Автор: admin

Оппозиция белсендісі, оппозициялық «Дат» газетінің құрылтайшысы, журналист Ермұрат Бапи Ринат Заитовтың Youtube арнасындағы «Азаматтық пікір» бағдарламасына сұхбат беріп, ЖСДП (Жалпыұлттық социал демократтар партиясы) төңірегінде болып жатқан дау туралы айтты. Оның айтуынша, ЖСДП шетелге қашып кеткен Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиевтың қолына өткен және қазір бұл саяси ұйым ҰҚК-ның бұйрығын орындайды. Сонымен қатар Ермұрат Бапи Рысқали өткен жылы Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «тоқалын ұстап алып», сол арқылы экс-президентке қоқан-лоққы көрсетіп, өзінің дүние-мүлкін қайтарып алған.

Read More

25 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына таласады. Бұл ақпаратты Бүкіләлемдік бокс ұйымы (IBO) Twitter парақшасында хабарлады. Ұйымның мәліметінше, Ахметовтың жекпе-жегі 18 желтоқсанда Холливуд (Флорида штаты, АҚШ) қаласында қазақстандық Геннадий Головкин мен польшалық Камиль Шеремета кездесуінің андеркартында өтеді. Оның қарсыласы — 31 жастағы эквадорлық Карлос Гонгора. Гонгора кәсіпқой бокста 18 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 13-інде қарсыласын мерзімінен бұрын ұтқан. Ал Әли Ахмедов кәсіпқой бокста 16 жекпе-жек өткізіп, барлығында қарсыласынан басым түскен. Қос боксшы арасындағы чемпиондық жекпе-жек екінші орта салмақта (76 килограм) өтеді. Он екі раундқа жоспарланып отыр.

Read More

Берік Бегалиев Меркі ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Берік Дүйсенбайұлы 1989 жылы 17 наурызда Жамбыл облысы, Шу ауданы, Шу қаласы дүниеге келген. 2010 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтаған. Алғашқы еңбек жолын 2010 жылы Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінде бас маманының көмекшісі болып бастаған. 2010-2012 жылдары Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің Жастар орталығының кеңесшісі қызметін атқарып, 2012-2013 жылдары Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы қызметінде болды. 2013-2015 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының Жастар орталығы директорының орынбасары қазметін атқарды. 2015-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа…

Read More

Ел арасында «Сары Алмаз» лақап атымен танылған Несіпбай Нәсеновтың әкесі Болатбек Нәсенов Ринат Зайытовтың Youtube арнасындағы «Азаматтық пікір» бағдарламасында алғаш рет ұлы жайлы көлемді сұхбат берді. Болатбек Нәсеновтың айтуынша, Несіпбай – өзінің бірінші әйелінен туған ұлы. Сөзінше, ұлы туған соң бірнеше айдан кейін әйелімен ажырасқан, Нәсіпбай шешесінің қолында өскен. «Несіпбайды қатты жақсы көрдім. Айырылысып кеткеннен кейін күнде барып тұратынмын. Барсам, ана әйел ( ред. Өзінің әйелін, яғни Несіпбайдың шешесін айтып отыр) «мынау ішіп алған» деп милицияны шақырып келеді. Мен ішпеймін. Милиция мені иіскеп, «ішпегенсіз ғой» деп айтады. Мен ол кезде 23-24 жастағы баламын ғой. Бір күні қалалық милиция басқармасының бастығы шақырды.…

Read More

Өзін Қазақстанды 30 жылға жуық үздіксіз билеген экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «бас жауымын» деп атайтын қуғындағы банкир Мұхтар Әблязов парламент сайлауында өз жақтастарын «Ақ жол» партиясын қолдауға шақырды. Бұл туралы ол 1 желтоқсан күнгі тікелей эфир кезінде мәлімдеді. Ол не себепті «Ақ жол» партиясын қолдауға шақырып жатқанын былай түсіндірді: «Не үшін Ақжол? Себебі, оның аймақтарда бөлімшелері бар, адамдары, ғимараты бар. Біз ЖСДП-ны қолдауға шақырған кезде бөлімше жетекшілері жан-жаққа бытырай қашып, тығылып, тек Алматы мен астанадағы бөлімшелерін ғана таба алдық. Көп адам өтініштерімен жүріп, қайда өткізерін білмеді. «Біз нені көздеп отырмыз? «Нұр Отан» партиясының айтарлықтай көп дауысынан айырылып, көп адам басқа партияға дауыс…

