Автор: admin

Меркі ауданы бойынша биыл 2020 гектар алқапқа қант қызылшасы егілді. Қазір дала диқандары өнімді уақытылы жинап алу үшін тынбай еңбек етуде. Сонымен қатар «Меркі қант зауыты» да өз жұмысына кірісіп, балтамырдың өнімдерін қабылдап жатыр. Қант қызылшасы Жамбыл, Сарымолдаев, Ойтал, Кеңес, Тұрар Рысқұлов, Жаңатоған, Сұрат ауылдық округтегі шаруа қожалықтарына тиесілі. Биыл балтамырдың Акация, Бритни, Виолика, Трубато, Эйдер, Мохикан, Дуняша түрлері егілген.Бүгінгі күнде тәтті түбірдің 4 гектары жиналған, 107 тоннасы «Меркі қант зауыты» ЖШС-ге өткізілген. Шаруа қожалықтары үшін қант қызылшасының 1 тонна түбіріне 14000 тг субсидия, ал қант қызылшасы зауытынан 10000тг берілетіні нақтыланды. Барлығы 24000 тг құрайды.

Read More

Аудан әкімі Руслан Маратұлы Нұрсипатовтың төрағалығымен аппараттық жиналыс отырысы өтті. Ең алдымен аудан әкімі Руслан Маратұлы Нұрсипатов жаңадан қызметке тағайындалған бөлім басшыларын: аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Азамат Ильясұлы Қасабековты, аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Болысбек Аштайұлы Оразовты таныстырып, салада ұзақ жылдар бойы тәжірибесі бар азаматтар екенін атап өтіп, жұмыстарына сәттілік тіледі. Аппараттық жиында бүгінде өзекті болып табылатын мәселелер қаралды. Бірінші мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Берік Бегалиев «Коронавирустық инфекцияны алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар» туралы есеп берді. Ол өз сөзінде аудан бойынша 18 жастан жоғары 43368 адам коронавирус инфекциясына…

Read More

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30​ жылдығына ​ арналған Меркі ауылдық округінің әкімшілігі, аталған округтің ардагерлер кеңесі, Меркі ауданды әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Бұқаралық спорттық іс-шаралар орталығының» ұйымдастыруымен ​ ардагерлер арасында кіші футбол, жеңіл атлетика спорт түрлерінен аудандық​ жарыс​ өткізді. ​ А.Асқаров атындағы​ орталық стадионда өткен кіші футбол жарысына 45 жастан жоғары ардагерлерден жасақталған ​ 8 команда жарыс жолына шықты. Тартысты өткен жарыс қортындысы бойынша: І-орынды Ойтал ауылдық округінің ардагерлер командасы, ІІ-орын ​ Жаңатоған ауылдық округінің ардагерлер командасы, ІІІ-орынды Андас Батыр ауылдық округінің ардагерлер​ командасы​ женіп алды. 63 жастан асқан ардагер спортшылар​ 400 метр қашықтыққа жүгіруде бақ сынады. Жарыс қортындысы…

Read More

2021-2025 жылдары аралығында Меркі ауданында жалпы соммасы 13 миллиард 943,0 миллион теңге инвестиция тартылады. Бұл туралы аудан басшысы Руслан Маратұлы Нұрсипатов 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында атқарылған жұмыстар бойынша есеп беру кезінде айтты. Бұл сомаға 7 инвестициялық жоба іске асырылып, 564 жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарланған. Атап айтқанда: балық шаруашылығы және балық өңдеу; асфальт, тас-шағал зауыты; жеміс сақтау қоймасы; минералды су өндірісі; ұн тарту өндірісі; ГЭС құрылысы; тауарлы сүт фермасы жобалары

Read More

Меркі ауданы бойынша өнеркәсіп кәсіпорындарымен қаңтар-қыркүйек айларында 3,6 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 102,0 пайызды құрады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 9 айында 10945,6 млн. теңгені, немесе 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғында нақты көлем индексі 87,4 пайызды құрады. 2021 жылдың қазанына аудан бюджетінің меншікті кірістер бойынша бюджетке 1 млрд 892,4 млн. теңге түсті, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 510,7 млн.теңге бюджетке артығымен түсті. «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 106,8 млн. теңгені құрайтын 21 жобаға қолдау көрсетілді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша113,0 млн. теңгені құрайтын 4 жобаға қолдау көрсетілді. Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік…

