Автор: admin

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте алдымен жергілікті атқарушы органдардың тұрғындармен кері байланыс мәселесі қаралды. Ол бойынша облыс әкімінің кеңесшісі Нұрмухаммед Ниязбеков, баспасөз қызметінің жетекшісі Данияр Асқарұлы, «Жамбыл облысы бірыңғай диспетчерлік қызметі» КММ-нің басшысы Бақкелді Тұрсынбектің баяндамалары тыңдалды. Олар түскен өтініштерге басшылардың жауап беру көрсеткішіне, әлеуметтік желідегі белсенділіктеріне, жауаптардың сапасына қатысты жан-жақты талдаулар нәтижесін ұсынды. — Біз Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасын жүзеге асыруға тиіспіз. Бұл мәліметтер сіздерге қазір ескерту ретінде айтылып отыр. Кемшіліктерді реттеп, кері байланыс бойынша жұмыстарды реттеңіздер. Тұрғындардың өзекті өтініштері ескерусіз қалмауы керек. Сапалы әрі уақытылы жауаптар беріліп, мәселелер назарға алынуы қажет.Алты…

Read More

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті. Кездесу барысында өңірдегі діни ахуал сөз болып, дін қызметкерлерінің білімін жетілдіру, оларға әлеуметтік қолдау көрсетудің маңызы талқыланды. Сонымен қатар жастар арасында діни оңалту жұмыстарын жүйелі жүргізу мәселесіне де көңіл бөлінді. Облыс әкімі ізгілік жолындағы бастамалар мен игі қызметте жүрген имамдарды қолдау ортақ іс екенін жеткізді. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қоғамдық келісім, татулық, тұрақтылық – ел дамуының негізі екендігін баса айтып, осы тұрғыда жұмыла жұмыс жасаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен Тараз қаласында «Тараздан шыққан діни тұлғалар. Профессор Насрулла Таразидің туғанына 100…

Read More

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде «кредиттік рақымшылық» жасалды және халықтың қарыздары есептен шығарылды-мыс деген дәйексіз ақпараттың белсенді түрде таратылып жатқандығын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Мемлекет басшысының 2019 жылғы 26 маусымдағы Жарлығын орындау үшін қабылданған «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға бөлінген қаражатты пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 15 шілдедегі қаулысына қатысты үш жыл бұрынғы ақпарат бар 2019 жылғы бейнеролик таратылуда. Осы Қаулы шеңберінде көмек 2019 жылғы қыркүйектен бастап 2020 жылғы сәуір аралығында көрсетілді. Нәтижесінде 577,7 мың азамат үшін жалпы сомасы 120,5 млрд теңге болатын берешекті есептен шығару рәсімі жүргізілді.ҚР Қаржы нарығын реттеу…

Read More

Облыстағы құрылыс жұмыстарындағы жобалау, жоспарлау және үйлестіруге қатысты бірқатар мәселер бойынша жұмыс тобы құрылатын болды. Ол екі апта ішінде мәселелерді шешу бойынша нақты ұсыныстар әзірлейді. Бұл туралы облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен жиында айтылды. Басқосуда құрылыс саласында атқарылып жатқан жұмыстардың есебі тыңдалды. Аталған басқарма басшысы Ерлан Орынбаевтың айтуынша, түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында ағымдағы жылы өңірде 203 жоба бойынша құрылыстар жүзеге асуда. Оның 152-сі жыл соңына дейін аяқталмақ. Баяндамашы білім, денсаулық, спорт, мәдениет, тұрғын үй және тағы басқа салалар бойынша жеке-жеке тоқталып, жобалардың орындалу барысына назар аудартты. Айталық, қазіргі таңда білім саласы бойынша 23 нысанның құрылысы жүргізілуде десек, оның 18-і…

Read More

Қазақстандық автобизнес қауымдастығының өкілі Қайрат Еламанов жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша көбіне қандай көліктер таңдалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі. 8 мың көлік резервте тұр. Олардың көбі Chevrolet, өйткені соңғы айларда ол ең танымал бренд болды. Кейінгі орындарда Hyundai, Kia, Jac және «Лада» тұр.Қайрат Еламанов Қазақстан автобизнес қауымдастығы өкілінің айтуынша, қазір зауыттар өндіріс көлемін арттырып жатыр. Жалпы, дилерлік орталықтарға жеткізу апта сайын жүргізіледі. Алғашқы күндері Hyundai зауыты автосалондарға бірден брондалған 1,8 мыңнан астам автокөлікті берді. 2,5 мыңнан астам көлік жеткізу жоспарланды. Шілде айынан бастап Hyundai-ға ай сайын 4 мыңнан астам көлік жеткізіледі. «СарыарқаАвтоПром» компаниясының мәліметінше, модель желісі 32-ден астам автокөліктен…

