Автор: admin

Жамбыл облысындағы Жаңатас қаласының тұрғыны аймақта жылу ағытылғанын, үй салқындап кеткеніне шағымданды. Оның видеосы әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Жамбыл облысының әкімдігі бұл видеоға қатысты түсінік берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Желіде тараған видеода Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласының тұрғыны өңірде жылу мен ыстық су ағытылғанын айтады. «Қазір пәтердемін. Үйде минус температура сияқты, күртемен жүрмін. Кеше жылу мен ыстық суды ағытып тастапты. Бүгін 10 ақпан. Далада қар, үй салқын», — дейді ролик авторы. Tengrinews.kz порталы мән-жайды білу үшін облыстық әкімдікке хабарласты. Әкімдік қызметкерлері Жаңатас қаласында жылу ағытылмағанын, тек 9 ақпанда жылыту құрылғылары істен шыққанын айтты.  Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от…

Read More

Жамбылдық полицейлер шаруаға жоғалған жылқысын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ағымдағы жылдың 8 ақпанында сағат 21:10 шамасында Шу ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын xабарласып, белгісіз біреулердің аудан орталығынан 85 шақырымдық жерде орналасқан фермасынан 86 бас жылқы үйірін ұрлап айдап кеткендігі туралы арызданған. Осы оқиғаға байланысты Шу аудандық полиция бөлімімен екі жедел-тергеу тобы құрылып, шұғыл түрде іздестіру жұмыстарына кірісті. Кәсіби жедел іс-шаралардың нәтижесінде полицейлермен барлық 86 жылқы әр түрлі аумақтардан табылып, иесіне жинап, қайтарылды. Қазіргі кезде мал шаруашылығының қожайыны жылқылардың ұрланып кетуіне байланысты шағымданбайтынын айтып, полиция қызметкерлеріне жылқыларын іздестірудегі жедел әрі кәсіби жұмыстары үшін алғысын білдірді. Жамбыл облысының Полиция департаменті…

Read More

Тараз тұрғыны полицейлерге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Өзінің бейнежазбасында ер адам Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменовке және полиция қызметкерлеріне Жұмаділов көшесінің бойында жасанды кедіргілер орнатқаны үшін алғыс білдірді. Көп балалы әке, Төрткөл массивінің тұрғыны Жанат Сүлейменовтің қабылдауында болып, балалардың қауіпсіз жүріп-тұруы үшін Жұмаділов көшесі бойында қажетті жасанды кедергілер орнату өтінішімен жүгінген болатын. Бұл көшеде бірнеше көпбалалы отбасы тұратыны, ал көлік ағыны көп болғандықтан, онымен жүру қауіпті болып отырғаны кездесу барысында сөз болды. Өтініш білдіргеннен кейін, екі тәулік өткен соң Жамбыл облысының Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлерімен жасанды кедергілер орнатылды. Ер адамның айтуынша, осы жасанды кедергіні…

Read More

Байзақ ауданында жергілікті полиция бөлімінің 2020 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша жедел кеңес өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жедел кеңесте Жамбыл облысы ПД Штабының бастығы Алмаз Байжарасов баяндама жасап, ол Байзақ ауданында ұрлық санының көрсеткіші 45%-ға қысқарғанын, қарақшылық шабуылдар мен бопсалау деректеріне жол берілмегенін атап өтті. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бұрын жасалған 11 қылмыс дерегі ашылған. Келесі кезекте, Байзақ ауданы полиция бөлімінің бастығы Досымбек Мұсаев 2020 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Өз баяндамасында қылмыстар санының 15,2%-ға, ал қоғамдық орындар мен көшелерде жасалған қылмыстар саны 19%-ға төмендегеніне ерекше назар аударды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар санының 60%-ға, ал кәмелетке толмағандармен…

Read More

Жаңатас қаласының тұрғындары жамбылдық полицейлерге көршісін құтқарғаны үшін алғыстарын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz. 2021 жылдың 1 ақпанында Сарысу ауданының полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Абзал Асаубайға Жаңатас шағын ауданының тұрғындары көмек сұрап жүгінді. Олардың көршісі, 60 жастағы ер адам бірнеше күн бойы пәтерден шықпаған және телефонына жауап бермеген. Мазасызданған көршілер учаскелік полиция инспекторын шақыруды шешті. Көрсетілген мекенжайға келген полиция қызметкері Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлерін есікті бұзуға шақырады. Олар пәтердің ішіне кіргенде еденде ес-түссіз жатқан адамды көреді. Учаскелік инспектор жедел жәрдем бригадасының келуін күтпей, ер адамды көрпеге жатқызып, құтқарушылардың көмегімен өз автокөлігімен ауруханаға жеткізу үшін төменге…

