Автор: admin

7 декабря 2021 года в столице Казахстана состоялась торжественная церемония награждения победителей ежегодного республиканского конкурса по социальной ответственности бизнеса «Парыз» – 2021. В мероприятии, прошедшем в конгресс-центре ЭКСПО, приняли участие Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев, Премьер-министр Аскар Мамин, депутаты Парламента РК, руководители центральных государственных органов и предприятий республики. Конкурс направлен на формирование и повышение субъектами частного предпринимательства своей корпоративной социальной ответственности перед обществом для дальнейшего улучшения благосостояния населения. Всего в 2021 году заявки на участие в конкурсе подали 440 организаций, из которых 169 субъектов крупного предпринимательства, 271 – среднего и малого. По номинациям «Лучшее социально ответственное предприятие» – 230 заявок, «Лучшее…

Read More

2021 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан астанасында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі жыл сайынғы республикалық «Парыз» – 2021 конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. ЭКСПО конгресс-орталығында өткен іс-шараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Премьер-Министр Асқар Мамин, ҚР Парламентінің депутаттары, республиканың орталық мемлекеттік органдары мен кәсіпорындарының басшылары қатысты. Конкурс халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған. 2021 жылы конкурсқа қатысуға 440 ұйым өтінім берді, оның ішінде 169-ы ірі кәсіпкерлік субъектісі, 271-і орта және шағын кәсіпкерлік субъектісі. «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациялары бойынша – 230 өтінім, «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациялары бойынша…

Read More

Меркі ауылындағы спорт кешенінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толуына орай Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековты еске алуға арналған волейболдан ашық турнир өткізілді. Спорттық іс-шараға 9 команда қатысып, тартысты ойын көрсетті. Жарыс жүлдегерлері арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Read More

Бүгін аудан әкімі Руслан Маратұлы Нұрсипатовтың бастамасымен Меркі ауданында көп жылдар бойы еңбек етіп, шаруашылықта малын баққан шопандар, сауыншылар, механизаторлар, бригадирлер сынды 80-нен астам еңбек ардагерлері Сарыағаштағы шипажайға жолданды. Аудан басшысы Өзі еңбек ардагерлердің басын қосып, сапарларына сәттілік тілеп, өз сөзінде: «Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, Өңір басшысы Бердібек Машбекұлы Сапарбаев үнемі Тәуелсіздік жолында еңбек етіп, ақ маңдайынан қара тер төгіп жұмыс жасаған қарапайымдылығымен ауылдың еңсесін көтеріп, егіншілік пен мал шаруашылығын түлеткен азаматтарға құрмет көрсетуді үнемі тапсырып, көңіл бөлуде. Міне, осы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, Қазақстанның дамуына үлесін қосқан азаматтардың көпжылғы еңбегін елеп ескеріп, мереке алдында еліміздің…

Read More

Жасұландықтар – еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын өршіл де, қайсар жас ұрпақ. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен қатар «Жас Ұлан» ұйымының 10 жылдық мерей тойына орай аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Оқушылар «Үміт» сарайында «Кемелді келешекке – кемеңгер Елбасымен!» атты «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау жиыны өтті. Жиынға аудан мектептерінің басшылары, аға тәлімгерлер және ұйымның белсенді жасұланшылары қатысты. Жиын барысында «Жас Ұлан» ұйымының қатары 30 жас ұлан мен 5 жас қырандықпен толықты. Жиын қонағы болған аудан әкімінің орынбасары Бегалиев Берік Дүйсенбайұлы және аудандық білім бөлімінің басшысы Алтынбаева Айгерім Аханқызы ұйым қатарына қабылданған оқушыларға салтанатты…

