Автор: admin

Аудан әкімі Мейірхан Азатұлы барша меркіліктерді мерекемен құттықтап, бірқатар азаматтарды «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады. Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік –экономикалық өсуіне үлес қосып, қоғамдық жұмыстарына белсене атсалысып, қажырлы еңбек еткені үшін бес азаматты «Ауданның Құрметті азаматы» медалімен наградтады. Әнші, сазгер, музыкатанушы, Меркі жерінің тумасы Бәбіжанова Бағланға ауданның «Құрметті азаматы», меркілік әнші Оңал Азаматоваға «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі берілді. Кешке арнайы шақырумен келген ақын Маралтай Райымбекұлы Тәуелсіздік туралы өлеңдерін оқып, көптің қошеметіне бөленді. Шарада мерекелік концерт тарту етіліп, өнерпаздар патриоттық әндермен халыққа көңіл сыйлады.

Read More

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай «Менің Туым. Менің Отаным! » атты акция аясында қала тұрғындары акцияға қолдау білдіріп, көп қабатты тұрғын үйлерге Мемлекеттік туды ілді. Бұл азаматтардың патриоттық сезімін, қазақстандық бірегейлікті білдіру, елдің және оның азаматтарының жетістіктерін қолдау болып табылады.

Read More

Қазақстанның экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет биыл қайтыс болған жиен немересі Айсұлтан Рахат туралы айтты. «Өкінішке қарай, биыл біз маған қатты ұқсайтын бір немеремнен айырылып қалдық» деді Назарбаев өзі туралы түсірілген «Штрихи к портрету» фильмінің үшінші бөлімінің аңдатпасында. Назарбаевтың Айсұлтан туралы «Штрихи к портрету» фильмінің үшінші бөлімінде айтады. Бірақ ол бқлім әлі көрсетілген. Биыл тамызда 30 жасқа шыққан шағында Лондонда қайтыс болған Айсұлтан Назарбаев — Қазақстан сенатының экс-спикері, Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева мен оның бұрынғы күйеуі марқұм Рахат Әлиевтің екінші ұлы. Ресми мәлімет бойынша, Айсұлтан Назарбаев жүрек талмасынан қайтыс болған. Оның өлімінен кейін Назарбаев жария түрде ешқандай реакция…

Read More

1990 жылдары Қазақстан территориясында бөлек мемлекет құрғысы келгендер болған. Бұл жөнінде елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін «Хабар» телеарнасында өзі жайлы көрсетілген «Штрихи к портрету» фильмінің екінші бөлімінде айтты. «Бізде астыртын ниет ойлағандар болды. Белгілі бір территорияда қандай ұлттар көп тұрғанына байланысты «өзіміздікін» (мемлекетті — авт.) құрайық» дегендер болды. Бұл бөлек әңгіме, өте қауіпті. Оралда казактар, Шығыс Қазақстанда да. Сосын арандатушылар Ресейден келіп, «осында келіңіздер, өзіміз, территорияларыңызбен» дей бастады. Мұның бәрін қиын жағдайда басу керек болды, бірақ, құдайға шүкір, бұл мәселелердің бәрін шеше алдық. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында, Өскеменде бір топ адам әкімдікті басып алып, Шығыс Қазақстанды Алтай республикасы деп жариялағысы…

Read More

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 16 желтоқсан -Тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсан 86» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Бердалиевтің қатысуымен «Желтоқсан оқиғасы – ұлт рухының биік белесі» атты Тәуелсіздік дастарханы өтті. Іс-шара басталмас бұрын кітапхана қызметкерлері «Желтоқсан желі» әнін шырқап, келген қонақтарды қарсы алды. Тәуелсіздік дастарханында Желтоқсан құрбандарына құран оқылды.Тәуелсіздік дастарханына Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы Ж.Құттыбаева, қазақ соқырлар қоғамының қызметкерлері қатысты.Шара Желтоқсан оқиғасының куәгері, «Желтоқсан 86» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Бердалиевтің онлайн сұхбат беруімен жалғасты.1986 жылғы 16-17 желтоқсан күндері Алматының алаңындағы адам төзгісіз жағдайды ауыр күрсініспен еске…

