Author: admin

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов өңірдегі бір топ зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Кездесуде аймақ басшысы алдымен облыстың мәдени-рухани саласында атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталып, алдағы жоспарлар туралы жеткізді. Сондай-ақ, ағымдағы жылы бірқатар белгілі тұлғалардың, қабырғалы қаламгерлердің мерейтойы екендігін, оны лайықты түрде атап өту бойынша іс-шаралар жоспары әзірленгенін айтты. Облыс әкімі жиналғандардың ой-ұсыныстарын тыңдауға дайын екенін білдіріп, олардың пікірлері барынша ескерілетінін атап өтті. Алдымен сөз алған ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының облыстық филиалының төрағасы Хамит Есаман аға буын ақын-жазушылардың мерейтойларын жоғары деңгейде атап өтудің маңыздылығын тілге тиек етіп, жас қаламгерді де қолдау, кең көлемдегі әдеби шараларды өткізу бойынша ұсыныстарын білдірді. Аймақ басшысы…

Read More

2022 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша, цифрлық майнинг бюджетке 652 миллион теңге әкелді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап цифрлық майнинг үшін төлемақы енгізілді. Оны цифрлық майнинг саласында қызметін жүзеге асыратын тұлғалар тұтынылған электр энергиясының нақты көлеміне қарай төлейді. Төлемақы сомасы тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей төленеді. «Еске салайық, Салық кодексінде цифрлық майнинг үшін төлемақы бойынша салық есептілігін тапсыру көзделмеген. Төлемақы сомасы электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін 1 теңге мөлшерінде есептеледі», – делінген хабарламада. Ақпарат бойынша, цифрлық майнинг үшін төлемақы еліміздің 12 аумағынан түскен: Нұр-Сұлтан қаласы…

Read More

Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан мен Әзербайжан ойыны алдында жанкүйерлерге үндеу жариялады, – деп хабарлайды Vesti.kz. «Құрметті жанкүйерлер! Қазақстан футбол федерациясы УЕФА Ұлттар лигасында Молдовамен өткен ойында біздің құрамаға көрсеткен қолдауларыңыз үшін жанкүйерлерге алғыс білдіреді. Осы матчта жанкүйерлердің трибунадан заттарды лақтырғаны және алаңға жүгіріп шыққаны үшін УЕФА тарапынан Қазақстан футбол федерациясына 19 250 еуро көлемінде айыппұл салынды. Мұндай әрекеттер жалғасатын болса, УЕФА ұлттық құраманың ойындарына одан да қатаң талап қоюы ықтимал. Мәселен, ұлттық құраманың ойындарына жанкүйерлерді қатыстырмау туралы шешім шығаруы мүмкін. Сол себепті алдағы ойындарында қолдаудың жоғары әрі мәдениетті деңгейін көрсетуге шақырамыз. Түсіністік танытқан әр жанкүйерге ыстық ықыласымызды білдіріп, ұлттық құраманы әрқашан…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевты қабылдады, – деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысына өңірлерде атқарылып жатқан жұмыстар туралы, Президенттің бастамалары мен саяси реформаларын халықтың кеңінен талқылап жатқаны туралы мәлімет берілді. Бердібек Сапарбаев өзі қызмет атқарған Жамбыл облысында орындалып жатқан Президент тапсырмаларының нәтижелерін кеңінен баяндады. Соның ішінде азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға, қоғамның ынтымағы мен бірлігін нығайтуға бағытталған «Асар», «Туған жерге тағзым», «Жомарт түлек» және «Бейбітшілік пен келісім» атты жобалар жайлы айтылды. Сонымен қатар, Жамбыл өңірінде жүзеге асырылған пилоттық жоба туралы мәлімет берілді. Бұл бастамалар әрбір отбасының өзін-өзі асырауына жағдай жасауға негізделген. Бердібек Сапарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа қуаңшылық жағдайында ауыл шаруашылығын әлсіретіп…

Read More

Жамбыл облысында түлектер отырған кортеж жүргізушілеріне айыппұл салынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әлеуметтік желілерде автомобиль терезелерінен шығып, көңіл көтерген түлектердің видеосы тарады. Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізу барысында Тұрар Рысқұлов ауданында, мектеп бітірушілер мінген кортеж жол ережесін бұзғандығы туралы видеоларын анықтады. Жол патрульдік полиция тобының қызметкерлерімен «Toyota Land Cruiser Prado», «Audi 80», «BMW 735», «VAZ 210540» және екі «Toyota Camry» маркалы көліктердің жүргізушілері ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы «жолаушылар мен жүктерді тасымалдау жөніндегі талаптарды сақтамау» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от @kris.p.taraz +21TARAZ🇰🇿🚔🔝 (@kris.p.taraz)

Read More

 Тараз қаласының екі тұрғыны кірген бір топ адамдар алдын ала сөз байласып, 2021 жылдың маусым айынан бастап облыс орталығындағы зауыттардың бірінен мыс кабелін жасырын түрде ұрлаған. Ұрланған кабельдің метражы жалпы 240 метрдей болды, материалдық шығын 12 миллион теңгені құрады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша  (бөтеннің мүлкін жасырын түрде аса ірі мөлшерде, қоймаға заңсыз кірумен жасалған) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Істің барлық күдікті тұлғалары ұсталып, кінәсін толық мойындаған.

Read More

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Меркі ауданының тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелелері бойынша қабылдаулар өткізді. Басқосуға облыстық құқық қорғау органдарының басшылық өкілдері де қатысты. Аймақ басшысы алдымен Сарымолдаев ауылындағы №9 В.Савва атындағы жалпы білім беретін мектебінде жергілікті тұрғындармен кездесті. Жиында аталған ауылдық округтің әкімі Сабит Бабижановтың есебі тыңдалды. Ол ауыл шаруашылығы, білім, әлеуметтік және тағы басқа салалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады. Облыс әкімі округ әкімінен жайылым, қоқыстарды тазалау секілді бірқатар мәселелердің шешілу барысын сұрап, қанағаттанарлық жауап ала алмады. Ауылдағы әр ауланың ахуалы бойынша талдау жұмыстарының әлі…

Read More

Мемлекет басшысы жариялаған Балалар жылына арналған іс-шаралар жоспары аясында 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Таразда «Бақытты болашақ» оқушылар сарайының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға Ресей Федерациясы мен еліміздің барлық өңірінен келген педагогтар қатысты. Жаңа нысанның ашылу рәсіміне жиналғандар алдымен жаңа ғимаратты аралап, танысты. Фойеде оқушылардың ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстары қойылған көрме ұйымдастырылды. Қонақтар робототехника, 3D-модельдеу, авиамодельдеу, кеме модельдеу, қазақ және қазіргі заманғы сәндік-қолданбалы өнер, ландшафтық дизайн кабинеттері мен сәулет және дизайн мектебін, коворкинг-орталықты, обсерваторияны және планетарийді аралап көрді. Жаңа оқушылар сарайында барлығы 81 үйірме жұмыс істейтін болады. Оқушылар сарайының ашылуына орай мектептен тыс ұйымдардың бейіні бойынша педагогтар…

Read More

Жамбыл облысының аумағында балықтың уылдырық шашу кезеңінде браконьерлік деректерін болдырмау және оның жолын кесуге, сондай-ақ балық пен балық ресурстарын заңсыз аулауға, тасымалдауға және сатуға байланысты құқық бұзушылықтар мен экологиялық қылмыстардың алдын алуға және анықтауға бағытталған «Уылдырық» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Жамбыл ауданының табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Билікөл көлінде орын алған браконьерлік дерегін анықтады. Электр тогының көмегімен балықты заңсыз аулаған 36 және 18 жастағы Жаңаөткел ауылының тұрғындары ұсталды. Тексеру кезінде ұсталғандардан 50 келіден астам ауланған балық пен қолдан жасалған балық аулайтын электр қармақ тәркіленді. Күдіктілердің пайда табу мақсатында қылмыс жасағаны анықталды. – Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 335-бабының 1-бөлігі «Балық ресурстарын,…

Read More

Жамбыл облысындағы «Қазфосфат» ЖШС өзіне қарасты «Көктал» емдеу-сауықтыру кешенін биыл қайта жаңғыртты. Мұндағы қайта жаңғырту, күрделі жөндеу жұмыстарына 370 миллион теңге қаржы жұмсалыпты. Мұның ішіндегі 100 миллион теңгеге жуығына медициналық жабдықтар алынған. Биылғы 10 ақпанда басталған құрылыс жұмыстары 10 мамыр күні аяқталып, жуырда емдеу-сауықтыру кешені жұмысын қайта бастады. Кешен Талас ауданының орталығы Қаратау қаласынан 12 шақырым қашықта орналасқан. Ол жоғары деңгейдегі емдеу базасы бар және сауығу мен тынығуға барлық қолайлы жағдайы жасалған көпбейінді санаторий. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Талғат Мамаев аталған кешенге барып, оның жұмысымен танысып, ондағы емделушілер мен қызметкерлердің тыныс-тіршілігін көріп қайтты.Талғат Шариұлы алдымен кешеннің негізгі нысандарының бірі саналатын…

