Автор: admin

Аталған топтар Тараз қаласы мен аудандарда кездесулер өткізіп, қоғамдық қабылдаулар ұйымдастыратын болады. Сарапшылар мен қоғам белсенділері бар арнайы спикерлердің тізімі бекітілген.Облыс әкімі барлық шаралардың сапалы өтуін, топ мүшелері аудан, ауылдарды барынша қамтып, жергілікті тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізілуі тиіс екендігін тапсырды. –  Ақпараттық-насихаттық топтар Жолдаудағы басым бағыттар мен маңызды бастамаларды халыққа нақты әрі қарапайым, түсінікті тілде жеткізу керек. Ел Президентінің тапсырмалары қалай жүзеге асады, көпшіліктің көкейіндегі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру, суармалы суға қатысты мәселелерді шешу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айту қажет. Мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктеріне, өңірдегі игі жобаларға да тоқталған дұрыс. Парламент пен мәслихаттардың рөлін күшейту, сайлау жүйесін,…

Read More

АҚШ киноакадемиясының Лос-Анджелесте өтіп жатқан 94-ші «Оскар» рәсімі аяқталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Дени Вильнёвтің «Дюна» фильмі алты мүсінше жеңіп алды, ал үш жүлдені қанжығасына байлаған «CODA: Ребенок глухих родителей» инди драмасы үздік фильм атанды.  «Оскар-2022» жеңімпаздары: Үздік фильм — «CODA: Ребенок глухих родителей»Үздік режиссер — Джейн Кэмпион, «Власть пса»Үздік актер — Уилл Смит, «Король Ричард»Үздік актриса — Джессика Честейн, «Глаза Тэмми Фэй»Үздік екінші актриса — Ариана ДеБос, «Вестсайдская история»Үздік екінші актер — Трой Коцур, «CODA: Ребенок глухих родителей»Үздік бейімделген сценарий — Шан Хейдер, «CODA: Ребенок глухих родителей»Үздік түпнұсқа сценарий — Кеннетт Брана, «Белфаст» Үздік шетелдік фильм — «Сядь за руль…

Read More

Таразда полицейлер дәріханаға қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді ұстады. Күдіктілер әлі кәмелетке толмаған екі бала болып шықты. Олар видеоға түсіп қалған, — деп хабарлайды Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 25 наурыз күні сағат 22:30 шамасында қаладағы шағын аудандардың бірінде орналасқан дәріханаға маска киген белгісіз екі адам кірген. Олар қызметкерлерді тапаншаға ұқсайтын затпен қорқытып, терезені сындырып, 37 мың теңге көлеміндегі ақшаны алып кеткен. Содан кейін олар белгісіз бағытқа қашқан. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 3-бөлігі, 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалы басталды. Жедел іздестіру шарасы кезінде полицейлер екі күдікті облыстың 17 жастағы тұрғындары екенін анықтады. Күдіктілер кінәсін толық мойындады. Олар…

Read More

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Абдалы Нұралиев Жамбыл облысында жұмыс бабындағы сапарда болды Депутат бағдарламасы бойынша бірінші кезекте Тараз қаласының қасындағы Қостөбе ауылының тұрғындарымен кездесіп, қаланың кәріз-тазарту құрылыстарының өзекті мәселелерін талқылады. Мұндағы сүзгі жоба бойынша тәулігіне 43 мың текше метр суға есептелген болатын. Ал қазір мұнда іс жүзінде 70 мың м3 дейін су тазартылады, бұл жобалық қуатынан 1,5 есе артық. Қазіргі кезде тазарту қондырғыларынан шыққан жағымсыз иіс жақын маңдағы ауылдарға дейін жетіп отыр, ал сүзілгеннен кейінгі қалдық су жерасты суларына да араласуы ықтимал. Ахуалды қарау және талдау барысында кәріз жүйесінің сарқынды суларын кешенді биологиялық тазарту жобасын зерделеу және келісу жұмыстарымен Жамбыл…

