Автор: admin

Қазақ ұлттық аграрлық университеті апталық жұмыс қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі BasNews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. Оқу орнындағы айшықты оқиғалар аңдатпасы: Алматы облысында кореялық мамандар салатын смарт жылыжайдың іргетасы қаланды..Ғаламның Олжасы – 85 жаста!Ардагер волейболшылар Ресейден жүлделі оралды.Университетте Қазақстан-Венгрия зерттеу орталығы ашылатын болды.

Read More

Жамбыл облысының әр ауданында «Жомарт түлек» форумдары өтіп жатыр. Мақсаты — өз ауылына, өз мектебіне қол ұшын созып, керегін алып беріп, стипендия тағайындап жүрген азаматтардың онлайн/оффлайн форматта басын қосу. Осындай бір шара Мойынқұм ауданында пандемияға байланысты барлық талаптар ескеріле отырып, ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Қайырымдылық шараларын, меценаттықты үзбей атқарып жүрген мойынқұмдықтар арасында айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева, «Тараз» триосының солисі Асылхан Шүңіреков, Исабеков Бәкір, Бейсебаев Бәкен, Жазықбаев Жайдар және тағы басқа азаматтар алды баспанаға мұқтаж жандарға үй алып берген болса, басқалары аз қамтылған отбасыларға азық-түлігін, отын-суымен көмектесіп келеді, сондай-ақ стипендия тағайындап жатқандары да бар. Шамамен шараға арнайы шақырылған 40-тан аса…

Read More

Жамбыл облысында жыл басынан бері мемлекеттік сатып алулардан 2,7 млрд. теңге үнемделген. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Бақытжан Жүнісбеков айтты. Облыс бойынша сатып алулардың бірыңғай ұйымдастырушысы болып мемлекеттік сатып алу басқармасы тағайындалған. Егер де сатып алулардың сомасы 40 000 айлық есептік көрсеткіштен асатын болса, сатып алуды ұйымдастыру облыс бойынша бірыңғай ұйымдастырушыға, ал 4 000 АЕК асатын жағдайда, аудандық бірыңғай ұйымдастырушыларына жүктеледі. Биыл облыста мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушыларымен жалпы сомасы 56,0 млрд. теңгеге 383 лот өткізу жоспарланған. Оның ішінде, мемлекеттік сатып алу басқармасымен 54,6 млрд. теңгеге 248 лот өткізу жоспарланған, қазіргі таңда 33,7 млрд.…

Read More

Жамбыл облысының тумасы Әділет Рахметолла бүгінде танымал фото және видеоблогер. Оның Instagram желісіндегі парақшасында 127 мыңнан аса оқырманы бар. Фотоаппарат пен камераға деген қызығушылығы бала күнінен оянған ол еліміздің тұмса табиғатын түсіріп, халықпен бөліскенді ұнатады. Халық арасында блогерді «дронның атасы» деп те атап кеткен. — Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Кенен Әзірбаев атындағы ауылда тудым. Анам мұғалім, әкем мал шаруашылығымен айналысады. Фото, видео түсіруге мектеп жасымнан қызықтым десем болады. Оған әкемнің Тұрған есімді інісі себеп болды. Ол кісі 1989 жылдары Германияда әскери борышын өтеп, 1993 жылы Қазақстанға оралды. Германиядан әртүрлі камера алып келді. Тұрған ағам сол жылдары ауыл-аймақты, Алматыға келіп, бәйгелерді,…

Read More

«Жомарт түлек» жобасы аясында таластық кәсіпкер Досан Рымтаев иелігіндегі қараусыз қалған қонақ үй ғимаратын аудан әкімдігіне тегін тарту етті. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен облыста «Жомарт түлек» жобасы қолға алынған болатын. Ондағы мақсат-туған жерден түлеп ұшқан, түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген түлектердің өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету, сонымен қатар, осы азаматтардың атсалысуымен туған жердің әлеуметтік мәселелеріне қатысты шараларды қабылдау және маңызды жобаларды іске асыру еді.Туған жердің дамуына үлес қосып жүрген танымал азаматтардың басын қосқан «Жомарт түлек-2021» форумы Қаратау қаласында да ұйымдастырылды. Шараға кіндік қаны Талас топырағына тамып кейін елімізге белгілі болған тұлғалармен қатар, қайырымды істерге ұйытқы болып…