Read More

Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік барысында ұрланған қарудың орналасқан жерін анықтау бойынша күн сайын іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері облыс орталығының аумағында 4 қару, 2 граната, патрон, электрошокер, штык-пышақ тауып, тәркіледі. Табылған қарулар арасында оқжатары бар Калашников автоматы, «ТОЗ-БМ» маркалы екі ұңғылы аңшылық мылтығы, «EKOL Special 99» маркалы травматикалық тапаншасы, Макаровтың тапаншасының оқжатары, «ГСЗ» маркалы 2 граната, «ЭШУ-200» 2 электршокері, штык-пышақ, 9 мм калибрлі 40 патрон, бос калибрі 16 мм гильзалар табылды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлері және қатысушыларымен кездесті. Кездесуде аймақ басшысы аталған байрақты бәсекеде ел намысын лайықты қорғап, нәтижелі өнер көрсеткен жамбылдық спортшыларды құттықтап, ризашылығын жеткізді. Айта кетейік, ағымдағы жылдың 1 – 15 мамыр аралығында Бразилияның Кашиас-ду-Сул (Бразилия) қаласында өткен XХІV (24) жазғы Сурдлимпиадалық ойындарында Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасының 65 спортшысы спорттың 9 түрінен ел намысын қорғады. Оның ішінде 13 спортшы Жамбыл облысынан аттанған болатын. Жалпы медальдік есепте 73 елдің арасында Ұлттық құрама 13-орынға тұрақтаса, жамбылдық спортшылар ел қоржының 11 медальмен толықтырған. Облыс әкімі өз сөзінде спортшылардың жетістігін, елеулі еңбегін, олардың жаттықтырушыларының да зор үлесін айрықша атап…

Read More

25 мамырда Тараздағы Тәуке хан көшесінде орналасқан «Қазақ хандығы» монументінің маңында Lexus көлігі каналға түсіп кеткен. Тізгінде 17 жастағы оқушы болған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Instagram-дағы taraz_police паблигіне сілтеме жасап. Полиция мәліметінше, сақтандыру полисіне сәйкес автокөлік құралын жүргізген 21 жастағы Lexus жүргізушісі таныс түлектермен бірге бітіру кешін атап өту үшін «Қазақ хандығы» монументіне келген. «Осы құқықбұзушылық үшін кәмелетке толмаған оқушы ата-анасының қатысуында ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-бөлігі («Көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адамның басқаруы») бойынша әкімшілік жазаға тартылған. Түлектің ата-анасына 20 АЕК (63 600 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізілді», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Read More

Таразда «Коммуналдық меншік объектілерін жалға беру орталығының» бұрынғы директоры мемлекетке тиесілі жалпы құны 300 миллион теңге болатын бес нысанды өз туыстарына заңсыз тіркеген, – деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы. Телеарнаның мәліметінше, ол қызметтік бабын пайдаланып, төрт ғимарат пен бір жер телімін туыстарына беру туралы заңсыз бұйрықтар шығарған. Артынша мүлікті өз атына рәсімдеп, бес нысанның екеуін сатып, қалғанын интернет арқылы саудаға қойған. Облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты құжаттарды жарамсыз деп танып, ғимараттар мен жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды. Ал мемлекеттік қызметкер тоғыз жылға сотталып, мемлекеттік органдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айырылды. «Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Бақтыбаев 189-баптың 4-ші және 2-тармағымен кінәлі деп…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Байзақ ауданындағы №6 орта мектебінің«Соңғы қоңырау» шарасына қатысты. «Түлек 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі» тақырыбында ұйымдастырылған салтанатты жиынында аймақ басшысы оқушылар мен түлектерді, ұстаздар мен ата-аналарды кезекті оқу жылының аяқталуымен құттықтады. – Бүгін облыстағы 480 мектепте 244 мыңға жуық оқушы оқу жылын табысты аяқтап отыр.Биыл 11 мыңнан аса оқушы алтын ұя мектептерімен қоштасуда, оның 490-ы «Алтын белгіге» үміткер. Оқушыларымыз халықаралық, республикалық пән олимпиадасы мен ғылыми жобалар жарысында жақсы нәтижелер көрсетуде. Жыл басынан бері халықаралық деңгейде 43, республикалық деңгейде 139 медаль иеленді.Ағымдағы жылдың ақпанында республикалық ғылыми жобалар байқауында облыс командасы «Ең үздік команда» атанып, 13-ші жыл…

Read More

Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінің ұйымдастыруымен «Болашақ» стипендиаттары Дж.Вашингтон университетінде қазақ мәдениетімен таныстырды. АҚШ астанасында орналасқан Дж. Вашингтон университетінде Орталық Азия бағдарламасының 10 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жібек жолы фестивалі» өтті. Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігі мен Абай орталығы қазақ мәдениетінің көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде қазақ ұлттық аспаптарының сүйемелдеуімен халық әндері орындалып, Абай орталығының жұмысы таныстырылды. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Yertay Sultan (@yertaysultan) «Болашақ» стипендиаты, Абай орталығының координаторы Ертай Сұлтан мәдени іс-шараны жүргізіп, қонақтарға қазақтың халық әні «Бір баланы» орындады. Әнді бағдарламаның тағы бір стипендиаты Қазына Асанқызы қобызбен сүйемелдеді. Ұлттық мәдениетімізді, салт-дәстүрлерімізді насихаттауды мақсат тұтқан іс-шараға 200-ден астам қатысты. Посмотреть…

Read More

Екінші орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес (57-2-2, 39 КО) қыркүйекте қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) үшінші жекпе-жегін өткізеді, – деп хабарлайды Vesti.kz. Трилогия 17 қыркүйекте екінші орта салмақ дәрежесінде өтеді. Мексикалық боксшы абсолют чемпион титулын алғашқы рет қорғайды. «Ресми. 17 қыркүйекте кездескенше», – деп жазды Головкин. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Gennadiy Golovkin | GGG (@gggboxing) Еске салайық, Головкин мен Альварес бұған дейін Лас-Вегаста екі рет жұдырықтасқан – 2017 жылы боксшылар тең түссе, 2018 жылы Канело төрешілер шешімімен жеңген болатын. GGG кейінгі жекпе-жегін сәуірде жапониялық Риота Муратаға қарсы өткізіп, 9-раундта техникалық нокаутпен жеңген еді. Ал Канело…

Read More

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте алдымен жергілікті атқарушы органдардың тұрғындармен кері байланыс мәселесі қаралды. Ол бойынша облыс әкімінің кеңесшісі Нұрмухаммед Ниязбеков, баспасөз қызметінің жетекшісі Данияр Асқарұлы, «Жамбыл облысы бірыңғай диспетчерлік қызметі» КММ-нің басшысы Бақкелді Тұрсынбектің баяндамалары тыңдалды. Олар түскен өтініштерге басшылардың жауап беру көрсеткішіне, әлеуметтік желідегі белсенділіктеріне, жауаптардың сапасына қатысты жан-жақты талдаулар нәтижесін ұсынды. – Біз Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасын жүзеге асыруға тиіспіз. Бұл мәліметтер сіздерге қазір ескерту ретінде айтылып отыр. Кемшіліктерді реттеп, кері байланыс бойынша жұмыстарды реттеңіздер. Тұрғындардың өзекті өтініштері ескерусіз қалмауы керек. Сапалы әрі уақытылы жауаптар беріліп, мәселелер назарға алынуы қажет.Алты…

Read More

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті. Кездесу барысында өңірдегі діни ахуал сөз болып, дін қызметкерлерінің білімін жетілдіру, оларға әлеуметтік қолдау көрсетудің маңызы талқыланды. Сонымен қатар жастар арасында діни оңалту жұмыстарын жүйелі жүргізу мәселесіне де көңіл бөлінді. Облыс әкімі ізгілік жолындағы бастамалар мен игі қызметте жүрген имамдарды қолдау ортақ іс екенін жеткізді. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қоғамдық келісім, татулық, тұрақтылық – ел дамуының негізі екендігін баса айтып, осы тұрғыда жұмыла жұмыс жасаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен Тараз қаласында «Тараздан шыққан діни тұлғалар. Профессор Насрулла Таразидің туғанына 100…