Read More

Бүгін аудан әкімі Руслан Маратұлы Нұрсипатовтың төрағалығымен кеңейтілген аппараттық жиналыс отырысы өтті. Бірінші мәселе Ақермен ауылдық округінде атқарылған жұмыстары бойынша ауылдық округ әкімі Байдаулетов Ғани Ізбасарұлы баяндап, өз сөзінде округ аумағында асыл тұқымды «Оңтүстік қазақ меринос» қойын өсірумен айланысатын «Меркі асыл тұқымды зауыты» АҚ және 2 шаруа қожалығы жұмыс істейтінін атап өтіп, биылғы жылғы көрсеткіштерге тоқталып өтті. Сондай-ақ білім, мәдениет, денсаулық салаларындағы жұмыстар туралы баяндады. Аудан әкімі Руслан Маратұлы ауыл тұрғындарының мал жайылымына арналған жер тапшылығы мәселесіне қатысты және жайылым жерлерді мақсатсыз пайдаланып отырған шаруашылықтарға талдау жаслмағанын және тиісті шара қолданбағанын атап өтті. Сонымен қатар, округ әкімі Ғани Ізбасарұлы және…

Read More

Аудан әкімі Руслан Маратұлы Нұрсипатов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға келген тұрғындар әлеуметтік мәселелермен қайырылды. Бірінші келген Меркі ауылының тұрғыны Мирсадыкова Матлюба көмір алып беріп, көмек көрсету бойынша қайырылса, Баубекова Мереке көршісі Томаева Мадинаның құжаттарын дұрыстау мәселесі бойынша өтініш білдірді. Аудан басшысы Руслан Маратұлы заң аясында түсіндірме беріп, М.Мирсадыковаға тиісті әлеуметтік жәрдемақы қаралғанын атап өтсе, М.Томаева бойынша денсаулығын тексеріп, құжаттарын заңдастыруды Меркі ауылдық округ әкімі Ғазиз Байарыстанға тапсырды. Тұрғындардың өтініш-тілектеріне мұқият назар аударған аудан әкімі заң талаптарына сай түсіндірме беріп, ауыл әкімдері мен бөлім басшыларына жұмыс жүргізуді ескертіп, берілген тапсырмалардың орындалуын қатаң бақылауға алып, баяндауды тапсырды.  «Nur Otan»…

Read More

Меркі аудандық мәдениет үйінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Ауылым — алтын бесігім!» атты ауыл күндерінің қорытынды Гала концерті өтті. Іс-шараға 14 ауылдық округтің өнерпаздары қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Қорытынды концертте ауыл көркемөнерпаздары аудан әкімнің алғыс хаттарымен, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің арнайы номинациялары бойынша дипломдары табысталды. Сондай-ақ, аудандық орталық кітапханада «Тəуелсіздік жетістіктері» тақырыбында зиялы қауым өкілдерімен, еңбек ардагерлері және аудан жастарымен кездесу өтті.

Read More

Бүгін В. Савва атындағы №9 мектеп-лицейінде ата-аналардың келісімімен 12 мен 17 жастағы оқушыларға Covid-19-ға қарсы вакцинациялау жұмысы жүргізілді. Бүгін аталған мектепе 150-ге жуық оқушыға «Pfizer» вакцинасы салынды. Бүгінгі вацинациялау жұмысына Сарымолдаев округінің дәрігерлері Аралбаева Шырын, Қуатова Асель және медбикелерімен келіп, балаларды тексеруден өткізіп, вакцинациялау жұмысын бастады. Балалар вакцинация алдында жақсы тамақтанды, вакцина алғаннан кейін жеке бөлмеде отырды, ата-аналары балаларының қасында болды. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Меркі Ауданы Әкімдігі (@merke.info)

Read More

Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Меркі аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығында аудандар арасында алғашқы “иппотерапия” бөлімі ашылды. Мұнда қазіргі таңда 25 мүмкіндігі шектеулі бала сапалы білім, саналы тәрбиемен қатар тиісті емін алып отыр. Оған Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы қатысып, құттықтау сөзінде «Елімізде мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау бойынша бірқатар үлкен ауқымды жұмыстар жүріп жатыр. Облысымызда 45 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар, оның ішінде 6300-і бүлдіршіндер. Осы бағытта облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлының тапсырмасына сай әр ауданда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бейімдеу және оңалту орталықтары жұмыс жасауда. Осы «Меркі аудандық мүгедек…

Read More