Автор: admin

2021 жылы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша танымал балалар арналарының мультипликациясын қазақ тіліне аудару бойынша ауқымды жобаны іске асыру басталды. Жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және балалар контентін мемлекеттік тілде дамыту аясында жүзеге асуда. Балалар арасында жоғары сұранысқа ие TiJi және Nickelodeon телеарналарының аудиожазбаларын отандық кабельдік телевизия бойынша кемінде 600 сағат дубляждық аудару және трансляциялау жоспарлануда. Трансляция 2022 жылы басталады деп жоспарлануда. Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 29 қыркүйекте Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мен «Groupe M6» компаниясының телеарналар мен радиостанциялар қоржынын халықаралық дистрибуциялау жөніндегі директоры Жан-Рене Окутюрье (TiJi) өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайту және одан…

Read More

Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қайсар Сарытай Грузияда ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайтына сілтеме жасап. «Жамбыл облысы бойынша аумақтық департамент ҚР ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағының, 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігімен Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қ.А. Сарытайға халықаралық іздеу жариялады.Халықаралық ынтымақтастық аясындағы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Грузияның құқық қорғау органдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен және Қазақстан Республикасы ІІМ Интерпол ҰОБ – мен бірлесіп К.А.Сарытай Грузия аумағында ұсталып, қамауға алынды», — делінген хабарламада. Антикордың айтуынша, қазір ұсталған адамды Қазақстан Республикасына экстрадициялау рәсімі жүріп жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыстық қудалау органынан…

Read More

Талас ауданы Қаратау қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай екі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қоныс той иелеріне жаңа пәтерлердің кілтін табыстап, ізгі лебізін жеткізді. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес халықтың тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша жүйелі шаралар қабылдануда, тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламалары үздіксіз жүзеге асуда. Бұл мәселе қашан да мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қалады. Өңірде жыл сайын құрылыс қарқыны артып келеді. Шағын қалаларда, соның ішінде Қаратауда тұрғын үй қорын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда Қаратауда бос тұрған 6 көпқабатты тұрғын үй қалып отыр. Оларды қайта…

Read More

Оңтүстік Суданда белгісіз аурудан 100-ге жуық адам көз жұмды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі MaiDaillу басылымына сілтеме жасап. Денсаулық сақтау министрлігі белгісіз аурудан Джонгли штатында Солтүстік Фангак қаласында ондаған адам өлгенін мәлімдеді. Басылымның мәліметінше, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 89 адам қайтыс болғаннан кейін ауру адамдардан талдау алып, үлгілерді жинау үшін жақында болған қатты су тасқынынан зардап шеккен ауданға жедел әрекет ету тобын жіберді. «Біз қауіпті бағалау және тергеу жүргізу үшін жедел әрекет ету тобын жіберуді ұйғардық. Осылайша, олар ауру адамдардан үлгілерді жинай алады, қазіргі уақытта 89 адамның өлімі туралы мәлімет алдық», – деді ДДҰ өкілі Шейла Байя. Фангактағы жергілікті денсаулық сақтау қызметкерлері науқастардан алынған…

Read More

В декабре 2021 года отмечает свой юбилей видный ученый, Президент Национальной академии наук Республики Казахстан, первый президент Союза национальных академий наук Тюркского мира, вице-президент Ассоциации академий наук стран организаций «Исламское сотрудничество», лауреат Государственной премии Республики Казахстан в области науки, техники и образования, доктор химических наук, профессор Мурат Журинович Журинов. Мурат Журинович родился 07.12.1941 г. в городе Арыс Южно-Казахстанской области В 1959 году окончив с отличием десятилетнюю железнодорожную школу, он с легкостью поступает в Казахский химико-технологический институт (ныне — Южно-Казахстанский государственный университет им. М. Ауэзова) на специальность «Технология электрохимических производств». После успешного окончания университета работал там же в должности преподавателя. «Хороший преподаватель…

