Автор: admin

В 2020 году в Жамбылской области проведено 91 аудиторских мероприятий. Из них: выявлены нарушения на общую сумму 53 млрд. 729 млн. 800 тенге. Об этом сегодня на брифинге РСК рассказал руководитель департамента внутреннего государственного аудита по Жамбылской области Дуйсенбаев Алмас Елтаевич. По словам спикера, департамент внутреннего государственного аудита по Жамбылской области, как уполномоченный орган по внутреннему государственному аудиту проводит ежегодный аудит финансовой отчетности администраторов бюджетных программ и государственных учреждений и аудит соответствия использования средств республиканского и местных бюджетов, соблюдения законодательства Республики Казахстан о государственных закупках, государственном имуществе, бухгалтерском учете и финансовой отчетности, аудиторской деятельности и камеральный контроль государственных закупок. По…

Read More

Бүгін, 21 желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Азия даму банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен жалпы сомасы 1,6 миллиард евро қарыз алу туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың сайты хабарлады. Ақорданың жазуынша, қарыз коронавируспен күрес және ел экономикасын қалпына келтіру шараларына алынып отыр. Азаттық радиосының жазуынша, қараша айының соңында Қазақстан парламенті мәжілісі Азия даму банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен жалпы сомасы 1 570 396 000 евро (шамаммен 1,9 миллиард доллар) қарыз алу туралы заңды мақұлдаған. Еврибор+0,50% үстемақысымен берілетін бұл қарыздың 908,5 миллион евросын Азия даму банкі, 661,8 миллион евросын Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі ұсынып отыр. Қазан айында Қазақстан қаржы министрі Ерулан Жамаубаев 2021 жылы…

Read More

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әртісі, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Шағырбаевпен «Ұлы дала әуендері» атты ән кешін өткізді. Кешті Бахыт Қысатайұлы әсем әнмен ашып, өнер жолына келген сәтіне тоқтады. Киелі сахнада өткен 33 жылында аға-әпкелерден көрген жақсылығы, ұстаздан көрген шапағатын ерекше толғаныспен айтты. Өнерге алғашқы баулыған әке мен ана болса, бүгінде өзі де бірнеше шәкірт тәрбиелеген ұстаз, өнерлі отбасы екені де айтылды.Облыста аспаптарда ойнайтын кәсіби мамандар даярлайтын оқу орының жоқтығы, нағыз мамандардың марапатқа кеш ұсынып жататынына да қынжылысын да жеткізді. Ел басына күн туып,…

Read More

Тәуелсіздік күні қарсаңында «Намыс» қозғалысының белсенділері Алматыдағы «Тәуелсіздік таңы» ескерткішінің алдына барып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады. Бұл туралы Азаттық Рухы порталы хабарлады. Порталдың Youtube арнасында жарияланған видеода қозғалыс белсенділері Ресей депутаттарының Қазақстан териториясына қатысты айтқан мәлімдемелерін айыптап, Павлодар мен Петропавлдың атауын өзгертуді талап еткен. Президент Тоқаевтан осыған мұрындық болуды сұраған. Белсенділері өздері қойған талап орындалмайтын болса, Павлодар мен Петропавлға барып митинг өткізетіндерін айтқан.

Read More

Кеше ағылшын боксшысы Каллум Смитті жеңіп, екінші орта салмақта WBC және WBA титулдарын иеленген мексикалық Сауль «Канело» Альварес келесі жекпе-жегін үш айдан кейін Мексикада өткізбек. Бұл туралы «Канелоның» бапкері Эдди Рейносон Boxing Social порталына берген сұхбатында айтты. Оның айтуынша, Альварес келесі жекпе-жегінде екінші орта салмақта өткізуді жоспарлап отыр. «Келесі жекпе-жекті үш айдан кейін Мексикада өткізуді жоспарлап отырмыз. Екінші орта салмақта Билли Джо Сондерс немесе Калеб Плантқа қарсы белбеу біріктіретін кездесу өткізгіміз келеді. Оның өткен айқасына өте ризамын, қалай шабуылдағанына, өзінікін жүргізе алғанына. Бәрінен бұрын жеңіске қуаныштымын. «Канело» салмақ дәрежесіне қарамастан ең мықты боксшы екеніне күмән жоқ. Ол карьреасын аяқтағанда, бокс тарихындағы ең мықтылардың бірі…

