Автор: admin

Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Ұлттық құндылықтар – ел бірлігі» жобасы шеңберінде Жамбыл облыстық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығының мүмкіндігі шектеулі балалары арасында Аудандық «Көкейімде бар әлем» атты қолөнер, қылқалам шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты  балаларды тәрбиелеуде, оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалау, сенім, үлгі көрсету, талап ету арқылы  балалардың өнерін насихаттау, қолдау көрсету болып табылады. Көрмеге балалардың ұстаздарымен бірге жасаған әртүрлі туындылары қойылды. Көрмеге қатысқан барлық балаларға алғыс хаттар мен сыйлықтар берілді.

Read More

“Орта білім беру ұйымдары арасында өткізілетін «Ұлы дала өркениеттері» атты байқауы аясында 138 білім беру ұйымы өтінім берді. Осы шараның басы қасында жүрген Исламбек Дастанның айтуынша, аға буын мен жасөспірімдердің арасында ұрпақтар сабақтастығын, Қазақстан халқының мәдениетін, ана тілін, ұлттық дәстүрлерін сақтауға және дамытуға, дәстүрді жаңғырту және дамыту мәселелеріне, ұлттық және мәдени бірегейлікті сақтауға, сондай-ақ жастарды өз халқының мәдениетіне, халық шығармашылығына жанашыр болуға тартуды басты міндетке айналдыруымыз қажет. Айта кетейік, байқаудың жүлде қоры 1 800 000 (бір миллион сегіз жүз мың) теңгені құрайды. Сыйлықақы бағалау талаптарына сай ең жоғары ұпай жинаған үш ұйымға беріледі. І орынға бір миллион теңге, ІІ орынға…

Read More

Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысындағы әлеуметтік-мәдени нысандарға барды.Қазақстанның Тұңғыш Президенті алдымен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесті. Кездесуде Елбасыға әскери қоймадағы жарылыстан зардап шеккен Байзақ ауданы тұрғындарына көмек көрсету шаралары және қалпына келтіру жұмыстары туралы мәлімет берілді.Жамбыл облысының әкімі Елбасыға өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жайлы, сондай-ақ аграрлық сектордағы мәселелерді шешуге және халықты жұмыспен қамтуға бағытталған шаралар туралы баяндады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті өңір басшылығының жұмысына оң баға берді. Кездесуден кейін Елбасы «Әлжан ана» тарихи музейінің қызметімен танысып, мекеме аумағына ағаш отырғызу рәсіміне қатысты. Қазақстанның Тұңғыш Президенті сондай-ақ ауылдағы Мәдениет үйіне барды. Бұл Мәдениет үйінде кітапхана…

Read More

2013 жылы Елбасымыз жаңа мереке – Отбасы күнін белгіледі. Бұл мереке Қазақстанда жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтіледі.  Осы орайда «Елбасы медалі» бағдарламасының Алматы қаласы бойынша белсенді жастары өз отбасыларымен 2021 жылдың  12 қыркүйегінде  «Отбасы күніне» орай Алматы қаласында ұйымдастырылған «Спорттық отбасы» атты эстафетаға 10 отбасы қатысты. Аталған шараның мақсаты бағдарламаға қатысып жатқан жастарға отбасылық құндылықтарды нығайту мен насихаттау, Отанға деген сүйіспеншіліктің отбасынан бастау алатынын түсіндіру болып табылады. «Спорттық отбасы» атты эстафета 3 кезеңнен тұрды. Әлеуметтік желіде өздерін таныстырып, отбасылық бейнероликтерімен сүйікті істерін ерекше көрсеткен ең үздік 10 отбасы ғана ақтық мәреге жолдама алды. Алғашқы 2 кезеңнен сүрінбей өтіп,…

Read More

Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департамент басшысы Әбілдабеков Айдар Ахметбекұлы ұлттық халық санағынан онлайн режимде өтудің маңыздылығын айта отырып, азаматтық белсенділік танытып, санақтан онлайн режимде өтуге және халық арасында насихаттауға ел белсенділерін шақырады. Бұл бастаманы Республикалық жастар ұйымдарының жетекшілері қолдады. Айта кетейік, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегі күні елімізде халық санағы онлайн режимде арнайы мамандандырылған https://sanaq.gov.kz/ сайтында басталған болатын. Халыққа санақтан онлайн өтуге мүмкіндік жасау үшін Алматы қаласының ірі сауда орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, білім беру мекемелерінде, базарларда, қоғамдық ұйым мекемелерінде арнайы 100-ден астам арнайы пункттер жұмыс жасайтын болады.  Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Департамент…