Read More

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде «кредиттік рақымшылық» жасалды және халықтың қарыздары есептен шығарылды-мыс деген дәйексіз ақпараттың белсенді түрде таратылып жатқандығын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Мемлекет басшысының 2019 жылғы 26 маусымдағы Жарлығын орындау үшін қабылданған «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға бөлінген қаражатты пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 15 шілдедегі қаулысына қатысты үш жыл бұрынғы ақпарат бар 2019 жылғы бейнеролик таратылуда. Осы Қаулы шеңберінде көмек 2019 жылғы қыркүйектен бастап 2020 жылғы сәуір аралығында көрсетілді. Нәтижесінде 577,7 мың азамат үшін жалпы сомасы 120,5 млрд теңге болатын берешекті есептен шығару рәсімі жүргізілді.ҚР Қаржы нарығын реттеу…

Read More

Облыстағы құрылыс жұмыстарындағы жобалау, жоспарлау және үйлестіруге қатысты бірқатар мәселер бойынша жұмыс тобы құрылатын болды. Ол екі апта ішінде мәселелерді шешу бойынша нақты ұсыныстар әзірлейді. Бұл туралы облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен жиында айтылды. Басқосуда құрылыс саласында атқарылып жатқан жұмыстардың есебі тыңдалды. Аталған басқарма басшысы Ерлан Орынбаевтың айтуынша, түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында ағымдағы жылы өңірде 203 жоба бойынша құрылыстар жүзеге асуда. Оның 152-сі жыл соңына дейін аяқталмақ. Баяндамашы білім, денсаулық, спорт, мәдениет, тұрғын үй және тағы басқа салалар бойынша жеке-жеке тоқталып, жобалардың орындалу барысына назар аудартты. Айталық, қазіргі таңда білім саласы бойынша 23 нысанның құрылысы жүргізілуде десек, оның 18-і…

Read More

Қазақстандық автобизнес қауымдастығының өкілі Қайрат Еламанов жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша көбіне қандай көліктер таңдалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі. 8 мың көлік резервте тұр. Олардың көбі Chevrolet, өйткені соңғы айларда ол ең танымал бренд болды. Кейінгі орындарда Hyundai, Kia, Jac және «Лада» тұр.Қайрат Еламанов Қазақстан автобизнес қауымдастығы өкілінің айтуынша, қазір зауыттар өндіріс көлемін арттырып жатыр. Жалпы, дилерлік орталықтарға жеткізу апта сайын жүргізіледі. Алғашқы күндері Hyundai зауыты автосалондарға бірден брондалған 1,8 мыңнан астам автокөлікті берді. 2,5 мыңнан астам көлік жеткізу жоспарланды. Шілде айынан бастап Hyundai-ға ай сайын 4 мыңнан астам көлік жеткізіледі. «СарыарқаАвтоПром» компаниясының мәліметінше, модель желісі 32-ден астам автокөліктен…

Read More

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Мәди Мейірбекұлы Мәтен Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов аппараттың жаңа басшысын қызметкерлерге таныстырып, өңірдің өркендеуі жолында аянбай еңбек ететініне сенім білдіріп, бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Мәди Мейірбекұлы 1984 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданында туған. 2004 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2004 жылы «Жаңа өмір – Новая жизнь» газетінің редакциясында фототілші болып бастаған. Әр жылдары Жуалы ауданы әкімі аппаратында бас маман (2005-2011), бөлім жетекшісі, Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас инспекторы (2011-2012), ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы (2012-2017), Жамбыл…

Read More

Жолдың жайын жүрген біледі. Елді мекендерді бір-бірімен байланыстырып, қайнаған тынымсыз тіршілікке нәр беріп жатқан күре жолдың қадірін, оның бейнетін жолаушыдан артық білер жан бар ма? «Дамуға бет алған ел бірінші жолын жөндеуі тиіс» деген сөз тегін айтылмаса керек. Иә, жол салу үйге «пол» салу емес. Ерте көктемде қамданбағандар, қар жауғанда көше-көшеге асфальт төсеп, қысты күні дірдектеп, жанталасып жүргендерді де талай көргенбіз. Ал біз сөз еткелі отырған «Құлан жолдарының» жұмысшылары биыл уақытпен санаспай жұмыс істеп жатыр екен. Нәтижесінде жоспарды 70 пайызға дейін орындап үлгеріпті. Жол құрылысы саласындағы мекемелерде қызметтің барлық сатысынан өтіп, тоқырау дәуірінде басшы ретінде ұжымды ыдыратпай сақтап қалған марқұм…

Read More

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов мәдениет және өнер қызметкерлерімен кездесіп, кәсіби мерекелерімен құттықтады. Белгілі мәдениет қызметкерлеріне «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілерін, облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын табыс етті. Кездесу жылы шырайлы әңгімеге ұласты. Аймақ басшысы өнер адамдары үлкен құрметке лайық екенін баса айтты. – Сіздердің жұмыстарыңыз өзіндік ерекшеліктерге толы. Кез келген адамның қолынан келе бермейді.Еліміздің рухани тірегі – ұлттық құндылықтарымыз, мәдениетіміз, әдебиетіміз болса, Сіздер өнеріміз бен мәдениетімізді, ғасырлар бойы атадан балаға мұра болған асыл қазынамызды өскелең ұрпаққа жеткізу жолында аянбай еңбек етіп келесіздер. Сіздерге еліміздің, облыстың мәдениетінің дамуы жолындағы елеулі еңбектеріңіз бен белсенділіктеріңіз, облыс халқына өз шығармашылықтарыңызбен қолдау көрсеткендеріңіз үшін…

Read More

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Жуалы ауданының тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелелері бойынша қабылдаулар өткізді. Аймақ басшысының ауданға жұмыс сапары барысында ұйымдастырылған басқосуға облыстық құқық қорғау органдарының басшылық өкілдері де қатысты. Алдымен аудан орталығы саналатын Б. Момышұлы ауылының тұрғындарымен кездескен Нұржан Нұржігітов қысқаша ғана округ әкімінің есебін тыңдады. Ауылда 14739 тұрғын тұрады. Барлығы 3 мыңнан астам аула бар. – Әр аула бойынша талдау болу керек. Тұрақты табысы жоқ отбасылардың мәселесін шешу бойынша жоспарлы-ұсыныстар әзірлеу қажет.Біз қалай болғанда да бюджет қаражатын тиімді игеруге тиіспіз. Бірақ соған қарап жұмысымызды бағалау жеткіліксіз. Өйткені, ол…

Read More

Таразда ер адам 57 жастағы әйелді пышақтап өлтіріп, үйін өртеп кеткен. Күдікті терезеден қашып бара жатқан кезде ұсталған, – деп хабарлайды КТК телеарнасы. Телеарна мәліметінше, оқиға 18 мамырда түнгі 00:00 шамасында болған. Куәгерлердің сөзінше, ішімдікке сылқия тойған 32 жастағы жергілікті тұрғын азаматтық некедегі күйеуі бар әйелдің үйіне келіп мазасын алған. Сол жерде жанжал туындап, арты төбелеске ұласыпты. Күдікті әйелді пышақтап өлтіріп, күйеуін жаралған. Қаза тапқан кісінің кәмелетке толмаған екі қызы қашып үлгеріп, полицейлерді шақыртқан. Ал күдікті қылмысын жасыру үшін үйді әдейі өртеп ізін суытпақ болыпты. Бірақ терезеден сытылып шығамын дегенде ұсталып қалған. 32 жастағы ер адам бұған дейін екі рет сотты болған. «Қылмыстық…

Read More

Жамбыл облысында 3-сынып оқушыларын зорлау оқиғасы тергеліп жатыр, – деп хабарлайды КТК телеарнасы. Телеарна мәліметінше, Шу ауданының 30 жастағы тұрғыны тоғыз жастағы екі жеткіншекті ұзақ уақыттан бері зорлап келген. Үшінші сынып оқушыларына азғындық жасады деген күдікті ұсталып, қамауға алынды. Ал тергеуде анықталғандай, оқиға наурызда қараусыз қалған ғимаратта болған. Оқиға туралы зардап шеккендердің бірінің анасы хабарлады. Оның тоғыз жастағы ұлы ауруханаға түскен, сол кезде дәрігерлер бала ауыр жарақат алғанын анықтаған. Күдікті балаларды ата-анаңа күш көрсетемін деп қорқытқаны анықталды. Шу ауданының тұрғындары ұсталған ер адам жергілікті мешіттердің бірінде имамның көмекшісі болғанын айтып отыр. Бірақ бас имам бұл деректі жоққа шығарып, қоластында ондай қызметкер мүлдем…