Read More

Меркі аудандық мәдениет үйінде «Ұлт руханияты: Отбасы. Еңбек. Тәрбие» атты аудандық форум өтті. Бірінші кезекте форумға қатысушылар тарапынан кәсіпкерлердің қолынан әзірленген көрме ұйымдастырылды. Көрмені Аудан әкімі Руслан Нұрсипатов арнайы тамашалап, кәсіпкерлерге қосымша көмек қажет жағдайда көрсетуді Жұмыспен қамту орталығының басшысына тапсырды. Көрмеде ұлттық тағамдар, қазақтың ою-өрнегімен өрнектелген көрпелер, аңшылық пен саятшылыққа, көкпар ойынына арналған ат ерлері мен қамшы, қайыстар көрсетілді. Сонымен қатар ескірген үй жиһазадарын қайта жаңартып, қолдануға жарамды, жаңа күйіне қайта келтіру цехын ашқан кәсіпкердің де қолдан жасалған қолөнері көздің жауын алды. Аудан басшысы Руслан Маратұлы Нұрсипатов форумда сөз сөйледі. «Биылғы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығының қарсаңында біз өткенді таразылап, бүгінімізді…

Read More

Меркі ауданының әкімі Руслан Маратұлы Нұрсипатов өңір тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға 10-ға жуық тұрғын келді. Қабылдауда тұрғындар жол жөндеу, түнгі жарықтандыру, әлеуметтік көмек, баспана және өзгед е мәселелермен қайырылды. Бірінші кезекте зейнеткер Қабылжан Тоқманбетов ауданда Социалистік Еңбек Ері Асанбай Асқаровтың 99 жылдығына байланысты өткізілген іс- шараның жоғары деңгейде өткізілгенін айтып, аудан әкімі Руслан Маратұлына алғысын білдірді. Сонымен қатар, алдағы жылы 100 жылдықты жоғары деңгейде өткізу мәселесін көтерді. Аудан басшысы Руслан Маратұлы орталықтағы Асанбай Асқаровтың ескерткіші орналасқан аумақты абаттандырудың жаңа эскизімен таныстырып, жуық арада жұмыстар басталатынын жеткізді. Қабылжан Тоқманбетов ризашылығын білдіріп, үлкен бастамаларға сәттілік тіледі. Келесі, қайырылған зейнеткер Қалмахамедұлы…

Read More

Ауыл тұрғындары алысқа сабылмай-ақ, ауылдың ішінен мешіт бой көтергеніне дән риза. Жамбыл облысы Меркі ауданы Ақжол ауылында жаңа мешіт бой көтерді. 100 түтіні бар бұл ауыл тұрғындары бұған дейін көрші ауылға қатынаған болатын. Енді тұрғындар алысқа бармай-ақ, өз ауылында орналасқан мешітте ғибадат ете алады. Алла үйінің құрылыс сәулеті заман талабына сай безендіріліп, тұрғызылған. Мешіт 100 адамға шақталған. Қасында ас беріп, Құран бағыштауға арналған 200 орындық асхана барлық керек-жарағымен жабдықталған. Мешітке келушілер үшін автокөлік қоюға арналған 50 орын бөлінген. Алла үйін сол ауылдың тумасы, жеке кәсіпкер Байсеитов Орынбасар Дүйсенұлы өз қаражатына салған. «Мешіттің құрылысы үш жыл бұрын басталған болатын. Алайда пандемияға…

Read More

№9 Меркі көпсалалы колледжінде өткізілген «Тәуелсіздік-жыр басы» атты аудандық ақындар айтысы өз мәресіне жетті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, Сыпатай Әлібекұлының 240 жылдығы, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған ақындар айтысына сегіз ақын қатысты. Бірінші сөз кезегі аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Иманалиев Қамбар ақсақалға беріліп, ақсақал болашақ жастарға сәттілік тілеп, ақындармен мақтанатынын жеткізді. Әрмен қарай алғашқы жұпта өнер көрсеткен Мұқағали Балтабай өзінің төселген ақын екендігін, Адабаева Аружан келешегінен үлкен үміт күттіретін ақын болып өсіп келе жатқандығын көрсетті. Әбдіманап Дулат, Кераматдин Жанқуат бәйгеде бас бермейтін ақын екендіктерін дәлелдеді. Әділқазылар алқасының айтқан сын ескертпелерін дұрыс қабылдап, келесі айтыстарда шеберліктерін шыңдай түсетіндеріне сенім білдірді. Осындай іс-шараларға…

Read More

Биыл Жамбыл облысындағы ауыл шаруашылығы саласын субсидиялауға 18,8 миллиард теңге қаржы бөлініп, бүгінде 16,4 миллиард теңгесі игерілді. Жыл басынан бері саладағы жалпы өнім көлемі 309 млрд. теңгеге жетсе, 226,6 миллиард теңге инвестиция тартылған. Ал мал басы саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,5 пайызға артып, 4 миллион басты құрапты, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Нұржігітов айтты. Ол биыл 92,6 мың тонна ет өндірілгенін де жеткізді. Ет экспорты 3,5 есеге артқан. «Сыбаға» бағдарламасы аясында 29 700 бас қой, 366 сиыр сатып алынған екен. «Ағымдағы жылы 40 мың гектар…

Read More