Author: admin

Аймақ басшысы алдымен Бәйтерек ауылындағы «Егізбай» шаруа қожалығының егіс алқабында болып, жайқалған картобын көрді. Қожалық жетекшісі Нұрлан Егізбаевтың айтуынша, шаруашылық пиязды – 45, картопты – 75, сəбізді – 6 гектар алқапқа орналастырған. Бұдан бөлек, шаруашылықтың 30 гектар бидайы, 10 гектар алқапқа орналастырылған жоңышқасы бар, мал азығын да осы алқаптардан дайындауда. Бұл дақылдарды сеуіп жинайтын техникасын қожалық сайлап та қойған. – Картоп қазу жұмыстарын жаңа бастадық. Күніне 2-3 гектар алқаптың өнімін жинаймыз. Оның əр гектарынан орта есеппен 300-350 центнерден өнім жинау жоспарлануда. Алқапқа 240 тонна картопты Қарағанды облысынан алып, отырғыздық. Бүгінде алқапта картоптың галандиялық «Буррен» жəне «Пикассо» сұрыптары өсірілуде. Жиын-терінге 40-50…

Read More

Жамбыл облысындағы кәсіпорында қайғылы жағдай болды. Екі жұмысшыны фосфор ұнтақтайтын қондырғы турап тастаған, – деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қайғылы оқиға «Қазфосфат» серікітестігінің Сарысу ауданындағы бөлімшесінде болды. «Қаратау кен өндіру» комбинатындағы фосфор ұнтақтайтын қондырғыны жөндеу кезінде ол іске қосылып кеткен. Ішінде бес адам болыпты. 35 және 28 жастағы екі қызметкер сол жерде жан тапсырды. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, құрылғы екеуінің денесін кескілеп, бөлшектеп тастаған. Қаза тапқандар дәнекерлеуші және слесарь болып жұмыс істеген екен. Өзге үш адам жеңіл жарақатпен құтылды. Қазір осы дерек бойынша іс қозғалып, тергеу басталды.

Read More

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Сарысу ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар нысанды аралады. Алдымен аймақ басшысы «Qazaq soda» кальцийленген сода өндіру зауытының құрылыс жұмыстарымен танысты. Бүгінде Сарысу ауданында еліміздегі алғашқы кальцийлендірілген сода өндіретін зауыттың құрылысы жүргізілуде. Жоба «Yildirim Holding» түрік компаниясының еншілес кәсіпорны «Qazaq Soda» ЖШС-не тиесілі. Нысан 2023 жылы пайдалануға беріледі. Жоба 1 300 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Нысан құрылысына 400 миллион АҚШ долларын инвестициялау жоспарланып отыр. «Yildirim Holding»-тің бас директоры Исмаил Джейлан мұнда қалдықсыз өнім өндірілетінін атап өтті. И.Джейлан қызметкерлерге арналған жатақхана салу, кәсіпорын төңірегінде жасыл аймақ құру жоспарлары бар екенін де айтты. Бас директордың айтуынша, мемлекет…

Read More

Тұрғын Дулат Әлиев Жамбыл облысында айыптұраққа қойылған автокөліктердің жұмбақ жағдайда жоғалуының жиілеп бара жатқанын айтады. Екі жылдан бері жолаушылар автобусын таппай жүр. Айтуынша, прокуратура мен полиция күдікті белгілі болса да, іске көз жұма қарап отыр. Сол себепті мемлекеттік автотұрақтан көлік ұрлау әлдекімдердің бизнесі ме деп күдіктенеді, деп хабарлайды 31 арнаның «Информбюро» бағдарламасы. «Мен көлікті досымның не туысымның үйіне қойған жоқпын. Мемлекеттік айыптұрақ – арнайы алаңға қойдым», – деді Дулат Әлиев. Тараз тұрғыны Дулат Әлиев екі жыл бұрын банктен несие алған досына кепіл болған. Алайда досының банкке берешегі кешіккен соң, жолаушы таситын екі автобусын полицейлер тоқтатқан. Кейін жолаушыларды түсіріп, айыптұраққа өзі…

Read More

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің Шу ауданына жұмыс сапары «Тасөткел» су қоймасының сейсмикалық тұрақтылығын нығайту жұмыстарымен танысудан басталды. Себебі келер жылдың вегетациялық кезеңіне дейін су көп жиылса, шаруалар алқаптағы жұмыстарға еш алаңсыз ертерек кіріседі. Жобалық құны – 2,1 миллиард теңгеге жоспарланған су қойманың қайта жаңғырту жұмыстары 45 пайызға аяқталған. Мердігер ұйым басшылығы биыл су деңгейінің әдеттегіден жоғарылағанын айтып, тиісінше жоспарлы жұмыстарға қолбайлау болып тұрғанын жеткізді. Аймақ басшысы жобаның күрделілігі мен маңыздылығын ескеріп, құрылыстың бекітілген кестеден кешігіп келе жатқанын атап өтті. Жұмыстарды ағымдағы жыл соңына дейін аяқтауды, қажет болған жағдайда жұмысшыларды екі ауысымда ұйымдастыру керектігін баса айтты. Келесі кезекте облыс әкімі Шу…

Read More

Кез келген мәселеге қатысты шешім қабылдарда қоғамдық пікір мен көзқарасты міндетті түрде ескеру маңызды. Бұл туралы кезекті аппараттық кеңесте Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов айтты. Басқосуда алдымен жергілікті атқарушы органдардың халықпен кері байланыс мәселесі қаралды. Облыс әкімінің кеңесшісі Нұрмухаммед Ниязбеков, баспасөз қызметінің жетекшісі Данияр Асқарұлы, «Жамбыл облысы бірыңғай диспетчерлік қызметі» КММ-нің басшысы Бақкелді Тұрсынбек баяндама жасады. Олар әлеуметтік желідегі басшылардың белсенділігі, көтерілген сауалдар мен өтініштерге жауап беру деңгейі, атқарылған жұмыстарды көрсете білуі, кері байланыс орнату мәселелеріне жан-жақты тоқталып, алты айдың қорытындысын баяндады. Кемшіліктер бойынша бірқатар әкімдер мен олардың орынбасарларына, басқарма басшыларына қатысты шаралар қабылданатын болды. – Кез келген өзекті мәселеге…

Read More

Жамбылдық полицейлер есірткіге қарсы бағыттағы  профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде өткізуде. Осындай сипаттағы кезекті іс- шара Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақта және Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында өткізілді. Жамбыл облысының Полиция департаменті  Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тұрғындарға есірткінің зияны туралы бүктеме кітапшалар  таратты. Онда синтетикалық есірткі заттарының таралу  мәселесіне ерекше назар аударылған. Сондай-ақ, кітапшада есірткінің заңсыз айналымына қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатыны туралы ақпарат бар. – Сондай-ақ акция барысында біздің қызметкерлер тұрғындарға «Есірткінің тозағы. Азап айдаған ана» деген кітап таратты. Бұл кітапта анасы ұзақ уақыт бойы нашақорлыққа тәуелді болған ұлының есірткімен күрескен тағдыры туралы айтады. Әйел адам өз отбасының мәселесі…

Read More

Жамбыл облысы Шу ауданында 10 келіден астам есірткіні мотоциклмен тасымалдаған деп хабарлады Polisia.kz. Полиция Шу – Меркі тас жолының аумағында мотоциклмен кетіп бара жатқан Шу және Мойынқұм ауданы тұрғындарын тоқтатты. Ұсталғандардан жалпы салмағы 10 келі 600 грамм болатын екі қап кептірілген марихуана тәркіленді. Күдіктілер кінәсін мойындады. Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен тергеу басталды.

Read More

Тараз қаласының Полиция басқармасына Жамбыл облысының  тұрғындарынан алаяқтық жолмен алдап, қомақты сомада ақшаларын жымқырған белгісіз азаматшаға қатысты арыз түскен. Тараз қаласы Полиция басқармасының жедел-тергеу тобымен 34 жастағы азаматша анықталды. Ол қала тұрғындарына төмен пайызбен несие шығарған, алайда ақшаны өзіне иемденген. Алған несие сомалары 500 мыңнан бастап 5 миллион теңге көлемінде болған. Жалпы келтірілген шығын көлемі 47 миллион 80 мың теңгені құрайды. Күдікті әйел өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен (алаяқтық) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Құрметті қала тұрғындары, алаяқтардың арбауына түспес үшін сақ болыңыздар.

