Автор: admin

23 маусымда Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының мәдениет үйінде облыстық ақындар айтысы өтті, — деп хабарлайды Тarazy.kz. «Құтқа толы Хан тауының қойнауы, Мойынқұмым — Жаз атамның жайлауы» атты облыстық ақындар айтысы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және жыр алыбы Жамбылдың туғанына 175 жыл толуына, Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған жыр додасына облыс бойынша 16 айтыскер ақын қатысты. Шу ауданы атынан Әділет Медетқұл қатысты. Ақындар айтысы басталмас бұрын Жаз ата ескерткішіне гүл қойып, рухына тағзым етілді. Айтыс барысында ақындар Тәуелсіздігіміздің тұғырын текті жырлармен толғап, Мойынқұм ауданының тарихын, тәуелсіздікке жету…

Read More

Өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Қазақстан полициясы күні мен мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты шара өтті. Бұл туралы аталған департаменттің баспасөз қызметі хабарлады. Департамент бастығының міндетін атқарушы әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков жиналғандарды мерекемен құттықтап, мерекеге орай бірқатар қызметкерлерге мерзімінен бұрын берілген офицерлік шендерін табыс етті. Елдің тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігін сақтауда аянбай еңбек етіп жүрген жауапты мамандық иелерінің жұмысы оңай емес. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін салада әрбір қызметкердің төзімділігі қажырлы еңбегі оның антына адалдығын көрсетеді. Ендеше, әрқашан биіктерден көрініп, елімізге адал қызмет ете беріңіздер, — деді Т.Жәнібеков. Бұдан бөлек, бұл күні міндеттерін үлгілі атқарған қызметкерлерге грамота табыс етіп, алғыс жарияланды.

Read More

Жыл басынан бері Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты Тараз қалалық №3 пробация қызметінің есебінен 48 сотталған өтіп, оның 32-і қоғамдық жұмысқа тартылған. Қазіргі таңда олар көшелерді сыпырып, шаһардың тазалығына үлес қосып жүр. Айта кетейік, қоғамдық жұмыстың тәрбиелік мәні тиімділігін дәлелдеп үлгерген. Қоқыс тазалап жүрген жазасын өтеуші азаматтар екінші рет шалыс баспауға тырысады. Тараз қалалық №3 пробация бөлімінің бастығы әділет майоры Қуаныш Қалық ағымдағы жылы қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуден жалтарған жазасын өтеушілердің жеке ісі сотқа жолданғанын жеткізді. Егерде сотталған жұмыстан бас тартқан жағдайда пробация қызметі сотқа қылмыстық теріс қылық үшін тағайындалған жазаның орындалмаған бөлігін – қамаққа алумен…

Read More

Адамзат тарихынан аз да болса хабары бар саяхатшыны Өзбекстан туризмі несімен тартымды және басқа да жүздеген туристік бағыттардан несімен ерекшеленеді деген сұрақтар мазаламауы тиіс. Өйткені оның жауабы айдан анық. Сонысымен тартымды, яғни екі жарым мың жыл бұрын Ескендір Зұлқарнайынды тәнті еткен аймақ, ежелгі гректер оған Трансоксиана деген атау берген. Сонысымен тартымды, арабтар бұл ғажайып аймақты Мәуреннахр атаған — ортаазиялық екі ұлы өзен Әмудария мен Сырдариясы, шебер қолөнершілер тұратын күшті оазис-қалалары мен мәуелі бау-бақшасы мен жайқалған егіні бар алтын аймақ. Kaz.tengritravel.kz порталы таяуда Өзбекстанның туристік қалаларында болған отбасылық жұптың көрген қызықтарымен бөліседі. Фотожурналист, режиссер, видеоинжинер Ернар Алмабек пен оның жары журналист Жәзира Байдалы…

Read More

Енді тұрғындардан түскен өтініштер 1 шілдеден бастап «Е-өтініш» ақпараттық жүйесіне енетін болады. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасының аға прокуроры Қалыбек Жақыбаев айтты. Бұл жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекстің қабылдауына байланысты шыққан шешім. Аталған ақпараттық жүйе Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында жүзеге аспақ.«Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі біріншіден өтініштерді автоматты түрде бөлуге, мемлекеттік органдар арасында сауалдар санын оңтайландырып, өтініштерді қарау мерзімін қысқартуға жағдай қалыптастырады. Екіншіден өтініш берушімен кері байланыс ұстап, мемлекеттік органдардың жұмысына баға беруге жол ашады. Үшіншіден мемлекеттік органдарға түскен өтініштердің…

