Автор: admin

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің  Қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша кәсіби маман дайындау ісін  1928 жылдан  бастап жүзеге асырып келеді. Кафедраның негізін қазақ тіл білімі мен қазақ әдебиеті саласында еңбек еткен ірі тұлғалар, көрнекті ғалымдар қалады. 94 жылдық бай тарихы бар кафедра ұжымы республиканың білім мен ғылым саласында білікті мамандар даярлауға  өлшеусіз үлес қосты. Олардың ерен еңбектері нәтижесінде филология факультетінде білім алған түлектердің ішінен  көптеген мемлекет және қоғам қайраткерлері, атақты ақын-жазушылар, әдебиеттанушы, тілші ғалымдар шықты. Бүгінгі күн биігінен қарағанда қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасының тарихын үш кезеңге бөлуге болады: І. Алаш…

Read More

Жамбыл облысы Байзақов ауданының тұрғыны полиция бөліміне хабарласып құмнан күдікті зат тауып алғанын айтқан, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полиция қызметкерлері оқиға орнына келіп, авиациялық снарядқа ұқсас зат тапқан. Содан кейін оқиға орнына полиция департаментінің саперлері, ТЖ департаментінің өрт сөндірушілері мен құтқарушылары шақырылған. «Оқиға орнына келген саперлер снарядты зерттеп, оның 1962 жылы шығарылған «ФАБ 500м-62″ авиациялық бомбасы екенін айтты. Оның салмағы — 500 келі, ұзындығы 2,5 метрге жетеді, ол кез келген минутта 200 метрге дейін жарыла алады. Бомбаны одан әрі залалсыздандыру үшін арнайы әскери техникаға тиеп, полигонға алып кетті», — дейді полиция департаменті. Полицияға қауіпті…

Read More

Қаңтар оқиғасы бойынша Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың отставкаға кетуін талап еткен петиция туралы күні кеше ғана президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әкімге келетін болсақ,ол өмірде алғаш рет қиын жағдайға тап болды. Мұндай жағдайда басшының бәрі бірдей шешім таба бермейді. Мен оны кінәламас едім, ол – қызметтік міндеттерін орындау тұрғысынан адал адам. Бірақ мен алматылықтардың көңіл-күйін ескеруге міндеттімін, сондықтан уақыт келеді»,- деп жауап берген еді. Артынша-ақ мемлекеттік деңгейдегі тағайындаулар, ауыс-түйістерді алдын-ала біліп отыратын «билік балгері» Еділов Алматыға Ерболат Досаев «атын ерттеп» дайын отырғанын хабарлады. Балгердің айтқаны айдай келіп, бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты…

Read More

Жамбыл облысында жерге көмілген қару-жарақ табылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Сайт мәліметінше, 20 қаңтарда Жамбыл облысы ПД қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Жамбыл ауданы Қостөбе ауылы маңындағы алаңда қару-жарақ жасырылған жерді анықтаған. «Белгісіз біреулер сегіз автомат пен оған арналған 17 оқжатар, бір граната, 12 калибрлі газ-травматтық қару, «Krall» маркалы мылтықты және бір пышақты қапқа салып, жерге көміп кеткен. Дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды», — деді Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Нұржан Қалметов. Бұған дейін Таразда тәртіпсіздік кезінде ұрланған қару-жарақтарды гаражында жасырған 23 жастағы тұрғын ұсталғаны хабарланған болатын.