Read More

Жамбыл облысында Наурыз мерекесі дәстүрлі түрде ұлттық ойындармен, түрлі қойылымдар және қызықты концерттік бағдарламалармен аталып өтілді. Тараздықтар «Төрткүл» керуен-сарайына жиналып, мерекеге орай ұлттық киімдер киіп, көктемгі жаңа жылды жоғары көңіл күймен қарсы алды. Мұнда халық қолөнерінің көрмесі ұйымдастырылды. Балалар ұлттық ойындар (асық ату, тоғыз құмалақ, күрес) бойынша жарысқа түсіп, күш сынасты. Сондай-ақ, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев зиялы қауым өкілдері, ардагерлермен бірге ағаш көшетін отырғызу акциясына қатысты. Мерекелік шара барысында «Төрткүл» керуен-сарайынан «Наурыз-көш» атты этно-керуен жолға шығып, қала көшелерін аралады. Керуеншілер балаларға тәттілер таратты. Бұл күнгі мерекелік іс-шаралар тұрғын үйлердің аулаларында да ұйымдастырылды. Талас шағын ауданындағы №29 үйдің тұрғындары музыкалық…

Read More

Наурыз мерекесіне орай Тараз қаласындағы «Жастар» аллеясында «Ұмыт болған ұлттық тағамдар» фестивалі өтіп, онда қазақтың ұлттық тағамдарының бірегей түрлері ұсынылды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жиналғандарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, Наурыз мейрамын тойлау халқымыздың игі дәстүрлерін сақтауға септігін тигізетінін атап өтті. – Тамыры тереңнен бастау алатын әз Наурыз дана халқымызда еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, қоғамдағы келісімнің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі ретінде тойланып келеді. Дастарқанға ақ толатын, елімізге бақ қонатын бүгінгі арайлы шақты халқымыз Ұлыстың ұлы күні деп ұлықтаған.Наурыз бір ұлтқа ғана емес, жалпы жұртшылыққа ортақ мереке. Оны еліміздегі барлық этнос өкілдері тойлайды.Наурызда айтылған әрбір ізгі тілек орындалсын! Ақ мол…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Меркі ауданының тұрғындарымен кездесіп, өтініштерін тыңдады. Кездесуде аудан әкімі Руслан Нұрсипатовтың өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі тыңдалды. Жиында алдымен аймақ басшысы облыста және ауданда атқарылған жұмыстар туралы қысқаша хабарлады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы ауқымды міндеттерге кеңінен тоқталып, басты міндет – жаңа құжаттың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету екендігін айтты. — Президент өз Жолдауында еліміздің саяси жаңғыруы негізіндегі даму бағыттарын айқындап, азаматтарының әл-ауқатын көтеру қажеттігін атап өтті. Парламент пен мәслихаттың рөлін күшейту, сайлау жүйесін жетілдіру, мемлекеттік басқаруға азаматтардың қатысын арттыру секілді мәселелерге айрықша назар аударылып, жергілікті…

Read More

Жаңатас қаласына биыл газ жетеді. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың Сарысу ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтылды. Басқосуда аудан әкімі Марат Сұлтанғалиевтің өткен жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі тыңдалды. — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы” атты Қазақстан халқына Жолдауында қазіргідей күрделі кезеңде кезегін күтіп тұрған көптеген ауқымды мәселелер қамтылған. 10 негізгі бастамадан тұратын Жолдауда басым міндеттер бойынша Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға көп жауапкершілік жүктеледі.Президент әкімдерге халықпен жиі кездесіп, әлеуметтік мәселелерді жедел шешуді тапсырды. Қазіргі таңда барлық деңгейдегі әкімдердің есебі тыңдалуда. Облыс басшысы ретінде бірқатар ауылдық округ және аудан әкімдерінің есептік жиынына қатысып, жергілікті тұрғындармен кездесулер…

Read More

Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақтелеком» АҚ-ның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — делінген Антикор хабарламасында. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сатыбалдыұлының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатқанын атап өтті. «Тергеу жүріп жатыр. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды», — деді ведомство өкілдері.

Read More

Жамбыл облысында екі жасар бала пойыз астына түсіп, қаза болды, — деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі. Қайғылы оқиға 4 наурызда сағат 17:52-де Малдыбай станциясында болған. «Қайғылы оқиға кезінде бала үлкендердің қарауынсыз қауіпті аймақта болған. Алдын ала мәлімет бойынша, баланың отбасы темір жолға жақын жерде тұрады», — делінген хабарламада. ҚТЖ қаза болған баланың отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Теміржолшылар балаларды теміржолдарда, вокзал платформаларында қараусыз қалдырмауға шақырады.

Read More