Автор: admin

Саясаттанушы Расул Жұмалы Facebook парақшасында қазақша еркін сөйлей алатын шетел азаматының видеосын жариялады. Айтуынша, Иуан Смит есімді австралиялық жігітке екі айда қазақ тілін үйретіп шыққан өзінің ұлы Әли Жұмалы. Әли Алматы қаласында дүниеге келген, 22 жаста. Қазақ мектебін тәмамдаған. «Кезінде ұлдарым Қазақи ортада өскені үшін дипломатиядағы карьерамды тастағаным бар. Әрине, оған басқа да себептер болғанын жасырмаймын. Бүгінде Қазақ мектебін аяқтап Азамат бола бастаған құлындарыма қарап сол шешімім дұрыс болғанын тағы да көріп отырмын. Өмірімдегі ең басты жетістігім осы болар», — деп эазады саясаткер Facebook парақшасында. Расул Жұмалы Иуан Смиттің қазақ тілі сабағын онлайн оқығанын айтады. Ол небәрі екі айдың ішінде…

Read More

Соңғы жылдары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында елімізде республика көлемінде бірқатар мемлекеттік маңызы бар іс-шаралар өткізілгені анық. Осындай қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың халыққа берері мол, өскелең ұрпаққа тигізер пайдасы орасан екені белгілі. Мұндай шаралардың республика көлемінде өткізілуі үлкен маңызға ие. Қазақстан халқының ұрпақтар сабақтастығы, мәдениеті мен салт-дәстүрі, ана тілі, ұлттық идеология, ұлттық және мәдени бірегейлік, ұлттық дәстүрлерді сақтау мен дамыту сынды маңызды мәселелерді көтеруге ат салысатын бірқатар мәдени іс-шаралардың өткізілуі қоғам талап етер заңдылық. Осы бағытта Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету…

Read More

Соңғы күндері әлеуметтік желіде сүйінші сұраған жұрт көп. Оның басты себебі ЖОО-ға грант иегерлерінің тізімі жариялануы. Ата-анасы баласының, ұстазы шәкіртінің сенімді ақтағанын қуанышпен бөлісіп жатыр. Біз жазғалы отырған түлек осы жылдың сәуір айында әлемнің 20 жоғарғы оқу орындарынан шақырту алған. Ал мұны танымал кәсіпкер Айдын Рахымбаев сүйіншілеген еді, — деп хабарлайды Massaget.kz порталы. Жамбыл облысы Мойынқұм ауылының тумасы Азизхан Аяна 2004 жылы қаңтардың оны күні дүние келген. Ол осы ауылдағы М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейде білім алып, 11-сыныпты IQanat High School of Burabay мектебінде білімін шыңдаған. Айта кетейік, бұл мектеп 2020 жылы ашылған және Абай идеяларына негізделген. Онда тек ауылдық жерлерден келген 10-11 сыныптарда…

Read More

Қоғамда ішкі істер органдары қызметкерлерінің жұмысына жиі-жиі сын-ескертпе айтылып жатады. Әрине қоғамда қанша адам болса, сонша ой-пікірдің туатыны заңды. Дегенмен кейде сала мамандарының жұмысына байланысты айтылған жекелеген адамдардың қисынға келмейтін көзқарастары, жалған мәлімдемелері қоғамды адастырып, қарапайым халықтың ойын онға, санасын сан-саққа бөледі. Сондықтан да тыныштығымыздың күзетшісі – полиция қызметкерлерінің қым-қуыт тірлігімен танысып, халықтың көкейіне ұялап қалған күмәнді ойларды сейілту мақсатында Жамбыл облыстық полиция департаментіне арнайы барып, Тараз қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығында бір күнімізді өткіздік. Таңдауымыз неге патрульдік полицияға немесе атты взводқа емес, жедел басқару орталығына түсті дерсіз. Себебі орталық қызметкерлерінің жауапкершілігіне не кіретіні, қандай жұмыстар атқаратыны көпшілікке бәймәлім.…

Read More

Енді санаулы күндерден кейін жаңа оқу жылы басталады. Жаңа оқу жылы жақындаған сайын жауапкершілікте күшейе түсетіні анық. Өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде өткен басқосуда түзеу мекемелеріндегі білім ошақтарының жаңа оқу жылына дайындығы пысықталып, олардың бүгінгі жай-күйі баяндалды. Жиынға департамент бастығының орынбасары Қанат Жарылғапов, Тараз қаласы әкімдігінің білім бөліміне қарасты кешкі мектептің директоры Ақмарал Қошқарова, аталған бөлімнің оқу-кеңес беру пунктінің меңгерушілері Нұрлан Жамашов, Қырғызбай Қалиев және №15 кәсіптік-техникалық колледж директорының міндетін атқарушы Балабек Тоқабаев сондай-ақ түзеу мекемелері бастықтарының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарларымен бөлім басшылары қатысты. Кездесу барысында Қанат Шамарданұлы Конституцияға сәйкес елімізде сотталушының орта білімі жоқ болса, жазасын өтеу мерзімінде оған орта…

