Автор: admin

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі Жолдауында мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобаларға көшу туралы тапсырма берген болатын. Президент бекіткен нақты 10 Ұлттық жоба тізбесінде «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау, «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс», сондай-ақ, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобалар бар. Осы орайда, Алматы облысындағы «ZHANTAQ tea» компаниясы түйе жантағынан әлемде баламасы жоқ, денсаулыққа пайдасы зор табиғи сусын жасап шығарды. Барлық қажетті сынақтан сәтті өтіп, халықаралық стандартқа сәйкес және «Халал» сертификатын алған өнімді «Асар-үме» қайырымдылық қоры да бекіткен. Сонымен қатар, сусынның KAZ ECO PATROL экологиялық сапа белгісі бар: ол өндіру, тасымалдау,…

Read More

Қазір елімізде ауыл шаруашылық кешенін дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы әзірленуде. Ұлттық жобаға сәйкес, Қазақстанда 7 ірі экожүйе құру және инвестжобаларды жүзеге асыру көзделсе, оның 5-еуі Жамбыл облысында жүзеге асады, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Бұл туралы ӨКҚ баспасөз мәслихатында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Нұржігітов мәлімдеді. Оның айтуынша, 5 жобаның қатарында «QYZYLSHA» ЖШС қант зауытын салу, Göknur Gıda A.Ş. қарқынды бақтарды өсіру және жеміс-жидек өнімдерін қайта өңдеу, «КАРАГАНДА АГРО ИНВЕСТ-Т» жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу және сақтау, «АЛЕЛЬ АГРО» құс фабрикасын салу және 9 300 басқа арналған 10 сүт тауарлы фермасын салу жұмыстары бар. «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық…

Read More

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЮНИСЕФ, Қазақстан Республикасы Бастапқы медициналық көмек көрсету “Primary Health Care” Ұлттық Ассоциациясының ұйымдастыруымен, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен Ұлттық бағдарламаларды іске асыру мақсатында республикада алғаш болып  Меркі аудандық орталық ауруханасы «үздік практика орталығы» болып ашылды. Бұл процеске тыныс-тіршіліктің барлық салалары мен салаларын (білім беру, коммуналдық қызметтер, құқық қорғау, әлеуметтік және сектор, бизнес құрылымдар және т.б.) тарту бойынша жаңа жолдар мен пәрменді әдістер,яғни сапалы сектораралық және ведомствоаралық жұмыстар басталды.

Read More

Жамбыл аудандық тарихи-өлкетану музейі мен №1 орта мектебінің тарих және география бірлестігі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өскелең ұрпақпен елі үшін, жері үшін жанын берген батыр бабаларымыздың бірі Барақ Сатыбалдыұлына арналған «Бабалар аманаты» атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шарада мектеп оқушылары Барақ Сатыбалдыұлының өмірбаяны мен жасаған ерліктері туралы баяндады,сонымен қатар батырдың ұрпақтарынан аманат болып жеткен шапаны таныстырылды. 2014 жылы Абылай ханның шапаны Ұлттық музейге қойылды дегенде, араға үш жыл салып қазақтың төбе биі Төле бидің шапаны табылды дегенде қуанбаған қазақ болмаған шығар.Енді бүгін қазақ елінің тарихында белгілі батырлардың бірі Барақ Сатыбалдыұлының шапаны табылғанын жар сала отырып, дүйім жұртқа көрсеткелі отырмыз. Алдымен Барақ Сатыбалдыұлының…

Read More

Тараз қаласында 37 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бүгінде 21 тұрғын үйден 1 091 пәтер пайдалануға берілген. Өңірлік коммуникация қызметінде өткеп брифингте Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев осылай мәлімдеді. Бұдан өзге, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 34 жаңа тұрғын үйдің құрылысына 8,9 млрд теңге бөлінсе, қыркүйек айында 26 тұрғын үйдің құрылысына 7 млрд теңге түскен. Сондай-ақ, осы жылы онкологиялық орталық бой көтерген. Бұл да қаладағы сан жылдардан бері келе жатқан өзекті проблеманың бірі болатын. Заманауи құрал-жадықтармен жабдықталған диспансерде дұрыс ем қабылдауға бар жағдай жасалған. «Биыл Таразда сақалды құрылыстар мен қызыл сызық бойында тұрған нысандар бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілді. Бүгінде құрылысы…

Read More

«Қоғамдық көлік тасымалдаушы мекемелермен автобус парктерін жаңарту бойынша жұмыстар жалғасуда, «City-bus» ЖШС 10 бірлік «Golden Dragon» маркалы үлкен сыйымдылықты автобустар сатып алды. Қараша айында «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС тарапынан 10 бірлік, «City-Bus» ЖШС тарапынан 50 бірлік автобус жаңартылады. Қыркүйек айынан бастап қалалық автобус бағыттарының жұмыс уақыты ұзартылып, бағыттарға қосымша автобустар қосу арқылы олардың жүру аралықтары қысқартылды. Бүгінде қаладағы базарларды ретке келтіру жұмыстары да назарда. «Мыңбұлақ» шағын ауданында «Зарина», «Гауһар» сауда орталықтарының маңында орналасқан бутиктерді алдық. Бұрынғы бутиктердің орнын абаттандырып жатырмыз. Ал, саудагерлерге «Айрылмас», «Жібек жолы» базарларынан орындар берілді», — деді Ержан Жұматұлы. «Ауыл Береке» базарында өртке қарсы қауіпсіздікті зерделеу үшін жоспардан тыс…