Read More

2022 жылдың 4 мамыр күні  Қазақстанда, Тараз қаласында ASPARA FASHION WEEK  жобасы аясында аралас режимде «Қазақтың ұлттық киімі және әлемдік көзқарас» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, онда  Голландия, Ресей, Кувейт, Татарстан, Түркия, Германия, Франция, Ұлыбритания, Швеция, Венгрия, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен  және Қазақстаннан 30-дан астам қатысушылардың  баяндамалары талқыланды. Оның үстіне қатысушылар легі сол елде тұратын этникалық қазақтар. Біз көшпенділер киімінің ежелгі дәстүрлерін құрметтеп және қастерлеп сақтаймыз. Дегенмен, оны өскелең ұрпақ арасында насихаттап, күнделікті өмірде сақтау үшін, басқа елдердің дизайнерлерінің шығармашылық көзі ретінде пайдалану үшін оны заманауи өмір салты тұрғысынан мақтаныш және практикалық мәселеге айналдыруымыз керек. Бұл өте  өзекті тақырып,…

Read More

Жамбыл облысында белгісіз ер адамдар полицейлерге шабуыл жасаған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 2022 жылдың 7 мамырына қараған түні Шу аудандық полиция бөліміне белгісіз бір топ адам полицейлерге шабуыл жасағаны туралы хабарлама келіп түскен. Патрульдік полиция қызметкерлері Шу қаласындағы вокзал маңында ВАЗ-21014 маркалы автокөлігін мемлекеттік нөмірі болмаған соң тоқтатқаны анықталды. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от @zhambyl_police «Оқиғаның мән-жайы анықталған кезде автокөліктің жүргізушісі мен жолаушылары полицейлердің заңды талаптарына бағынбай, басқа таныс азаматтармен бірге билік өкілдеріне қарсылық көрсетті. Осы дерек бойынша Шу аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 380-бабы 1-бөлігі «Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану» бойынша…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «Қоғамдық қабылдау» кеңсесі тобының мүшелерімен кездесті. Аймақ басшысы қаңтар оқиғасынан кейін қоғамның және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі жанынан құрылған «Қоғамдық қабылдау» кеңсесі тобының маңыздылығын атап өтті. Топ мүшелеріне үлкен жауапкершілік артылғанын жеткізіп, атқарылған жұмыстар бойынша есептерін тыңдады. 29 адамнан тұратын 9 топ Тараз қаласы мен Т.Рысқұлов, Байзақ, Жуалы, Жамбыл аудандарына бекітілген кестеге сәйкес тиісті жұмыстар жүргізген. Бұл туралы айтқан топ жетекшісі Қасымхан Төлендиев Қоғамдық қабылдау кеңсесінің жұмысы өз тиімділігін көрсеткенін хабарлады. Ол Қаңтар оқиғалары кезінде ұсталғандар мен олардың жақындарымен кездесулер ұйымдастырылғанын, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, психологиялық, құқықтық және…

Read More

Облыстық мәслихаттың кәсіпкерлікті қолдау, құрылыс, көлік және коммуналдық салаларды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының алтыншы отырысы өтті. Тұрақты комиссия отырысына комиссия мүшелері, Жамбыл облысы жергілікті полиция қызметінің басшысы, «Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы, «QazAvtoJol» ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры, Жуалы, Жамбыл, Байзақ, Сарысу және Меркі ауданы әкімінің орынбасарлары қатысты.Күн тәртібінде қаралған мәселелердің бірі — «Жергілікті автомобиль жолдарының жайы және оны жақсарту шаралары туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы №47-5 шешімінің орындалуы туралы» болды. Бұл бойынша, 2021 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып, 2022 жылдың жоспару туралы баяндама жасадым. Келесі мәслихат сессиясына республикалық бюджеттің нақтылауында…

Read More

Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Ақорда сайты. «Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалсын», – делінген Жарлықта.Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы 1967 жылы туған. 2019 жылдың тамызынан бастап Байзақ ауданының әкімі қызметін атқарған.1991 жылы Ленинград ауыл шаруашылығы институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша, 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құрметті профессоры.Еңбек жолын 1991 жылы Жуалы ауданы, Горький атындағы колхозда механизатор болып бастаған.

Read More

Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі лауазымынан босатылды, – деп хабарлайды Ақорда сайтына сілтеме жасап. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада. Еске салайық, 2020 жылдың ақпанынан бері Жамбыл облысының әкімі қызметін Бердібек Сапарбаев атқарған болатын.

Read More

Жауынгерлер Жамбыл облысындағы әскери қоймада қалып қойған қауіпті оқ-дәрінің көзін жояды. Қорғаныс министрлігі бұл үшін әлгі қойма аумағына арнайы пештердің орнатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Кейбір снарядтарды арнайы жабдықталған алаңға шығарып жарып жіберу көзделген. Министрлік өкілдері сол маңдағы елді мекен тұрғындарына еш қауіп төнбейді деп сендірді. Ең жақын ауылдың өзі бір жарым шақырым қашықтықта орналасқан дейді. Сондықтан бұқараның алаңдауына еш негіз жоқ дейді. Оқдәріні ашық алаңда жою жұмыстары басталған кезде тұрғындарды хабардар етпек. Айта кетейік, былтыр тамыз айында Жамбыл облысындағы әскери қойма жарылған еді. Апаттан 17 адам қаза тапқан. Тағы бір адам сол күйі із-түзсіз жоғалып кетті.

Read More

Цирк жанында өтіп жатқан акцияны ұйымдастырушылар елорда әкімдігінің рұқсатын алған. Zakon.kz тілшісінің мәліметінше, акцияға бірнеше ондаған адам қатысуда. Наразылық акциясына қатысушылар арасында жастар көп, бірақ аракідік қарт адамдар да, балалар да кездеседі. Сурет: Zakon.kz Демонстрантқа шығушылардың талаптары – әлеуметтік желілерге деген емін-еркін қолжетімділік және пікір білдіруге мүмкіндік беру. Сурет: Zakon.kz Сурет: Zakon.kz

Read More

101 тонна бекіресі қырылып қалған Атыраудағы «Луговой жылқы зауытына» тағы қауіп төнді. Балықшылар ақпан айының аяғында екі күн бойы су бетінде май тәріздес сұйықтықтың қалқып жүргенін байқаған. Іле-шала алынған сынамадан су құрамында екі есе көп хлорды анықтапты, – деп хабарлайды Астана арнасы. Зауыт басшылығы ол кезде балықтардың судың тереңінде, яғни «қыстақта» болғанын айтады. Егер жағдай қайталанса, бағалы балықтарды өлтіріп аламыз ба деп алаңдаулы. «Біз кеше «қыстақтан» көтердік. Ол дегенің балық судың бетінде жүреді. Ол маймен балық өзіне суды алатын болса, тағы проблема болуы мүмкін. Қырылып қалу қаупі бар. Жасыратын ештемесі жоқ. Біздің өзіміз тапсырған кезде хлордың мөлшері екі есе көп болды», -…

Read More

Таразда мейрамханадан шығып, сол күйі үйіне оралмаған ер адамның арықтан табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 26 наурыз күні болған. «Түнгі сағат 3.30 шамасында Тараз қаласының тұрғыны 102 нөміріне хабарласты. Ол түн ортасы кезінде мейрамханадан шығып, үйіне оралмаған әкесі 1945 жылы туған Құрсатбек Бақбергеновті табуға көмек сұрады.Мән-жайды анықтау барысында Қ. Бақбергеновтің 25 наурыз күні әйелімен бірге «Сәтті» мейрамханасында өткен шараға келгені анықталды.Келесі күні таңертең сағат 08:20-да полицияға жедел жәрдем көлігінен Бақбергеновтың мәйіті Алчовая көшесінің бойындағы каналдан табылғаны туралы хабарлама келіп түсті», – делінген ПД хабарламасында. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.…

Read More

Алматы облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Александр Лисиченко Zakon.kz тілшісіне бомба қойылғаны туралы жалған қоңырау үшін қандай жаза бар екенін айтып берді. Жауапкершілікке келетін болсақ, ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабына сай жауапкершіліктің ең қатаң шарасы – бес жылға дейін бас бостандығынан айыру. Дегенмен айыппұл түріндегі балама жаза да бар.Алматы облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Александр Лисиченко Заң бойынша мұндай әрекеттер үшін айыппұл мөлшері 5 000 АЕК (немесе 15 315 000 теңге) көлемінде. Онымен қоса жалған хабарламаларға әрекет жасау кезінде кеткен мемлекеттік шығындарды өтеу бар. Ол – бөлек әңгіме. Ол дегеніміз: арнайы қызметтің сол орынға баруы, кез келген құқық қорғау органдарының жеке құрамының тартылуы.…