Read More

Жетінші шақырылған облыстық мəслихаттың кезекті он сегізінші сессиясында бірқатар мәселелер қаралды, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі. Облыстық мəслихат депутаттары, басқарма басшылары, қала жəне аудан əкімдері қатысқан сессияның тұрақты комиссия отырысында облыс əкімі Нұржан Нұржігітов баяндама жасап, облыстық бюджеттің атқарылуы мен өңірдің алдағы даму жоспары туралы хабарлады. Аймақ басшысы өткен жылы елде болған пандемия тұсында табысын жоғалтқан салық төлеушілерге берілген салықтық рахымшылықтар мен жеңілдіктерге қарамастан облыстық бюджет кірістері артығымен орындалып, алдыңғы жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсім бергенін жеткізді. – Өткен жылғы облыстық бюджеттің кірістері 537,4 млрд. теңгені құрап 100,3 пайызға қамтамасыз етілген. Алдыңғы жылмен салыстырғанда 42,3 пайызға немесе 159,9 млрд. теңгеге артқан. Меншікті кірістер…

Read More

Ағымдағы жылдың 27-29 маусымы аралығында  Жамбыл облысының аумағында  «Түнгі қаладағы балалар» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты- кәмелетке толмағандар арасында, сондай-ақ оларға қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу. Республикалық жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші күні ішкі істер органдарына түрлі құқық бұзушылықтар жасаған  172 жасөспірім жеткізілді, оның ішінде 194 жасөспірімге әкімшілік хаттама толтырылды. Бес жасөспірім және жеті қолайсыз отбасы анықталып,  есепке алынды. Сонымен қатар, алкоголь өнімдерін сатудың 6 дерегі, сондай-ақ кәмелетке толмаған жасөспірімдер түнгі уақытта даяшы болып жұмыс істеген екі ойын-сауық орны анықталды. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде және тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін…

Read More

Қазақстан мен Румыния – посткеңестік мемлекеттер. Қара теңіз бен Каспий теңізінің ортасындағы Ресей жері бөліп жатқаны болмаса, екі мемлекетті транзиттік көршілер деуге де болады. Румыния мен Қазақстан арасындағы ұқсастықтар да аз емес. Румыния – 1878 жылы Осман империясының бодандығынан құтылып тәуелсіздік алған ел. ХХ ғасырдағы сан түрлі төңкерістер мен соғыстарды бастан өткерген Румыния Кеңес Одағының ықпалымен коммунистік лагерьдің қатарын толықтырды. Николае Чаушескудің ұзақ жылғы билігі 1989 жылы төңкеріспен тәмамдалып, Румыния демократиялық жолға түсті. «Түсті» деп айтылғаны болмаса, алғашқы жылдар түрлі толқулар мен қақтығыстармен тарихқа жазылып, ақырғы нәтижесінде Румыния Еуропалық одаққа, НАТО-ға қабылданып, демократиялық жолға түсті. Бұл – 1991 жылы өз…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Оған бірқатар инвесторлар келіп, өздерінің ұсыныстары мен мәселелерін білдірді. Ұсыныстар қатарында магний нитраты және магний сульфатын өндіретін зауыт салу, CaF2 – флюорит концентратын өндіру бойынша тау-кен байыту комбинатының құрылысын жүргізу, сүт фермасы, ауыл шаруашылығын цифрлық несиелеуге қатысты және тағы басқа жобалар болды, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі. Аймақ басшысы барлық ұсынылған жобалардың болашағы мен нәтижелігіне қатысты сұрақтар жолдап, жауаптар алды. Тиісті тұлғаларға нақты міндеттер жүктеп, назарға алу, зерделеу, қажетті қолдауларды көрсету үшін жан-жақты жұмыстар жүргізуді тапсырды. Айта кетейік, бұған дейін инвестициялық штабтың бес отырысы өткен болатын десек, басқосуда сол кеңестерде облыс…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Мартонмен кездесті. Кездесуге ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов қатысты, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі. Тараптар түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Жан-Франсуа Мартон өңірлік деңгейде, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласында өзара тиімді серіктестікті одан әрі тереңдетуге мүдделі екендігін білдірді. – Біздің облыс агроөнеркәсіптік аймақ болып саналады. Өңірдің әлеуеті зор, бұл көптеген бірегей жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Облыс халқының 60 пайызы ауылдық жерлерде тұрады.Бүгінде жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту бойынша кешенді жұмыстар қолға алынуда. 2019 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі ауыл тұрғындарының табысын арттыру және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді ұлғайту,…

Read More

Құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында, сондай-ақ ағымдағы жылдың 17-26 маусымы  аралығында мектеп бітіру кештерін өткізу кезеңінде кәмелетке толмағандардың  қылмыстық ортаға тартылмауы үшін полиция қызметкерлері патрульдік қызмет жасақтарының тығыздығын күшейтті. Сонымен қатар, жастардың шомылатын және демалатын орындары бақылауға алынды. Еріктілердің, жергілікті атқарушы органдардың, білім басқармасының және басқа да мүдделі органдардың қатысуымен ойын-сауық орындарын пысықтау бойынша мобильді топтар құрылды. Мектеп бітіру кештеріне арналған іс-шараларда ювеналды полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторлардан құралған кезекші жасақтар бекітіліп, олар мектеп бітіруші түлектер мен олардың ата-аналарын іс-шараның басынан бастап соңына дейін және таңды қарсы алуға дейін еріп жүреді. Ойын-сауық мекемелерінің иелерімен кәмелетке толмағандардың алкогольдік ішімдіктерді…

Read More

В Таразе, в парке имени К.Рыскулбекова, в Международный день борьбы с наркоманией, состоялась широкомасштабная акция, приуроченная к завершению месячника по борьбе с наркоманией. Участие принимали и.о. акима города Тараз Кайрат Исмаил, заместитель начальника Департамента полиции Жамбылской области Нуржан Рахметуллаев, общественные активисты, волонтеры. Отметим, что официальное открытие республиканского месячника, приуроченного к Международному дню борьбы с наркоманией, состоялось с участием заместителя Премьер-министра РК Ералы Тугжанова, заместителя  министра внутренних дел РК Ержан Саденова. В ходе месячника совместно с местными исполнительными органами жамбылскими полицейскими организован ряд профилактических мероприятий, в том числе, спортивно-культурные, благотворительные мероприятия, семинары, встречи и лекций, полицейские сожгли наркотики. Также прошли Дни…

Read More

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслиxатының келісімімен, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жуалы ауданының әкімі болып Мұртаза Жалғас Алижанұлы тағайындалды. Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов аудан активіне жаңа әкімді таныстырып, жұмысына сәттілік тілеп, бірқатар тапсырмалар жүктеді. Аймақ басшысы ауданның әлеуетін тимді пайдаланып, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді арттыру, инвестиция тарту, жаңа жобаларды жүзеге асыру, жұмыс орындарын құру, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларды тиісінше дамытудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, халықтың табысын арттыру, тұрмысын жақсарту, кері байланысты нығайту, өзекті мәселелерді барынша жедел шешуге ден қою, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету жолында жүйелі жұмыстар жүргізу керектігін айтып, ол бойынша ауданның жаңа әкіміне нақты тапсырмалар…

Read More

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслиxатының келісімімен, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Т. Рысқұлов ауданының әкімі болып Есіркепов Ернар Серікәліұлы тағайындалды. Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов аудан активіне жаңа әкімді таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Аймақ басшысы ауданның жаңа әкіміне өңірдің жоғары әлеуетін тимді пайдаланып, экономикасын арттыру, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша нақты міндеттер жүктеді. Сондай-ақ, халықтың тұрмысын жақсарту, кері байланысты нығайту, мәселелерді шешу, қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында жүйелі жұмыстар жүргізу керектігін атап өтті. Ернар Серікәліұлы 1981 жылы Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданында туған. 2003 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «агроөнеркәсіп кешені кәсіпорындарындағы экономика және…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте бірқатар мәселелер қаралды, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі. Жергілікті атқарушы органдардың халықпен кері байланысы бойынша облыс әкімінің кеңесшісі Нұрмухаммед Ниязбеков, баспасөз қызметінің жетекшісі Данияр Асқарұлы, цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Руслан Нокрабеков баяндама жасады. Олар әлеуметтік желіде көтеріліп жатқан өзекті мәселелер, басшылардың белсенділігі, өтініштерге жауап берілу деңгейіне қатысты талдаулар қорытындысына тоқталды. Аймақ басшысы бірқатар кемшіліктер бойынша аудан әкімдері мен басқарма басшыларынан жеке-жеке жауаптар алып, алты айдың қорытындысымен нақты шешімдер қабылданып, шаралар қабылданатынын ескертті. Күн тәртібіндегі екінші мәселеге сәйкес ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және бюджеттің атқарылуы, 6 айдағы болжамдық көрсеткіштер туралы…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен «Бизнеске арналған үкімет» ғимаратының мәжіліс залында инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті, – деп хабарлайды Tarazy.kz ақпараттық агенттігі. Оған бірқатар инвесторлар келіп, өздерінің жоба-ұсыныстары мен мәселелерін айтты. Ұсынылған инвестициялық жобалардың қатарында керамика-гранит зауытының құрылысы, су электр станциясын салу, құрамында алтын бар кенді бастапқы өңдеу жөніндегі өндірістік кешен, ескі шиналарды жинау, қайта өңдеу секілді және басқа да маңызды жобалар болды. Олардың кейбірі инфрақұрылым, жер бөлу мәселелерін шешіп беруді сұрады. Аймақ басшысы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға жергілікті билік қашан да мүдделі екенін айтып, ұсыныстарды жан-жақты қарастыру бойынша жауаптыларға нақты тапсырлармалар жүктеді. Сондай-ақ, басқосуда облыс әкімі штабтың бұған дейін отырыстарында…

