Автор: admin

ҚР Президент Әкімшілігінің келісіммен Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жамбыл облысы әкімінің әлеуметтік салаға жауапты орынбасары болып Еркін Құлымбайұлы Үйсімбаев тағайындалды. 1977 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданында дүниеге келген. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін (1999 ж.) «Инженер-механик» мамандығы бойынша, Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз мемлекеттік университетін (2002 ж.) «Заңгер» мамандығы бойынша және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын (2008 ж.) «Жергілікті және мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша магистратура және (2018 ж.) «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша докторантура бітірген. Еңбек өтілі 1999-2002 жж., Қордай а., Шымкент қ. – өндірістегі жұмыс; 2002-2005 жж., Қордай ауданы әкімі аппаратының Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, Қордай…

Read More

Көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Бұл туралы Жамбыл облысының Полиция департаменті хабарлады. Полицейлер жүргізушіні ізін суытпай ұстады. Кеше сағат 05:30 шамасында Айша бибі – Қаратау көлік жолының үшінші шақырымында жол апаты болды. Белгісіз адам 45 жастағы ер адамды қағып, белгісіз бағытқа қашып кеткен. Жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты. Жергілікті полицияның жедел әрекетінің нәтижесінде, Audi-80 көлігінің 28 жастағы жүргізушісі анықталып, ұсталды. Аталған дерекке қатысты ҚК-нің 345-бабы және 347-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған ер адам кінәсін мойындады.

Read More

Ел Президенті жариялаған Балалар жылы аясында Тараз қаласы Полиция басқармасының 1- полиция бөлімі Тұрар Рысқұлов атындағы  орталық саябақтың құрылтайшысы Асан Кошмамбетовпен  бірлесіп, оқушылар үшін Балаларды қорғау күніне арналған іс-шара ұйымдастырды. 20-дан астам баланың қуанышында шек болмады, олар ерекше жағымды әсер алды. Балалар үшін әткеншектер, аттракциондар, түрлі тәттілер – барлығы тегін болды. Барлық балаларға балмұздақ пен түрлі сусындар таратылды. Мерекелік шара аттракциондарда жалғасын тапты. Оқушылар әрбір әткеншекке мініп, уақыттарын көңілді өткізді. — Балалар-біздің болашағымыз. Біз оларды қорғау үшін,  қауіпсіздігі  және лайықты өмір сүруі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Бүгін біз оларға жақсы демалыс ұйымдастырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйладық,- деп атап көрсетті…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов өңірдегі бір топ зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Кездесуде аймақ басшысы алдымен облыстың мәдени-рухани саласында атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталып, алдағы жоспарлар туралы жеткізді. Сондай-ақ, ағымдағы жылы бірқатар белгілі тұлғалардың, қабырғалы қаламгерлердің мерейтойы екендігін, оны лайықты түрде атап өту бойынша іс-шаралар жоспары әзірленгенін айтты. Облыс әкімі жиналғандардың ой-ұсыныстарын тыңдауға дайын екенін білдіріп, олардың пікірлері барынша ескерілетінін атап өтті. Алдымен сөз алған ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының облыстық филиалының төрағасы Хамит Есаман аға буын ақын-жазушылардың мерейтойларын жоғары деңгейде атап өтудің маңыздылығын тілге тиек етіп, жас қаламгерді де қолдау, кең көлемдегі әдеби шараларды өткізу бойынша ұсыныстарын білдірді. Аймақ басшысы…

Read More

2022 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша, цифрлық майнинг бюджетке 652 миллион теңге әкелді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап цифрлық майнинг үшін төлемақы енгізілді. Оны цифрлық майнинг саласында қызметін жүзеге асыратын тұлғалар тұтынылған электр энергиясының нақты көлеміне қарай төлейді. Төлемақы сомасы тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей төленеді. «Еске салайық, Салық кодексінде цифрлық майнинг үшін төлемақы бойынша салық есептілігін тапсыру көзделмеген. Төлемақы сомасы электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін 1 теңге мөлшерінде есептеледі», — делінген хабарламада. Ақпарат бойынша, цифрлық майнинг үшін төлемақы еліміздің 12 аумағынан түскен: Нұр-Сұлтан қаласы…

