Автор: admin

Өткен жылы Жамбыл облысында 2503 гектар игерілмеген егістік жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды. Ал 7197 гектар егістікті пайдаланушыларға жер салығы он есеге дейін ұлғайтылыпты. Бұл туралы бүгін ӨКҚ ақпарат алаңында облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысы Бахтияр Көпбосынов баяндады. Спикердің айтуынша өңірде барлық бағыттағы жерлерге болжамды космомониторинг яғни әуе арқылы бақылау жүргізілді. Нәтижесінде 25 мың гектар егістік жерлердің игерусіз қалғаны анықталды. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда біршама төмендеген. Мәселен сол жылы облыс аудандарында 35,5 мың гектар егістік жерлер игерусіз қалған. Осыған байланысты қатаң шаралар қолдануға тура келген. Қол алған шұғыл шаралардан кейін игерілмеген егістіктің 2503 гектары мемлекет меншігіне қайтарылған. Ал 7197 гектар…

Read More

Жамбыл облысында алтын кенін заңсыз өндіретін орын анықталды. Оны Мойынқұм ауданында 52 жастағы алматылық ұйымдастырған. Ер адам ұсталып, одан қару тәркіленді, — деп хабарлайды Polisia.kz. Қылмыс болған жерді тексеру барысында полицейлер тіркелмеген 16 калибрлі бір ұңғылы аңшылық мылтығын тапты. Сондай-ақ, жарылыс жұмыстарын жүргізуге арналған қолдан жасалған сегіз тұтандырғыш тәркіленді. «Анықталған факт бойынша ҚР ҚК-ның 287-бабы 3-бөлігі «Атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», — деп хабарлады полиция өкілдері.

Read More

Кеше облыс əкімі Бердібек Сапарбаев Қоғамдық кеңес алдында өткен жылы атқарылған жұмыстары бойынша есеп берді. Аймақ басшысы атқарылған жұмыстарды рет-ретімен баяндап, алдағы жоспарымен бөлісті. Жиын барысында кеңес мүшелері қойған сұрақтарға да жан-жақты талдай отырып жауап берген болатын, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі. Жиында қоғамдық кеңес мүшесі Исламбек Дастан облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа мынадай сұрақ қойды: — Өзіңіз барлық аудандарға барып, аудан əкімдерінің жұмысыментанысып шықтыңыз. Əкімдерге баға беріңізші, олардың ішінде өзжұмысын дұрыс үйлестіре алмай отыр деп кімдерді атар едіңіз? —деп сұрақ қойды. — Исламбек Дастан мен қатысқан аудан әкімдерінің есеп беружиындарына қатысып, облыстық индикаторлардың орындалмауыжөнінен жақсы сұрақтар қоя білді. Қазіргі…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураның, облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы прокуратуралар басшыларының қатысуымен бейне байланыс режимінде кеңес өткізді. Жиын алдында Мемлекет басшысына «Электронды қылмыстық іс», «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай реестрі», «Субъектілер мен объектілерді тексерудің бірыңғай реестрі», «Электронды арыз-шағымдар» және «Аналитикалық орталық» сияқты цифрлық жобалар ұсынылды. Президентке прокурорлардың сотқа дейінгі тергеу амалдары бойынша кейбір органдардың шешімдерімен онлайн-режимде келісу үдерісі таныстырылды. Аталған зияткерлік шешімдер Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау аясында қабылданды. – Дұрыс бағыттағы ауқымды жұмыс атқарылғанын ерекше қуанышпен айтқым келеді. Бұл жұмыстарды кеңейтіп, жалғастыра беру керек. Өйткені цифрландырудың баламасы жоқ, – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев кеңесте сөйлеген сөзінде…

Read More

Как применяются принятые законы на практике и как цифровые технологии способствуют повышению их эффективности оценили сегодня депутаты Мажилиса в ходе выездного заседания комитетов в Генеральной прокуратуре. Депутатам комитетов Мажилиса по международным делам, обороне и безопасности, а также по законодательству и судебно-правовой реформе представили такие цифровые проекты Генеральной прокуратуры, как «Единый реестр административных производств», «Единый реестр субъектов и объектов проверок», «Электронные обращения» и др. Заместитель Генерального прокурора Марат Ахметжанов проинформировал мажилисменов об особенностях работы данных систем. Внедрение проектов направлено на исключение коррупционных рисков, повышение прозрачности, оперативности деятельности государственных органов, а также качества государственного контроля и надзора. В частности, системой «Единый реестр…