Read More

БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында облыстық «Atyraý» қоғамдық-саяси газетінің 100 жылдығына арналған мемориалдық тақтаның ашылу рәсімі өтті. Мемориалдық тақта 1989-2002 жылдары «Atyraý» газетінің редакциясы орналасқан бұрынғы ғимараттың күншығыс бетіне орнатылды. Осылайша алдағы ғасырлық той өз бастауын алып жатыр. Салтанатты шараға облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сағадат Әжіғалиев, Атырау қаласы әкімінің орынбасары Самат Емберген, «Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ардагерлері және облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газеті редакциясының қызметкерлері қатысты. Салтанатты шарада «Атырау-Ақпарат» ЖШС бас директорының орынбасары Исатай Балмағамбетов, ардагер-журналист Ермек Биғали сөз сөйлеп, облыстың төл газеті туралы естеліктерімен бөлісті. «Ғасырлық белес ішінде редакцияда талай майталман қаламгерлердің үлкен толқыны шыңдалып шыққаны да біз үшін…

Read More

23 маусымда жауған нөсер жауынның салдарынан Жамбыл облысы аумағындағы Ырғайты өзенінің суы тасып, ауыл көшелерін су алды, тұрғын үйлердің екі шаруашылық құрылысы қирап, мал шығыны болды, деп хабарлайды Zakon.kz. «23 маусымда сағат 20.00-де Қордай ауданы, Үлкен Сұлутөр ауылында нөсер жаңбыр түріндегі жауын-шашынның салдарынан Ырғайты өзенінің бойында сел болды. Салдарынан ауыл көшелерін су басты. Сондай-ақ су ағынының салдарынан жеке тұрғын үйлердің 2 шаруашылық құрылысы қирады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», – делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Алдын ала мәлімет бойынша мал шығыны бар. Жергілікті атқарушы органның комиссиясы залал мөлшерін анықтап жатыр. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация…

Read More

Биыл Қазақстан полициясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Полиция қызметінің қалыптасу кезеңдерінде кәсіби шеберліктерін, адалдықтарын мойындатқан, тіпті, қызмет жолында қаза болған әріптестеріміз аз емес. Оның ішінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында Халық Қаһарманы атағын алған алғашқы әрі жалғыз полицей Ғазиз Байтасовтың ерлігі мәңгі өшпес өнеге. Сондай-ақ тәуелсіздік алған жылдары Жамбыл облысы Полиция департаментінің 37 қызметкері мемлекеттік марапаттарға ие болып, 23 қызметкер «Ерлігі үшін» медалімен, 13 қызметкер «Айбын» орденімен наградталған болатын. Осы ретте, мерейлі мерекеге орай Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында батыр полицейлердің ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, құрмет көрсетілді. Іс-шара барысында қатысушылар қызмет бабында қаза болған полицейлерді бір минут үнсіздікпен еске…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыс бойынша филиалында болып, бірқатар мемлекеттік қызметшілермен кездесіп, дәріс оқыды. Аймақ басшысы өз сөзінде мемлекеттік қызметтің маңыздылығы мен жауапкершілігі туралы айтып өтті. – Мемлекеттің дамуы мен өркендеуі мемлекеттік қызметшінің білімі мен біліктілігіне, нәтижелі де ұтымды еңбегіне тікелей байланысты.Сондықтан мемлекеттік қызметші болу – үлкен абырой әрі үлкен жауапкершілік.Халықтың сенімін ақтау – мерейлі міндет. Ел тәуелсіздігі жылдарында мемлекеттік қызмет саласында бірқатар реформалар жүзеге асырылып келеді.Мемлекеттік аппараттың, мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиімділігі мен айқындығы жүйелі түрде артып келеді. Бизнеске әкімшілік салмақ салу түбегейлі азайтылды, жемқорлыққа қарсы заңнама жетілдіріліп, қоғамдық бақылаудың аясы кеңеюде,-деді өз…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің Талас ауданына жұмыс сапары Бостандық ауылындағы «Зерхат» шаруа қожалығымен танысудан басталды. Аймақ басшысына мұнда ауданның ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен негізгі көрсеткіштер баяндалды. Аудан бойынша егістіктікке жататын жердің көлемі 21643 гектарды құраса, оның 76 пайызы игерілуде. 220 гектар алқапқа су үнемдеу технологиялары енгізілген. 2022-2025 жылдары салада жалпы көлемі 3 млрд. 54 млн. теңгені құрайтын 65 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Субсидия беру, техникаларды жаңарту, су каналдарын тазалау, балық шаруашылығын дамыту бойынша қолға алынып жатқан шаруалар да баршылық. Облыс әкімі мемлекет тарапынан беріліп жатқан жеңілдіктерді, субсидияларды тиімді пайдаланудың маңыздылығына тоқталып, ол бойынша ауылдық округ…

Read More

Жамбыл облысында тіркемесіне 25 тонна қарбыз тиелген КамАЗ аударылды. Жолда шашылған қарбыздарды көліктер таптап өтіп жатыр, – деп хабарлады КТК арнасы. Апат болған сәтте машиналардың да аялдауына тура келді. 25 тонна қарбызы бар КамАЗ Түркістаннан Таразға келе жатып, орта жолда аударылған. Полицияның мәліметінше, жүргізуші рөлге ие бола алмай, жүк көлігі теңселіп барып жол жиегіне төңкерілген. Көлік тізгіндеген 28 жастағы азамат жарақат алып ауруханада жатыр. Ал қарбыздың кімге тиесілі екені, әрі оның қанша шығынға ұшырағаны әзірге белгісіз.

Read More

«Коммерсанть» дереккөздеріне сүйене отырып, Ресей қазақтарының федералдық ұлттық-мәдени автономиясының жаңа басшысы болып Тюменьдік Есенғали Ибраев сайланды деп жазады newsroom.kz. Ол Тюменьдегі кезектен тыс съезде бес жыл мерзімге сайланды. Е. Ибраев жаңа қызметінде Ресей мен Қазақстан арасындағы серіктестік қатынастарды дамытуға ерекше назар аударатынын мәлімдеді. «Біз түрлі өңірлердегі қазақ ұйымдарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, Ресейдің ұлттық саясатының міндеттерін шешуде мемлекеттің сенімді серіктесі болуға ұмтылатын боламыз. Одан әрі іс-қимыл өзіндік қазақ мәдениетін сақтауға, халық дипломатиясы желісі бойынша Ресей мен Қазақстан әріптестігінің дамуына жәрдемдесуге, Ресей ұлтының бірлігін нығайтуға бағытталатын болады» Ресей президенті әкімшілігінің ішкі саясат жөніндегі ұлттық саясат бөлімінің меңгерушісі Татьяна Вагина Түмен облысында этномәдени секторды…

Read More

Жамбылдық полицейлер бөгде адамның көлігін ұрлап, жол-көлік оқиғасын жасаған мас ер адамды ізін суытпай ұстады. Ағымдағы жылдың 13 маусымында сағат 15:30 шамасында «102» тетігіне 23 жастағы жігіт автокөлік ұрлығы туралы өтінішпен жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, «Chevrolet Lanos» маркалы көлік Меркі ауылындағы Мәдениет үйінің жанында болған. Көліктің иесі абайсызда есіктерді құлыптамай қалдырған. Белгісіз біреу көлік салонына кіріп, оны ұрлап кеткен. Белгілі болғандай, автокөлік ұрланғаннан кейін тәртіп бұзушы жол-көлік оқиғасын жасаған. Күдікті тұлға бірден ұсталды. Медициналық куәландыру көрсеткендей, ол мас күйде болған. Аталған дерекке қатысты Қазақстан  Республикасы Қылмыстық кодексінің  200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жамбыл облысының Полиция департаменті автокөлік ұрланған…

