Автор: admin

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Ержан Жылқыбаев Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tarazy.kz порталы облыс әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. Облыс орталығының жаңа әкімін қала активіне аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев таныстырды. «Айтқазы Қарабалаевтың атқарған жұмысына рахмет айтамын. Тараз облыс орталығы болғаннан кейін оның дамуы аймақтың дамуына тікелей байланысты. Ержан Жылқыбаев біраз жерде қызмет атқарды, сыннан өтті. Тараздың дамуына бар тәжірибесін салады деп сенемін. Ең бастысы, бірігіп жұмыс істеу керек. Тараз мәдени, туризм ордасы болуы керек. Былтырғы жыл Қордайға көп көңіл бөлінсе, биыл Таразға ерекше назар аударылмақ. Халықтың жағдайын жақсарту, әлеуметтік…

Read More

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасының Тағзым күнін сәйкес «Наурыз нұры» мейірім кешін «Сарымолдаев балалар үйінде» атап өтті. Карантин талаптарын сақтап, балалардың қауіпсіздігін ойлап, ішке кірместен, мекеме қызметкері аға сарапшы Жеңіскүл Есеналиеваға балаларға әкелген базарлықты ұсынды. Шараны ұйымдастыру арқылы қайырымдылық- ізгіліктің нақты көрінісі, адамның асыл қасиеттерінің бірі екенін, жастарға қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылдырып, балалардың қуанышын, ризашылығын көру шынында керемет сезімге бөлейтінін байқадық. Аға сарапшы Жеңіскүл Есеналиеваға: «Балаларға жасаған қамқорлық елімізге еселеп қайтатыны, оларға сыйланған қуаныштың бақытқа апаратынын, ел тірегі, ертеңіміздің кепілі – жас ұрпақ екенін» — айтып…

Read More

Жамбыл облысында алдағы бес жыл ішінде 140 млн түп ағаш отырғызылады. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Аслан Оразбеков айтты. Бастама президент жолдауында жүктелгендей «Ағаштар көлемін арттыру» бағыты бойынша жүргізілетін жұмыстарға жатады. «Жолдауда айтылған Республика бойынша отырғызылатын 2 млрд ағаштың 140 млн түбі біздің өңіріміздегі орман қорына отырғызу жоспарланып отыр. Аталған тапсырманы кезең-кезеңімен орындау үшін арнайы жоспарда бекітілген. Тапсырманы алдағы 5 жылда орындау үшін Жамбыл облысы бойынша кешенді жоспар 5 есеге көбейтіліп,орман шаруашылығы комитетімен келісілді. Отырғызылатын ағаштарға 79,4 мың га орман қоры жерлері дайындалуда, — деді А. Оразбеков. Бұдан бөлек елді мекен…

Read More

🔰Жамбылда тоқсан сайын аймақтың тілдік ахуалы зерделенеді. Бұл мақсатта аймақтағы атқарушы органдардың кіріс-шығыс құжаттарына мониторинг жасалады. Былтыр мемлекеттік органдардағы қазақ тіліндегі шығыс құжаттарының үлес салмағы – 99,2% құраған. Алайда, өңірдегі банк жүйесі мен құқық қорғау органдарында іс құжаттарының басым бөлігі орыс тілінде жүргізіледі. Бұл туралы ӨКҚ ақпарат алаңында облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова айтты. ✅Спикердің айтуынша, жамбылдық тұрғындардың тілдік ахуалына өткен жылы әлеуметтік сауалнама жүргізілген. Нәтижесінде, мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі 91,9% көрсеткен. Ал 70,5% үлесті мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін, оқитын және жазатындар құраған. Орыс тілін меңгерген тұрғындардың үлесі 93,5%. Сондай-ақ, ағылшын тілін білетін тұрғындар үлесі 27,7%. Үш…

Read More

Қазақ әдебиетінің қазыналы туындыларын насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамытуға бағытталған ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен 15 жыл бойы «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы жарияланып келеді. Бұл жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылып, 30 шығарма оқырман назарына ұсынылды. Республика бойынша барлық кітапханалар әдебиеттерді насихаттау жұмыстарына кірісіп, түрлі мәдени іс-шаралар: дөңгелек үстелдер, оқу конференциясы, тұрақты кітап көрмелері мен библиографиялық шолулар өткізілуде. Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы да осы үрдістен қалыспай, акция аясында жарияланған кітаптарға мүмкіндігі шектеулі жандардың қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын таңдалып…

