Автор: admin

Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда пандемия басталған уақыттан бері үкімет халықты COVID-19 инфекциясынан қорғау бойынша шаралар қабылдады. Елде карантин енгізілген соң, бұқаралық іс-шаралар, мерекелер мен тойларды өткізуге тыйым салынды. Бұл вирустың таралуына тосқауыл мүмкіндік берді. Тараз қаласы бойынша мониторингтік топтар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзған мейрамханалар мен дәмханалардың иелеріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырды. Жалпы 259 хаттама толтырылып, оның 244-і сотқа жолданды және тағы 15 хаттама өңдеу сатысында тұр. Жалпы рестораторлар бюджетке 51 761 500 теңге төледі. Алайда, мейрамхана иелері толтырылған хаттамаға қарамастан карантин талаптарын бұзуды жалғастырған жағдайлар да болды. Бұл жастар арасында кең танымал «Salvador» ресто-бары мен «Fashion M Club» түнгі клубы. Осыған байланысты…

Read More

Как вы знаете с началом пандемии в Казахстане, правительством были приняты меры по защите населения от COVID-19. С началом карантина было запрещено проведение массовых мероприятий, праздников и тоев. Это позволило сдержать распространение вируса. Мониторинговыми группами по городу Тараз были составлены административные протоколы по отношению к руководителям ресторанов и кафе, которые нарушали санитарно-эпидемиологические требования. Было составлено 259 протоколов, из них 244 уже произведены и 15 в стадии обработки. Суммарно рестораторами было заплачено 51 761 500 тенге в бюджет. Однако были случаи, когда рестораны продолжали нарушать требования несмотря на составленные протоколы. Это ресто-бар «Salvador» и ночной клуб «Fashion M Club», которые популярны…

Read More

Биыл 26 қаңтарда Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық қолөнерімізді насихаттай отыра, қайырымды іс жасауға баулу мақсатында «Жылулық сыйла» атты қайырымдылық көрмесі өткізілді. Волонтерлар жылында қарт волонтер атанған Сәуле Төребекованың жетекшілігімен жұмыс атқарып отырған «Айсәуле» құрақ құрау курсы құрамы арнайы дайындаған жұмыстарын жиылған көпшілікке ұсынды. Қазақ оюлары, қазақ тілі, қазақ халқы, қазақтың құндылықтары десең алғаш ойымызға өз еліміздің өзіне тән белгісі, нышаны келеді. Әлем қазақ елін осы оюымен, оюлы домбырасымен және оюлы көк туымен таниды. Қайырымдылық жасау адам бойындағы ең игі қасиеттердің бірі. Осы кереметтей қолөнер бұйымдарын сатып…

Read More

Әлемне тізесін батырғнюаникоронавирус инфекциясын жұқтырғандардың қатары күн санап қайтадан көбейіп келеді. Халықаралық сарапшылардың мәлімдеуінше, қарапайым ғана сақтану талаптары яғни, халық көп шоғырланатын орындарға бас сұқпау, антисептик сұйықтығын жиі қолдану, бетперде режимін сақтау індеттің дендеуіне едәуір тосқауыл болса керек. Бұл ережелерді халыққа хабарлау — ортақ міндет екені айтпасақта түсінікті. Осы орайда Жамбыл ауданында 2 мобильдік, 1 мониторингтік және 17 ауылдық округі әкімі аппаратының жанынан құрылған шұғыл топ мүшелері үздіксіз жұмыс жасауда. Олар сауда орталықтарына, азық-түлік дүкендері мен халық көп шоғырланатын орындарға жаднамалар таратып, түсіндіру жұмыстарына басымдылық беріп, ойын-сауықтан әсіресе, алдағы мереке күнгі жиындардан таса болу керектігін ескертуде. Сонымен қатар, күні кеше…

Read More

Тараз қаласының аумағында одан әрі шектеу шаралары туралы Қаулы « 22 » қаңтар 2021 жыл №375 Тараз қаласы Мен, Тараз қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Алтынбасова Рита Омирхановна, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 9, 36 баптары, 1 тармағының, 4 тармақшасы және 38 бабы, 2 тармағының 3 тармақшасы, 102, 104, 107 баптары негізінде, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Ресубликасы Бас…