Read More

Полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтанда жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар деген күдікке ілінген Жамбыл облысының 35 жастағы тұрғынын ұстады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ұсталған азамат Шу ауданы Төле би ауылында Nur Otan партиясы филиалының ғимаратын өртеуге қатысқан. «Қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген ер адам 9 қаңтарда елордаға келіп, жалға пәтер алып тұрған. Оған іздеу жарияланған. Биыл 14 қаңтарда Жамбыл облысы ПД Шу полиция бөлімі күдіктіге іздеу жариялады», — делінген хабарламада. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Read More

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасынан екі шақырым жерде атыс қаруы сақталған қойма табылды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік шекарадан екі шақырым жерде атыс қаруы сақталған қойманы анықтады. Жасырын жерден 4 тапанша мен 6 бірлік йір ойық және тегіс ұңғылы қару түрлері алынды. Осы факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада. Фото: ҰҚК Сонымен қатар, 14 қаңтарда «Қордай» автожол бекетінде Қырғызстан азаматы ұсталды. Көліктің жүк салғышын тінту кезінде ер адамда 50 литрлік мөр, 4 халықаралық төлқұжат, 20 банк картасын тапқан. Ұсталған азамат…

Read More

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы жылдың 11 қаңтарында ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында берген тапсырмасын орындау аясында елімізде «Қазақстан халқына» қоры құрылды. ​Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің ұжымы бір күндік жалақысын «Қазақстан халқына» қорына аударуға шешім қабылдады.

Read More

“Шеврон” компаниясының Қазақстандағы бөлімшесі “Шеврон Мұнайгаз Инк.” бүгін Қазақстандағы Тікелей инвестиция қорына қатысты веб-сайтты іске қосқанын хабарлады – www.cdif.kz. Веб-сайт, цифрлық платформа ретінде қазақстандық бизнес-қауымдастыққа инвестициялық жобаларды қаржыландыруға өтінім тапсыру үшін инвестициялық мүмкіндіктер мен Қор қызметі туралы ақпарат беру үшін арналған. “Веб-сайтты іске қосқанда, “Шеврон” жергілікті қазақстандық кәсіпкерлерге өз ісін бастауға немесе дамытуға, өнімдері мен қызметтерін дамытуға қаржыландырудың жаңа ресурсы пайда болады”, – деді “Шеврон” компаниясының Еуразия бөлімшесінің басқарушы директоры Джон Балтц. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен “Шеврон” компаниясы 2021 жылғы 11 қазанда 248,5 млн АҚШ доллары көлемінде Тікелей инвестициялар қорын құру бойынша Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Қор…

Read More

Меркі ауданына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Хамедов Абилфас Муслимович, Буларов Ильяс Юсупович және сол аймақтың тумасы Линник Андрей Григорьевич іс-сапармен барды. Мәжіліс депутаттары жұмыс барысын аудан орталығындағы жаңадан ашылған спорт кешенімен танысудан бастады. Жаңа кешеннің материалдық базасын назарға алып, мүмкіндіктерін байқаған депутаттар Меркі жерінен Олимпиада сынды әлемдік додаларда топ жаратын спортшылардың тәрбиеленетініне сенім білдірді. Осы мақсатта жұмыс жасауды Айваз Османов бастаған жергілікті спорт саласының қызметкерлеріне тапсырып, жас спортшылардың жаттығу барысын тамашалады. Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, жүгіруден көптеген жарыстардың жеңімпазы атанып жүрген жерлесіміз Димитрий Иванчуковқа, футболдан жаттықтырушы Джамшид Тохтамуратовқа, №21 бокс мектебінің жаттықтырушысы Фахруддин Ибишевке Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының…

Read More

Елімізде Түркістан сілеусіні деп аталып кеткен жыртқыш фототұзаққа түсті. Бұл туралы ҚР ЭГТРМ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаев мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv каналы. Орталық Азияда ғана кездесетін Түркістан сілеусіні ҚР ЭГТРМ қарасты Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркі қызметкерлері тарапынан қойылған фототұзаққа ілінді. 1904 жылы Ричард Лидеккер анықтап, Lynx lynx wardi деген ғылыми атау берілген. Кәдімгі сілеусін тұқымдас Түркістан сілеусіні негізінен таулы өлкелер мен орманды жерлерді мекендейді екен. Lynx lynx isabellinus деген де атауы бар бұл аң еліміздің Қызыл кітабына енген. Тарихқа сүйенсек, сілеусіннің бұл түрін 1976 жылдан бастап аулауға тыйым салынған.

Read More