Read More

Мұндай мәліметпен британдық басылымға бункер мен паналаушы орын сияқты қорғаныс құрылымдарын салуға маманданған rising S компаниясының басшысы Гари Линч бөліскен, деп хабарлайды Zakon.kz. Сұраныстың артынуа, негізінен, геосаяси тұрақсыздық себеп екені айтылады, деп хабарлайды РИА Новости. Линч наурыз айында өз компаниясының бункер сатып алғысы келетіндерден үш мыңнан астам сұраныс келіп түскенін айтты. Ақпан айында ғана компания жүз өтінімді тіркеген. Бункерлердің құны 70-тен 240 мың долларға дейін (32 млн-113 млн теңгеге дейін) барады. Бизнестің осы саладағы басқа да кәсіпкерлері сұраныстың артқанын растайды. Сонымен қатар, интернетті пайдалана отырып, өздігінен бас сауғалайтын орын салып алуды жөн көргендер де пайда болған. Америкалықтардың мамандандырылған ресурстарында «ядролық», «радиацияға…

Read More

Оқ-дәрі бөлшектері арнайы жабдықталған жер асты пештерінде өртеледі. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасы аумағында оқ-дәрі қалдықтарын жоюға арналған құрылғылар жабдықталған. Барлық жұмыстар қауіпсіздік нормалары мен талаптарын қатаң сақтай отырып ұйымдастырылды. Жергілікті тұрғындар мен маңайдағы шаруа қожалықтарына төнетін қауіп жоқ. Оқ-дәрі қоймасындағы оқиғалардың салдарын жою жұмыстары туралы ақпараттандыру жүргізіліп, жергілікті тұрғындарға алдын ала хабарланды.ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Министрлік өкілдерінің мәлімдеуінше, инженерлік оқ-дәрілердің бір бөлігін арнайы жабдықталған алаңға шығарып, жою жоспарланған. Ол орындар жергілікті биліктің шешімімен елді мекендерден де, шаруа қожалықтарынан да жырақ орналасқан. Ең жақын деген шаруа қожалығы бір жарым шақырым…

Read More

ТЖМ басшысының мәлімдеуінше, бүгінде Қазақстанда 227 елді мекен қауіпті аймақта тұр, деп хабарлайды Zakon.kz. ТЖМ басшысының хабарлауынша, бүгінде Қазақстанда 227 елді мекен қауіпті аймақта тұр. Су басуға үш нәрсе себеп болды. Бұл – қарды уақытылы шығармау, тазартылмаған арықтар мен еріген сулар. Қазіргі таңда су басу қаупі еліміздің солтүстік және батыс өңірлерінде сақталып отыр.ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі Елді мекендерді су тасқынынан қорғау мақсатында 2017 жылы 2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың жол картасы әзірленіп, бекітілді. Жол картасы аясында 2021 жылы жүзеге асыру жоспарланған 68 іс-шараның 33-і орындалды және 4-і мерзімінен бұрын орындалды. Жалпы еліміз бойынша су тасқыны қаупі бар 1010…

Read More

Бүгін, 2022  жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанда зейнетақы жинағынан алуға болатын жеткілікті сома өседі. Отбасы банкінің басшысы Ләззат Ибраимова осы мерзімге дейін үлгеріп, зейнетақы жинағындағы қаражатын алуға үлгеремін деген қазақстандықтардың неше теңгеге дейін өтініш бергенін мәлім етті, – деп хабарлайды Azattyq Rýhy. «Дәл осы наурыз айында біз қалыпты жағдайға жатпайтын процестерді байқадық: мысалы, 5 теңге алуға өтінім болды, 161 өтініш 40 теңгеден 2000 теңгеге дейінгі сома алуға жолданды. Сондай-ақ, ақылға қонымсыз сұраныстары бар өтінімдер түсе бастады. Мысалы, порталда 200 млн теңгеден 6 млрд теңгеге дейін 627 өтінім келіп түсті. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің мұндай сомасы бұрын-соңды болмағаны түсінікті», – дейді Ләззат Ибрагимова. …

Read More

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 1 сәуірден бастап көлігіңіздің салығын төлемеген болсаңыз, кешіккен әрбір күніңіз үшін айыппұл арқалайсыз, деп хабарлайды Azattyq Rýhy порталы. 2021 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты төлеудің соңғы мерзімі 2022 жылдың 1 сәуірі. Көлік құралдарына салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz web-порталында және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында орналыстырылған салық калькуляторының көмегімен дербес есептеуге болады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта салық органдарымен есептелген алдағы төленетін көлік құралдарына салынтын салық сомалары «Каспий банк» АҚ және «Халық банк» АҚ мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарлама түрінде жіберіліп жатыр. Бұдан басқа, бұл ақпарат kgd.gov.kz web-порталда «Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» сервисінде, сондай-ақ «e-Salyq Azamat» және екінші деңгейдегі…

Read More

Оңтүстік Кореяда екі ұшақ соқтығысып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар24». Yonhap агенттігінің мәліметінше, апат Сеулден оңтүстікке қарай 300 шақырым жердегі Сачхон қаласында болған. Оңтүстік Корея ӘӘК-ке тиесілі екі КТ-1 ұшағының соқтығысуынан үш адам қаза тауып, тағы біреуі ауыр жарақат алды. Әуеде соқтығысқан екі ұшақ күріш алқабына құлаған. Оқиға орнында 30-дан астам құтқарушы мен өрт сөндіруші жұмыс істеп жатыр. Билік оқиғаның себеп-салдарынан тексеруге кірісті.

Read More

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, – деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы (KASE). Таңғы сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,10 теңгеге өсіп, 471,13 теңгеге тең болды. Айта кетейік, Ұлттық банк 1 сәуірге белгілеген доллардың ресми бағамы – 466,31 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақыта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы – 471,85 теңге, сатылым – 475,79 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 470,68 теңгеден сатып алады, 474,79 теңгеден сатады.

Read More

Баспана аламын деп ақша жинап жүрген жандар нені ескеруі қажет? Ақшаны қалай оңай үнемдеуге болады? Бұл сұрақтарға Tengrinews.kz порталына экономика ғылымдарының кандидаты Құралай Сакибаева жауап берді. Маманның айтуынша, кез келген адам «шын мәнінде баспана алғым келе ме?» деген сұраққа жауап іздеуі қажет. Экономист баспана алғысы келіп, ақша жинап жүргендерге арналған қарапайым кеңестерді айтты.РЕКЛАМАhttps://yastatic.net/safeframe-bundles/0.83/1-1-0/render.html 1. Көрпеңе қарай көсілу Ең алдымен баспана алғыңыз келетін жердегі пәтерлердің, тұрғын үйлердің бағасына салыстырмалы түрде талдау жүргізіп алу керек. Орталықта орналасқан үйлерді алу қиынға соқса, жұмысты немесе басқа да қажеттіліктерді ескеріп, белгілі бір ауданды таңдау қажет. Айта кетейік, Қазақстанда 2011 жылдан бастап 2021 жылғы мамырға дейінгі баға көрсеткіші орта…

Read More

АҚШ пен Жапония Украинадағы жағдайға байланысты Ресейге қарсы жаңа санкциялар салды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап. Америка Құрама Штаттары Ресейдің технология саласына қарсы жаңа санкциялар салды. Осылайша, елдің Қаржы министрлігі 13 жеке тұлға мен 21 ұйымға санкция салды, оның ішінде Ресейдегі ең ірі микроэлектроника өндірушісі «Микрон» акционерлік қоғамы бар. Санкцияға ұшырағандар арасында Мәскеудегі «Серния Инжиниринг» және жабдық өндіруші «Серталь» компаниясы бар. Қаржы министрлігі оларды Ресей қорғаныс секторы үшін азаматтық мақсатта қолданылуы мүмкін жабдықтар мен технологияларды заңсыз сатып алды деп айыптады. Жапония Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, тізімге ресейліктер Александр Гаевой, Александр Часовников және Роман Алар, сондай-ақ «Аполлон», «РК Бриз», «Зил – М»…

Read More

Жамбыл облысында «Борышкер-2022» жедел- алдын алу іс-шарасы өткізілді, оның басты мақсаты халықты салынған әкімшілік айыппұлдарды уақтылы өтеу қажеттілігі туралы хабардар ету болып табылады, – деп хабарлайды Тuraninfo.kz. Әкімшілік полиция қызметкерлері прокуратура өкілдері мен жеке сот орындаушыларын тарта отырып, әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуға бағытталған жұмыстар атқарды. Жолдардағы рейдтер барысында полиция қызметкерлері арнайы автокөліктерде орнатылған тиісті мәліметтер базасы бойынша көлік жүргізушілерді тексерді. Көлік құралына қатысты салынған айыппұл анықталған жағдайда борышкердің автомобилі айып тұрағына қойылады. «Үш күн ішінде мемлекет бюджетіне 22 миллион 777 мың теңге өндірілді. Иелерінің төленбеген айыппұлдары бар 175 автокөлік мамандандырылған автотұраққа орналастырылды. Халық арасында әкімшілік айыппұлдарды төлеу тәсілдері туралы түсіндіру…

