Автор: admin

Меркі аудандық мәдениет үйінде ауылшаруашылық саласының қызметкерлері күні аталып өтті. Бұл күні егін, мал шаруашылығын дамытып жүрген азаматтар құметке бөленді. Салтанатты жиын аудан әкімі Нұрсипатов Руслан Маратұлының құттықтау сөзімен ашылды. “Бұл мереке – жерде еңбек ететін, мал шаруашылығымен айналысатын, өнеркәсіптегі жұмыс жасайтын, еліміздің және өңіріміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге талмай үлес қосып жүрген азаматтарымызға құрмет көрсететін күн. Елдігімізді еселеп, мемлекеттігіміздің нығайту жолында ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдаудың арқасында жаңа деңгейге көтеріліп, ел экономикасын дамыту мен ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырудағы жетекші күшке айналды. Халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсы болуы ауыл шаруашылығының дамуымен тығыз байланысты екені белгілі. Меркі ауданында ауыл шаруашылығының…

Read More

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Дулат Нұрахметұлы Нұрмолдинның төрағалығымен «семинар-кездесу» өтті, — деп хабарлайды newsroom.kz порталы МКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Семинар-кездесудің тақырыбы өзекті де өткір мәселелердің бірі – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды дамыту, алдын алу мақсатында психологиялық тренинг форматында өткізілді. Аталған жиынға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Самет, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшы орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкілі Мұрат Абдрахманов, аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларының және кеден бекеттерінің басшылары қатысты. Жиын басында Дулат Нұрахметұлы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті тұрақты түрде күшейту қажеттігін…

Read More

Асарлатып үй салу дәстүрі — ата-бабамыздан ұрпағына жеткен, көпшіліктің ауызбіршілігі мен ынтымағын көрсететін, жанашырлық танытатын дәстүр. «Рухани –жаңғыру құндылықтары –басты бағдарымыз»,-деп ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей облыс әкімі Б. Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес ауданда «Асарлатып үй салу» жобасы биыл да жалғасып келеді. Жалпы аудан бойынша жоба аясында 13 үй берілетін болады. Бүгін Сұрат ауылдық округінде Оңланалы Ерзат отбасына жаңа салынған баспананы салтанатты түрде табыстау шарасы өтті. Сұрат ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Адамбаев Есембек ақсақал келешекте асарлату дәстүріменен тағы да басқа жұмыстарды атқарсақ нұр үстіне нұр болады. Баршаңызды осындай ұлы дәстүрді ауызбіршілігімізбен, ынтымағымызбен бірге жалғастыруға шақырамын. Ырысты, берекелі жанұясы ұлғайып,…

Read More

Аудан бойынша дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны жалпы халықтың 34,5 % құрайды, бұл 29363 адам. Спорт мектептерінде 15 спорт түрі бойынша барлығы 2315 оқушы спортпен шұғылданады. Бұл аудандағы 7-18 жас аралығындағы мектеп оқушыларының 15,0 % құрап отыр. Спорт мекемелерінде 53 жаттықтырушы жұмыс атқарады. «Ауыл Ел-бесігі» бағдарламасы бойынша Меркі ауданы, Меркі ауылында жалпы құны 529 млн 683 мың теңгені құрайтын спорт кешен құрылысы аяқталды. Құрылыс жүргізуші мердігер «Агроспецстрой» ЖШС. Спорт нысанның құрылысы 2020 жылдың 22 сәуір күні басталып, 2021 жылы 31 шілде күні қолданысқа берілді.

Read More

«Жомарт түлек» жобасы аясында жомарт түлектеріміздің бастамасымен мектептерде «Шахмат әлемі», «STEM, физика зертхана» кабинеттері ашылып, мектептер айналасына ағаштар мен гүлдер отырғызылып, жиһаздармен жабдықталып, мектеп кітапханалары кітаптар қорымен толықтырылуда. Жоба аясында 312 түлек 36 млн 309 мың теңге көлемінде демеушілік көрсетті. Тәрбиелік мәні бар 598 іс-шараны ұйымдастырылып, оған 15450 оқушы қамтылды. Атап айтқанда, Тәтті ауылдық округінде «Жомарт түлек», «Туған жерге туыңды тік» ұстанымын ұстаған жеке кәсіпкер ауыл мектебіне үлкен сый жасады. Осы ауылдың тумасы Әбутәліп Мүтәлі құны 12 млн теңгені құрайтын «STEM» лабораториясын сыйға тартты. Кәсібінен нәсібін тапқан Абүтәліп Мүтәлі «Болашақ» бағдарламасы аясында АҚШ –та оқып, елге келген соң «STEM Academia»…

