Автор: admin

Бүгін жетінші шақырылымдағы Жамбыл облыстық депутаттарының алғашқы сессиясы өтті. Сессияда мәслихат хатшысы болып Махметғали Сарыбеков сайланды. Бірінші сессияны Мұқаш Ескендіров жүргізді. Махметғали Нұрғалиұлы Сарыбеков 1956 жылы 22 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Ленгер (қазір – Төле би) ауданы, Қазығұрт ауылында дүниеге келген. 1978 жылы Жамбыл педагогикалық институтының физика-математика факультетін «Физика» мамандығы бойынша үздік бітіріп шықты. Студенттік жылдары «Қазақстан мектебі», «Студенческий меридиан» журналдарында табиғатты қорғау және оны тиімді пайдалану, экология проблемаларының педагогикалық аспектілері жайында мақалалары жарық көрді. Педагогика және психология проблемалары жөніндегі студенттік жұмыстардың Бүкілодақтық /Махачкала, 1974ж./ және жас ғалымдардың Республикалық байқауларына /1978ж./ қатысып, жеңімпаз атанды. Ұстаздық еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы,…

Read More

Қала әкімі анасымен бірге дауыс беру учаскесіне бардыБүгін Қазақстан Парламентінің мәжілісі мен мәслихатына депутаттарды сайлау басталды. Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев №53 орта мектептің базасында орналасқан сайлау учаскесіне өз анасымен бірге барып, таңдау жасады. Қала басшысы дауыс беру нысанына алғашқы болып келгендердің бірі болғандықтан, сайлау учаскесіндегі салтанатты сәтке қатыса алды: Қазақстанның мемлекеттік Гимні орындалып, елдегі саяси шараға қатысушылар патриоттық сезіммен рухтанды. Сақтық шаралары мен әлеуметтік қашықтық сақталған нысанда өз таңдауын жасағаннан кейін қала әкімінің анасы осы науқанға атсалысып жатқандарға арнап бата беріп, елдің тыныштығы мен дамуына тілектестік білдірді. Жалпы, Қазақстанда барлығы 10 060 сайлау учаскесі бар. Соның ішінде 66 сайлау…

Read More

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен Жалпақтөбе ауылында 180 орынды мәдениет үйі халық қажетіне берілді, — деп хабарлайды Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. Небәрі үш айда тұрғызылған өнер ордасына Бердібек Машбекұлы тікелей бастамашы болған. Құрылыс сапасын назарға алып, өз бақылауында ұстады. Бұл көріністен әкімнің сазгердің рухына деген ыстық ықыласы, ерек құрметі сезіліп тұрғандай. Өйткені, халыққа тамаша әндер сыйлап, елдің сүйікті сазгеріне айналған композитор, вальс каролі Шәмші Қалдаяқов осы ауылда 18 жыл тұрып, қазақ мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Ал ауыл тұрғындары ұлы сазгердің осында тұрғанын әрдайым мақтанышпен айтып, себезгі естеліктерін жастарға жеткізіп отыратын көрінеді. Дүнген ұлты өкілдерінің…

Read More

Бүгін Меркі ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасы аясында бой көтерген білім ордасының ашылу рәсімі өтті. Андас батыр ауылдық округі, Гранитогор ауылында 120 орындық мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Салтанатты сәтте аудан әкімі Мейірхан Өмірбек сөз сөйлеп, аудандағы биылғы жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды. Биыл Меркі ауданында мемлекеттік бағдарламалар аясында ауданда төрт мектеп күрделі жөндеуден өтсе, бір білім ордасы бой көтеріліп, беріліп отыр.Ауылдың қариялары мен тұрғындары сапалы, заманауи талаптарға сай соғылған мектепке ризалықтарын білдірді. Жобалық құны 505 млн теңгені құраған нысанды «Темір-Строй Сервис и К» компаниясы 20 мамырдан құрылысын бастап, алты айдан аса уақыт құрылыс жұмыстарын жүргізген. Салтанатты ашылу сәтінде…

Read More

Биыл Жамбыл облысында коронавирустық инфекциямен 5 мыңға жуық адам ауырды. Бүгін Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Салтанат Әлібаева ӨКҚ ақпарат алаңында өткен брифинг барысында облыстың эпидемиологиялық жағдайы туралы баяндады. Айтуынша, соңғы 2 аптада облыс бойынша КВЭ 235 жағдайы тіркелді. Oның ішінде симптомдық ағымы бар 125 науқас, симптомсыз ағымы бар 110 науқас. Шектеу шаралары әлсіреген сәттен бастап, яғни 17 тамыздан бүгінгі күнге дейін 2 802 рейд жүргізілді, 14317 нысан тексерумен қамтылды, бұзушылықтар 906 нысанда анықталды. Бұл ретте жиі кездесетін кемшіліктер бетперделік режимді, әлеуметтік қашықтықты, жұмыс режимін сақтамағаны, бұқаралық іс-шараларды өткізгені үшін 490 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, айыппұл…

