-тергеу бағыттарында атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Ал, «Jambyl — Adaldyq аlany» жобалық кеңсесінің басшысы Назима Жұбандықова тұрмыстық жемқорлықпен күрес, азаматтарға қолайлы жағдай жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде шараларға тоқталды. Ағымдағы жылдың бес айында 64 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тіркелген. Сыбайлас жемқорлық көріністерінің туындау себептері мен шарттарын анықтау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына барды. Еске сала кетейік, 2018 жылы мекеме Қ.Сарымолдаев атындағы балалар үйі мен кәмелетке толмағандарды оңалту және бейімдеу орталығын біріктіру арқылы қайта құрылған болатын. Бүгінде мұнда 75 бала тәрбиеленуде. Екі қабатты ғимаратта сабақ өткізуге арналған кабинеттер, акт залы, «Рухани жаңғыру» кабинеті, кітапхана, коворкинг орталығы, музей, физиотерапия кабинеті, медициналық кабинет, спорт және шахмат залдары бар. Мекемеде кәсіптік бағдарлау орталығы жұмыс істейді, онда балалар шаштараз, етікшілік, аспаздық, қолөнер және дизайнерлік шығармашылық, іс тігу бойынша білім ала алады. Орталық тәрбиеленушілері 7 топқа бөлінген. Мекеме ғимаратын жабдықтауға жергілікті кәсіпкерлер…

Read More