Read More

Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласында өрттен бес бала қаза тапты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігіне сілтеме жасап. Оқиға 19 ақпанда сағат 15.15-те 2 шағынауданда болған. 5 қабатты тұрғын үйде 16 шаршы метр алаңда 3 қабаттағы пәтерде өрт шыққан. Пәтерде 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған бес бала болған, олар ересектердің қарауынсыз қалған. «Алдын ала мәлімет бойынша, отбасының отағасы жұмыста болған, анасы дүкенге кеткен. Өрт салдарынан кәмелетке толмаған барлық бала улы газдан зардап шегіп, шұғыл ауруханаға жатқызылды, алайда біраз уақыттан кейін қайтыс болды. Оқиғаның себебін анықтау үшін Жамбыл облысы әкімінің бұйрығымен облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек бастаған арнайы комиссия…

Read More

Бүгін Бас прокуратурада бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің (бұдан әрі — Комитет) цифрлық жобаларының таныстырылымы өтті, — деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі. Бас Прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов іс-шараны аша отырып, «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік органдармен бірлесіп қылмыстық және әкімшілік процестерді автоматтандыру, тексерулер тағайындау, өтініштермен жұмыс бойынша жобалар іске асырылғанын атап өтті. Олар мемлекеттік органдардың қызметін оңтайландыруға, азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, құқықтық статистиканың ашықтығы мен анықтығын қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға, сондай-ақ бюджет қаражатын үнемдеуге бағытталған. Журналистерге «Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімі» «Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі», «Электрондық өтініштер» цифрлық жобаларының мүмкіндіктері және…

Read More

Жамбылдағы елді мекендер мен шаруашылық нысандарын су басу қаупі Шу, Талас және Аса өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан болуы мүмкін. Сондай-ақ тау бөктеріндегі еріген қар және жаңбыр сулары да халық шоғырланған ауылдарға қауіпті саналады. Бұл туралы ӨКҚ ақпарат алаңында Жамбыл облысы ТЖ департаменті бастығының орынбасары Ералы Ақылбеков айтты. Спикердің айтуынша, аймақ бойынша көктемгі мерзімде су басуы мүмкін 38 елді мекен бар. Олардың 28-і су қоймаларындағы су деңгейінің көтерілуінен, ал 10-ы тау бөктерінде еріген қар суы немесе нөсерлі жаңбыр себебінен болмақ. «Облыс көлемінде 156 гидротехникалық құрылыс нысандары орналасқан. Оның ішінде республикалық меншікте – 41, жеке меншікте – 9-ы бар. 2017-2020 жылдарға…

Read More

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай ақпан айының 1 мен 25 аралығында оқырмандар арасында Ж. Жабаевтың шығармаларын насихаттау, табиғи дарындарын анықтау, олардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, ауыз әдебиетінің рөлін, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету мақсатында «Жыр алыбы-Жамбыл» атты Жамбыл оқулары байқауын жариялайды. Байқауға облыстың барлық сатыдағы тұрғындары қатыса алады. Байқаудың қатысушылары өз жұмыстарын #Жамбыл облыстық арнайы кітапхана, #Жамбыл Жабаев 175 жыл хештегімен әлеуметтік желіге (фейсбук, инстаграм) жариялауы тиіс. Әділқазылар қатысушының шығарманы…

Read More

Былтыр Жамбыл облысы салық кірістерінен 113 млрд.теңгеден асатын қаржы түсірді. Бұл туралы ӨКҚ ақпарат алаңында Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Еркебұлан Caғитов айтты. Спикердің айтуынша, 113 млрд. теңгеден асатын қаржы бұл республика және облыс бюджеттеріне түскен жалпы қаржы. Оның ішінде облысқа тоқталар болсақ, кіріс қаржы 79 млрд. 417 млн теңгеден асады. Бұл белгіленген жоспардан 6 жарым млрд. теңгеге артық орындалды дейді. Пайыздық көрсеткішпен жергілікті бюджет кірістерінің орындалуы 109,1 %. Ал республика бюджетіне 33 млрд. 837 млн. теңгеден аса қаржы түскен. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 3 млрд. теңгеден асатын артық түсім. Былтыр барлығы 2180 салықтық және кедендік тексерулер…

Read More