Автор: admin

Мемлекет басшысы жариялаған Балалар жылына арналған іс-шаралар жоспары аясында 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Таразда «Бақытты болашақ» оқушылар сарайының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға Ресей Федерациясы мен еліміздің барлық өңірінен келген педагогтар қатысты. Жаңа нысанның ашылу рәсіміне жиналғандар алдымен жаңа ғимаратты аралап, танысты. Фойеде оқушылардың ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстары қойылған көрме ұйымдастырылды. Қонақтар робототехника, 3D-модельдеу, авиамодельдеу, кеме модельдеу, қазақ және қазіргі заманғы сәндік-қолданбалы өнер, ландшафтық дизайн кабинеттері мен сәулет және дизайн мектебін, коворкинг-орталықты, обсерваторияны және планетарийді аралап көрді. Жаңа оқушылар сарайында барлығы 81 үйірме жұмыс істейтін болады. Оқушылар сарайының ашылуына орай мектептен тыс ұйымдардың бейіні бойынша педагогтар…

Read More

Жамбыл облысының аумағында балықтың уылдырық шашу кезеңінде браконьерлік деректерін болдырмау және оның жолын кесуге, сондай-ақ балық пен балық ресурстарын заңсыз аулауға, тасымалдауға және сатуға байланысты құқық бұзушылықтар мен экологиялық қылмыстардың алдын алуға және анықтауға бағытталған «Уылдырық» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Жамбыл ауданының табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Билікөл көлінде орын алған браконьерлік дерегін анықтады. Электр тогының көмегімен балықты заңсыз аулаған 36 және 18 жастағы Жаңаөткел ауылының тұрғындары ұсталды. Тексеру кезінде ұсталғандардан 50 келіден астам ауланған балық пен қолдан жасалған балық аулайтын электр қармақ тәркіленді. Күдіктілердің пайда табу мақсатында қылмыс жасағаны анықталды. — Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 335-бабының 1-бөлігі «Балық ресурстарын,…

Read More

Жамбыл облысындағы «Қазфосфат» ЖШС өзіне қарасты «Көктал» емдеу-сауықтыру кешенін биыл қайта жаңғыртты. Мұндағы қайта жаңғырту, күрделі жөндеу жұмыстарына 370 миллион теңге қаржы жұмсалыпты. Мұның ішіндегі 100 миллион теңгеге жуығына медициналық жабдықтар алынған. Биылғы 10 ақпанда басталған құрылыс жұмыстары 10 мамыр күні аяқталып, жуырда емдеу-сауықтыру кешені жұмысын қайта бастады. Кешен Талас ауданының орталығы Қаратау қаласынан 12 шақырым қашықта орналасқан. Ол жоғары деңгейдегі емдеу базасы бар және сауығу мен тынығуға барлық қолайлы жағдайы жасалған көпбейінді санаторий. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Талғат Мамаев аталған кешенге барып, оның жұмысымен танысып, ондағы емделушілер мен қызметкерлердің тыныс-тіршілігін көріп қайтты.Талғат Шариұлы алдымен кешеннің негізгі нысандарының бірі саналатын…

Read More

Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік барысында ұрланған қарудың орналасқан жерін анықтау бойынша күн сайын іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері облыс орталығының аумағында 4 қару, 2 граната, патрон, электрошокер, штык-пышақ тауып, тәркіледі. Табылған қарулар арасында оқжатары бар Калашников автоматы, «ТОЗ-БМ» маркалы екі ұңғылы аңшылық мылтығы, «EKOL Special 99» маркалы травматикалық тапаншасы, Макаровтың тапаншасының оқжатары, «ГСЗ» маркалы 2 граната, «ЭШУ-200» 2 электршокері, штык-пышақ, 9 мм калибрлі 40 патрон, бос калибрі 16 мм гильзалар табылды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлері және қатысушыларымен кездесті. Кездесуде аймақ басшысы аталған байрақты бәсекеде ел намысын лайықты қорғап, нәтижелі өнер көрсеткен жамбылдық спортшыларды құттықтап, ризашылығын жеткізді. Айта кетейік, ағымдағы жылдың 1 — 15 мамыр аралығында Бразилияның Кашиас-ду-Сул (Бразилия) қаласында өткен XХІV (24) жазғы Сурдлимпиадалық ойындарында Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасының 65 спортшысы спорттың 9 түрінен ел намысын қорғады. Оның ішінде 13 спортшы Жамбыл облысынан аттанған болатын. Жалпы медальдік есепте 73 елдің арасында Ұлттық құрама 13-орынға тұрақтаса, жамбылдық спортшылар ел қоржының 11 медальмен толықтырған. Облыс әкімі өз сөзінде спортшылардың жетістігін, елеулі еңбегін, олардың жаттықтырушыларының да зор үлесін айрықша атап…

