Автор: admin

Бүгін тұрмысқа шыққан волейболшы Сабина Алтынбекованың күйеуі кім екені белгілі болды. Алматыдағы Нұр-Мүбәрәк мешітінің бас имамы Қайрат Жолдыбайдың жазуынша, Алтынбекова Саят Салманұлы деген адаммен некесін қидырған. «Бүгін мешітімізде Саят Салманұлы мен Сабина Алтынбекова ақ некелірін қидырды. Жаратқан некелерін баянды етіп, екі дүниенің бақытын нәсіп етсін!» деп жазды дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы. Бұған дейін Сабина Алтынбекова Instagram парақшасында «Бұл жылды ең керемет ер адамның әйелі ретінде аяқтаймын» деп жазған еді. Сабина Алтынбекова 2014 жылы Қытайда өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында «турнирдің ең сымбатты спортшысы» атанған соң көпшілікке кеңінен танылды.

Read More

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова тұрмысқы шықты. Бұл туралы оның өзі Instagram парақшасында хабарлады. Алтынбекованың Instagram парақшасындағы жазбасына қарағанда, ол сүйіктісімен шариғат бойынша некесін қидырған . «Бұл жылды ең керемет ер адамның әйелі ретінде аяқтаймын» деп жазды волейболшы. Сабина Алтынбекова 2014 жылы Қытайда өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында «турнирдің ең сымбатты спортшысы» атанған соң көпшілікке кеңінен танылды.

Read More

Өзбекстанның Наманган облысында 16 жастағы бойжеткен өзін алып қашып кетпек болғандардан сытыламын деп көлік жүріп бара жатқанда секіріп, мерт болды. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады. Олардың жазуынша, дәрігерлер қыздың ауруханада ауыр жарақаттан көз жұмғанын хабарлаған «Облыстық полицияның мәліметінше, оқиға 20 желтоқсанда Нарын ауданында болған. 18 және 23 жастағы екі жігіт құрбыларымен бірге пәтер жалдап, оқуға түсуге дайындалып жүрген қызды үйінен ұрлап әкеткен. Полиция қызметкерлері бұл ақпараттан хабарсыз екенін айтқан. Қаза болған қыз Үшқорған ауданының тумасы екені айтылады. Оқиғаға байланысты «Адам ұрлау» және «Қауіп-қатерге тігу» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған» деп жазды Азаттық радиосы.

Read More

Әуесқой бокстан әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Азия чемпионатының күміс жүлдегері Абылайхан Жүсіповтің туған інісі қайтыс болды. Бұл ақпаратты Қазақстан бокс федерациясы хабарлады. «Қазақстанның бокс федерациясы Абылайхан Жүсіповтың туған інісінің өмірден озуына байланысты көңіл айтады. Мұндай қымбат адамды жоғалту аса ауыр. Отбасының қайғысына ортақтақпыз» делінген бокс федерациясының хабарламасында. 23 жастағы Жүсіпов Қарағанды облысына қарасты Абай қаласының тумасы. Ол бокстан жастар арасындағы Олимпиада ойындарының чемпионы, ересектер арасында Әлем және Азия чемпионатының жүлдергері, Қазақстанның үш дүркін жеңімпазы.

Read More

Адам тағдыры алуан кесетлі келеді ғой. Шекаралар ашылып, әлем жаһандану үрдісін бастан кешіп жатқан тұста, сан түрлі әңгімелерді естіп жататынымыз анық. Бүгінгі біздің кейіпкеріміз де Кариб теңізінің бір бұрышындағы Багам аралдарына кетіп, жуырда ғана елімізге келді. Қиырдан оралған отандасымыздың есімін белгілі және белгісіз себептерге орай, «Е» деп алуды жөн көрдік. 1993 жылы еліміздің күнгей аймақтарында дүниеге келген оның 2018 жылдың қаңтар айына дейінгі өмірі бізге беймәлім. Білетініміз, сол жылы ресейлік туристік компаниялардың бірінің көмегімен Қазақстаннан Доминикан Республикасына он күндік демалысқа аттанған. Мұхиттың арғы бетіндегі Доминиканда тоғыз күн демалып, одан әрі жеке ұшақпен Багам аралдарына заңсыз ұшып кеткен. Кейіпкеріміздің пайымына…

