Автор: admin

Иран билігі диссидент журналист Рухолла Замды өлім жазасы үкімімен дарға асты. Бұл туралы 12 желтоқсан күні ISNA ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған Азаттық Радиосы хабарлады. Сайттың жазуынша, Иранның революция соты журналисті «зұлымдық пен зорлықты таратты» деп айыптаған. Рухолла Зам негізін қалаған AmadNews сайты мен Telegram-канал 2017 жылғы наразылық кезінде халыққа қарсылық акциясының өтетін уақыты жөнінде хабар беріп, Иран шенеуніктерін масқаралайтын ақпарат жариялап отырды. Ирандағы 2017 жылғы наразылық 2009 жылдан бергі ең ірі қарсылық болды. Сайлау нәтижесінен кейін елде толқу болып, полиция мыңдаған адамды қамауға алды, 25 адам қаза тапты. Зам Парижде тұрып, сол жақтан жұмыс істеген. Бірақ кейін Иран билігі оны…

Read More

Ресейдің «Первый канал» мемлекеттік арнасының эфирінде Ресейдің мемлекеттік думасының білім және ғылым комитетінің төрағасы Вячеслав Никонов «Қазақстан территориясы — Ресей тарапының сыйлығы» деп мәлімдеді. Бұл пікірді ол өзі жүргізетін «Большая игра» бағдарламасының Совет өкіметінің құлауына арналған «Беловежье» деп аталған шығарылымында айтқан. «Қазақстан болған жоқ, Солтүстік Қазақстан мүлде қоныстанған жоқ. Олар өмір сүрді, бірақ әлдеқайда оңтүстікте. Шын мәнінде, Қазақстан аумағы – бұл Ресей мен Кеңес Одағының үлкен сыйы» деді Никонов.

Read More

DAZN стриминг қызметі 18 желтоқсан Холливудта өтетін бокс кешінің нақты уақытын жария етті. Бұл шоудың басты жекпе-жегінде орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) польшалық Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жұдырықтасады. DAZN-ның хабарлауынша, Қазақстан уақытымен андеркард жекпе-жектері сенбі, 19 желтоқсан таңғы 04:00-де басталады , ал Головкин — Шеремета айқасы 07:00-ге жоспарланған. Дегенмен, кардтағы жекпе-жектердің қалай аяқталарына байланысты кесте уақыты өзгеруі де мүмкін. Жекпе-жекті Qazaqstan және Qazsport арналары тікелей эфирден көрсетеді. Головкин-Шеремета кездесуінің андеркартында тағы қазақстандық боксшы Әли Ахметов та жұдырықтасады.

Read More

Былтыр ақпан айында үйі өртеніп, бес қызынан айырылған Евгений Ситер мен Жанымгүл Ситер ұлды болды. Бұл ақпаратты өзінің Facebook парақшасында экс-депутат Тәңірберген Бердіоңғаров хабарлады. «Жанымгүл жүкті болған кезде, көз тимесін деп құпияда ұстауды өтінді. Бүгін олардың үйіне қуаныш келді! Ұл дүниеге келді! Барша халық атынан құттықтап, ұлыңызға Жаратушының ықыласы тисін деп дұға етеміз! Бауы берік болсын!» деп жазды Бердіоңғаров. Былтыр 4 ақпанында Ситерлер жалдап тұратын Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданындағы Көктал-1 ықшам ауданындағы жер үйден өртеніп кеткен. Салдарынан 2006, 2009, 2014, 2016 және 2018 жылдары туған бес бала қаза тапқан еді. Осы оқиғадан кейін елде көп балалы аналардың наразылығы басталған.

Read More

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясына 5 партияның филиалынан 523 кандидаттың тізімі ұсынылып, толық тіркелген. Олар 206 мандаттық орын үшін саяси сынға түспек. Бұл туралы Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов ӨКҚ ақпарат алаңында өткен баспасөз брифингінде айтты. Сайлаушылардың нақты саны 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 720 365 адамды құраған. Ал, облыс халқының саны 1 млн.136,9 мың адам екенін ескерсек, халық қалаулыларына таңдау жасайтындардың қарасы қалың деген сөз. -«Ал, 5 партияның тізіміне келер болсақ, олардың барлығы өз үміткерлерін 100 пайыз тіркеді. Айталық, «Nur Otan» 390 , «Ауыл» 44, «Ақ жол» 44, «ADAL» — 31 және «Қазақстанның халық партиясы» — 14 кандидатын тіркеді.…

