Автор: admin

«Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында   4 нысанды іске асыруға 1 млрд. 304,0 млн. теңге қарастырылған, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Қомақты қаржыға өткен жылдан қалған Байзақ батыр көшесінің бойындағы су тартқыштың құрылысы жүргізілді. Ал «Барысхан» алқабын сумен қамтамасыз етудің 2-ші кезеңі қараша айының соңында аяқталған. «Арай» алқабын электрмен қамтамасыз етудің 2-ші кезеңі мен Ы.Дүкенұлы көшесіндегі су жүйесінің құрылыстары келесі жылға жалғаспақ. Әкімнен шаһар шетіндегі саяжайлар мен тұрғын алқаптардың инженерлік инфрақұрылыммен қашан қамтамасыз етілетінін сұрадық. «Шалғай Қарасу», «Тектұрмас», «Қарасай», «Құмшағал», «Шөлдала», «Көлтоған», «Қызыл-Абад», «Шаңырақ», «Казарма», «Жиделі» алқаптарын, «Құмшағал» станциясын және осы алқаптарға жапсарлас орналасқан…

Read More

Биыл 10 қаңтарда әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық мерейтойын атап өту шаралары ресми түрде бастау алды. Елімізде Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аталып өтіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қаулы қабылдап, мерейтойды дайындау және өткізу жөніндегі арнайы мемлекеттік комиссия құрылған болатын. Өз кезегінде мем комиссия мерейтойды атап өтудің республикалық деңгейдегі жоспарын жасап шықты. Онда республикалық және өңірлік деңгейде өтетін 50-ден аса іс-шара көзделген. Бұлардың ішінде халықтық барлық буынын қамтитын арнайы жобалар, ғылыми талдаулар, қоғамдық маңызды және мәдени-бұқаралық іс-шаралар бар. Жамбыл облысында Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай түрлі…

Read More

Абай – ақын, Абай – дана. Қазақтың ортақ мақтанышына айналған халқымыздың ұлы перзенті, ақын, философ, ғұлама Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде, соның ішінде ЮНЕСКО аясында өткізілетін ауқымды іс-шаралар өтті. Коронавирус пандемиясына байланысты жоспарланған көптеген шаралар онлайн форматта өтті. Жамбыл облысы да ұлы ақынның 175 жылдығына орай түрлі шаралар өткізді. Жыл басында Абай шығармаларын оқу челленджінен бастап, бүгінде «Абай оқулары» республикалық байқауы, Абайдың тілі — менің тілім!, «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» челленджі, «Хакім Абай» атты ақын шығармаларының аудармаларын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде орындаудан облыстық Online байқауларда облысымыздың тұрғындары белсенді атсалысып жүлделі орыннан көрінді. 24 ақпанда…

Read More

Кеше Нұр-Сұлтанда жылдың қорытынды айтысы дәстүрлі «Алтын домбыра” өз мәресіне жетті. Оған жыл бойығы айтыстарда үздік өнер көрсеткен сегіз ақын қатысты. Бас жүлдені қызылордалық ақын Мұхтар Ниязов иеленді. Ол «Алтын Домбыра» айтысын үшін рет ұтқандықтан, алтын жалатылған арнайы домбыраны өзіне алды. Қазылар алқасының шешімімен, бірінші орынды Бекарыс Шойбеков, екінші орынды Еркебұлан Қайназар, үшінші орынды Серік Қуанғанұлы иеленді. Бекарыс Шойбековке «Айтыстың ақтаңгері» деген арнайы атақ та берілді. Ал Айбек Қалиев, Мейірбек Сұлтанхан, Абзал Мақаш және Қазірет Бердіханға арнайы жүлде бұйырды. Ал Жансая Мусина Assyltas қоғамдық қорының стипендиясын иеленді.

Read More

07.12.2020, 16:46 Қызылорда облысында аудандық соттың төрғасы қол астындағы судьяны төсектесі болуға шақырған. Қарамағындағы келіншекті дегеніне көндіре алмаған сот төрағасы қудалауды бастаған, деп хабарлады Azattyq Rýhy сайты. Сайттың жазуынша, «Қорлық көрдім» деп хабарласқан Шиелі аудандық сотының судьясы Гүлнұр Құрманбайдың айтуынша, оған бастықтары қарауындағы сот істерінен пайда табуды да тапсырған. «Мен бұл заңсыздықты Қызылорданың өзінде шығара алмайтын болған соң, Шымкент қаласына келдім. Бұрынғы бастықтарым қызметінің өсуіне байланысты ауысып кетті, мен олардың тарапынан ондай әрекетті мүлдем көрген емеспін. Шиелі аудандық сотының төрағасы болып М., Қызылорда облыстық сотының төрағасы болып Қ. 2017 жылы тағайындалды. Сонда маған «Сіз қандай сұлу келіншексіз», «Сіз менімен бірге шай ішесіз…