Read More

Жамбыл облысындағы көпсалалы балалар ауруханасында дәлізде жатқан балалар видеоға түсірілді. Бас дәрігердің орынбасары Сейдахмет Чинибеков тұрығындар наразылығына жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Әлеуметтік желіде тараған видеоға аурухана дәлізі түсірілген. Дәліздегі орындықтарға төсек жапқыш жабылған, онда балалар мен ересек пациенттер жатқаны көрінеді. Сонымен қатар, дәлізде науқастар жатқан бірнеше төсек тұр. Сейдахмет Чинибековтің айтуынша, науқастар палатада санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілуіне байланысты дәлізде күтіп отыр. «Күз-қыс мезгілінде жедел респираторлық аурулар көбейеді. Күніне бөлімшеге 100-130 науқас жүгінеді. Стационарлық емдеуді қажет ететін балалар саны артып барады. Ауруханаға жатқызылған баланың бәрі ПТР-сынамасын тапсырады. Сынама теріс нәтиже көрсетсе, бала мамандандырылған бөлімшеге ауыстырылады.Бірақ палатада әр науқастан кейін санитарлық…

Read More

Жамбыл аудандық тарихи-өлкетану музейі «Жамбыл ауданының қасиетті орындары» атты экскурсия ұйымдастырды. Экскурсияға аудандық кітапхана қызыметкерлері мен  аудан жастар қатысты. Қасиетті Жамбыл жерінде тарихы тереңнен басталып, аңызы мен ақиқаты ұштасып жататын әулиелі жерлер мен кесенелер, қалашықтар өте көп. Олардың барлығы да көне заманның  күмбірінде күй толғап, өңірдің сән-салтанатын келтір тұр. Солардың бірін және бірегейі  атақты Айша бибі кесенесі. Айша-бибі кесенесі Бабаджа хатун кесенесімен бірге мемориальды культтік кешенді құрайтын республикалық дәрежедегі мемлекеттік  тарихи және мәдениет ескерткіштер санатында. Ұлы Жібек жолының бойында  ірі саяси экономикалық орталықтардың бірі ретінде белгілі Бектөбе қалашығы VII-XII ғ.ғ  Қалашық Жамбыл ауданы Бектөбе ауылының батыс шетінде орналасқан. Бектөбе қалашығы пішіні…

Read More

Биыл 10 қыркүйек пен 20 қазан аралығында орта білім беру ұйымдары арасында республикалық «Ұлы дала өркениеттері» байқауы өтті. Байқауға қатысуға еліміздің 14 облысы мен республикалық маңызы бар үш қаладан 138 өтінім келіп түскен. Байқау 10 қыркүйекте бастау алып, 20 қазан күні аяқталды. Қатысушы мектептер байқау талаптарындағы іс шараларды өткізгені үшін балл жинады. Ең жоғары балл жинаған білім беру ұйымына 1 млн теңге, екінші орынға 500 мың теңге, үшінші орынға 300 мың, 4-6 орын алғандарға арнайы номинациялар қаралып, 100 мың теңге, 7-9 орын алғандарға демеуші арқылы 50 мың теңге берілді. Байқаудың мақсаты Қазақстан халқының сабақтастығына мәдениетін, ана тілін, ұлттық дәстүрлерін сақтауға…

Read More

Ел тәуелсіздігін алған жылдары Түлкібас ауданы Састөбе кентіндегі үйлер қаңырап бос қалып, тұрғындар жұмыссыздықтың салдарынан жан-жаққа көшіп кеткен болатын. Содан бергі 30 жылда Састөбе кенті қайта жанданып, бүгінде аудандағы алдыңғы қатарлы округтердің қатарына қосылды. Көшелер жөндеуден өтіп, көпқабатты тұрғын үйлер қайта қалпына келтіріліп, қаншама азамат баспанамен қамтылды. Кенттегі Састөбе зауытының да жұмысы қайта жанданып, бүгінде қаншама жергілікті тұрғынды еңбекпен қамтып отыр. Бүгінгі таңда басы ауырып, балтыры сыздаған састөбеліктер ауыра қалса, аудан орталығы – Түлкібас ауылына сабылады. Ал аудан орталығы 40 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Осыны ескерген аудан әкімдігі биылғы жылы Састөбенің орталығынан бірден 75 адамды қабылдай алатын емхананың құрылысын жүргізуді қолға…

Read More