Автор: admin

Жамбыл облысы Жамбыл ауданында орналасқан «Super Pharm» фармацевтикалық зауыты енді медициналық бұйымдармен қатар, шикізат та дайындалатын болады, — деп хабарлайды Жамбыл облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі. Қазір кәсіпорын жаңа кешеннің құрылысымен айналысуда. Кешен іске қосылғанда ауылшаруашылық, жол, құрылыс заттарынына қажетті шикізаттар нарыққа шығарылады. Қазірдің өзінде өнеркәсіп орнында 650 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жылына мұнда 15 млн дана бірреттік медициналық бұйымдар шығарылады. Жұмысын 2011 жылы 15 түрлі медициналық бұйымдарды өндіруден бастаған зауыт бүгінде 400-ге жуық фармацевтикалық заттарды өзімізге және көршілес мемлекеттерге де экспорттайды. Зауытта тоқылмаған материалдан жасалған бірреттік стерильді емес «Нәрия» медициналық халаттары, хирургиялық киімдер жиынтығы, аса жұқпалы және инфекциялық аурулардан сақтануға…

Read More

13 шілдеде Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған мен Қытай төрағасы Си Цзиньпин телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Халықаралық Түркі академиясының Turkic Weekly апталық дайджестіне сілтеме жасаған turkistan.today порталы.   Әңгімелесу барысында екіжақты қатынастардың жай-күйі мен болашағы, сондай-ақ аймақтық процестер талқыланды. Түркия президенті әкімшілігінің байланыс кеңсесі тараптар сауда, инвестиция, энергетика, көлік және басқа салалардағы қатынастарды дамыту жолдары туралы пікір алмасқанын хабарлады. Президент Ердоған биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың жарты ғасырлық мерейтойын атап өткенін еске салып, Түркияның бұл оқиғаны «терең достық байланыстағы елдерге сәйкес» атап өтуге дайын екенін атап өтті. Түрік лидерінің айтуынша, Анкара мен Пекин халықаралық және аймақтық аренада экономика мен дипломатия…

Read More

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекемесінде халықаралық Нельсон Мандела күніне орай арнайы жиын өтті. Мекеменің тәрбие бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырған басқосуға жазасын өтеушілер де қатысып, адамның тең құқықтарымен демократиялық құндылықтар жолында күрескен Н.Мандела туралы мәліметтерге қанықты. Н. Мандела апартеидке қарсы, адам құқықтарын таптайтын саяси режимге, сондай билікке қарсы күрескен. Сол жолда түрмеге де түсті. 27 жыл өмірін түрмеде өткізген. Соның жартысынан астамында жалғыз адамдық камерада отырған! Соңында бəрібір жеңіп шықты! 1990-жылы түрмеден босатылды. Осылайша ол ендігі бостандықта жүріп, демократиялық құндылықтарды іске асыруды жалғастыра түседі.1993-жылы Нобель сыйлығына ие болады. 1994-жылы болса, ОАР-да алғаш рет демократиялық негізде өткен Президент сайлауында жеңіске…

Read More

13-14 шілдеде Әзербайжанның төрағалығымен «Әлемдік сынақтарға қарсы күрестегі көпжақты күштер ауқымындағы Қосылмау қозғалысы» тақырыбында Қосылмау Қозғалысының министрлік аралық конференциясы өтті. Бұл туралы Халықаралық Түркі академиясының Turkic Weekly апталық басылымына сілтеме жасаған newsroom.kz порталы жазады. Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, конференцияның басты мақсаты қозғалыс мүшелерінің Баку саммитінен кейінгі жаһандық сын-қатерлерге қарсы күресте қол жеткізген жетістіктері және осы бағытта одан әрі жасалатын қадамдарды талқылау болды. Сыртқы істер министрлері деңгейінде 33 елдің өкілі болған конференцияға ҚҚ мүшелері мен бақылаушы елдердің жоғары деңгейдегі өкілдері де қатысқан. Қосылмау қозғалысына үш жылдық төрағалығы 2022 жылы аяқталатын Әзербайжан тарапы Қозғалыстың келесі төрағасы болуы керек Уганда бір жылдан кейін төрағалықты…

Read More

Биыл Жазылбек Қуанышбаевтың туғанына – 125 жыл. Даңқты шопан Мойынқұм ауданына қарасты Көктерек ауылында дүниеге келген. Жуырда Мойынқұм аудандық пробация бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен есепте тұрған сотталған азаматтар аудан орталығындағы Жазылбек Қуанышбаев атындағы мұражайға арнайы барып, өңірдің өркендеуіне сүбелі үлес қосқан еңбек ерінің өмірімен кеңінен танысып қайтты. Жалпы, музейде жинақталған көптеген материалдар өз заманында «Малшылардың маршалы» атанған қара жұмыстың қаһарманының жүріп өткен жолы туралы сыр шертеді. Ал Жазатаның өзі өмірлік тәжірибесі мен түйген ойларын қамтыған «Ұрпаққа ұлағат» атты кітабы баға жетпес құндылық. Мойынқұм аудандық пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері бұл шараны ұйымдастырудағы басты мақсат — екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың…