Read More

2020 жылғы 8 желтоқсанда сот ағымдағы жылдың ақпан айында Қордай ауданында орын алған жаппай тәртіпсіздік фактілері бойынша қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауын бастады.Айыптаушылардың сауалнамалық деректері, әрбір сотталушының тағылған айып бойынша ұстанымы анықталды, — деп хабарлайды Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі. Жаппай тәртіпсіздікке шақыруымен байланысты эпизод қарастырылды, сондай-ақ жәбірленуші М.Дывтың мүлкін ұрлау фактісі бойынша эпизодты қарау басталды. Осы эпизодтар бойынша сотталушылар кінәсін толық мойындап, айғақтар берді. Сот тарапынан процеске қатысушылардың аудармашылармен қамтамасыз ету, сотталушылардың туыстарын қосымша қорғаушы ретінде тану туралы өтініштеріне рұқсат берілді.Сот талқылауы жалғасуда, дәлелдемелерді зерттеу процесі жүріп жатыр. Сот отырысы айыптаушылармен мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен ашық…

Read More

Бүгін, 11 желтоқсанда Жезқазғандағы «Қазақмыс» корпорациясының мердігері – Tranco Zhezkazgan теміржол компаниясының екі жүзден астам жұмысшысы митингіге шықты. Бұл туралы Азаттық Радиосы хабарлады. Азаттықтың мәліметінше, жұмысшылар еңбек жағдайына наразы. Олар айлықты екі есе көбейтуді, жылына бір рет 13-жалақы төлеуді, емделуге жұмсаған шығынның орнын толтыруды, вахталық іссапарға шыққаны үшін тәулігіне 3000 теңге төлеуді талап етеді. Олармен Жезқазған қаласының әкімі кездескен. Компанияның жергілікті басшылығы жұмысшылар көтерген мәселені қарастыруға уәде еткен. Бірақ наразылар «Қазақмыс» корпорациясы басшылығының келуін талап етіп отыр. «Қазақмыс» корпорациясы — Қазақстанда мыс өндіретін ең ірі кәсіпорын. Бұл корпорация мыстан өзге алтын, күміс, қорғасын шығарады. Корпорацияға елдегі ең бай адам Владимир…

Read More

Биылғы жылдың қаңтар-қазан айларында барлығы 2873 қылмыс тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 35,2%-ға төмендеген, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Ал былтыр бір жыл ішінде 4437 қылмыс дерегі тіркелген болатын. Айта кету керек, биыл тонау, есірткі қылмысы, қарақшылық және ұрлық қылмыстары едәуір төмендеген. Алайда ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстардың тіркелуі 92,8%, қасақана өлтіру 100%-ға өсіп отыр. Мұндай қылмыстардың ашылуы былтыр 64,9%, биыл 81,5%-ға төмендеген. Өңірлік коммуникациялар қызметі

Read More

Қаланың өнеркәсіп саласы жыл соңына дейін  272 млрд.  260,2 млн. теңгеге өнім өндірмек. Былтыр бұл көрсеткіш 275 млрд. 280,2 млн. теңге  болған, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Ал ауыл шаруашылық саласында өнім өндіру көлемі 8 млрд. 992,3 млн. теңгені құраған. Бұдан өзге салаларда да оң өзгеріс болатынын айтты. Мәселен, 2020 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 296,4 мың шаршы метрді құрайды екен. Бөлшек сауда тауар айналымы 242 млрд-тан асады деп жоспарланып отыр. Биыл Таразда салықтан түскен түсім де ауыз толтырып айтарлық. Мемлекеттік бюджетке 41,3 млрд. теңге салық пен өзге де міндетті төлемдер түскен. Оның ішінде, облыс бюджетіне…

Read More

2020 жылы Таразда «Нұрлы жер»  бағдарламасы бойынша  3025 пәтерді құрайтын 54 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталған болатын. Бүгінде оның 47-сі жыл соңына дейін толық пайдалануға беріледі. Қалған 7 үйдің кілті 2021 жылы табысталады. Бұл туралы Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев ӨКҚ ақпарат алаңында өткен брифинг барысында баяндады. Ал алдағы уақытта 15-ші мөлтек аудандағы құрылыс жұмыстары толықтай аяқталатын болса, онда 8 мың 500 отбасына арналған 190 көпқабатты үй болады. Қазір онда 35 тұрғын үйдің құрылысы аяқталған. Сонымен қатар, 2019 жылдан өтпелі 16 тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда. Бұдан бөлек, 10 арендалық және 9 кредиттік тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатыр. -«Жоғарыда аталғандарды қорытындылай…

Read More