Read More

«Nur Otan» кандидаты Мұратхан Естаев таяуда Мойынқұм ауданының Биназар және Айдарлы ауылдарының жұртшылығымен кездесті. «Есіктен есікке», «Кандидат қонақ», акциялары Канвансинг, экспромт кездесулер нәтижесінде көптеген үйлерді аралап, білім саласының мамандарымен жүздесіп, Аула клубтарында жергілікті тұрғындарды сайлауға шақырып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. «Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Айдарлы ауылында 102-ге келген әжей тұрады. Айдарлы ауылында ғасырдан да ұзақ өмір сүрген апамыз менің ата-анамды танып, солардың баласы емессің бе деп сұрағанда, өзім абдырап қалдым. Сүйегі асыл деген осы шығар. Өткен ғасырдың барлық қызығы мен шыжығын көрген кісі ретінде, өмірі оңай болды деуге ауыз бармайды. Балалары, немере мен шөберелеріның ортасында мәз-мәйрам боп жүр.…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев коронавирусқа қарсы қазақстандық QazCovid-in вакцинасын салдырды. Әкімдік мәліметінше, вакцинация клиникалық зерттеулерден тыс ерікті түрде егілді, — деп хабарлайды әкімдік сайты. Аймақ басшысы вакцина тиімді тестілеумен және қолданыстағы алдын алу шараларымен бірге пандемияны бақылауға алуға көмектесетін маңызды құралға айналатынын атап өтті. «Әлемдік сарапшылар қауіпсіз және тиімді вакцинаны жасау мен өндіруді жеделдету үшін көп жұмыс істеп жатыр. Қордай ауданында орналасқан биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ өзіміздің қазақстандық вакцинаны да әзірледі. Еріктілерге арналған клиникалық зерттеулердің алғашқы екі кезеңі сәтті өтті, жақсы нәтиже көрсетті және жанама әсерлер болған жоқ. Қазіргі таңда Таразда клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңі жүріп жатыр. Қазақстандық вакцина…

Read More

Алматыда түнгі клубтың кіре берісінде ер адамды өлтіріп кетті. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады. Департамент таратқан хабарламаға қарғанда, оқиға 25 желтоқсаннан 26 желтоқсанға қараған түні Алмалы ауданындағы түнгі клубтардың бірінде болған. «Достар арасында туындаған қақтығыс саладарынан 1991 және 1992 жылдары туған екі ер азамат пышақталды. Өкінішке қарай, зардап шеккендердің бірі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды» делінген полиция департаментінің хабарламасында. Сонымен қатар полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын да хабарлады. «1985 жылы туған күдікті ізін суытпай ұсталды. Үш ер адам бірге ішімдік ішкен. Ішімдік ішу негізінде туындаған ерегес жанжалға айналды. Аталған факт Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі…

Read More

Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Абдукаримова «Әлем ханымы-2020» титулын жеңіп алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Дауыс беру байқаудың ресми сайтында 1-24 желтоқсан аралығында өтті. Оның қорытындысы бойынша Жұлдыз Абдукаримова бірінші орынға ие болды. Ол осыған дейін әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандықтардан қолдау көрсетуін сұраған еді. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial) Айта кетейік, Қайрат Нұртастың әйелінің Instagram желісіндегі парақшасында 2,3 миллионнан аса қолданушысы бар. Төрт баласы бар — екі ұл және екі қыз. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial) «Әлем ханым» — бұл халықаралық сұлулық байқауы, тұрмыс құрған ханымдарға арналған жыл сайынғы сұлулық байқауы ретінде…

Read More

Алғаш «Шаншар» театрында өнер көрсетіп, кейін «Шымкент шоу» арқылы танылған актер Берік Тұрсынбеков қызықты оқиғаларын баяндады. Өмірдегі жеңісі мен жеңілісі, күйзелісі мен қиындықтары туралы айтты. Қыз үшін төбелескен кездерін еске алды. Бұл туралы «Ең алғашқы» бағдарламасында айтылды.  Берік Тұрсынбеков мектепте тәртіпті бала қатарында болды. Үйде де тәртіп бұзбайтын бала болып өсті. Мұны ұстаздары мен бауырлары растайды. Гуманитарлық пәндерді жақсы оқыған. Абайдың өлеңдерін жақсы білген. Домбыра тартып, мектептің іс-шараларына белсене қатысыпты. «Мен өте тәртіпті оқушы болдым. Менен үлкен Серік деген ағам болды. Ол өте сотқар еді. Ауылдың бандиті десем де болады. Оны бұзықтығы үшін әкем үш күндеп үйден қуып жіберетін еді. Мен керісінше тәртіпті…

Read More