Read More

Сегодня, на площадке Палаты предпринимателей Жамбылской области прошло совместное с городской прокуратурой заседание Совета по защите прав предпринимателей и противодействию коррупции. Участники рассмотрели два земельных вопроса: несогласие нескольких крестьянских хозяйств с решением конкурсных комиссий и многолетние жалобы предпринимателей  на невозможность легализовать земельные участки. В Региональную палату предпринимателей «Атамекен» Жамбылской области поступили обращения сразу от нескольких глав местных крестьянских хозяйств. Руководители хозяйств «Шынбулак», «Улан» и «Гончаров» Кордайского района обратились по поводу итогов участия в конкурсе по предоставлению в аренду земель для сельхозпользования (Правила организации проведения конкурса по предоставлению права временного возмездного землепользования (аренды) для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, сельскохозяйственного производства утверждены приказом Заместителя Премьер-Министра РК…

Read More

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Байзақ ауданы Түймекент, Сарыкемер ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесулерге құқық қорғау органдарының өкілдері де қатысты. Алдымен облыс әкімі ауылдық округ әкімдерінің елді мекендерді дамыту бойынша атқарылған жұмыстары туралы есептерін тыңдады. Кездесулер ашық диалог форматында өтіп, тұрғындардың мәселелері мен ұсыныстары тыңдалды. Олар негізінен жайылымдық жерлерді бөлу, жолдарды жөндеу, ауыз сумен қамтамасыз ету, каналдарды қалпына келтіру, кадр тапшылығы, оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруға қатысты сұрақтар қойды. Өңір басшысы ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді. – Жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындар бірлесе жұмыс…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов медицина қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты жиынға қатысты. «Баласағұн» орталық концерт залында өткен шарада аймақ басшысы ақхалаттыларды мерекелерімен құттықтап, олар таңдаған мамандықтың маңыздылығын атап өтті. – Дәрігер – адам жанының арашасысы, жер бетіндегі сан алуан кәсіптің ішіндегі ең қастерлі мамандықтың иесі. Бұл үлкен мәртебе, әрі зор жауапкершілік.Халық денсаулығын жақсарту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бұл ретте салауатты қоғам қалыптастырып, дені сау ұрпақ өсіруде дәрігерлердің алар орны ерекше.Мемлекет басшысы отандық медицина алдына үлкен әрі жауапты міндеттер қойып отыр. Аз уақыттың ішінде әлемді шарпыған қауіпті індет адамзат баласын әбігерге түсірді. Осынау қиын-қыстау кезеңде біздің мемлекетіміз барлық қолдау…

Read More

Еліміздің шығысы Өскемен қаласында қыздар арасында бокстан республикалық «МЫҚТЫЛАР ТУРНИРІ» өткенді. Жамбыл облысының намысын қорғаған бұрымды былғары қолғап шеберлері 4 алтын, 5 күміс, 2 қола жүлдеге қол жеткізіп, жалпы командалық есепте жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Айта кетейік, аталған турнир Азия чемпионатына іріктеу жарысы болып табылады. Облыс құрамасы сапында жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар: Алтын: Бакытбек Аружан (36 кг) Вайдеман Валерия (50 кг) Абдрахманова Жанерке (52 кг) Турсынбек Диляра (60 кг) Күміс жүлде: Танкибаева Айым (40 кг) Романенко Алёна (52 кг) Тынышбек Мерей (56 кг) Шарипова Русалина (58 кг) Орынбайқызы Айгерім (60 кг) Үшінші орын: Дауылбай Карина (38 кг)…

Read More

Тараз қаласының полициясына алаяқтық дерегі туралы облыстың бірнеше тұрғыны шағымданған. Жәбірленушілердің айтуынша, 2020-2021 жылдар аралығында  ер адам онлайн хабарландыру платформасы арқылы кірпіш зауытының иесі болып, сенімге кіріп, кірпіш жасауға тапсырыс алып, ал ақша алғаннан кейін байланысқа шықпаған. Зардап шеккендер алаяққа 400 000-нан астам кірпішке тапсырыс берген. Келтірілген материалдық залалдың көлемі шамамен 9 400 000 теңгені құрады. Тараз қаласының Полиция басқармасы 1-ші полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыс орталығының 64 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады. Күдікті барлық алған ақшасын жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу…

Read More

Тараз қаласының Полиция басқармасымен әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізу кезінде қала көшелерінде мемлекеттік нөмірсіз автокөліктің дрифт жасап, жол ережесін өрескел бұзғаны анықталды. Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен іздестіру жұмыстары барысында «BMW» маркалы автокөліктің иесі Тараз қаласының 28 жастағы тұрғыны анықталды. Жолда жүру қағидасын қатаң бұзғаны үшін автокөлік иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабының 1-бөлігі (жол жабындысын ластау) бойынша үш хаттама және ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-бөлігімен (мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлығы 49 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылып, көлік иесімен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Read More

Өңірде іске асырылып жатқан «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» пилоттық жобасы өз нәтижесін көрсетуде. Мәселен, Жамбыл ауданына қарасты Бесағаш және Тоғызтарау елді-мекендерінің тұрғындары жобаның 5 бағыты бойынша кәсіптерін дамытып, тұрмыстарын түзеген. Жобадағы 5 бағыт бойынша Бесағаш ауылдық округіне 1 млрд 35 млн теңге бөлінді. Оның ішінде республикалық бюджеттен 895 млн 490 мың теңге 2,5 пайызбен 279 өтінім қаржыландырылса, жергілікті бюджеттен «Іске сәт» ауыл шаруашылығы кооперативінің айналым қаражаты мен ауыл шаруашылығы техникаларын алуға 139 млн 510 мың теңге 5 пайызбен несиелендірілген.Округ тұрғындарының үй іргесіндегі жерлерін тиімді пайдалану мақсатында 1117 аулаға 155 гектар жер телімі мен айналым қаражатына 13,3 млн теңге…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Қордай ауданына жұмыс сапарымен барды. Өңір басшысы Гвардейск кентіндегі биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының мамандарымен кездесті. Мұнан соң биофармацевтикалық зауытта жиналыс өтіп, онда кәсіпорынның өндірістік қуатын дамыту жобаларына қатысты мәселелер талқыланды. Облыс әкімі Отар ауылында дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу жүргізу барысымен де танысты. Нысан 1978 жылы салынған. Мұнда соңғы рет күрделі жөндеу жұмыстары 2016 жылы жүргізілді. Қазіргі таңда бір мезгілде 25 науқас емделе алады. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларына сәйкес алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Дәрігерлер ауыл тұрғындары жедел әрі білікті медициналық көмек немесе кеңес алуы үшін қолжетімді аймақта болуы…

Read More

Жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге патриоттық тәрбие беру қай кезде де өзекті. «Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мен дамыту: міндеттері мен болашағы» тақырыбымен ұйымдастырылған облыстық жастар форумында аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов осылай деді.  «Жастар сарайында» ұйымдастырылған ауқымды шараға жергілікті атқарушы, құзырлы және құқық қорғау орган басшылары, зиялы қауым, ардагерлер, әскерилер және жастар, еріктілер, педагогтар қатысты. Форум басталмас бұрын қонақтар «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әзірлеген қару-жарақтар және әскери киім-бұйымдардың көрмесімен танысты. Сарбаздардың қаруды шашы-жинау бойынша дайындық барысы да көрсетілді. Экран арқылы «Жас сарбаз» жастар мен жасөспірімдер қозғалысының атқарған жұмыстары туралы баяндалды. Бұдан соң залға жиналғандар назарына ҚР Қарулы Күштерінің 30 жылдығына орай арнайы әзірленген…

Read More

Жамбыл облысында 15 маусымда сағат 03.40-та жанып жатқан тіркемеге 550-600 метр қалғанда DAF жүк көлігінің жүргізушісі келесі бағытта жолда тұрған 10 көлікпен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы Күйік асуы маңында болған. Жол апатынан бір жолаушы қаза тауып, онға жуық адам ауруханаға жатқызылды. Жамбыл облыстық полиция департаменті оқиға «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» халықаралық дәлізінің 544-ші шақырымында болғанын хабарлады. Түнгі уақытта Таразға бет алған Скания маркалы жүк көлігінің тіркемесі өзінен-өзі өртеніп, салдарынан жолдағы қозғалысқа кедергі келтірген. Басқа көліктер жол жиегіне тоқтап, тіркемеден шыққан өрттің сөндірілуін күткен екен. Сол сәтте олардың артынан басқа жүк көлігі келіп соққан. «Жалпы жол апатында 10 көлік зақымданды. Бір жүк көлігі,…

Read More

Жамбыл облысының ПД бастығы полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин жұмыс сапарымен Шу ауданына барды. Ол жеке құраммен кездесіп, аудандық полиция бөлімінің жаңа бастығы – полиция подполковнигі Олжас Омарбеков Төлегенұлын таныстырды. Олжас Омарбеков ішкі істер органдарында 2004 жылдан бері жұмыс істейді. Қызмет жолын Жамбыл облысының ІІД жедел уәкілі болып бастаған. Әр жылдары Тараз қаласы Полиция басқармасының 1-полиция бөлімі бастығының орынбасары, Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы полиция бөлімінің бастығы лауазымдарында қызмет атқарды. Кездесуге Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаев та қатысты. ПД бастығы Олжас Омарбековті тағайындалуымен құттықтай отырып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың заңды мүдделерін қорғау, тұрғындармен тығыз байланыс орнату, сондай-ақ полиция қызметінің сервистік…