Read More

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев қуғындағы банкир Мұхтар Әблязовқа сенім артқанын, алайда ол үмітін ақтамағанын мәлімдеді. Бұл жөнінде ол 1 желтоқсан Тұңғыш президент күні қарсаңында өзі туралы түсірілген «Штрихи к портрету» деректі фильмінде айтты. «Мысалы, Әблязов сатқын емес пе? Мен оны жас кезінде энергетика министрі қызметіне тағайындадым. Ал ол ұрлық жасады. Түрмеге отырғыздық. Сол жерден талай рет хат жазды. Туған-туыстары мен достары да босатуды өтінді. Біршама уақыттан кейін президент өкілеттілігін пайдаланып, оған рақымшылық жасадым. Әйтпесе, түрмеде отыра беретін еді» деді Назарбаев. Экс-президенттің айтуынша, Әблязов түрмеден шыққаннан кейін банк басшылығына сұранған, Назарбаев ол өтінішін орындаған. «Ал ол не істеді? 7,5 миллиард долларды…

Read More

Ұлыбритания азаматтық соты 13 қарашада Қазақстандағы «БТА банк» ісі бойынша 5 миллиард доллардың активін бұғаттады. Бұл туралы 1 желтоқсанда америкалық Wall Street Journal (WSJ) басылымына сілтеме жасаған Азаттық Радиосы хабарлады. WSJ мәліметінше, «БТА» банк Англия мен Уэльстің соттарында бизнес әрекеттер және дүние-мүлік бойынша жаңа адамдарды айыптап, соның негізінде Британияның азаматтық соты активтерді бұғаттау туралы шешім шығарған. Газеттің жазуынша, бұл айыптаулар қазақстандық олигарх Болат Өтемұратовқа қатысты. WSJ жүгінген сот құжаттарына сенсек, «БТА» басқалармен бірге бизнесменді де «банктен ұрланған ақшаны жасыруға көмектесті» деп айыптайды. Басылымның жазуынша, бұғатталған активтер арасында шетелдік ірі банктердегі шоттарда жатқан ақша және Мәскеуде, Венада және Қазақстан астанасында орналасқан…

Read More

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев соңғы кездері қоғамда жиі айтылып жүрген «болашақта ел астанасы Түркістанға көшіріледі» деген пікірді теріске шығарды. Бұл туралы ол 1 желтоқсан Тұңғыш президент күні қарсаңында Qazaqstan арнасынан көрсетілген «Түркістан: көне мен келешек көпірі» деректі фильмінде айтты. «Түркістанда тұратын, сол жақтың жағдайын білетін адамдар солай деп ойлайтын шығар. Тарихы өте үлкен, әрине…Түркиядан адамдар кеп көргісі келеді. Солай болғаннан кейін ел астанасы болса екен деп ойлайтын шығар. Бірақ біз қазір мына астанамызды ұлғайтамыз. Бұрын екі жүз мыңдай адамы бар Ақмола қазір бір миллион екі жүз елу мыңы адамы бар шаһар болды. Нұр-Сұлтан болды. Бұл атауды мен өзім ұсынған жоқпын,…

Read More

Бір кездері оппозициялық көзқараста болған қоғам белсендісі Айдос Сарым өзіне қатысты айтылып жүрген «биліктің агенті» деген әңгімелерден әбден шаршағандықтан, биліктегі «Нұр Отан» партиясына өткен. Бұл туралы Сарымның өзі «Қала мен Дала» газетіне берген сұхбатында айтты. «Айдос Сарым – «биліктің агенті» деген әңгімелер әбден шаршатты, сондықтан да осы тақырыпты біржола жабайын деген ниет еді. Жай ғана агент емеспін, билік партиясының мүшесімін, билік ұсынып отырған күн тәртібі мен реформалық бағыттың белсенді қолдаушысымын. Бұл тақырып енді үзілді-кесілді жабылған шығар деп ойлаймын. Интернетте көз майын тауысып, мені жау қылып, қызыл кеңірдек болған ағайындар енді ентігін басып, басқа шаруаға назар аудара алатын болды. Бұл да…

Read More

Whatsapp мессенджерінде полиция полковнигі Тұрлыбек Ахметовтің атынан жазылған хабарлама тарап жатыр. Мәтін авторы өзін ІІМ вице-министрі етіп тағайындамаса, Ерлан Тұрғымбаевты әшкерелейтін құжат жариялаймын деп жазған. ІІМ бұл ақпаратты терістеді, деп жазады Stopfake.kz. Хабарламада ІІМ-нің қазіргі қызметкерлері Тұрлыбек Ахметов пен Сергей Варгоның аты-жөні көрсетілген, бірақ олардың бұған еш қатысы жоқ. «30 қарашада ІІМ қызметкерлері Т.Ахметов пен С.Варго әлеуметтік желілерде олардың есімдерін пайаланып, шындыққа жанаспайтын, жала таққан мәліметтерді жариялаған адамдарды анықтап, қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы өтініш жазды.Аталған факті бойынша ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті Қылмыстық кодексінің 274-бабы (Көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады және БАҚ-та көрінеу жалған ақпарат таратуға қатысы…

Read More