Read More

Жамбыл облысында 1,1 млн тұрғынның 896 998-і немесе 79,1% сақтандырылған. Қалған 239 224 адам сақтандырылмаған. Бұл туралы ӨКҚ алаңында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Мавлюда Боқаева баяндады. Спикердің айтуынша, ағымдағы жылдың 1-шілдесінде Жамбыл облысында сақтандырылмағандардың саны 280 мың болса, желтоқсан айында 25%-дан 20% дейін қысқарған. «Сақтандырылмағандарды құрылымына қарай бөлетін болсақ, 118 мыңнан астамы – БЖТ төлеушілер. Олар төтенше жағдай кезінде бір реттік жәрдемақы алу үшін БЖТ төлеп, кейін тоқтатып тастаған болуы мүмкін. Тағы 67 825 адамның әлеуметтік статусы белгісіз, яғни өткен 11 айда олардың атына бірде-бір рет төлем түспеген. Сақтандырылмағандардың 43 103 – жұмыскерлер. Кейінгі…

Read More

Нұр-Сұлтан қалалық қылмыстық істер жөніндегі соты»Қайрат Нұртас, Бейбіт Қорған сынды әншілерге есірткі затын апарып беруге көмектестім» деген журанлист Гаухар Мұсаға қатысты шешім шығарды. Судья Қажымұқан Мекемтас оны айыпты деп танып, 3 жыл 6 айға соттады. Сот шешіміне сай, Мұса жазасын орташа қорғалған түрмеде өтейтін болды. Ол осыған дейін есірткі тасымалдады деп айыпталған еді. Алайда сот оған «есірткі табуға көмектесті» деген айыппен шешім шығарған. Прокурор оны 12 жылға соттауды сұраған. Бұған дейінгі сотта Гаухар Мұса өзінің бірнеше эстрада әншісіне есірткі алуға көмектескенін айтқан еді. Осыған байланысты судья істі тергеу кезінде Нұр-Сұлтан қалалық полициясы дұрыс тергеу жүргізбегенін атап өтті. Олар Мұсаның сөздері…

Read More

Бұл билік ұлттық мүддені қорғайды, жемқорлықпен күреседі, тәуелсіздік үшін барын салады деп үміттенудің қажеті жоқ. «Қазақтың жері — Ресейдің сыйы» деген сөздің төркіні қайдан шықты? Назарбаевтан. Оның өзі «қазақтың мемлекеттілігі болған жоқ, барлығы 1991 жылдан басталады» деген жоқ па еді? Былтыр қазіргі президент Тоқаев «Ресей Орталық Азиядағы жетекші рөлге ие болуы тиіс» деп құлдық санадағы мәлімдеме жасады. Бұларды тілдерінен тартқан кім? Қазақстанның басшылары осындай сөз айтып тұрса, Ресейдің империяшыл күштері басынбағанда, қайтеді?! Басқа мәселеден мысал келтірейік. Өткен аптада Financial Times -та Құлыбаев туралы зерттеу жарияланды. 53 миллион доллар табысты қалай тапқанын егжей тегжейлі зерттеген. Неге билік үнсіз? Жемқорлықпен күресетін мекеме…

Read More

АҚШ-тың Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомоның бұрынғы кеңесшісі Линдси Бойлан өзінің бұрынғы бастығын «жыныстық зорлық жасады» деп айыптады. «Иә, Нью-Йорк губернаторы Эндрю Куомо мені ұзақ жыл бойы жыныстық жағынан қорлады. Көбі мұны көрді және бейжай қарады. Мен не күтетінімді ешқашан білмедім: жұмыстағы сұрақтар (бұл өте жақсы) немесе сыртқы келбетіме байланысты қысым көрсету. Немесе екеуі де бір әңгімеде ме? Бұл көптеген жылдарға созылды» деп жазды Бойлан Twitter парақшасында. Америкалық «Wall Street Journal» газеті 36 жастағы Бойлан өзінің әлеуметтік желідегі посттары туралы нақтылау сұраған хабарламаларға жауап бермегенін жазды. Басылымның жазуынша, ол бұл жағдай туралы журналистермен сөйлеспейтінін айтқан. Ал Кумоның өкілі Кейтлин Жируар…

Read More

15 желтоқсанда «Хабар» телеарнасында Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы түсірілген «Штрихи к портрету» деректі фильмінің екінші бөлімі көрсетіледі. Бұл туралы Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында хабарлады. «Штрихи к портрету» — Қазақстанды 30 жылға жуық үздіксіз билеген Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған, оның тұлғасының бұрын көрерменге белгісіз қырларын ашатын көпсериялы деректі фильм. Фильм эксклюзивті сұхбат негізінде жасалған. Естеріңізге сала кетейік, фильмнің бірінші бөлімі 1 желтоқсанда көрсетілген. Онда Назарбаев қуғындағы банкир, оппозиялық саясаткер Мұхтар Әблязов жайлы, сондай-ақ өкілеттігін тоқтатудан бір күн бұрын Қасым-Жомарт Тоқаевпен болған әңгімесі туралы айтқан еді.

Read More