Read More

Нашақорлыққа қарсы күрес айлығы аясында Жамбыл медициналық жоғары колледжінде «Есірткісіз Қазақстан» акциясы өтті.  Акцияның бастамашысы Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы болды.  Бейресми форматта өткен әңгімелесу барысында полиция қызметкерлері оқушыларға есірткі және синтетикалық заттарды қолданудың зияны мен оның салдары туралы айтып, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Колледж оқытушылары мен студенттері үшін облыстық ПД кинология орталығының қызметкерлері көрсетілім ұйымдастырды. ⁃ Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «болашақ ұрпақтың әл-ауқатына есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы қауіп төндіреді» деп атап өтті. Президент бұл дерттің біздің азаматтар арасында, әсіресе жастар арасында таралу жолына күшті тосқауыл қоюды…

Read More

Тараз қаласы әкімінің 2022 жылдың 15 маусымындағы өкімімен Тасеменов Айбек Жаханбайұлы Тараз қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. Ол 1985 жылы 27 мамырда Қостанай облысы, Арқалық қаласында туылған.2008 жылы Алматы заң академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша, 2011 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «қаржы» мамандығы бойынша және 2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолы:Еңбек жолын 2008 жылы Жамбыл облысы әкімияты ішкі саясат басқармасында штаттан тыс қызметкер – лектор болып бастаған.2009 – 2014 жылдары Жамбыл облысы әкімияты ішкі саясат басқармасының бас маманы, бөлім басшысы;2014 – 2019 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының индустрияны…

Read More

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 1 маусымда басталған республикалық кең ауқымды «Қарасора» жедел -алдын алу іс-шарасы аясында есірткі құралдарын жою жөніндегі көшпелі комиссия құрамында кешенді жұмыс жүргізуде. Шу, Меркі және Байзақ аудандарының аумағында он күн ішінде ауыл шаруашылығы техникасын тарта отырып, 110 гектар құмды аумақта жабайы өсетін қарасораны ору арқылы жалпы салмағы 23 тонна 270 келі болатын «сора тұқымдас өсімдік» өртелді. «Жамбылдық полицейлер жабайы сораны Жамбыл облысының құмды аймақтарынан басқа өңірлерге шығару арналарын жабу бойынша жұмыстар жүргізуде. Жедел-алдын алу іс – шарасы есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын орындау аясында да…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте халықпен кері байланысты нығайту, жұмыспен қамту, «Мейірім» жобасын жүзеге асыруға қатысты бірқатар мәселелер қаралды. Облыс әкімінің кеңесшісі Нұрмұхаммед Ниязбеков әлеуметтік желіде көтерілген өзекті мәселелер туралы хабарласа, баспасөз қызметінің жетекшісі Данияр Асқарұлы мемлекеттік органдардың ресми сайттарының ақпарат-жаңалықтармен қамтылу деңгейіне жасалған талдау қорытындысын баяндады. Жамбыл облыстық «Бірыңғай диспетчерлік қызметінің» басшысы Бақкелді Тұрсынбек тұрғындардың өтініштеріне жауап беру барысы туралы айтты. Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов көтерілген әрбір мәселе бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді. – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – қоғам мен билік арасындағы диалогтың, өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықтың негізі. Әр апта сайын…

Read More

Тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету – басты талап. Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов кезекті жиында жауапты тұлғалар мен сала басшыларына адам өмірімен байланысты осы міндеттің маңыздылығын тағы бір ескертті. Басқосуда алдымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен тұрғындарды қамту шараларына арналған жол картасының орындалу барысы қаралды. Бүгінгі таңда облыс бойынша жарналар мен аударымдардың жалпы түсімі 37 млрд. 969 млн. теңгеден асқан. Оның ішінде ағымдағы жылдың бес айында 8 млрд. 656 млн. теңге түскен. Бұл туралы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Ләззат Әлімова баяндады. Ол осы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша сақтандырылған тұрғындар саны 911 771-ді құрағанын…

Read More

Жыл басынан бері Жамбыл облысында мал ұрлығының 48 дерегі тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,6% – ға төмен. Өңірде мал ұрлығымен күресу мақсатында тұрақты негізде арнайы құрылған жедел-іздестіру топтары жұмыс жасайды, олар мал базарлары, мал сою орындары және ет саудасына қатысты ретсіз орналасқан орындар бойынша рейдтік іс- шаралар жүргізеді. Ұйымдастыру шаралары мен мақсатқа бағытталған жұмыстардың нәтижесінде ағымдағы жылдың 5 айында мал ұрлығымен айналысқан 38 адам, сондай- ақ 5 қылмыстық топтың әрекеті әшкереленіп, барлығы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Облыс аумағында ұрланған 900-ден астам мал басы табылып, иелеріне қайтарылды. Мәселен, полицияға 28 жастағы ер адам арызданған. Оның айтуынша, оның жайылымдық жерлерінен…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешені» тақырыбындағы республикалық конференцияға қатысты. «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған шара бейне-байланыс режимінде өтті. Аталған РҚБ төрағасы Мэлс Семғалиев конференцияны жүргізіп отырды. Облыс әкімі өзінің кіріспе сөзінде кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес – ең өзекті мәселенің бірі екендігін баса айтты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мақсатында өңірде құзырлы органдарымен бірқатар бірлескен іс-шаралар атқарылуда. Жемқорлықтың алдын алу бағытында арнайы ведомствоаралық комиссия құрылған. Комиссия отырыстары тоқсан сайын өткізілуде. Жемқорлыққа жол бермеу мақсатында облыста және аудандар мен Тараз қаласында «Адалдық…

Read More

Жамбыл облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде облыс орталығы көшелерінің біріндегі гараждың артынан бірнеше қару-жарақты тауып, анықтады. Оқжатарында 8 патроны бар «ПМ» тапаншасы, револьвер, 12-калибрлі «ИЖ» маркалы тегіс ұңғылы мылтық, «LSG-80» жарық-шу гранатасы, 5,45 мм калибрлі патрондары бар металл жәшік (барлығы 2016 дана) тәркіленді. Сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды. Сондай-ақ, полицейлермен тағы бір қару-жарақ арсеналы табылды. Олардың ішінде 1 дана ТТ пистолеті, 1 дана ойық қару, 1 дана тегіс ұңғылы қару, 1 жарық-шу гранаты, 1 дыбыс -шу гранаты, 12 калибрлі 5 патрон, 9 мм ПМ-нің 36 патроны, 5,45 мм калибрлі 19 патрон, ТТ-нің 7,62 калибрлі 3 патроны,…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов салалық басқармалардың атқарған жұмыстары бойынша есебі мен жоспарын тыңдауды жалғастыруда. Бұл жолы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков аймақ басшысына жетістіктер мен өзекті мәселелерді баяндады. Оның айтуынша, бүгінгі таңда облыста 67 спорт мекемесі жұмыс атқаруда, оның ішінде 51 спорт мекемесі басқармаға, қалған 16 спорт мекемесі аудан әкімдіктеріне қарасты. Аталған спорт мекемелерінде 29 219 спортшымен тұрақты түрде 1 045 оқытушы – жаттықтырушы жұмыс жүргізуде. Қазіргі таңда облыста спорттың 72 түрі қамтылған. Өткен жылы 629 спортшы түрлі дейгейдегі Ұлттық құрама командаларға мүше болған. Оның ішінде, 265 спортшы Ұлттық құрама, 239 спортшы жастар құрамасы және 125…

Read More

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Тараз қаласының №1 аумақтық тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелелері бойынша қабылдаулар өткізді. Басқосуға облыстық құқық қорғау органдарының басшылық өкілдері де қатысты. №32 орта мектептің мәжіліс залында өткен жиында алдымен Тараз қаласы әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Исмаилдың атқарылған жұмыстар бойынша есебі тыңдалды. Айта кетейік, аталған аумақтық округтің құрамына «Астана» (12) шағын ауданы, «Төрткөл», «Дорожник» тұрғын алқаптары кіреді. Ондағы халықтың саны 32800 адамды құрайды. Қайрат Исмаил көшелерді жарықтандыру, абаттандыру, аялдамалар орнату, тұрғын үйлерді жаңғырту және тағы басқа да бағытттағы жұмыстар жөнінде баяндады. Бірқатар өзекті мәселелерге де тоқталып, шешілу…