Read More

Тараз қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай қазақтың әйгілі үш биі – Төле, Әйтеке және Қазыбек билерінің ескерткіші ашылды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Даналық пен әділдіктің символындай болған үш бидің ескерткіші Жамбыл облыстық соты ғимаратының аумағында орналасқан. Ашылу салтанатына Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Жамбыл облыстық сотының төрағасы Ербол Ахметжанов, ҚР Жоғарғы сотының экс-төрағасы Мұсабек Тұрғанбекұлы, Жамбыл облыстық сотының бұрынғы төрағасы Мақсұт Әбілқайыров және сот жүйесінің ардагерлері қатысты. Ербол Ахметжанов пен Мұсабек Тұрғанбекұлы ең күрделі кезеңде қазақтарды біріктіруде шешуші рөл атқарып, елдің еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін күрескен ұлы билердің рухани мұралары, өнегелі…

Read More

Қырғызстаннан Қазақстан аумағына екі мыңнан астам смартфонды заңсыз әкелмек болғандар қолға түсті. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. Контрабандалық тауарлар Жамбыл облысында тіркелген. Шекарадан өтпек болған жүк көлігінде Apple және Samsung фирмаларының смартфондары мен электрондық құрылғыларының ірі партиясы табылды. Олар жүктерді жасырын тасымалдауға арналған бөлікте болған. Жалпы құны 1 миллиард теңгеден асатын гаджет тәркіленді. Олардың ешқайсысының құжаты жоқ.

Read More

Гаитидегі Кап-Аитьен қаласында жанармай құйылған автоцистернаның жарылуы салдарынан 60-қа жуық адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды. Бұл туралы Lenta.ru хабарлайды. Басылымның мәліметінше, қаза болғандардың арасында әйелдер мен балалар бар. Оқиға куәгерлері жарылыс алдында жүк көлігі төңкеріліп, жергілікті тұрғындар осы сәтті пайдаланып, контейнерлерін отынмен толтыруға тырысқанын айтады. Болжам бойынша, қаза тапқандар саны әлі де өсуі мүмкін. Төтенше жағдай қызметкерлерінің шұғыл әрекет етуінің арқасында от ауыздықталды. Қазіргі уақытта зардап шеккендердің көпшілігіне аурухананың ауласында көмек көрсетілуде, өйткені медициналық мекемеде төсек-орын жетіспейді. Another tragedy strikes #Haiti🇭🇹:At least 50 people killed by the explosion of a #tanker in Haiti🇭🇹. pic.twitter.com/vZo4VXJ8MC— Oliver T. Mhuriro (@MhuriroOliver) December 14,…

Read More

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Тараз қаласында таңғажайып демалыс орны – «Үшбұлақ» жағалауы пайдалануға берілді. Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған «Таразға тарту» жобасы аясында салынған нысан құрылысы «Қазфосфат» ЖШС-інің демеушілігімен жүзеге асқан. Ол үшін серіктестік 300 млн. теңге қаржы жұмсаған. Қайта жаңғыртудан соң тамаша кейіпке енген жағалаудың ашылуына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, тұрғындарды қуанышымен құттықтады. — Облыс орталығы саналатын Тараз қаласы көптеген қонақтар мен туристердің тұрақтайтын орны. Сондықтан шаһардың шырайын арттыру, жайлы орта қалыптастыру – біздің мерейлі міндетіміз. «Таразға тарту» жобасы аясында жыл басынан бері қаншама аллеялар, саябақтар жөнделіп, салынып, пайдалануға берілді. Көпқабатты үйлердің қасбеттері сырланды. Көркем гимнастика және…

Read More

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Жамбыл облысында Қойгелді-Ерназар бағытындағы автожол бойында жаңадан салынған көпір пайдалануға берілді. Талас және Жамбыл аудандары арасындағы жол қатынасын реттеудегі маңызы зор көпір құрылысы – тұрғындардың көптен бергі тілегі болатын. Нысанның ашылуына аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев қатысты. «Биліктің ең негізгі міндеті – халыққа жағдай жасау, халыққа қызмет ететін салалалардың жұмысын жетілдіру. Бұған дейін қос аудан тұрғындары осы көпірді салу мәселесін көтерген болатын. Бүгін, міне, сіздердің өтініштеріңіз орындалды деуге болады. Мемлекеттің қолдауымен көпір мен жолды салуға қаржы қарастырылған. Қазіргі таңда көпірдің жұмыстары толығымен аяқталса, жолды келер жылы пайлануға беретін боламыз. Қазақта «Көпір салу – сауапты іс» дейді.…

Read More