Read More

Биыл елімізде бірінші рет it-технологиялар арқылы ұлттық санақ өтеді деп жоспарланған. Ал Жамбылда ұлттық халық санағының бірінші кезеңі басталды. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Жамбыл облысы бойынша статистика департаментінің басшысы Сырым Мадиев айтты, — деп хабарлайды Tarazy.kz порталы Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Халық санағын өткізу мерзімі биыл 1 қыркүйектен бастап 30 қазан аралығына белгіленді. Ал оны өткізуге жәрдемдесу жөніндегі комиссия құрамы да бекітілген. Жалпы бұл ретте «Санақ бізге не береді?» деген сауалдың тууы заңды. Айта кету керек, санақ нәтижелері үй шаруашылықтарының жағдайларын, некелік-отбасылық қатынастарды, мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту, сонымен қатар білім, жұмыспен қамту, туу және…

Read More

1-маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай Мойынқұм ауданында «Бақытты бала — бақытты ел» тақырыбында талантты бүлдіршіндер арасында сурет салудан байқау өтті. Аудандық пробация қызметі бөлімі және жергілікті атқарушы органдардың ұйытқы болуымен өткізілген шараның басты мақсаты — балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау әрі олардың олардың шығармашылық қабілетін шыңдап, дамыту. Сайыс барысында балалар өз өнерлерін ортаға салып, өздерінің жүрек қалауымен түрлі бейнелерді қағаз бетіне түсірді. Олардың қылқаламынан туған әр дүниеге қарасаң, көз тоймайды. Себебі, балалар әлемі сондай пәк, шынайы, таза! Байқауға қатысқан балақайлардың ішінен оза шауып, талантымен тамсандырғандарға ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар тарту етілді. Нұрсұлтан Каипов,Мойынқұм аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет…

Read More

Балаларды қорғау күніне орай өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/4 мекемесінің ұжымы игі іс тындырып, ата-аналар мен балалардың алғысына бөленді. Нақтырақ айтқанда, қатаң режимдегі түзеу мекемесінің қызметкерлері көпбалалы ана Анжела Науатованың шаңырағына арнайы барып, бүлдіршіндерді шексіз қуанышқа бөледі. Ұл-қызының риясыз қуанғанын көрген көпбалалы ана мереке қарсаңында кұттықтап, ыстық ілтипат білдіргені үшін өңірлік мекеме бастығы әділет подполковнигі Ерлан Тоқанов бастаған жеке құрам қызметкерлеріне алғысын білдірді. Айта кетейік, аталған мекеме ұжымы бұған дейін де игі бастамаларға үлес қосып, имандылық шараларына ұйтқы болуды дәстүрге айналдырған. Әлжан АлтынбекЖД-158/4 мекемесі кадр бөлімінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты

Read More

1-маусым балаларды қорғау күніне орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті және оған қарасты түзеу мекемелерінің жеке құрам қызметкерлері аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасындағы балаларға көмек көрсетуде. Атап айтқанда, бұл күні ЖД-158/5 мекемесінің ұжымы бірнеше жылдан бері көмек көрсетіп келе жатқан көп балалы Мамбетязовтардың отбасында болып қайтты. Сырға Мамбетязова кәмелетке жасқа толмаған 2 қыз, 4 ұл тәрбиелеп отыр. Жылы жүздесу барысында мекеме қызметкерлері балаларды мерекелерімен құттықтап, оларға сыйлықтармен тәттілерді сыйға ұсынып, бүлдіршіндерге қуанышты көңіл-күй сыйлады. Өз кезегінде көпбалалы ана Сырға Мамбетязова арнайы уақыт бөліп, мереке қарсаңында бауыр еті балаларына риясыз қуаныш сыйлаған ҚАЖ қызметкерлеріне өз алғысын білдірді. Айнура…

Read More

Қазақстанның халық жазушысы, ақын, әдебиеттанушы, лингвист-зерттеуші, түрколог, мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат Олжас Сүлейменов 85 жасқа толып отыр. Осыған орай, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Олжас Омарұлы Сүлейменовтің 85 жылдық мерейтойына арналған «Олжас Сүлейменов және таза планета» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Әлемнің Олжасына арналған бірнеше халықаралық конференциялар мен мемлекеттік деңгейдегі түрлі іс-шаралардың Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің іргесінде өтуі бекер емес. Өйткені мұнда ақынның атымен аталып, тұлғасымен тәрбиелентін жастардың өзіндік әлемін, танымдық көзқарасын жаңаша қалыптастыруға тікелей ат салысып отырған Олжас Сүлейменов атында­ғы «Әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбие институты» 2004 жылдан бері рухты жастарды тәрбиелеп келеді. Ақын университет жастарымен жиі кездесіп,…

Read More