Read More

Үш адам өнеркәсіптік компанияның шахтасынан алтын рудасын ұрламақ болған. Бұл туралы полиция бөліміне осы кәсіпорынның қызметкерлері хабарлады. Жәбірленуші тараптың айтуынша, белгісіз тұлғалар компанияның күзетілетін аумағына кіріп, тереңдігі 100 метр шахтаға түсіп, құрамында алтын бар 3 қап кен ұрламақ болған. Мойынқұм ауданының полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 1976 және 1977 жылы туылған екі ер адамды ұстады. Күдіктілер Ақмола облысы мен Нұр-сұлтан қаласының тұрғындары болып шықты. Тергеу әрекеттері барысында үш ер адам алдын ала сөз байласып, 2022 жылдың 26 мамырынан бастап өзімен бірге құрал-саймандар мен азық-түлік алып, қымбат металды өндіру үшін шахтаға түскені анықталды. Күдіктілер шахтада 10 күннен астам…

Read More

Жол полициясының инспекторы Самат Алашев 2011 жылғы қарашаның сол бір қаралы күні өзінің командирі Ғазиз Байтасовпен бірге арнайы тапсырмаға аттанды. Олардың алдында қару-жарақ дүкеніне қарулы шабуыл жасаған қылмыскерді ұстау міндеті тұрды. Террористі ұстау операциясы кезінде аса батылдық танытқан Самат Алашев оқ жарақатын алып, ес-түссіз ауруханаға жеткізіледі. Әріптес досы Ғазиздан айырылғанын ол кейінірек біледі. Бейбіт тұрғындардың өмірін сақтауда өз өмірін қатерге тігіп, қызметке деген адалдық танытқаны үшін полиция инспекторы Самат Алашев ҚР Президентінің Жарлығымен ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды. С.Алашев қазіргі уақытта Тараз қаласы Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі бөлімінің аға инспекторы лауазымында қызмет атқарады. ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫНА – 30 ЖЫЛ!

Read More

9 июня 2022 года в ЕНУ им.Л.Н.Гумилева “Ассоциация по связям бизнеса, общества и государства” (АСБОГ) провело дискуссионную площадку и круглый стол по тематике “Строительство атомной электростанции (АЭС) в Казахстане. Проблематика и перспективы. Готовы ли мы к строительству АЭС?”. Модератором площадки выступила Аяжан Утеуова, Президент АСБОГ. Целью мероприятия являлось изучение широкого спектра мнений представителей государственных органов, научного сообщества, бизнеса и общественных организаций по вопросу строительства АЭС в нашей стране. В открытой дискуссии участвовали как стронники строительства АЭС, так и его противники.В дебатах принимали участие представители Министерства энергетики Республики Казахстан, депутаты Мажилиса Парламента Республики Казахстан, руководители специализированных ассоциаций и научных институтов, бизнесмены…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің Мойынқұм ауданына жұмыс сапары Ұланбел ауылдық округінен басталды. М. Әуезов атындағы орта мектептің жұмысымен танысқан аймақ басшысы оқу ордасын аралап көрді. 400 оқушыға арналған мектеп ғимараты 1966 жылы пайдалануға берілген. Бүгінде нысанның тозығы жеткен, күрделі жөндеуді қажет етеді. Қазіргі таңда 200-ге жуық бала білім алып жатқан оқу ордасында 35 педагог қызмет етуде. Бала санының жыл сайынғы өсімін ескерген облыс әкімі мәселенің маңыздылығына назар аударып, келер жылы күрделі жөндеуден өткізу бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді. ЖСҚ әзірленіп, сараптама қорытындысы алынған. Сондай-ақ, аймақ басшысы аталған ауылдық округтегі №4 учаскелік полиция тірегінің жаңа ғимаратын көрді. Қызметтік үй-жай ретінде…

Read More

Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Сәкен Сәрсенбайұлы Мыңбаев облыс әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалды. Сәкен Сәрсенбайұлы 1985 жылы Тараз қаласында туған. 2007 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Астана қаласының Кәсіподақтар кеңесінде маман болып бастаған. Әр жылдары Астана қаласы әділет департаменті дін істері бөлімінің бас маманы, ҚР Әділет министрлігінің Дін істері комитетінің сараптама және тіркеу басқармасының сарапшысы, Астана қаласы әділет департаменті дін істері бөлімінің бастығы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының офицерлік және басшылық лауазымдарында қызмет атқарған. 2021 жылдың ақпан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік…

Read More

Тараз қаласы Полиция басқармасының  Жедел басқару орталығына 58 жастағы жергілікті тұрғыннан саябақтардың бірінде отырған кезінде белгісіз адамның ұялы телефонын ұрлап кеткендігі туралы хабарлама түсті. Күдікті саябақта отырған азаматтың көзі көрмейтіндігін байқап, оның қолындағы «Редми» маркалы ұялы телефонын тартып алып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 67 000 мың теңгені құрайды. Тараз қаласы патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің жедел әрекет етуінің натижесінде, күдіктінің ізі суытпай ұсталынды. Оның облыс орталығының 22 жастағы тұрғыны екені анықталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, айғақ зат иесіне қайтарылды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 191-бабының 1-тармағымен (тонау) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Read More

Жастардың кәсіби шеберлігін қолдау және дамыту, жұмысшы жастарды мамандықтарға тарту, жастарға мамандық таңдауға ықпал ету, еңбек нарығында олардың бәсекелестігін арттыру мақсатында «Профи-2022» облыстық байқауы өткізілді. Аталған байқауда «Вarbershop», «Визажист», «Маникюр ісінің шебері», «Дәнекерлеуші», «Кондитер» номинациялары бойынша облыстың кәсіби жастары өз шеберліктерін сынға салды. Байқауға Тараз қаласы мен аудандардан 70-ке жуық кәсіби жас қатысты. Қазылардың шешімі бойынша төмендегі үміткерлер жүлделі орынға ие болды Байқау жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Read More

Мойынқұм ауданының аумағында жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында табиғатты қорғау полициясының инспекторларымен облыстық маңызы бар автожолда жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын ЖШС-тің сексеуіл ағаштарын заңсыз кесу  дерегі анықталды. Аталған ұйым жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз жол жиектері енінің стандарттарын бұзған. 5 текше метр қызыл кітапқа енген өсімдікті жойғаны анықталды. Аталған дерекке қатысты полиция қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің 340-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген шығын көлемі анықталуда. Сот-биологиялық сараптама тағайындалды. Жамбыл облысының Полиция департаменті сексеуілдің жойылу қауіпінің әлі де төніп тұрғанын еске салады! Еліміздің мемлекеттік орман қоры аймақтардағы сексеуіл ағаштарын кесуге 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін тыйым…

Read More

Алтын өндіретін компаниядан шамамен 4 тонна мыс ұрланды. Бұл туралы, осы кәсіпорын басшылығының полицияға жазған  шағымынан белгілі болды, – деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жәбірленуші тарап белгісіз жағдайларда компанияның орталық қоймасынан жалпы көлемі 11 миллион теңгеден асатын металды жасырын ұрлап кеткені туралы хабарлады. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Мойынқұм ауданының полиция қызметкерлері осы кәсіпорынның 32 және 30 жастағы екі қызметкерін анықтап, ұстады. Ұсталғандар кінәларын толық мойындады. Тергеу барысында күдіктілер алдын-ала сөз байласу арқылы қоймадан алып шыққан мысты   бірден металл сынықтарын қабылдау орнына…

Read More

Құқық бұзушы ағымдағы жылдың 30 мамырында ұсталды. Тұрар Рысқұлов атындағы саябақтың аумағын патрульдеу кезінде Тараз қаласының Полиция басқармасы 1-полиция бөлімінің қызметкерлері полиция формасындағы күдікті жас жігітті байқады. Саябақта серуендеп жүрген жігіт полиция қызметкерлерін көріп сасып қалған. Тексеру барысында тәртіп сақшылары жалған полицейдің 19 жаста екенін және оның Түркістан облысының тұрғыны екенін анықтады. Ұсталған азаматтың осындай қылмысы үшін 2022 жылдың сәуір айында Шымкент қаласында сотты болғаны белгілі болды. Ол кезде жас жігіт ТЖД қызметкерінің нысанды киімін киген екен. Оның мұндай  қадамға қандай мақсатпен барғанын тергеу анықтайтын болады. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК  390-бабының 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары  басталды. Осы баптың…

Read More

Биыл Жамбыл облысында жолдарды жаңғырту мен жөндеуге 16,2 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Өңірде автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 10 038 шақырымды құрайды. Биыл жол саласына 16,2 млрд теңге қарастырылған (оның ішінде 8,3 млрд теңгесі республикалық бюджеттен). Бұл туралы әкімдікте өткен жиында облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібеков баяндады. Бөлінген қаржы Тараз қаласындағы 9,4 шақырым жолды қайта жаңғыртуға және жалпы 605,2 шақырымды құрайтын облыстық, аудандық маңызы бар жолдар мен елді мекен көшелерін орташа жөндеуге бағытталады. Жол жөндеу бойынша барлығы 252 жоба жоспарланған, олар негізінен «Нұрлы жол», «Ауыл – Ел бесігі», «Өңірлерді дамыту-2025»…