Read More

Ақтөбеде зейнеткер достарын үйіне қонаққа шақырған. Бірақ олармен бірге ере келген таныстары үй иесін байлап, зейнетақысын қолды еткен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеп. Зейнеткер әйелі қайтыс болғаннан кейін бау-бақша ұжымындағы үйде жалғыз тұрады екен. Бір күні зейнектерге танысы қоңырау шалып, қонаққа шақыруын өтінеді. Танысы құрбыларымен қараңғы түскенде келген. Зейнеткер екі әйелді үйге кіргізіп, есікті жаппақшы болғанды тағы екі тұрғын басып кірген. Олар иесін ұрып-соғып, оның басына тұншығып, есін жоғалтуы үшін жаңбыр жамылғысын кигізген. Оның қол-аяғын байлап, ақша талап етіп, үйдің астан-кестең еткен. Қонақ болып келген әйелдердің бірі қарт зейнеткерген көмектесуге тырысқан. Бірақ өзі оңбай таяқ жеген. Ақшаны қолды еткеннен кейін қарақшылар болған оқиға туралы …

Read More

Қытайлық қазақ файтер Сайран Нұрданбек (19-7) Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткен UFC Vegas 27 турниріндегі дебютінде жеңіліс тапты. Ол аустралиялық Джошуа Кулибаодан (9-1-1) жеңілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жек төрешілердің шешімімен аяқталды. Олар жеңісті бірауыздан аустралиялық спортшыға берді.  Бұл Нұрданбектің UFC-дегі алғашқы кездесуі. Мұның алдында ол қатарынан екі рет жеңген. Қазір оның қоржынында 19 жеңіс және 7 жеңіліс бар. Ал Кулибаоға келер болсақ, бұл аустралиялықтың промоушендегі үш кездесудегі алғашқы жеңісі. Habló de su plan de juego y tal cual lo hizo, evadiendo la lucha del rival, @CulibaoMMA derrota a Sha Yilan por decisión unánime #UFCVegas27 pic.twitter.com/35ejTXjxzy— UFC…

Read More

Биыл жыл соңына дейін еліміздің Елтаңбасының бейнесін мөрлерде және ресми құжаттарда яғни, жеке куәлік, туу туралы куәлік, паспорт және өзге де құжаттарда ауыстыру жұмыстары аяқталады. Бұл туралы бүгін ӨКҚ ақпарат алаңында ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Әлия Ахметова айтты. Еске салайық, еліміздің Тұңғыш Президенті «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» жарлық шығарған болатын. Соған сәйкес техникалық реттеу және метрология комитетінің 20.09.2018 жылғы №272-ші бұйрығымен «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы» ұлттық стандарттың барлық мәтіні бойынша «ҚАЗАҚСТАН» деген жазуды латын графикасында жазу бөлігінде өзгеріс енгізілді. «Аталған стандарт 2018 жылдың 1 қарашасынан…

Read More

Жамбыл облысында жоғалған келіншекті іздеген сүңгуір өлі табылды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 3 сәуірде Шу ауданында Тасөткел су қоймасында 1997 жылы туған азаматты іздестіру жұмыстары жүргізілген болатын. Ауа райының қолайсыздығы, желдің күшеюі салдарынан қайық аударылып, іздестіру жұмыстарын жүргізу орнында Жамбыл облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Жұмағали Абдрахманов жоғалып кеткен еді. Іздестіру-құтқару жұмыстары басталып, 35 күн бойы жүргізілді. «10 мамырда сағат 12.20-да Шу ауданында, Тасөткел ауылынан 3 шақырым жерде, Тасөткел су қоймасында, Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының күшімен қамыс аймағында іздеу орнынан 500-600 метр қашықтықта акваторияны тексеру кезінде 1970 жылы туған бас құтқарушы Жұмағали Абдрахмановтың денесі…

Read More

Бүгінгі таңда Тараз қаласында Ұлы Отан соғысының 20 ардагері бар.Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығына орай қала көлемінде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 6 мамыр күні Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» атты акция өткізілді. Акция барысында «Темірқазық» және «Жалын» волонтерлық қозғалысының еріктілері Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің тұрғылықты мекен-жайлары бойынша үй-жайды жинастыру, әктеу, жер қопару, ауланы қоқыстан тазарту жұмыстарын атқарды.

Read More