Read More

Өткен жексенбіде әлемге әйгілі Гарвард университетінде Гарвард Орталық Азия студенттері ассоциациясының (CASA Harvard) ұйымдастыруымен Абай симпозиумы өтті. Университеттің бас кампустарының бірі Бойлстон холда өткен кездесуде Абай шығармашылығы 3 бағытта қазақстандық және американдық аудиторияға таныстырылды. ҚР АҚШ-тағы Елшілігінің қолдауымен қазақ мәдениетінің тарихынан сыр шертетін кітаптардың көрмесі ұйымдастырылды. Кездесудің модераторы Дж. Вашингтон университеті жанынан құрылған AbaiCenter қазақ мәдениеті орталығының координаторы, ғылым докторы Ертай Сұлтан кіріспені Абай орталығының жұмыс бағытымен таныстырудан бастады. Орталық 2020 жылы Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында ҚР-ның АҚШ-тағы Елшілігінің қолдауымен Дж. Вашингтон университетінде ашылған. Орталық қазақ мәдениеті мен тарихы, әдебиеті саласындағы соңғы жетістіктер мен жаңалықтарды, шетелдік зерттеулер мен…

Read More

Жамбыл облысында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы басым бағыттар мен бастамалардың жүзеге асу жоспары және барысы туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өзі де түрлі еңбек ұжымдары, жастар, қоғам өкілдері, қарапайым тұрғындармен кездесіп, Жолдаудың маңызды әрі тарихи шешімдерге негізделгенін айтып, одан туындайтын міндеттемелерге тоқталуда. Бұл жолы аймақ басшысы Тараз қаласындағы №22 орта мектепте қант зауыты шағын ауданының тұрғындарымен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстар, алдағы жоспарлар туралы баяндап, олардың өзекті мәселелері бойынша өтініштерін тыңдады. Кездесуге ҚР Президент әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Ғали Кенжеахметов және облыстық мәслихаттың хатшысы Махметғали Сарыбеков қатысты.…

Read More

Зерттеушілер кейінгі күндері Күннің бір нүктесінен 17 күн жарқылын тіркеді. Соның салдарынан Жердің тиісті аумақтарында полярлық сәулелер байқалады. Ал планетамыздың басқа бөліктерінде байланыс үзілуі және спутник жүйелерінің ақауы болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz. Кейде мұндай жарқылдар корональ массаның лақтырылуымен немесе ғарышқа ұшатын зарядталған бөлшектердің ағынымен байланысты. Күннің жарылуы AR2975 деп аталатын гиперактивті күн дақтарынан туындады. Ол 28 наурыз, дүйсенбіден бері жарқыл тудырды. Мұндай жарқылдар магниттік сызықтар бұралған кезде және көрінетін бетке жақын жерде кенеттен қайта орналасқанда пайда болады. SpaceWeather.com сайтының хабарлауынша, бұл жарқылдар салдарынан мұндай бөлшектердің кем дегенде екі, мүмкін үш ағыны Жерге түскен. Біріншісі бейсенбіде, яғни бүгін түседі. Кем дегенде…

Read More

Байзақ ауданындағы Красаная звезда ауылына жабайы бұғы кіріп кетті. Түз жануарының елдімекенге қалай тап болғаны әзірге белгісіз, деп хабарлайды Экспресс К. Ауыл арасын еркін кезіп жүрген бұғыны ауыл тұрғындары қолға түсірмек болады. Алайда жануар алдынан шыққан адамның үстінен қарғып, қашып кетеді. Бейнежазбаны куәгерлердің бірі видеоға түсіріп, Newscorr қызметіне жолдады. Әзірге бұғы ұсталды ма, жоқ па, ол жағы белгісіз. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Экспресс К (@exk.kz)

Read More

Жамбыл облысының аумағында 2022 жылдың 25-27 наурызы аралығында «Қауіпсіз жол»жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Жедел-алдын алу іс-шарасының 3 күнінде жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері 2300-ден астам жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін тіркеді және мас күйінде көлік жүргізген 16 жүргізушіні ұстады. Тәртіп сақшылары қауіпсіздік белбеуін тақпаған 250 тәртіп бұзушыны, көлік жүргізу кезінде ұялы телефондарды пайдаланған 268 жүргізушіні, қарсы қозғалыс жолағына шыққан 5 жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты және техникалық байқаудан өтпеген 140-тан астам автокөлікті анықтады. Сондай-ақ, белгіленбеген жерлерде жолды кесіп өткен 400 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, қалааралық тасымалдауды жүзеге асыратын автокөліктерді тексеру кезінде шетел мемлекеттерінде есепте тұрған көлік құралын тіркеудің жалған…

Read More

Жамбыл облысындағы су қоймаларының толу көлемі қазіргі таңда орта есеппен 69 пайызды құрап отыр. Бұл көрсеткішті 80 пайызға жеткізу көзделуде. Осы және көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте жан-жақты айтылды. – Қыста қар түспеді. Дегенмен қазір жауын-шашын аз жауып жатқан жоқ. Біз осы ауа-райын тиімді пайдалану керекпіз. Су қоймаларына қажетті ылғалды жинап алу қажет.Былтыр шаруаларға егіс науқанына дейін барлық алқапқа су жетеді деп уәде берген болатынбыз. Сол уәдеде тұруға тиіспіз. Кейбір су айдындарындағы су реттегіш қондырғыларын қайта жөндеу керек. Каналдарды реттеу, тазалау жұмыстарын уақыт созбай аяқтаңыздар,-деді облыс әкімі. Аймақ басшысы каналдарды жөндеу бойынша…

Read More

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ақпан-наурыз аралығында заңсыз айналымнан, оның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруды іздестіру және тәркілеу бойынша жедел іздестіру шараларын жүргізді, – деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі. Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында елестету қаруын жауынгерлікке қайта жасау жөніндегі цех жойылды. Осы әрекетті ұйымдастырды деген күдікпен екі азамат ұсталды. Ұстау кезінде 4 «Калашников» автоматы, «СКС» иір ойықты карабині және 48 патрон тәркіленді. Алматы облысында қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласындағы қару дүкенін тонауға қатысы бар деген күдікпен қылмыстық топ ұсталды. Тергеу іс-қимылдары барысында қылмыстық топ қару жасырған орын табылып, одан 189 патрон тәркіленді. Алматы қаласында бұрын ұсталған «Қазақстандықтар» ҰҚТ мүшелері 19 бірлік…

Read More

2022 жылғы 27 наурызда сағат таңғы 7:00-де «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» Республикалық маңызы бар автожолының 282 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан бір адам оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаменті хабарлады. «Тараздан Алматы қаласына бағыт алған «Хонда Одиссей» маркалы автокөлігінің жүргізушісі көлік құралын игере алмай, жол жиегіне аударылып түскен. Салдарынан аталған көліктің 29 жастағы жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды, жүргізуші мен басқа екі жолаушы түрлі жарақаттармен Меркі ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды Қажетті сараптамалар тағайындалды», – делінген хабарламада. Оқиға орнында қайтыс болған азаматтың қазақстандық блогер Дәулет…

Read More

Аталған топтар Тараз қаласы мен аудандарда кездесулер өткізіп, қоғамдық қабылдаулар ұйымдастыратын болады. Сарапшылар мен қоғам белсенділері бар арнайы спикерлердің тізімі бекітілген.Облыс әкімі барлық шаралардың сапалы өтуін, топ мүшелері аудан, ауылдарды барынша қамтып, жергілікті тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізілуі тиіс екендігін тапсырды. –  Ақпараттық-насихаттық топтар Жолдаудағы басым бағыттар мен маңызды бастамаларды халыққа нақты әрі қарапайым, түсінікті тілде жеткізу керек. Ел Президентінің тапсырмалары қалай жүзеге асады, көпшіліктің көкейіндегі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру, суармалы суға қатысты мәселелерді шешу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айту қажет. Мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктеріне, өңірдегі игі жобаларға да тоқталған дұрыс. Парламент пен мәслихаттардың рөлін күшейту, сайлау жүйесін,…

Read More

АҚШ киноакадемиясының Лос-Анджелесте өтіп жатқан 94-ші «Оскар» рәсімі аяқталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Дени Вильнёвтің «Дюна» фильмі алты мүсінше жеңіп алды, ал үш жүлдені қанжығасына байлаған «CODA: Ребенок глухих родителей» инди драмасы үздік фильм атанды.  «Оскар-2022» жеңімпаздары: Үздік фильм – «CODA: Ребенок глухих родителей»Үздік режиссер – Джейн Кэмпион, «Власть пса»Үздік актер – Уилл Смит, «Король Ричард»Үздік актриса – Джессика Честейн, «Глаза Тэмми Фэй»Үздік екінші актриса – Ариана ДеБос, «Вестсайдская история»Үздік екінші актер – Трой Коцур, «CODA: Ребенок глухих родителей»Үздік бейімделген сценарий – Шан Хейдер, «CODA: Ребенок глухих родителей»Үздік түпнұсқа сценарий – Кеннетт Брана, «Белфаст» Үздік шетелдік фильм – «Сядь за руль…