Read More

Тұрғын үй құрылысы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған аз қамтылған 60 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында инвестор тартылып, 2021 жылы Сарымолдаев ауылында жалпы 44 пәтер болатын 1 тұрғын үй 4 пәтерден тұратын 11 тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған 11 тұрғын үйді сатып алуға қаржы бөлу үшін облыс әкімдігінің құрылыс басқармасына 497 млн. 732 мың тг. бюджеттік өтінім тапсырылды. 1 шаршы метр 140,0 мың тг. құрайды. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Меркі ауылында жалпы 300 пәтер болатын 5 қабатты 60 пəтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысына жобалық сметалық құжаты әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Әр тұрғын үйдің сметалық құны 836 млн.837…

Read More

«Ауыл Ел Бесігі” бағдарламасы аясында Меркі ауданындағы Орталық кітапхананы, Жамбыл ауылына қарасты Жауғаш батыр көшесін, Сарымолдаев ауылына қарасты Садовая көшесін және Ойтал ауылына қарасты Мамыр көшелерін газбен қамтуға 257 млн 533 мың тг келісім шарт жасалған. Бүгінгі таңға құрылыс жұмыстары аяқталды. Андас Батыр ауылында 10 га тұрғын алқабының инженерлік инфрақұрылымын (сумен жабдықтау) салу» жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта жұмыстың жалпы 90 пайызы орындалды. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін 60 адамға кезек бойынша жер телімі беріледі. Сарымолдаев ауылындағы 21 га тұрғын алқабының инженерлік инфрақұрылымын (сумен жабдықтау) салу» электр жүйесі мен көше жолдары жұмыстары аяқталғаннан кейін 110 адамға кезек бойынша жер телімін беруді жоспарлап отырмыз.

Read More

2021 жылы «Ауыл Ел Бесігі» бағдарламасы аясында 10 жобалау сметалық құжатама жұмыстарына, яғни 15 көшеге 257533,0 мың теңге қаражат қарастырылды және орташа жөндеу жұмыстары аяқталу үстінде. Оның ішінде Сарымолдаев ауылына қарасты О.Қарбозов, Ращупкин, Павлов көшелері, Жамбыл ауылына қарасты О.Умбетов, Әйтеке би, Төле би көшелері, Жеміс-жидек ауылына қарасты Айтимбетов, Ауезов, Астана көшелері, Ақтоған ауылына қарасты Абай, Тілеміс батыр көшелері, Андас батыр ауылына қарасты Ажарлы көшесі, Шалдовар бекетіне қарасты Железнодорожная көшесі, Қостоған ауылына қарасты Абдрахманов көшесі. Бұдан бөлек Жамбыл облысында «Меркі-Шу-Бурылбайтал» автожолын қайта жаңғырту жобасы жүзеге асырылып жатыр. Ауқымды жоба ағымдағы жылдың сәуір айынан басталған болатын. Нақтылы кезеңде «Меркі-Шу», «Хантау-Бурылбайтал» телімдерінде ескі…

Read More

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жыл мерей тойының қарасанында Оқушылар «Үміт» сарайының ұжымы мен білімгерлерінің қатысуымен «Тұғыры биік – Тәуелсіздік» атты мерекелік концерт өтті. Аудан әкімі Руслан Маратұлы Нұрсипатов мерекелік шараға арнайы қатысып, құттықтады. «Тәуелсіздіктің 30 жылдығында жақсы жетістіктерімізді жақсы жағынан халыққа көрсетейік. Барлығымыз атсалысып, жастарға өнеге көрсетейік. Меркінің атын жақсы жағынан шығаруымыз керек. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы арманы – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау. Кейінгі жастар соны біліп, бағалауы керек. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз.…

Read More

Жалпы өндірілген өнім көлемі 29 миллиард 104,0 миллион теңгеге жетіп, нақты физикалық индекс көлемі 100,7 пайыз құрады. Меркі ауданы бойынша 2021 жылдың өніміне 29898,9 гектар бидай, 28493 гектар арпа, барлығы 58393 гектар дәнді масақты дақылдар егіліп орақтан өткізілді. Аталған егіс алқабынан 36628 тонна бидай орташа гектар қайтарымы 12,2 ц/га, 34813 тонна арпа орташа гектар қайтарымы 12,2 ц/га, барлығы 71441 тонна астық бастырылып 12,2 центнерді құрады. Су үнемдеу технологиялары 7,5 гектар алқапқа енгізілді. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 60 бас мүйізді ірі қара, 13764бас ұсақ мал сатып алынды. Меркі ауданы бойынша ағын су тапшылығын жою мақсатында Андас батыр, Жаңатоған, Сұрат ауылдық округтерінің әкімдерінің шешімдеріне…

Read More