Read More

Таразда 130 жылдық тарихы бар «Мамыр» саябағы жабайы орманға айналды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibat ақпарат қызметіне сілтеме жасап. Тұрғындардың айтуынша, бірнеше жылдан бері жасыл желек суарылмай келеді. Бүгінде халық тынығатын жерді арамшөп басып, қоқысқа толған. Әуежайдан қалаға әкелетін жол жиегіндегі ағаштар да қурап жатыр. Ал әкімдік өкілдері олар саябақты баптап отырғанын айтады. «Мұнда есірткі пайдаланатын жастар жиі жүреді. Үйсіздер де қонуға келеді. Шөптері күйіп кеткен. Мүлде суарылмайды. Әкімдік бізге саябақты қарап отырғанын айтады», — дейді жергілікті тұрғын Кирилл Бердецкий. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от @aibat_news Ақпарат қызметінің мәліметінше, қала қақпасы мен әуежай жолындағы ағаштар қурап қалған. Жергілікті тұрғын Қасым Сейдуалиевтің…

Read More

Жуырда Мойынқұм ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есе¬бінде тұрғандардың әлеуметтік оңалту мәселелерінің шешу жолдарын қарастыру жөнінде жиын өтті. Басқосуға аудан прокуроры И.Тойшыбеков, аудандық прокуратурасының прокуроры А.Кененбаева және аудандық жергілікті полиция бөлімінің бастығы Т.Абраманов, зиялы қауым өкілі С.Әбіл, аудандық пробация қызметінің еріктісі А.Садуов сондай-ақ, есепте тұрған сотталған азаматтар қатысты. Кездесу барысында ең алдымен есепте тұрған тұлғаларға заңмен немесе сотпен белгіленген міндеттерінің орындалуы кеңінен түсіндірілді. Сотталған азамат егер жаза өтеу тәртіптерін қасақана орындаудан жалтарған жағдайда, жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылатыны тілге тиек етілді. Бұдан бөлек, аталған жиында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық көмек беру, жұмыспен…

Read More

Шу аудандық мәдениет үйінің «Шу» халық театрының негізі 1968 жылы құрылды , театрдың негізін қалаған және режиссеры болып Ермек Құлажанов қызмет жасады. 1978 жылы ұжым «халықтық» атағына ие болды. 1987 жылы режиссер Бірімбетов Омарсейіт «Тірі екенсің махаббат» авторы О.Бодықов, «Апа, апатай» атты көрінісі көрсетілген. 1989 жылы режиссер С.Дәулетқұлова М.Хасеновтың «Пай-пай жас жұбайлар» атты 2 бөлімді комедиясымен «халықтық» атағын қорғады. 1993 жылы режиссер Бақтыбаева Әйгерім С.Жүнісовтың «Жаралы гүлдер» қойылымымен, 1999 жылы режиссер Балтан Қабылбеков М.Хасеновтың «Пай-пай жас жұбайлар» атты 2 бөлімді комедиясымен , 2003 жылы Ш.Досмайловтың «Есірткімен есірген есерлер» қойылымымен «халықтық» атағын қорғады. 2006 жылы 21 маусым күні театр С.Балғабаевтың «Қыз …

Read More

Жамбыл облысында ауылдық округ әкімдеріне кандидаттар ұсыну бойынша нәтижелер белгілі болды. Бір орынға ең көп үміткерлер Жамбыл ауданында. Онда бір орынға 4,2 адам ұсынылды. Ал облыстағы орташа бәсекеге қабілеттілік 3,2 адамды құрады. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов айтты. Оның айтуынша, Жамбылда сайлау процесі басталғаннан бері ауылдық округ әкімдеріне 122 кандидат ұсынылды. Ал 9 шілде ұсыну мерзімі аяқталған күні әр округке екіден көп кандидаттар ұсынылған.Ұсынылған кандидаттардан 76 адам (62%) — саяси партиялардан болса, 46 адам (38%) — өзін-өзі ұсынғандар саналады. «NurOtan» партиясынан 31 кандидат (40,7%), «Ауыл» ХДПП – 16 кандидат (21,0%), «Ақ жол» ҚДП…

Read More

Тарихты күймен тәпсірлеп, танымды жырмен тасқындатқан тұлғаның бірі — дәулескер күйші Әбдімомын Желдібаев. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, күйші-композитор Желдібаевтың бір ғана «Ерке сылқым» күйі қазақтың тұтас дәуір келбеті деуге болады.  1934 жылы 15 қазанда Жамбыл облысы Шу ауданында дүниеге келген күйшінің өнер туындысы жарты ғасырға жуық тылсым да терең әуезімен әлдилеп келеді. Жалындаған ой мен сырлы сезімнің жауһар же­місі «Ерке сылқым» туралы халық жазушысы Шерхан Мұр­таза «Әбдімомынның «Ерке сылқымы» — қазақ өнерінің алтын қорында мәңгі сақталатын қанатты туынды» деп жоғары баға берген екен. Шынымен де «Ерке сылқым» — елдің қазынасына айналған ерекше музыка, ерен құбылыс. Әбдімомын…

Read More