Read More

Таразда полицейлер дәріханаға қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді ұстады. Күдіктілер әлі кәмелетке толмаған екі бала болып шықты. Олар видеоға түсіп қалған, – деп хабарлайды Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 25 наурыз күні сағат 22:30 шамасында қаладағы шағын аудандардың бірінде орналасқан дәріханаға маска киген белгісіз екі адам кірген. Олар қызметкерлерді тапаншаға ұқсайтын затпен қорқытып, терезені сындырып, 37 мың теңге көлеміндегі ақшаны алып кеткен. Содан кейін олар белгісіз бағытқа қашқан. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 3-бөлігі, 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалы басталды. Жедел іздестіру шарасы кезінде полицейлер екі күдікті облыстың 17 жастағы тұрғындары екенін анықтады. Күдіктілер кінәсін толық мойындады. Олар…

Read More

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Абдалы Нұралиев Жамбыл облысында жұмыс бабындағы сапарда болды Депутат бағдарламасы бойынша бірінші кезекте Тараз қаласының қасындағы Қостөбе ауылының тұрғындарымен кездесіп, қаланың кәріз-тазарту құрылыстарының өзекті мәселелерін талқылады. Мұндағы сүзгі жоба бойынша тәулігіне 43 мың текше метр суға есептелген болатын. Ал қазір мұнда іс жүзінде 70 мың м3 дейін су тазартылады, бұл жобалық қуатынан 1,5 есе артық. Қазіргі кезде тазарту қондырғыларынан шыққан жағымсыз иіс жақын маңдағы ауылдарға дейін жетіп отыр, ал сүзілгеннен кейінгі қалдық су жерасты суларына да араласуы ықтимал. Ахуалды қарау және талдау барысында кәріз жүйесінің сарқынды суларын кешенді биологиялық тазарту жобасын зерделеу және келісу жұмыстарымен Жамбыл…

Read More

Жамбыл облысында Наурыз мерекесі дәстүрлі түрде ұлттық ойындармен, түрлі қойылымдар және қызықты концерттік бағдарламалармен аталып өтілді. Тараздықтар «Төрткүл» керуен-сарайына жиналып, мерекеге орай ұлттық киімдер киіп, көктемгі жаңа жылды жоғары көңіл күймен қарсы алды. Мұнда халық қолөнерінің көрмесі ұйымдастырылды. Балалар ұлттық ойындар (асық ату, тоғыз құмалақ, күрес) бойынша жарысқа түсіп, күш сынасты. Сондай-ақ, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев зиялы қауым өкілдері, ардагерлермен бірге ағаш көшетін отырғызу акциясына қатысты. Мерекелік шара барысында «Төрткүл» керуен-сарайынан «Наурыз-көш» атты этно-керуен жолға шығып, қала көшелерін аралады. Керуеншілер балаларға тәттілер таратты. Бұл күнгі мерекелік іс-шаралар тұрғын үйлердің аулаларында да ұйымдастырылды. Талас шағын ауданындағы №29 үйдің тұрғындары музыкалық…

Read More

Наурыз мерекесіне орай Тараз қаласындағы «Жастар» аллеясында «Ұмыт болған ұлттық тағамдар» фестивалі өтіп, онда қазақтың ұлттық тағамдарының бірегей түрлері ұсынылды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жиналғандарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, Наурыз мейрамын тойлау халқымыздың игі дәстүрлерін сақтауға септігін тигізетінін атап өтті. – Тамыры тереңнен бастау алатын әз Наурыз дана халқымызда еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, қоғамдағы келісімнің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі ретінде тойланып келеді. Дастарқанға ақ толатын, елімізге бақ қонатын бүгінгі арайлы шақты халқымыз Ұлыстың ұлы күні деп ұлықтаған.Наурыз бір ұлтқа ғана емес, жалпы жұртшылыққа ортақ мереке. Оны еліміздегі барлық этнос өкілдері тойлайды.Наурызда айтылған әрбір ізгі тілек орындалсын! Ақ мол…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Меркі ауданының тұрғындарымен кездесіп, өтініштерін тыңдады. Кездесуде аудан әкімі Руслан Нұрсипатовтың өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі тыңдалды. Жиында алдымен аймақ басшысы облыста және ауданда атқарылған жұмыстар туралы қысқаша хабарлады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы ауқымды міндеттерге кеңінен тоқталып, басты міндет – жаңа құжаттың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету екендігін айтты. – Президент өз Жолдауында еліміздің саяси жаңғыруы негізіндегі даму бағыттарын айқындап, азаматтарының әл-ауқатын көтеру қажеттігін атап өтті. Парламент пен мәслихаттың рөлін күшейту, сайлау жүйесін жетілдіру, мемлекеттік басқаруға азаматтардың қатысын арттыру секілді мәселелерге айрықша назар аударылып, жергілікті…

Read More

Жаңатас қаласына биыл газ жетеді. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың Сарысу ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтылды. Басқосуда аудан әкімі Марат Сұлтанғалиевтің өткен жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі тыңдалды. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы” атты Қазақстан халқына Жолдауында қазіргідей күрделі кезеңде кезегін күтіп тұрған көптеген ауқымды мәселелер қамтылған. 10 негізгі бастамадан тұратын Жолдауда басым міндеттер бойынша Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға көп жауапкершілік жүктеледі.Президент әкімдерге халықпен жиі кездесіп, әлеуметтік мәселелерді жедел шешуді тапсырды. Қазіргі таңда барлық деңгейдегі әкімдердің есебі тыңдалуда. Облыс басшысы ретінде бірқатар ауылдық округ және аудан әкімдерінің есептік жиынына қатысып, жергілікті тұрғындармен кездесулер…

Read More

Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталды, – деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақтелеком» АҚ-ның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген Антикор хабарламасында. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сатыбалдыұлының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатқанын атап өтті. «Тергеу жүріп жатыр. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды», – деді ведомство өкілдері.

Read More

Жамбыл облысында екі жасар бала пойыз астына түсіп, қаза болды, – деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі. Қайғылы оқиға 4 наурызда сағат 17:52-де Малдыбай станциясында болған. «Қайғылы оқиға кезінде бала үлкендердің қарауынсыз қауіпті аймақта болған. Алдын ала мәлімет бойынша, баланың отбасы темір жолға жақын жерде тұрады», – делінген хабарламада. ҚТЖ қаза болған баланың отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Теміржолшылар балаларды теміржолдарда, вокзал платформаларында қараусыз қалдырмауға шақырады.

Read More

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің  Қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша кәсіби маман дайындау ісін  1928 жылдан  бастап жүзеге асырып келеді. Кафедраның негізін қазақ тіл білімі мен қазақ әдебиеті саласында еңбек еткен ірі тұлғалар, көрнекті ғалымдар қалады. 94 жылдық бай тарихы бар кафедра ұжымы республиканың білім мен ғылым саласында білікті мамандар даярлауға  өлшеусіз үлес қосты. Олардың ерен еңбектері нәтижесінде филология факультетінде білім алған түлектердің ішінен  көптеген мемлекет және қоғам қайраткерлері, атақты ақын-жазушылар, әдебиеттанушы, тілші ғалымдар шықты. Бүгінгі күн биігінен қарағанда қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасының тарихын үш кезеңге бөлуге болады: І. Алаш…

Read More

Жамбыл облысы Байзақов ауданының тұрғыны полиция бөліміне хабарласып құмнан күдікті зат тауып алғанын айтқан, – деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полиция қызметкерлері оқиға орнына келіп, авиациялық снарядқа ұқсас зат тапқан. Содан кейін оқиға орнына полиция департаментінің саперлері, ТЖ департаментінің өрт сөндірушілері мен құтқарушылары шақырылған. «Оқиға орнына келген саперлер снарядты зерттеп, оның 1962 жылы шығарылған «ФАБ 500м-62″ авиациялық бомбасы екенін айтты. Оның салмағы – 500 келі, ұзындығы 2,5 метрге жетеді, ол кез келген минутта 200 метрге дейін жарыла алады. Бомбаны одан әрі залалсыздандыру үшін арнайы әскери техникаға тиеп, полигонға алып кетті», – дейді полиция департаменті. Полицияға қауіпті…

Read More

Қаңтар оқиғасы бойынша Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың отставкаға кетуін талап еткен петиция туралы күні кеше ғана президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әкімге келетін болсақ,ол өмірде алғаш рет қиын жағдайға тап болды. Мұндай жағдайда басшының бәрі бірдей шешім таба бермейді. Мен оны кінәламас едім, ол – қызметтік міндеттерін орындау тұрғысынан адал адам. Бірақ мен алматылықтардың көңіл-күйін ескеруге міндеттімін, сондықтан уақыт келеді»,- деп жауап берген еді. Артынша-ақ мемлекеттік деңгейдегі тағайындаулар, ауыс-түйістерді алдын-ала біліп отыратын «билік балгері» Еділов Алматыға Ерболат Досаев «атын ерттеп» дайын отырғанын хабарлады. Балгердің айтқаны айдай келіп, бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты…

Read More

Жамбыл облысында жерге көмілген қару-жарақ табылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Сайт мәліметінше, 20 қаңтарда Жамбыл облысы ПД қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Жамбыл ауданы Қостөбе ауылы маңындағы алаңда қару-жарақ жасырылған жерді анықтаған. «Белгісіз біреулер сегіз автомат пен оған арналған 17 оқжатар, бір граната, 12 калибрлі газ-травматтық қару, «Krall» маркалы мылтықты және бір пышақты қапқа салып, жерге көміп кеткен. Дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды», – деді Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Нұржан Қалметов. Бұған дейін Таразда тәртіпсіздік кезінде ұрланған қару-жарақтарды гаражында жасырған 23 жастағы тұрғын ұсталғаны хабарланған болатын.