Read More

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева экодүкен мен экобаспахана ашты. Бұл туралы Назарбаеваның өзі Instagram парақшасында жазды. Оның жазуынша, экодүкен мен баспахана кеңсе тауарларын өндірумен және сатумен айналысады. «Кеңсе таураларын саудалауға араналған экодүкен мен эко баспахана ашу идеясы кездейсоқ келген жоқ. Мен бұған дейін 2022 жылы біздің команда Қазақстанда алғашқы экологиялық мектепті ашады деп жазған едім. Сонымен, біздің мектепте біз өзімізден бастаймыз! Бәрін! Бұл дегеніміз, асханада экологиялық таза өнімдер болуы керек (сондықтан біз жылыжайымызды ашамыз), сыныптарда өңделген шикізаттан жасалған кеңсе тауарлары қолданылуы керек, ал үлестірме материалдар мен авторлық құралдар эко-қағазға басып шығарылады» деп жазды Назарбаева. Бұған қоса, ол…

Read More

Жуырда бірігетіні хабарланған қазақстандық Jýsan Bank пен АТФ Банктің бірігуіне «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшысы, Алматы қаласының экс-әкімі Ахметжан Есімовтің күйеу баласы Ғалымжан Есенов пен қызы Айжан Есімованың ажырасуы себеп болған. Бұл туралы бірнеше халықаралық БАҚ-та жарияланған мақалаларға шолу жасаған Азаттық радиосы хабарлады. Азаттықтың жазуынша, америкалық Globenewswire.com сайты Jýsan Bank өзінің бәсекелесі АТФ Банкті сатып алғанын хабарлаған. Globenewswire.com сайттың жазуынша, АТФ Банкінің иесі Ғалымжан Есеновке тиесілі KNG Finance холдинг компаниясы АТФ Банкіндегі өзінің 99,76 пайыз үлесін Jýsan Bank-ке түгел беріп, біріккен банктің акцияларына ие болмақ. Бұл үлестің қанша екені әзірге белгісіз. «АТФ Банкін сатуға қайтарылуы қиын қарыз және оның иесінің…

Read More

Түркияның Газиантеп қаласындғы коронавирус ауруханасында жарылыс болып, арты өртке ұласып, салдарынан тоғыз адам қаза тапты. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожаның сөзіне сілтеме жасаған Анадолу агенттігі хабарлады. Агенттіктің жазуынша, жарылыс Санко университеті ауруханасының жан сақтау бөліміндегі жасанды тыныс аппаратындағы ақаудан болған. Жарылыстың нақты себебі анықталып жатыр. Тірі қалған науқастар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Бірі жолда қайтыс болды. Аурухана басшылығының мәлімдеуінше, қайтыс болғандардың жасы 56 мен 85 аралығында.

Read More

Бүгін Техаста (АҚШ) өткен кәсіпқой бокс кешінде британдық Каллум Смитті (27-1, 19 КО) жеңіп, екінші орта салмақтағы (76,2 киллограм) WBA Super, The Ring, WBC тұжырымдарының чемпиондық белбеуін иеленген мексикалық Сауль «Канело» Альварес (54-1-2, 36 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл жайлы ол Смитті жеңген соң журналист қойған сұраққа жауап беру барысында айтты. Журналист «Жуырда Геннадий Головкин жеңіске жетті. Болашақта сіздердің үшінші жекпе-жек өтуі мүмкін бе?» деп сұрақ қойды. «Мен ешкімнен қашпаймын. Мен ең мықтылармен жұдырықтасамын. Егер бұл жекпе-жекті қабылдауға мүмкіндік болса, мен оны қабылдаймын. Бірақ мен мықтылармен жұдырықтасатынымды көрсеттім» деп жауап берді…

Read More

Қоғам белсендісі Әсия Төлесова «PROGRESS» деп аталатын жаңа саяси партия құрмақ. Бұл туралы Төлесованың өзі Instagram парақшасында жазды. Белсенді қазақстандықтарды өздеріне қосылуға шақырды. «Біз, Әсия Төлесова мен Әлия Жолболдина, PROGRESS саяси партиясын құру ниетімізді мәлімдейміз. Бүгінгі Парламентте олардың мүдделері жоқ деп ойлайтындар бізге қосылыңыз!» деп мәлімдеді белсенді. Ол партияның құрылуы 18 Желтоқсанда әлеуметтік желілерде тікелей эфирде талқыланатынын айтты. «Тәуелсіздік күні құтты болсын! Біздің тәуелсіздігімізді атап өтудің жолы-оны қорғау!» деді Төлесова. 35 жастағы алматылық белсенді Әсия Төлесова – совет өкіметі кезінде сталиндік репрессияның құрбаны болған қазақ жазушысы Ілияс Жансүгіров пен мемлекет қайраткері Ораз Жандосовтың шөбересі. Көпшілікке Төлесова былтыр көктемде Алматыда жол…

Read More