Read More

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Jambyl-Taraz» қоғамдық-саяси газетінің директор-бас редакторы, қалалық мәслихат депутаты, Жамбыл облыстық іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Эльмира Мырза-Ғалимен «Әлемді құтқаратын қуат – әйелдің мейірімі» атты онлайн сұхбат өтті. Сұхбатта қазақ әйелдерінің қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, әлеуметтік мәселелердің шешімін табуға атсалысуы, еліміздің дамуында нәзік жандылардың орны, отбасылық құндылықтар, отбасыдағы әкенің рөлі мен баланың пікірімен санасу жайлы өзекті әңгіме өрбіді. Кешегі Ұмай мен Қызай ананың ерлікке толы нәзіктігі, бүгінгі Фариза мен Күләштің нәзік те, ерлікті насихаттайтын жырларына тоқталды. Сұхбаттың маңызын арттырып, Фариза ақынның өлеңі де оқылды. 25 жылдық тарихы бар «Jambyl-Taraz»…

Read More

Былтыр Жамбыл облысының өнеркәсіп кәсіпорындары 504,8 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Бұл туралы ӨКҚ алаңында облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-иновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандиар Сейсебаев айтты. Ал 2019 жылы облыс 464,8 млрд. теңгенің өнімін өндірген. Облыста биыл 85 195 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркеуге алыныпты. Оның ішінде нақты жұмыс істейтіндері 69 338 бірлікті құрап отыр. Спикер «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына да тоқталды. Бұл бағдарлама басталғалы бері жалпы сомасы 75,5 млрд. теңгені құрайтын 203 жоба бойынша жұмыстар жүргізілді дейді. Бүгінгі күнге оның 73,6 млрд.теңгені құрайтын 154 жобасы мақұлданған. Әзірге жалпы құны 49,5 млрд.теңгені құрайтын 143 жоба қаржыландырылыпты. Бағдарлама аясында 3 мыңға…

Read More

Соңғы жылдары облыстағы Экология департаментіні бей-берекет орналасқан қалдықтарды анықтауды ғарыштық бақылаумен жүзеге асырып келеді. Ал алған нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға оларды жою жөнінде нұсқамалар беріп отырады. Бұл туралы ӨКҚ ақпарат алаңында Жамбыл облысы бойынша Экология департаментінің басшысы Марат Құрманбаев айтты. Спикердің сөзінше, департамент зертханасымен былтыр ластаушы көздерден 722 сынама алынып, 2455 химиялық талдаулар жасалған. Оның ішінде ауа атмосферасынан 648, су ресурстарының ластануын бақылау бағытында 68, жердің ластануы бойынша 6 сынама алынып, талдаулар жасалған. Былтыр табиғат пайдаланушылармен қоршаған ортаны қорғау іс-шараларына 808,7 млн. теңге жоспарланып, 559,5 млн. теңгесі игерілген. Бұл 69% көрсеткіш. Өңірде өткен жылы ауа атмосферасына қалдық шығаруға 125…

Read More

Бүгін, 2021 жылдың 01 ақпанында Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев былтырғы жылдың қорытындысы бойынша №1 және №2 округ тұрғындары алдында онлайн форматта есеп берді«Өткен жылы басталған пандемия жұмысқа кері әсерін тигізді десек те, қаламызда Президент тапсырмаларына сәйкес жәнеоблыс әкімінің қолдауымен бірқатар жұмыстар атқарылды. Жыл ішінде атқарылған жоспарлы жұмыстардың нәтижесінде әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамудың оң динамикасы қалыптасып отыр. «Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында жоғары тұрған бюджеттерден 12 нысанды іске асыруға 2 млрд. 495,6 млн. теңге қарастырылып, бұл қаржыға келесідей жұмыстар атқарылуда. Олар, 2019 жылдан өтпелі Саңырақ батыр көшесінен Сорокин көшесіне дейінгі Байзақ батыр көшесінің бойындағы су тартқыштың, Жауғаш батыр көшесінің…

Read More

Облыс бойынша 18-64 жастағы 659 722 тұрғын бар. Оның ішінде қарсы көрсеткіштер мен бас тартуларды ескере отырып вакцинациялауға 593 700 адам жатады. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев мәлімдеді. «Ақпан айында бірінші партиямен ресейлік «Спутник V» вакцинасымен 5000 тұрғынды, наурыз-маусым айлары аралығында 95 000 тұрғынды вакцинациялау жоспарлануда. Қалған 493 700 облыс тұрғындарын отандық вакцинамен вакцинациялау жоспарлануда. Вакцинаны енгізу үшін көлемі 0,5 мл өздігінен бекітілетін шприцтердің 1 187 400 данасы қажет» деді, басқарма басшысы.Айта кету керек, биыл жамбылдық тұрғындарды вакцинациялаудан өткізу үшін, қажетті көлемде вакцина мен шприцтерді алуға 2,5 млрд теңге көлемінде қаражат жұмсалады…

Read More