Read More

Полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтанда жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар деген күдікке ілінген Жамбыл облысының 35 жастағы тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ұсталған азамат Шу ауданы Төле би ауылында Nur Otan партиясы филиалының ғимаратын өртеуге қатысқан. «Қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген ер адам 9 қаңтарда елордаға келіп, жалға пәтер алып тұрған. Оған іздеу жарияланған. Биыл 14 қаңтарда Жамбыл облысы ПД Шу полиция бөлімі күдіктіге іздеу жариялады», – делінген хабарламада. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Read More

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасынан екі шақырым жерде атыс қаруы сақталған қойма табылды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік шекарадан екі шақырым жерде атыс қаруы сақталған қойманы анықтады. Жасырын жерден 4 тапанша мен 6 бірлік йір ойық және тегіс ұңғылы қару түрлері алынды. Осы факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада. Фото: ҰҚК Сонымен қатар, 14 қаңтарда «Қордай» автожол бекетінде Қырғызстан азаматы ұсталды. Көліктің жүк салғышын тінту кезінде ер адамда 50 литрлік мөр, 4 халықаралық төлқұжат, 20 банк картасын тапқан. Ұсталған азамат…

Read More

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы жылдың 11 қаңтарында ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында берген тапсырмасын орындау аясында елімізде «Қазақстан халқына» қоры құрылды. ​Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің ұжымы бір күндік жалақысын «Қазақстан халқына» қорына аударуға шешім қабылдады.

Read More

“Шеврон” компаниясының Қазақстандағы бөлімшесі “Шеврон Мұнайгаз Инк.” бүгін Қазақстандағы Тікелей инвестиция қорына қатысты веб-сайтты іске қосқанын хабарлады – www.cdif.kz. Веб-сайт, цифрлық платформа ретінде қазақстандық бизнес-қауымдастыққа инвестициялық жобаларды қаржыландыруға өтінім тапсыру үшін инвестициялық мүмкіндіктер мен Қор қызметі туралы ақпарат беру үшін арналған. “Веб-сайтты іске қосқанда, “Шеврон” жергілікті қазақстандық кәсіпкерлерге өз ісін бастауға немесе дамытуға, өнімдері мен қызметтерін дамытуға қаржыландырудың жаңа ресурсы пайда болады”, – деді “Шеврон” компаниясының Еуразия бөлімшесінің басқарушы директоры Джон Балтц. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен “Шеврон” компаниясы 2021 жылғы 11 қазанда 248,5 млн АҚШ доллары көлемінде Тікелей инвестициялар қорын құру бойынша Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Қор…

Read More

Меркі ауданына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Хамедов Абилфас Муслимович, Буларов Ильяс Юсупович және сол аймақтың тумасы Линник Андрей Григорьевич іс-сапармен барды. Мәжіліс депутаттары жұмыс барысын аудан орталығындағы жаңадан ашылған спорт кешенімен танысудан бастады. Жаңа кешеннің материалдық базасын назарға алып, мүмкіндіктерін байқаған депутаттар Меркі жерінен Олимпиада сынды әлемдік додаларда топ жаратын спортшылардың тәрбиеленетініне сенім білдірді. Осы мақсатта жұмыс жасауды Айваз Османов бастаған жергілікті спорт саласының қызметкерлеріне тапсырып, жас спортшылардың жаттығу барысын тамашалады. Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, жүгіруден көптеген жарыстардың жеңімпазы атанып жүрген жерлесіміз Димитрий Иванчуковқа, футболдан жаттықтырушы Джамшид Тохтамуратовқа, №21 бокс мектебінің жаттықтырушысы Фахруддин Ибишевке Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының…

Read More

Елімізде Түркістан сілеусіні деп аталып кеткен жыртқыш фототұзаққа түсті. Бұл туралы ҚР ЭГТРМ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаев мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv каналы. Орталық Азияда ғана кездесетін Түркістан сілеусіні ҚР ЭГТРМ қарасты Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркі қызметкерлері тарапынан қойылған фототұзаққа ілінді. 1904 жылы Ричард Лидеккер анықтап, Lynx lynx wardi деген ғылыми атау берілген. Кәдімгі сілеусін тұқымдас Түркістан сілеусіні негізінен таулы өлкелер мен орманды жерлерді мекендейді екен. Lynx lynx isabellinus деген де атауы бар бұл аң еліміздің Қызыл кітабына енген. Тарихқа сүйенсек, сілеусіннің бұл түрін 1976 жылдан бастап аулауға тыйым салынған.

Read More

2021 жылы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша танымал балалар арналарының мультипликациясын қазақ тіліне аудару бойынша ауқымды жобаны іске асыру басталды. Жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және балалар контентін мемлекеттік тілде дамыту аясында жүзеге асуда. Балалар арасында жоғары сұранысқа ие TiJi және Nickelodeon телеарналарының аудиожазбаларын отандық кабельдік телевизия бойынша кемінде 600 сағат дубляждық аудару және трансляциялау жоспарлануда. Трансляция 2022 жылы басталады деп жоспарлануда. Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 29 қыркүйекте Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мен «Groupe M6» компаниясының телеарналар мен радиостанциялар қоржынын халықаралық дистрибуциялау жөніндегі директоры Жан-Рене Окутюрье (TiJi) өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайту және одан…

Read More

Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қайсар Сарытай Грузияда ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайтына сілтеме жасап. «Жамбыл облысы бойынша аумақтық департамент ҚР ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағының, 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігімен Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қ.А. Сарытайға халықаралық іздеу жариялады.Халықаралық ынтымақтастық аясындағы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Грузияның құқық қорғау органдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен және Қазақстан Республикасы ІІМ Интерпол ҰОБ – мен бірлесіп К.А.Сарытай Грузия аумағында ұсталып, қамауға алынды», – делінген хабарламада. Антикордың айтуынша, қазір ұсталған адамды Қазақстан Республикасына экстрадициялау рәсімі жүріп жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыстық қудалау органынан…

Read More

Талас ауданы Қаратау қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай екі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қоныс той иелеріне жаңа пәтерлердің кілтін табыстап, ізгі лебізін жеткізді. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес халықтың тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша жүйелі шаралар қабылдануда, тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламалары үздіксіз жүзеге асуда. Бұл мәселе қашан да мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қалады. Өңірде жыл сайын құрылыс қарқыны артып келеді. Шағын қалаларда, соның ішінде Қаратауда тұрғын үй қорын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда Қаратауда бос тұрған 6 көпқабатты тұрғын үй қалып отыр. Оларды қайта…

Read More

Оңтүстік Суданда белгісіз аурудан 100-ге жуық адам көз жұмды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі MaiDaillу басылымына сілтеме жасап. Денсаулық сақтау министрлігі белгісіз аурудан Джонгли штатында Солтүстік Фангак қаласында ондаған адам өлгенін мәлімдеді. Басылымның мәліметінше, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 89 адам қайтыс болғаннан кейін ауру адамдардан талдау алып, үлгілерді жинау үшін жақында болған қатты су тасқынынан зардап шеккен ауданға жедел әрекет ету тобын жіберді. «Біз қауіпті бағалау және тергеу жүргізу үшін жедел әрекет ету тобын жіберуді ұйғардық. Осылайша, олар ауру адамдардан үлгілерді жинай алады, қазіргі уақытта 89 адамның өлімі туралы мәлімет алдық», – деді ДДҰ өкілі Шейла Байя. Фангактағы жергілікті денсаулық сақтау қызметкерлері науқастардан алынған…

Read More