Read More

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 4 наурыз ақын Серік Томановтың туғанына 65 жыл толуына орай ақынның жары Бибігүл Оразбаевамен «Соғады сен деп жүрегім» атты онлайн сұхбат өткізді. Онлайн сұхбат барысында ақынмен алғаш танысқан кезі, ақынның жары болудың қызығы мен қиындығы, отбасылық құндылықтар, арада жылдар өтсе де мәңгілік сағыныш жайлы толқып отырып әңгімеледі. Ақынның өлең жазудағы жанкештілігі, білімділігі, сіріңкенің қабығына өлең жазатын кездері, өзіне деген құрметі, аяулы сезім кешкен сәттері де айтылды. Ақын деген – Құдайдың сөз құдіреті қонған адам болса, ақынға жарды Құдай қосатынын, қос құлыны Еркін мен Маралды…

Read More

Жамбылда вакциналаудың 1-ші кезеңі бойынша 850 медицина қызметкері ресейлік «Спутник V» вакцинасының 1-компонентімен егілді. Олар осы аралықта екінші рет, яғни 21 күннен кейін «Спутник V» вакцинасының 2 компонентінің екінші дозасын алды. Мақсат — вакцинацияланған адамның ағзасындағы қорғаныш антиденелерінің санын көбейту және иммунитетті бекіту. Бұл туралы бүгін ӨКҚ ақпарат алаңында облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев айтты. Аймақтың бас дәрігерінің айтуынша, вакцинадан кейін адамдардан асқынулар байқалмаған. Ал 2 наурызда Қарағанды фарм зауыты базасында өндірілген «Спутник V» вакцинасының 5250 дозасы Шымкент қаласынан Жамбылға жеткізілді. Қазір аталған преператтар вакциналаудың 2 кезеңін өткізу үшін Денсаулық сақтау басқармасының қоймасында тұр. Жалпы екпенің 2-ші кезеңінде…

Read More

Азаматтарға құқықтық кеңес беру, бизнесті қолдау және дамыту, салауатты қоғам қалыптастыру мақсатында «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында Меркі ауданында 3 бағытта іс-шаралар өткізілуде. «Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу және бизнесті дамыту» тобының мүшелері Меркі, Сарымолдаев, Ойтал ауылдық округінде халықты әлеуметтік қолдау шаралары туралы таныстырып, 80-нен астам ауыл тұрғындарын жеке сұрақтармен қабылдап, оларды толғандырған оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек алу, жұмысқа орналасу, грант алу мәселелерінің шешімін қарастыру бақылауға алынды. Сонымен қатар, салауатты қоғам қалыптастыру, зияткер жастарды тәрбиелеу мақсатында бірқатар спорт түрлерінен турнирлер өткізілуде. Мәселен, №22 спорт мектебінде шахмат, дзюдо, қол күрестен жарыстар өтсе еркін күрес пен бокс мектептерінде шеберлік сабақтары мен минифутболдан жарыс…

Read More

2021 жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы № 9 қаулысына сәйкес, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы мен тұрақтануына байланысты, жалпы білім беретін мектептердің 1-5 сынып және халықаралық мектептердің 1-7 сынып білім алушыларын аралас форматта оқытуға рұқсат етілді. Тек ерекше жағдайларда, ауырғанда немесе науқастармен қарым-қатынас жағдайларында ата-аналардың өтініші бойынша балаларды қашықтан форматында оқытуға қалдыруға рұқсат етіледі. Ата-аналар тарапынан балалардың жеке гигиенаны сақтауы және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттігін түсіндіру өте маңызды. Осыған дейін бастауыш сыныптары онлайн әрі офлайн режимінде аралас оқып келді. Бастапқыда онлайн білім беруге күмәнмен қарағанымыз рас, алайда ұстаздар мен оқушылар және ата-аналары…

Read More

Әділқазылар байқау шарттарына сәйкес Жамбыл Жабаевтың шығармаларынан үзінді мәнерлеп оқу, мәтінді оқу уақыты бес минуттан аспауын назарда ұстады.Нәтижесінде:1 орын екеу – «Болашақ» мектебінің оқушысы Байбосын Айзере, 47 мектеп оқушысы Оралбек Бекболат,2-ші орын үшеу – Мойынқұм ауданынан Байгөбек Шархат, 10 мектеп оқушысы Сейдазім Әлібек, Талас ауданы Майтөбе ауылынан Дархан Матвай,3-ші орын үшеу –Жуалы ауданынан Еламан Салауат, Жамбыл медициналық жоғары колледжінің білімгері Қуанышбай Мейірман, Тараз қаласы №5 мектеп оқушысы Әлімхан Әдия;Ынталандыруға «Болашақ» мектеп интернатының оқушысы Суров Ибрахим, І топ көз мүгедегі Меркі ауданының тұрғыны Нисанова Мария, Байзақ ауданынан Тұрсынбаева Мөлдір, №5 мектеп оқушысы Кеңес Мөлдір ие болып, бағалы сыйлықтар мен дипломмен марапатталды.…

Read More