Read More

16 жастағы мектеп оқушысы Нұртөре Арынұрұлы елорданың Есіл өзенін тазартқысы келеді және сол үшін ғылыми жоба әзірлеген. Әлеуметтік желілерде астаналықтар жобаны қолдады, ал жас ғалым келіссөз жүргізу үшін Нұр-Сұлтан әкімдігіне шақырылған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы Нұртөре бұл туралы осыдан екі жыл бұрын АҚШ-қа барған кезде ойланғанын айтты. Бірақ ол жобаны құруды биыл мамырда бастаған. «Жазда шомылатын жер іздедік, бірақ Есілден орын таба алмадық, өйткені өзен өте лас және шомылатын орын жоқ, ал қалалық жағажай адамға толы және бос орын аз. Мен бұл мәселені шешкім келді. Ата-анам мені қолдады. Сөйтіп, қабыршақтарды іздей бастадым. Достарыма да жобаның маңызын түсіндірдім, олар да қолдады», -…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Токио Олимпиадасының жүлдегері Елдос Сметовті қабылдады, — деп хабарлайды Vesti.kz  басылымы.  Өңір басшысы спортшының жетістігін жоғары бағалап, жаңа Toyota Camry көлігін сыйға тартқан. Ал, бапкер Ғалымжан Жылгелдиевке бір миллион теңгенің сертификаты табысталды. Айта кетейік, бұған дейін Токио Олимпиадасында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салған дзюдошы Елдос Сметовті қазақстандықтар әуежайда қошеметпен қарсы алған болатын. Сол кезде Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегеріне автокөлік сыйға тартылған еді.

Read More

Қазақстан халқының ұрпақтар сабақтастығы арқылы мәдениетін, ана тілін, ұлттық дәстүрлерін сақтау және дамыту. Дәстүрлерді жаңғырту және ілгерілету мәселесіне, ұлттық және мәдени бірегейлікті сақтауға, сондай-ақ жастарды өз халқының мәдениетіне, халық шығармашылығын қайта жаңғыртуға тарту, оқушылар мен оқытушылардың арасында ұлттық идеялогияны арттыру. Жетістіктің тарихы шарасы Бұл шара аясында Қазақстанның 14 облысы мен үш мегаполисін қамти отырып, еліміздің егемендік алған күнінен бері дүние есігін ашып, мәениет, тіл және ғылым саласында айтарлықтай жетістікке жеткен жастардың портфолиосын жасау. Яғни оның жетістікке қалай жеткені туралы баяндап, Қазақстан халқына паш ету. Әркімнің «жетістік тарихы» әртүрлі, сол себепті онымен сұхбаттасу, ұстазының пікірін алу көзделеді. Осы бағытта республика бойынша…

Read More

Жамбылда биыл 11 білім беру нысаны пайдалануға беріледі. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Биыл 1 қыркүйекте Жамбыл облысындағы 442 мектепке 240 мың оқушы барады деп күтіледі. 22 мыңнан аса бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттамақ. Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Талғат Жамаловтың айтуынша, биыл 23 білім беру нысанының құрылысына 8,9 миллиард теңге қаралған десек, оның 11-і биыл пайдалануға беріледі. Нәтижесінде бір апатты, 3 үш ауысымды, 2 оқушы орын тапшылығы бар, 2 тозығы жеткен мектептің мәселесі шешіледі. Барлығы 16 білім беру нысанын күрделі жөндеуден өткізуге 3,6 миллиард теңге бағытталған. Барлық мектептер бейнебақылау камераларымен…

Read More

Әлеуметтік желіде тұрғындар адамдардың көзінше ит пен мысықтарды атып, қараусыз қалған үй жануарларын мұндай тәсілмен аулаудың адамгершілікке жат екенін айтып дабыл қаққан болатын. Алайда жыл басынан бері 975 адамды ит тістеу фактісі орын алған. Осыған байланысты облыстық ветеринария басқармасы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Облыстағы елді мекендерде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап, жою жұмыстарын ветеринариялық ұйымдар мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес келісім-шарт бойынша іске асырады.Жамбыл облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 52-8 шешімімен «Жамбыл облысында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары» бекітілген. Қаңғыбас иттерді аулау гумандық әдістермен, атап айтқанда, құрық және торларды…

Read More