Read More

Қазақстан президенті Қысым-Жомарт Тоқаев жарлығына сай, Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық биыл жеті адамға берілмек. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлына, мәдениеттанушы – «Абыз Әбіш» зерттеуі үшін;Ақсұңқар Серікке, ақын – «Көкейімде Күлтегіннің жазуы» өлеңдер жинағы үшін;Есім Ғарифоллаға, жазушы – «Ғұлама-наме» трилогиясы үшін;Жолдасбеков Мырзатайға, әдебиеттанушы – «Ұлы Дала әдебиеті» тарихи-әдеби зерттеулер жинағы үшін;Қанапиянов Бақытжан Мұсаханұлына, ақын – «Достояние души» өлеңдер жинағы үшін;Мұқанова Роза Қажығалымқызына, драматург – «Сарра» драматургиялық шығармалар жинағы үшін;Нұрмағанбетов Тынымбай Нұрмағанбетұлына, жазушы – «Періштелердің өлімі» прозалық шығармалар жинағы үшін берілсін.

Read More

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы 2021 жылды чемпиондық жекпе-жек өткізуден бастағысы келеді. Бұл туралы боксшының өзі Twitter парақшасында жазды. Ол өз жазбасында промоутері Боб Арум мен менджері Эгис Климасқа қайрылған. «Боб Арум, мен барлық чемпионның тас-талқанын шығаруға дайынмын! +1 чемпион жасайық! Мурата, «Канело», Чарло, Андраде? Оңай жұмыс! Эгис Климас, 2021 жылды чемпиондық жекпе-жектен бастайық» – деп жазды Әлімханұлы твиттердегі парақшасында. Әлімханұлы жұдырықтасатын орта салмақтағы танымал чемпиондық белубеулер төрт боксшыға тиесілі. Олар: мексикалық Сауль Альварес (WBA Super және WBC Franchise), америкалық Джермалл Чарло (WBC) мен Деметриус Андраде (WBO) және қазақстандық Геннадий Головкин (IBF және IBO). 27 жастағы Жәнібек Әлімханұлы 2016 жылдан…

Read More

Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Аркадий Ни «Нұр-Отан» партиясынан шығарылды. Бұл ақпартты «Нұр-Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы хабарлады. Кеше бірнеше БАҚ Нидің қылмыс жасап ұсталғанын хабарлаған. «Мәслихат депутаты Аркадий Ни заңға қайшы әрекет жасады деген күдікпен ұсталған соң партиялық бақылау комиссиясы оны партия билетінен айыру мәселесін қарауды ұсынды. Облыстық саяси кеңес бюросының қаулысымен Аркадий Ни партия қатарынан шығарылды» делінген партия филиалының хабарламасында. Нидің нақты қандай қылмыс жасағаны әлі белгісі. Ақтөбе облысының полиция департаменті Tengrinews.kz сайтына Аркадий Нидің қандай қылмысқа қатысты күдікке ілінгенін былай түсіндірген: «Жеке тұлғаға қарсы қылмыс жасағаны үшін Ақтөбе тұрғынына қатысты (ред. департамент депутаттың аты-жөнін атамаған) сотқа дейінгі тергеу жүріп…

Read More

Сарысу аудандық полиция бөліміне Жаңатас қаласының тұрғыны хабарласып, ертемен жоғалған жылқысын іздеуге кеткен 55 жастағы жолдасының үйіне оралмай жатқаны туралы айтып, көмек сұраған. Егде кісінің аязды күні адасып, үсіп қалу қаупін ойлаған полицейлер шұғыл түрде шара қабылдап, іздеу жұмыстарына кіріседі. Аудандық полиция бөлімінің бастығы А.Алметов 5 жол талғамайтын көлік пен 10 полиция қызметкерінен тұратын жедел-іздестіру топтарын құрып, тез арада нұсқаулық беріп бағыттама бойынша жібереді. Нәтижесінде, жоғалған жылқысын іздеймін деп адасып, астындағы аты әбден қалжырап, өзі қатты тоңып қалған малшыны полицейлер түнгі сағат 23.00 шамасында Шымкент тас жолының бойындағы Түркістан ауылдық учаскесі маңынан табады. Оның жоғалып кеткен малын іздеп ауылдан алыстай…

Read More

Тәуелсіздік алғалы бергі 30 жылға жуық уақытта еліміздің қаржы жүйесі қалыптасқанымен, тұрғындардың қаржылық сауаты артып кете қоймады. Бастапқыда көпшілігі нарықтық талаптарды түсіне алмады. Себебі посткеңестік елдерде «жеке меншік» ұғымының өзі санаға жат саналатын. Құлаққа түрпідей тиетін. 80 жылдай «ортақ мүлік», «ортақ қазына» деген солақай идеология халықтың бойындағы кәсіпке бейім қабілетті жойды. Қазіргі тілмен айтқанда, төскейге төрт түлігін өрбітіп, айналасындағыларды да жұмыспен қамтып отырғандарды «малшы», «жалшы» ұстады деп айыптаған соң, бара-бара «Ақша ең маңызды мәселе емес» деген қағида қалыптасты. Әйтпесе, «Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық» дейтін қазақ жалдамалы еңбекті қызмет көрсетудің бір саласы деп қарағаны анық. Жалпы қаржы жүйесінің…

Read More