Read More

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Мәди Мейірбекұлы Мәтен Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов аппараттың жаңа басшысын қызметкерлерге таныстырып, өңірдің өркендеуі жолында аянбай еңбек ететініне сенім білдіріп, бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Мәди Мейірбекұлы 1984 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданында туған. 2004 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2004 жылы «Жаңа өмір – Новая жизнь» газетінің редакциясында фототілші болып бастаған. Әр жылдары Жуалы ауданы әкімі аппаратында бас маман (2005-2011), бөлім жетекшісі, Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас инспекторы (2011-2012), ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы (2012-2017), Жамбыл…

Read More

Жолдың жайын жүрген біледі. Елді мекендерді бір-бірімен байланыстырып, қайнаған тынымсыз тіршілікке нәр беріп жатқан күре жолдың қадірін, оның бейнетін жолаушыдан артық білер жан бар ма? «Дамуға бет алған ел бірінші жолын жөндеуі тиіс» деген сөз тегін айтылмаса керек. Иә, жол салу үйге «пол» салу емес. Ерте көктемде қамданбағандар, қар жауғанда көше-көшеге асфальт төсеп, қысты күні дірдектеп, жанталасып жүргендерді де талай көргенбіз. Ал біз сөз еткелі отырған «Құлан жолдарының» жұмысшылары биыл уақытпен санаспай жұмыс істеп жатыр екен. Нәтижесінде жоспарды 70 пайызға дейін орындап үлгеріпті. Жол құрылысы саласындағы мекемелерде қызметтің барлық сатысынан өтіп, тоқырау дәуірінде басшы ретінде ұжымды ыдыратпай сақтап қалған марқұм…

Read More

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов мәдениет және өнер қызметкерлерімен кездесіп, кәсіби мерекелерімен құттықтады. Белгілі мәдениет қызметкерлеріне «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілерін, облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын табыс етті. Кездесу жылы шырайлы әңгімеге ұласты. Аймақ басшысы өнер адамдары үлкен құрметке лайық екенін баса айтты. — Сіздердің жұмыстарыңыз өзіндік ерекшеліктерге толы. Кез келген адамның қолынан келе бермейді.Еліміздің рухани тірегі – ұлттық құндылықтарымыз, мәдениетіміз, әдебиетіміз болса, Сіздер өнеріміз бен мәдениетімізді, ғасырлар бойы атадан балаға мұра болған асыл қазынамызды өскелең ұрпаққа жеткізу жолында аянбай еңбек етіп келесіздер. Сіздерге еліміздің, облыстың мәдениетінің дамуы жолындағы елеулі еңбектеріңіз бен белсенділіктеріңіз, облыс халқына өз шығармашылықтарыңызбен қолдау көрсеткендеріңіз үшін…

Read More

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Жуалы ауданының тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелелері бойынша қабылдаулар өткізді. Аймақ басшысының ауданға жұмыс сапары барысында ұйымдастырылған басқосуға облыстық құқық қорғау органдарының басшылық өкілдері де қатысты. Алдымен аудан орталығы саналатын Б. Момышұлы ауылының тұрғындарымен кездескен Нұржан Нұржігітов қысқаша ғана округ әкімінің есебін тыңдады. Ауылда 14739 тұрғын тұрады. Барлығы 3 мыңнан астам аула бар. — Әр аула бойынша талдау болу керек. Тұрақты табысы жоқ отбасылардың мәселесін шешу бойынша жоспарлы-ұсыныстар әзірлеу қажет.Біз қалай болғанда да бюджет қаражатын тиімді игеруге тиіспіз. Бірақ соған қарап жұмысымызды бағалау жеткіліксіз. Өйткені, ол…

Read More

Таразда ер адам 57 жастағы әйелді пышақтап өлтіріп, үйін өртеп кеткен. Күдікті терезеден қашып бара жатқан кезде ұсталған, — деп хабарлайды КТК телеарнасы. Телеарна мәліметінше, оқиға 18 мамырда түнгі 00:00 шамасында болған. Куәгерлердің сөзінше, ішімдікке сылқия тойған 32 жастағы жергілікті тұрғын азаматтық некедегі күйеуі бар әйелдің үйіне келіп мазасын алған. Сол жерде жанжал туындап, арты төбелеске ұласыпты. Күдікті әйелді пышақтап өлтіріп, күйеуін жаралған. Қаза тапқан кісінің кәмелетке толмаған екі қызы қашып үлгеріп, полицейлерді шақыртқан. Ал күдікті қылмысын жасыру үшін үйді әдейі өртеп ізін суытпақ болыпты. Бірақ терезеден сытылып шығамын дегенде ұсталып қалған. 32 жастағы ер адам бұған дейін екі рет сотты болған. «Қылмыстық…

Read More