Read More

МузАрт тобының әншісі Сәкен Майғазиев «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұл ақпаратты әншінің өзі Instagram парақшасында хабарлады. Майғазиевтың жазуынша, ол бұл қызметке Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Есенова Ханзада Әзімханқызының өкімімен тағайындалған. Әнші бұған дейін Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының шығармашылық жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры қызметін атқарған болатын. 45 жастағы Майғазиев Түркістан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген. Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада және цирк колледжінің түлегі. Ол — 2001 жылдан бері Қазақстанға танымал «МузАрт» тобының мүшесі. Майғазиев қазақ эстрадасында жеке орындаушы ретінде де танымал. Әнші…

Read More

Суицид жасап қайтыс болған ішкі істер министрлігі академиясының 19 жастағы курсанты Саламат Өтегенов қайғылы оқиғаға дейін ата-анасынан ірі көлемдегі ақша жіберуді сұраған. Бұл туралы «Уральская неделя» басылымы хабарлады. Жігіттің анасы Бекзат Иманғалиеваның айтуынша, бірінші сессия тапсыру үшін ұлы 80 мың сұраған. Ақшасыз тапсыру мүмкін болмаған. Ата-анасы курсант екінші курсқа барғанда жылдам берілетін кредит рәсімдегенін білген. Олар қарызды өтеп, не үшін алғанын білмек болған. Ол ата-анасына жүк түсірмеу үшін займ алғанын жеткізген. Саламат қайғылы оқиғаға дейін әдеттегіден әлдеқайда қомақты ақша сұрай бастаған. Ата-анасы 3,5 ай ішінде 630 мың теңге жіберді. Соңғы тәулікте ағасына: «Егер дәл қазір ақша жібермесең, қолымнан немесе аяғымнан айырыламын»…

Read More

Айтыскер ақын, қоғам белсендісі Ринат Заитов өзінің Youtube арнасындағы «Азаматтық пікір» бағдарламасына сұхбат берді. Ол сұхбат барысында өзінің өткен жылы болған президент сайлауында не себепті Әміржан Қосановты қолдағанын, 10 қаңтарда өтетін парламент сайлауында қандай позиция ұстанатынын айтты. Заитовтың айтуынша, өзін ЖСДП және Адал партиясы мүше болуға шақырған. Бірақ қос саяси ұйым да өз талабына сай келмегендіктен, мүшесі болуға келіспеген.

Read More

Олимпиада жүлдегері жамбылдық полицейлерге тамаша қызметі үшін алғыс білдірді, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Қазақстандық еркін күрес балуаны, Лондонда өткен Олимпиада ойындарының жүлдегері, Азия чемпионы, халықаралық турнирлердің жүлдегері және чемпионы Ақжүрек Таңатаров Жамбыл облысының полицияларына жылқы ұрлығына байланысты қылмысты жедел түрде ашып бергендері үшін видео түсіріп, алғыс білдірді. Естеріңізге сала кетейік, Ақжүрек Таңатаров полицияға Т.Рысқұлов ауданының жайылымынан белгісіз біреулердің 26 жылқысын ұрлағаны туралы арыз түсірген. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы, 4-бөлігі (Мал ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Т.Рысқұлов ауданының полицейлері бұрын мал ұрлығы үшін екі рет сотталған Жарлысу ауылының 31 жастағы тұрғынын ұстады. Жылқылар…

Read More

Жамбыл облысында 471 сайлау участкесіне бақылаушылар қатысады. Бүгін ӨКҚ-ң ақпарат алаңында өткен брифинг барысында «Жастар-зертеу» үкіметтік емес ұйымының төрағасы Парида Мамедова демократиялық сайлау процесінде бақылаушылардың болуы маңызды екенін айтып, олардың дайындығына тоқталды. Оның айтуынша, биыл біздің бақылаушылар 492 участкілердің 471-не қатысады. Біз дауыс беру күні бір мезетте бірнеше сайлау учаскелерінде сайлау процесінің заңдылығын қадағалайтын 110 мобильді бақылаушыларды дайындадық. Тренинг облыстың барлық аудандары мен Таразда өтті. Ол жалпыға бірдей қабылданған халықаралық бақылау стандарттарына сәйкес өткізілді. Сайлау алдындағы кезеңде және дауыс беру күнінде бақылаушылардың қызметін үйлестіру үшін штаб құрылды. Сонымен қатар, Жамбыл облысында Мемлекеттік арбитраж комиссиясының 206 бақылаушысы оқытылған. Олар таңертеңнен бастап…

Read More