Read More

Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан мен Әзербайжан ойыны алдында жанкүйерлерге үндеу жариялады, — деп хабарлайды Vesti.kz. «Құрметті жанкүйерлер! Қазақстан футбол федерациясы УЕФА Ұлттар лигасында Молдовамен өткен ойында біздің құрамаға көрсеткен қолдауларыңыз үшін жанкүйерлерге алғыс білдіреді. Осы матчта жанкүйерлердің трибунадан заттарды лақтырғаны және алаңға жүгіріп шыққаны үшін УЕФА тарапынан Қазақстан футбол федерациясына 19 250 еуро көлемінде айыппұл салынды. Мұндай әрекеттер жалғасатын болса, УЕФА ұлттық құраманың ойындарына одан да қатаң талап қоюы ықтимал. Мәселен, ұлттық құраманың ойындарына жанкүйерлерді қатыстырмау туралы шешім шығаруы мүмкін. Сол себепті алдағы ойындарында қолдаудың жоғары әрі мәдениетті деңгейін көрсетуге шақырамыз. Түсіністік танытқан әр жанкүйерге ыстық ықыласымызды білдіріп, ұлттық құраманы әрқашан…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевты қабылдады, — деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысына өңірлерде атқарылып жатқан жұмыстар туралы, Президенттің бастамалары мен саяси реформаларын халықтың кеңінен талқылап жатқаны туралы мәлімет берілді. Бердібек Сапарбаев өзі қызмет атқарған Жамбыл облысында орындалып жатқан Президент тапсырмаларының нәтижелерін кеңінен баяндады. Соның ішінде азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға, қоғамның ынтымағы мен бірлігін нығайтуға бағытталған «Асар», «Туған жерге тағзым», «Жомарт түлек» және «Бейбітшілік пен келісім» атты жобалар жайлы айтылды. Сонымен қатар, Жамбыл өңірінде жүзеге асырылған пилоттық жоба туралы мәлімет берілді. Бұл бастамалар әрбір отбасының өзін-өзі асырауына жағдай жасауға негізделген. Бердібек Сапарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа қуаңшылық жағдайында ауыл шаруашылығын әлсіретіп…

Read More

Жамбыл облысында түлектер отырған кортеж жүргізушілеріне айыппұл салынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әлеуметтік желілерде автомобиль терезелерінен шығып, көңіл көтерген түлектердің видеосы тарады. Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізу барысында Тұрар Рысқұлов ауданында, мектеп бітірушілер мінген кортеж жол ережесін бұзғандығы туралы видеоларын анықтады. Жол патрульдік полиция тобының қызметкерлерімен «Toyota Land Cruiser Prado», «Audi 80», «BMW 735», «VAZ 210540» және екі «Toyota Camry» маркалы көліктердің жүргізушілері ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы «жолаушылар мен жүктерді тасымалдау жөніндегі талаптарды сақтамау» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от @kris.p.taraz +21TARAZ🇰🇿🚔🔝 (@kris.p.taraz)

Read More

 Тараз қаласының екі тұрғыны кірген бір топ адамдар алдын ала сөз байласып, 2021 жылдың маусым айынан бастап облыс орталығындағы зауыттардың бірінен мыс кабелін жасырын түрде ұрлаған. Ұрланған кабельдің метражы жалпы 240 метрдей болды, материалдық шығын 12 миллион теңгені құрады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша  (бөтеннің мүлкін жасырын түрде аса ірі мөлшерде, қоймаға заңсыз кірумен жасалған) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Істің барлық күдікті тұлғалары ұсталып, кінәсін толық мойындаған.

Read More

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Меркі ауданының тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелелері бойынша қабылдаулар өткізді. Басқосуға облыстық құқық қорғау органдарының басшылық өкілдері де қатысты. Аймақ басшысы алдымен Сарымолдаев ауылындағы №9 В.Савва атындағы жалпы білім беретін мектебінде жергілікті тұрғындармен кездесті. Жиында аталған ауылдық округтің әкімі Сабит Бабижановтың есебі тыңдалды. Ол ауыл шаруашылығы, білім, әлеуметтік және тағы басқа салалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады. Облыс әкімі округ әкімінен жайылым, қоқыстарды тазалау секілді бірқатар мәселелердің шешілу барысын сұрап, қанағаттанарлық жауап ала алмады. Ауылдағы әр ауланың ахуалы бойынша талдау жұмыстарының әлі…

Read More