Read More

Ақтаулық Гүлжанар Рафкатқызы бір өзі бірнеше мамандықты игерген таланттылар қатарында. Ол көпшіліктің тісі бата бермейтін режиссерлік қызметте жақсы жетістігімен танылып жүр. Одан бөлек, Гүлжанар әнші әрі композитор ретінде де көзге түсе бастаған. Үш баланың анасы ірі жобаларды ұйымдастыру арқылы шеберлік шыңдала түсетінін айтады. «Мен 1991 жылы Ақтау қаласында дүниеге келдім. Тәуелсіздіктің құрдасымын. Жаным сүйетін істі тапқанға дейін ағылшын тілін оқыдым. Кейін аударма ісін оқып алып, сонымен айналыстым. Ал қазіргі таңда режиссерлік қызмет атқарамын. Оған қоса сазгерлігім бар. Менің әндерімді «Балапан» арнасы саундтрек ретінде пайдаланып жүр. Әншілік жолға да қадам бастым. Болашақта үлкен сахнадан да көрініп қалармын. Жолдасым екеуміз бір ұл,…

Read More

Ақындық – жан еркіндігі мен сана тәуелсіздігінен тұратын болмыс. Ал ол болмысты таза қалпында сақтап қалу үшін не істемек керек? Жұмыс пен жаныңа жақын өнерді алып жүрудің қиындығы қандай? Өлең жазу үшін де тіршіліктен жырақтап, жаныңа үңілу керек. Кезінде Мұқағали, Жұматай сынды қазақтың азулы ақындары да сол еркіндік жолында тұрмыс-тіршілігін құрбан еткен. Ал бүгінде өзі ақын болып, әрі мемлекеттік қызметті қатар алып жүрген жастың бірі – Нұрболат Сатымқұл. Нұрболат Ақынғалиұлы Жамбыл облысының тумасы. Өлеңімен өңірге ғана емес, республикаға танылған ақын. Ақындық, журналистика және басшылық қызметті қатар алып жүрген талантты жас. Бүгінде Қордай ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы. Жұмыс пен шығармашылықты…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың Байзақ ауданындағы төтенше жағдай салдарын жою барысы туралы ақпаратын тыңдады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді. Президентке 122 жылжымайтын мүліктің, соның ішінде 106 тұрғын үй, 12 коммерциялық және 4 әлеуметтік нысанның қирағаны жөнінде баяндалды. Қазіргі уақытта 12 мекеме, 23 техника мен 185 жұмысшы қайта қалпына келтіру жұмыстарына жұмылдырылған. Жамбыл облысы әкімінің айтуынша, бүгінге дейін 62 тұрғын үй жөнделген. Жалпы қайта қалпына келтіру жұмыстарын 10 қарашаға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Жібек жолы ауылындағы қираған №5 орта мектептің орнына жаңа мектеп салынады. Бердібек Сапарбаевтың мәліметі бойынша, 26 адам стационарда…

Read More

Германия, Оңтүстік Корея, Литва, Қара теңіз, Бахрейн, Франция мемлекеттерінде қазақтың дәстүрлі әнін шырқап жүрген Ақмола облысының тумасы Айзат Қарабек қыздарыңыз жайлы естулеріңіз бар ма? Ол ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді ту етіп жүрген өнерпаздарымыздың бірі әрі бірегейі. Тамырын ғасырдан ғасырға жайған ән өнері, оның ішінде қазақтың дәстүрлі әні қаншама қатқан жүректі жібітіп, қағидасыз жанның Темірқазығына айналды десеңші. Дүниеге келіп, алға қадам басқан сәтіңнен бастап ата-ана салған жолбағдар болатыны ақиқат. Ал өнер талай талантты сөзсіз-ақ тәрбиелеп шығарды десек қателеспейтін болармыз. Қолына домбырасын алса жаны сөйлейтін Айзат та дәстүрлі әнді таңдауына ата-анасы себепкер болғанын алға тартады. Ән маған қанмен…

Read More

Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген Жасұлан Тәжиев арқа ән мектебінің түлегі. Жастығына қарамастан, еліміздегі дәстүрлі ән өнерін терең меңгерген ол халық композиторларының туындыларын нақышына келтіріп орындайды. Сондай-ақ, Жасұлан халық арасында кең танылған «Сәби болғым келеді» әнінің авторы, талай таланттың томағасын сыпырған әнші-композитор Тұрсынғазы Рахимовтың төл шәкірті. Бүгінде ол бес жыл бұрын дүние салған ұстазының сара жолын жалғастырып келеді. «Қатонқарай ауданындағы Шыңғыстай ауылында дүниеге келдім. Әке-шешем кәдімгі еңбек адамдары. Төртінші сыныпты тәмамдаған соң, отбасымызбен Семейге көшіп келдік. Сол кездері айтыс өнері дүркіреп тұр еді. Әсіресе, «Жекпе-жек» айтыстың өрлеп тұрған шағы. Кітапқа, әдебиетке құмар балалардың көбісі үйінде ата-анасымен бірге айтысты көріп өсті…

Read More