Read More

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының әлеуметтік желілерінде жаңалық жаршысына айналған «AQJOL» газетінің жұмысымен кеңінен таныстыру мақсатында басылымның бас редакторы Оралхан Дәуітпен «Жаңалық жаршысы – «AQJOL» онлайн сұхбат өтті. Онлайн сұхбат барысында Оралхан Әбдірашұлы қарашаңыраққа айналған «AQJOL» газетінің құрылу тарихына тоқталып, журналистік әлемге қадам басқан алғашқы жылдарының естелігімен бөлісті. Журналистикамен қатар жазушылық қабілеті бар қаламгер өзінің шығармашылығынан хабардар ете отырып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Оқырман көзайымына айналған тырнақалды туындыларынан мысал келтіріп, шығармашылығын әлі де шыңдай түсетіндігін жеткізді. Жазушының өмірдің өзінен өрілген әзіл әңгімелері, сан алуан тақырыптағы хикаяттары әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен. Одан әрі басылымның экономика және ауылшаруашылық бөлімінің редакторы,…

Read More

Ғабидолла Әбдірахымов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Үкімет сайты. Ғабидолла Әбдірахымов 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін бітірген, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Неміс Жоғары мемлекеттік басқару мектебінде оқыған, мемлекеттік әкімшілендіру магистрі. Еңбек жолын 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде тағылымгер-оқытушы болып бастаған. Еңбек жолын 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде тәлімгер-оқытушы болып бастаған. 1999-2008 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымында түрлі лауазымдарды атқарды. 2008-2012 жылдары — ҚР премьер-министрі кеңсесінің басшысы. 2012-2013 жылдары — ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы. 2013-2015 жылдары — ҚР Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары. 2015-2017 жылдары — Шымкент…

Read More

Биыл қаңтарынан бастап еліміз бойынша әлеуметтік төлемдер өсті. Мәселен күнкөріс деңгейі 34 302, айлық есептік көрсеткіш 2 917, ең төменгі жалақы 42 500 теңге болып белгіленді. Ал, толық еңбек өтілі үшін зейнетақының ең төменгі мөлшері 43 272 теңге болса, базалық зейнетақы төлемі ең төменгі мөлшері 18 524 теңгені құрап отыр. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Мұрат Зейнебеков айтты. Тиісті нормалар президент қол қойған 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда жазылған. Спикердің сөзінше, биыл зейнетақы 7%-ға өсіп отыр. Ал, зейнетақы төлемдерін есептеу үшін ең жоғарғы табыс 46…

Read More

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары! Коронавирусты инфекцияның кең таралуының алдын алу және карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында Тараз қалалық әкімдік жанынан құрылған мониторингтік топ мейрамхана, дәмхана, караоке залдары секілді адамдар көп шоғырланған және түрлі отбасылық жиындар өту қаупі бар нысандарда рейд жүргізуді жандандырылатынын хабарлаймыз. COVID-2019 инфекциясынан өзімізді және жақындарымызды сақтау үшін түрлі жиын-тойлар өткізуден және мұндай шараларға қатысудан аулақ болуды сұраймыз. Тараз қаласының əкімдігі

Read More

Тараз қаласымен іргелес жатқан Жамбыл ауанына қарасты Қызылқайнар ауылы 70 жылдан кейін су жүйесіне қосылды. Осы уақыт аралығында елдімекен тұрғындары тау бөктерінен аққан тіршілік нәрін тұтынып келген болатын. Сапалы ауыз суға қол жеткізген тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Жамбыл ауданында 42 елдімекен болса, оның 29-ы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Енді олардың қатары тағы артты. Бүгін 3000 мың тұрғыны бар Қызылқайнар ауылы ауыз суға қосылып, тұрғындардың қуанышы еселенді. Жоба- мемлекеттік «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылды. Бағдарлама аясында 740 млн 760 мың теңге бөлініп, 950 аулаға су жүйесі тартылды. Қызылқайнарлықтар осы күнге дейін Кеңес тұсында тартылған ауыз суды пайдаланып…

Read More