Read More

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тараз қаласында 25 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Тінту жүргізу кезінде оның киімінің қалтасынан «Альфа-PVP» синтетикалық есірткі заты оралған 84 дана полиэтилен түйіншегі табылды, сонымен қатар, оның көлігінен тағы 50 пакет табылып, тәркіленді. Есірткі құралдары Черныш атты қызметтік-іздестіру итінің көмегімен анықталды. Сондай-ақ, күдікті есірткі сақталған тағы 16 орынды өз еркімен көрсетті. Тәркіленген тыйым салынған заттардың жалпы салмағы 60 грамнан асты. – Күдікті өз кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған бапқа…

Read More

Жыл басынан бері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс жолдарына 914 тексеру жүргізілсе, тексерулер 9449 шақырым жолды қамтыды. —Тексеру барысында облыс жолдарында 7447 ақау анықталды.  Тексеру нәтижелері бойынша жол ұйымдарының басшыларына орындау үшін 914 нұсқама берілді. Автомобиль жолдарын күтіп ұстаудағы кемшіліктер бойынша жергілікті атқарушы органдарға 315 ақпарат жолданды. Автомобиль жолдарын қанағаттанарлықсыз ұстағаны және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін 105 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың ішінде Меркі ауылдық округінің, Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің маманы, Жуалы ауданының ауылдық округтерінің әкімдері және заңгерлік кеңселері бар, – деді Жамбыл облысы ПД ӘПБ бастығы полиция подполковнигі Жайдарбек Құттыбаев. Қазақстан Республикасы…

Read More

Ағымдағы жылдың 5 маусым күні таңғы 08.00-ден бастап Жамбыл облысы аумағында референдумның 492 учаскесі жұмыс жасады. Аймақтағы референдумға қатысу құқығы бар ел азаматтарының жалпы саны 688, 369 адамды құрады. Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде өңірдегі сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов айтт. Оның мәліметінше, дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 477 290 адамды немесе референдумға қатысу құқығы бар азаматтар санының 69,39 %ын құрады. Референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны облыстағы дауыс беруге қатысқандардың 78,63 пайызын немесе 375, 277 адамды құрады. «Конституциялық түзетулерге қарсы дауыс берген азаматтар 17,85 пайызын немесе дауыс беруге қатысқандар санының 85,173 адамын құрайды. Жауаптардың екі…

Read More

Мельбурн қаласындағы (Аустралия) Marvel Stadium аренасында жеңіл салмақ дәрежесі бойынша әлемнің абсолют чемпионы атағы үшін жекпе-жек өтті, – деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл титулды жеңіліп көрмеген австралиялық кіші Джордж Камбосос пен америкалық Девин Хэйни сарапқа салды. Хейнидің WBC титулы мен Камбососқа тиесілі WBA, IBF және WBO белбеулері тігілген жекпе-жек аса қызық болмаған. Жоспарланған 12 раундтан кейін төрешілер жеңісті бірауыздан Хэйниге берді. Есеп – 116-112, 116-112 және 118-110. Камбосостың реванш өткізуге құқығы бар, екінші жекпе-жек болса, қайтадан Аустралияда өтуі керек екені айтылған.

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов  отбасымен бірге Тараз қаласындағы №53 мектепте орналасқан №50 сайлау учаскесіне барып, Жалпыхалықтық Референдумға қатысып, дауыс берді. Айта кетейік, облыс аумағында барлығы 492 сайлау учаскесі құрылған, олар барлық талаптарды сақтай отырып, таңғы сағат 07:00-ден жұмысын бастады.

Read More

Таразда 3 жігіт бірнеше ай бойы тауарлардың ақысын жалған түбіртектермен төлеп, дүкен сатушыларын алдап келген. Бұл туралы полиция бөліміне 66 жастағы әйел шағымданды. Жәбірленушінің айтуынша, алаяқтық әрекеттері 5 айға жуық уақытқа созылған. Дүкен иесі ревизия жасағаннан кейін алданғанын білді. Жетіспеушілікті байқаған кәсіпкер барлық сатып алушылардың түбіртектерін тексере бастады. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190- бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тараз қаласының Полиция басқармасы 1-ші полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 18 және 17 жастағы үш жігітті ұстады. Ұсталғандар кінәларын толық мойындады. Күдіктілер жалған түбіртектер жасау үшін қосымшаны қолданғаны анықталды. Материалдық шығын көлемі 1 500…

Read More

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шу ауданы Ақтөбе ауылынан 12 шақырым жердегі «Баусасық» құмды аймағында 43 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Тексеру барысында жалпы салмағы 194 келі «каннабис өсімдігі», 4 келі 800 гр «кептірілген марихуана» және 4 грамнан астам «каннабис шайыры» есірткі заты табылып, тәркіленді. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта ол Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің қатысуымен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынды аталған кеңес төрағасы Мұқаш Ескендіров жүргізіп отырды. Алдымен сөз алған «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалы директоры Еркін Атымтаев ағымдағы жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Оның айтуынша, өткен жылы Өңірлік кеңес құрамымен 10 отырыс өткізіліп, 43 проблемалық мәселе қаралған. Ал, ағымдағы жылдың 5 ай қорытындысы бойынша 4 отырыс ұйымдастырылып, 18 өзекті мәселе назарға алынған. Бизнестің құқығын қорғау бағыты бойынша кәсіпкерлерден 35 өтініш келіп түскен десек, оның 7 өтініші оң шешімін тапқан. 15 өтініш бойынша түсініктеме берілсе, 13 өтініш жұмыс барысында қаралуда. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың наурыз…

Read More

Жамбыл облысында ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына орай «Менің Қазақстаным!» атты форум өтті. Әуелете шырқалған Әнұранмен ашылған шараға облыс әкімі Нұржан Нұржігітов қатысып, жиналғандарды мерекемен құттықтады. – Бүгінде Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран – әр қазақ мақтан тұтатын, халқымыздың береке-бірлігін арттыра түсетін бойтұмарымыз.Рәміздерді қастерлеу – біздің ортақ парызымыз. Мемлекеттік рәміздер – кез келген мемлекеттің егемендігі мен тұтастығының бейнесі. Осынау нышандарымыз төрімізден түспей, туымыздың тұғыры биік болсын!Мемлекеттік Тудың авторы Шәкен Ниязбеков Жамбыл өңірінің тумасы және ел мақтанышы. Өткен жылы тарихи тұлғаның есімі өзінің кіндік қаны тамған Жамбыл ауданындағы Бесжылдық ауылына беріліп, ауыл маңында Мемлекеттік Ту-Тұғыры көтерілді. Бұл Мемлекеттік рәміз мен тұлғаға көрсетілген…

Read More

Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қайтыс болған сарбаздың өліміне күдікті ретінде ұсталған Айболат Аманжоловтың отбасы аштық жариялады, – деп хабарлайды azh.kz. Аманжолов тұтқындалғаннан кейін ата-анасы баласын көре алмаған. Алты баласы бар ата-ана Атырау облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің алдына жиналған. Олардың айтуынша, баласын ешқандай ескертусіз Қордай аудандық полициясынан Алматыдағы тергеу изоляторына алып кеткен. «Ұлымды Алматыдағы тергеу изоляторына ауыстырды, бұл туралы ешкім білмеді. Тіпті адвокат білмейді. Қазір ұлымыздың тірі немесе өлі екенін білмейміз. Оны біреу қорқытуы мүмкін. Оған заңды өкілдермен кездесуге рұқсат етілмесе, онда бір нәрсе дұрыс емес деген сөз!» – дейді солдаттың анасы Айнұр Төлемісова көзіне жас алып. Айнұр Төлемісованың айтуынша, ұлымен бірге…