Read More

25 мамырда Тараздағы Тәуке хан көшесінде орналасқан «Қазақ хандығы» монументінің маңында Lexus көлігі каналға түсіп кеткен. Тізгінде 17 жастағы оқушы болған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Instagram-дағы taraz_police паблигіне сілтеме жасап. Полиция мәліметінше, сақтандыру полисіне сәйкес автокөлік құралын жүргізген 21 жастағы Lexus жүргізушісі таныс түлектермен бірге бітіру кешін атап өту үшін «Қазақ хандығы» монументіне келген. «Осы құқықбұзушылық үшін кәмелетке толмаған оқушы ата-анасының қатысуында ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-бөлігі («Көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адамның басқаруы») бойынша әкімшілік жазаға тартылған. Түлектің ата-анасына 20 АЕК (63 600 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізілді», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Read More

Таразда «Коммуналдық меншік объектілерін жалға беру орталығының» бұрынғы директоры мемлекетке тиесілі жалпы құны 300 миллион теңге болатын бес нысанды өз туыстарына заңсыз тіркеген, — деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы. Телеарнаның мәліметінше, ол қызметтік бабын пайдаланып, төрт ғимарат пен бір жер телімін туыстарына беру туралы заңсыз бұйрықтар шығарған. Артынша мүлікті өз атына рәсімдеп, бес нысанның екеуін сатып, қалғанын интернет арқылы саудаға қойған. Облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты құжаттарды жарамсыз деп танып, ғимараттар мен жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды. Ал мемлекеттік қызметкер тоғыз жылға сотталып, мемлекеттік органдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айырылды. «Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Бақтыбаев 189-баптың 4-ші және 2-тармағымен кінәлі деп…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Байзақ ауданындағы №6 орта мектебінің«Соңғы қоңырау» шарасына қатысты. «Түлек 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі» тақырыбында ұйымдастырылған салтанатты жиынында аймақ басшысы оқушылар мен түлектерді, ұстаздар мен ата-аналарды кезекті оқу жылының аяқталуымен құттықтады. — Бүгін облыстағы 480 мектепте 244 мыңға жуық оқушы оқу жылын табысты аяқтап отыр.Биыл 11 мыңнан аса оқушы алтын ұя мектептерімен қоштасуда, оның 490-ы «Алтын белгіге» үміткер. Оқушыларымыз халықаралық, республикалық пән олимпиадасы мен ғылыми жобалар жарысында жақсы нәтижелер көрсетуде. Жыл басынан бері халықаралық деңгейде 43, республикалық деңгейде 139 медаль иеленді.Ағымдағы жылдың ақпанында республикалық ғылыми жобалар байқауында облыс командасы «Ең үздік команда» атанып, 13-ші жыл…

Read More

Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінің ұйымдастыруымен «Болашақ» стипендиаттары Дж.Вашингтон университетінде қазақ мәдениетімен таныстырды. АҚШ астанасында орналасқан Дж. Вашингтон университетінде Орталық Азия бағдарламасының 10 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жібек жолы фестивалі» өтті. Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігі мен Абай орталығы қазақ мәдениетінің көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде қазақ ұлттық аспаптарының сүйемелдеуімен халық әндері орындалып, Абай орталығының жұмысы таныстырылды. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Yertay Sultan (@yertaysultan) «Болашақ» стипендиаты, Абай орталығының координаторы Ертай Сұлтан мәдени іс-шараны жүргізіп, қонақтарға қазақтың халық әні «Бір баланы» орындады. Әнді бағдарламаның тағы бір стипендиаты Қазына Асанқызы қобызбен сүйемелдеді. Ұлттық мәдениетімізді, салт-дәстүрлерімізді насихаттауды мақсат тұтқан іс-шараға 200-ден астам қатысты. Посмотреть…

Read More

Екінші орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес (57-2-2, 39 КО) қыркүйекте қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) үшінші жекпе-жегін өткізеді, — деп хабарлайды Vesti.kz. Трилогия 17 қыркүйекте екінші орта салмақ дәрежесінде өтеді. Мексикалық боксшы абсолют чемпион титулын алғашқы рет қорғайды. «Ресми. 17 қыркүйекте кездескенше», — деп жазды Головкин. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Gennadiy Golovkin | GGG (@gggboxing) Еске салайық, Головкин мен Альварес бұған дейін Лас-Вегаста екі рет жұдырықтасқан — 2017 жылы боксшылар тең түссе, 2018 жылы Канело төрешілер шешімімен жеңген болатын. GGG кейінгі жекпе-жегін сәуірде жапониялық Риота Муратаға қарсы өткізіп, 9-раундта техникалық нокаутпен жеңген еді. Ал Канело…

Read More