Read More

Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Келесов Еркін Егембердіұлы Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып тағайындалды. Еркін Егембердіұлы 1964 жылы Тараз қаласында туған. Шымкент кәсіптік училищесін «өнеркәсіп кәсіпорнының бухгалтері», М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы Жамбыл облысы бойынша салық инспекциясында аға салық инспекторы болып бастаған. Әр жылдары Жамбыл облысы бойынша салық комитетінде бөлім бастығы, салық департаментінде басқарма бастығы, Байзақ ауданы бойынша салық басқармасының бастығы, Тараз қаласы бойынша салық басқармасының бастығы, Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің жетекші маманы қызметтерін атқарған. 2016 жылдың маусымынан бастап бүгінгі…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов өңірдегі кәсіпорын басшыларымен кездесті. Кездесу барысында аймақ басшысы 5 маусымда өтетін еліміз үшін елеулі оқиға – жалпыұлттық референдумның маңыздылығына тоқталды. – Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар қабылдау бойынша ел тарихында алғаш рет өткелі тұрған рефендумға біз барлық жағынан дайын болу керекпіз. Азаматтарымыз ел болашағы үшін дауыс береді. Әрбір тұрғынның дауысы – маңызды.Бұл күні барлық кәсіпорындар өз қызметін әдеттегідей үздіксіз жүргізуі тиіс. Коммуналдық қызметтер де кедергісіз көрсетілуі қажет. Дауыс беруге ешқандай кедергілер кері әсер етпеуі керек.Бұған дейін сайлауларда жамбылдықтар қатысу көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарлардан көрінген. Бұл жолы жоғары белсенділік танытады деп сенеміз,-деген Нұржан Нұржігітов жиналғандарды ауқымды шараның…

Read More

«Алматы» студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастырумен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның гранттық қаржыландыруы негізінде «Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша кешенді іс-шараларды өткізу» жобасыаясында әскери-патриоттық клубтар мен ұйымдар үшін шағын гранттар конкурсы басталды. Бұл шараның мақсаты әскери-патриоттық бағытта жұмыс жасайтын клубтар мен үкіметтік емес ұйымдарға мектептер мен колледждер базасында өз жұмыстарын ұйымдастыруға қолдау көрсету. Шағын гранттар байқауына қатысуға Қазақстан Республикасында әрекет ететін әскери-патриоттық клубтар мен үкіметтік емес ұйымдарға рұқсат етіледі және әскери-патриоттық клуб атынан өтінім берген жағдайда, топ жетекшісінің жасы 18 жастан жоғары болуы тиіс. Топтың қалған мүшелерінің жасы 14 жастан жоғары болуы қажет. Байқауға…

Read More

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында жамбылдық дзюдошы,  халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері  Елдос Сметов  қала мектептерінің оқушыларымен және студент-спортшылармен кездесті. Тараз қаласының олимпиадалық резервті даярлау орталығында өткен кездесуді Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және қалалық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері ұйымдастырды. Атақты спортшы балалармен әңгімелесуінде өзінің олимпиадалық тұғырға апаратын ұзақ және қиын жолы туралы айтты, өз жетістіктерінің құпияларымен бөлісіп, бірқатар кеңестер де берді. Олимпиада жүлдегері жастарды салауатты өмір салтын ұстануға және спортпен шұғылдануға шақырды. – Мықты денсаулық үшін спортпен белсенді айналысып, зиянды әдеттерден бас тартып, үнемі алдына мақсат қою қажет – деді…

Read More

Ерекше қабілеті бар бала­лар­ды әдетте құрсақта жатып біліп туған деп жатады. Соңғы кездері ғаламдар да айрықша дарынмен дүниеге келген балаларға «бола­шақтың кереметі» ретінде назар аудара бастады. Дәрігерлердің өзі өзгеше қа­сиет­ке ие бала­лар­дың гинетикалық құрылымының құпиясын ашу жолында ізденіп жатыр. Ғалымдар «Индиго бала­лары» деп атайтын вундер­кинд­тер Жамбыл жерінде де бар. Күнтізбе бала – Заңғар Талас ауданы Ақкөл ауылында «күнтізбе бала» атанып кеткен Заңғар Қалиұлын ақкөлдіктер жақсы біледі. Ол бес жыл­дық күнтізбені жатқа айтады. Яғни, бала Заңғар бұған дейін 2011-2015 жылдарға арналған күнтізбенің қай күні қай аптаға түсетінін матема­ти­ка­лық дәлдікпен айта алса, бү­гінде 2019-2022 жылдарға арналған күн­тізбеден жаңылмайды. Баланың мұндай қабілеті 5 жасында оянған.…

Read More

Орнымен жұмсалған аз ақша да үлкен табыстың бастауы болатынын әлемдік деңгейдегі талай мықтылардың өмір жолынан көріп келеміз. Сондықтан қазіргі таңда қаржылық сауаттылық әрбір адамға керек. Бұл үшін ең әуелі кез келген адам өз қаражатын дұрыс жоспарлап, отбасы бюджетін жүйелі жүргізе білуі қажет. Қазіргі таңда қаржы қызметтерінің серпінді дамуының, бөлшек сауда өнімдерін онлайн форматқа және жаңа цифрлық технологияларға айналдырудың, күрделірек және сонымен бірге тәуекелді қаржы құралдарына сұраныстың артуы жағдайында халықтың қаржылық сауаттылығы мәселелері оларды өзекті етуді талап етеді. Халықтың қаржылық білімін арттыру қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің негізгі элементі, халықтың және бизнестің қаржылық қызметтерге үздіксіз қол жеткізуінің, қаржылық тұрақтылық пен…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Жиында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) Жамбыл облысы бойынша департаменті бастығының бірінші орынбасары Ғани Тубаев, превенция басқармасы басшысының орынбасары Ербол Бақтыхожаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жедел-тергеу бағыттарында атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Ал, «Jambyl — Adaldyq аlany» жобалық кеңсесінің басшысы Назима Жұбандықова тұрмыстық жемқорлықпен күрес, азаматтарға қолайлы жағдай жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде шараларға тоқталды. Ағымдағы жылдың бес айында 64 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тіркелген. Сыбайлас жемқорлық көріністерінің туындау себептері мен шарттарын анықтау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына барды. Еске сала кетейік, 2018 жылы мекеме Қ.Сарымолдаев атындағы балалар үйі мен кәмелетке толмағандарды оңалту және бейімдеу орталығын біріктіру арқылы қайта құрылған болатын. Бүгінде мұнда 75 бала тәрбиеленуде. Екі қабатты ғимаратта сабақ өткізуге арналған кабинеттер, акт залы, «Рухани жаңғыру» кабинеті, кітапхана, коворкинг орталығы, музей, физиотерапия кабинеті, медициналық кабинет, спорт және шахмат залдары бар. Мекемеде кәсіптік бағдарлау орталығы жұмыс істейді, онда балалар шаштараз, етікшілік, аспаздық, қолөнер және дизайнерлік шығармашылық, іс тігу бойынша білім ала алады. Орталық тәрбиеленушілері 7 топқа бөлінген. Мекеме ғимаратын жабдықтауға жергілікті кәсіпкерлер…

Read More

ҚР Президент Әкімшілігінің келісіммен Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жамбыл облысы әкімінің әлеуметтік салаға жауапты орынбасары болып Еркін Құлымбайұлы Үйсімбаев тағайындалды. 1977 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданында дүниеге келген. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін (1999 ж.) «Инженер-механик» мамандығы бойынша, Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз мемлекеттік университетін (2002 ж.) «Заңгер» мамандығы бойынша және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын (2008 ж.) «Жергілікті және мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша магистратура және (2018 ж.) «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша докторантура бітірген. Еңбек өтілі 1999-2002 жж., Қордай а., Шымкент қ. – өндірістегі жұмыс; 2002-2005 жж., Қордай ауданы әкімі аппаратының Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, Қордай…

Read More

Көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Бұл туралы Жамбыл облысының Полиция департаменті хабарлады. Полицейлер жүргізушіні ізін суытпай ұстады. Кеше сағат 05:30 шамасында Айша бибі – Қаратау көлік жолының үшінші шақырымында жол апаты болды. Белгісіз адам 45 жастағы ер адамды қағып, белгісіз бағытқа қашып кеткен. Жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты. Жергілікті полицияның жедел әрекетінің нәтижесінде, Audi-80 көлігінің 28 жастағы жүргізушісі анықталып, ұсталды. Аталған дерекке қатысты ҚК-нің 345-бабы және 347-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған ер адам кінәсін мойындады.

Read More

Ел Президенті жариялаған Балалар жылы аясында Тараз қаласы Полиция басқармасының 1- полиция бөлімі Тұрар Рысқұлов атындағы  орталық саябақтың құрылтайшысы Асан Кошмамбетовпен  бірлесіп, оқушылар үшін Балаларды қорғау күніне арналған іс-шара ұйымдастырды. 20-дан астам баланың қуанышында шек болмады, олар ерекше жағымды әсер алды. Балалар үшін әткеншектер, аттракциондар, түрлі тәттілер – барлығы тегін болды. Барлық балаларға балмұздақ пен түрлі сусындар таратылды. Мерекелік шара аттракциондарда жалғасын тапты. Оқушылар әрбір әткеншекке мініп, уақыттарын көңілді өткізді. – Балалар-біздің болашағымыз. Біз оларды қорғау үшін,  қауіпсіздігі  және лайықты өмір сүруі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Бүгін біз оларға жақсы демалыс ұйымдастырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйладық,- деп атап көрсетті…

Read More