Автор: admin

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы Ерұлан Сәбенұлы Мағзымбековпен «Кәсіподақ күші-бірлікте!» атты онлайн сұхбат өткізді. Онлайн сұхбат барысында Ерұлан Сәбенұлы кәсіподақтың негізгі қызметі, мақсаты мен міндеттеріне жан-жақты тоқталды. Облыста 65 мыңнан астам кәсіподақ мүшелері бар екенін, жылына 8 мыңнан астам шағым-арыздар келіп түсетінін айтты. Сын сағатта кәсіподақ екі жақтың да мәселесіне баса назар аударып, екі жақты пікірді тыңдайтындарын, кәсіподақ төрағасы болу – көшбасшылықпен қатар мықты заңгер және мәмілегер екенін жеткізді.Ұжымдық және еңбек шарттарын талдап, жылына өтетін семинар, тренингтердің маңыздылығын атап, «Кәсіподақ үйірмесінің» жұмысын түсіндіріп,…

Read More

Ауданымызда кәсіпкерлік саласы жыл санап өркен жайып келеді. Бүгінде аудандағы кәсіпкерлер түрлі бағыттарды дамытып, өнімдері халық арасында ерекше сұранысқа ие болып отыр. Мәселен, Бурыл ауылдық округінде сан түрлі саланы кәсіп етіп табыс тауып жүргендердің арасынан ұлттық дәстүр мен салт-сананы ұрпақ жадында қайта жаңғыртып жүрген тігінші Айнұр Қаржаубайқызының бағыты ерекше. Тігіншілік саласын дамытып, осы арқылы табыс тауып, одан қалса туған ауылындағы қыз-келіншектерге тігіншіліктің қыр-сырын үйретуді ниет еткен жанның ісін көпке үлгі етуге болады. Үстіміздегі жылдың қыркүйек айынан бастап Айнұр Қаржаубайқызы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы өзінің «Келіндер академиясында» қыз-келіншектерге тегін тігін курсын ұйымдастырған болатын. «Тігіншілік курсы екі буынға арналып 2 ай бойы…

Read More

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР — ШАРУАШЫЛЫҚТАР ИГІЛІГІ ҮШІНАуданның ауыл шаруашылығы саласы дамуының негізгі бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар нәтижесі төмендегі көрсеткіштермен сипатталады. Осы жылдың 9 айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 33 млрд. 890,5 млн. теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 104,7 % құрады. Ал, ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 5 млрд. 235,6 млн. теңгені немесе 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 123,9 % құрады.Ағымдағы жылы аудандағы шаруашылықтардың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы егістік жердің көлемі 55 514 гектарды құраса, оның 26 511 га суармалы, 29 003 га тәлімі.Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған…

Read More

Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев «Үркер — 2020» ұлттық сыйлығын жеңіп алған облыстық «Ақ жол» газетінің ұжымын құттықтады. «Облыстағы «Ақ жол» басылымы үздіктерді ұлықтайтын ұлттық «Үркер — 2020» сыйлығының иегері атанып, жамбылдық журналистер мәртебесі биіктей түсті. «Жылдың үздік газеті» номинациясын иеленген басылым ұжымын осы айтулы жеңіспен құттықтап, көшбасшы газеттің алар асуы азаймауына тілектестік білдіремін. Сөзсіз, бұл «Ақ жолдың» алғашқы да, соңғы да жеңісі емес. Себебі, цифрландыру дәуірінде заман ағымына сай бейімделе отырып, өзінің өзге басылымдар бет түзейтін үлгілі келбетін сақтай алған газеттің талай марапатына куә боларымыз анық», — деді қала басшысы.

Read More

Мысырлық дайвер Саддам әл-Килани әлемдік рекорд орнатты, ол Қызыл теңізде 143 сағаттан аса уақыт бойы су астында болған, — деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Еgyptindependent.com басылымына сілтеме жасап. 29 жастағы жігіт әріптестерінің, жанкүйерлерінің және өзі тұратын Дахаб қаласының тұрғындарының қуанышына орай Гиннестер рекорды кітабына енетін болады. Килани су астындағы саяхатын 5 қарашада бастаған. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды. Ресми БАҚ өкілдері болмағанына қарамастан, Дахаб қаласының жүздеген тұрғындары, туристер және дайверлер Киланидің теңіз түбінен шыққанын күтіп тұрды. Килани дайвинг бойынша әлемдік рекорд орнату үшін ұзақ жылдар бойы дайындалған. Ол Мысыр аумағынан бөлек жерде су түбіне түсуден бас тартқан, ол арманына өз елінде жеткісі келген. …

Read More

Қазақстан құрамасының футболшысы Айбол Әбікен Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі бесінші турда Албания құрамасының қақпасына алаң ортасынан гол салды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Матч Тиран қаласында 15 қараша кешке болды. Бұл ойынның 24-минутында болды. Оған дейін Қазақстан құрамасының қақпасына екі доп салынған. Әбікен алаңның дәл ортасында қарсыластарынан допты алып шығып тепті. Ал қақпашы доптың «бұлай аяқ астынан» келетінін күтпегендей, ұстай алмай қалды. Бұған дейін Қазақстан құрамасының тарихында мұндай гол болған емес, деп жазады Vesti.kz басылымы. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Vesti.kz — Живи спортом 🇰🇿 (@vestikzsport) Матчта Қазақстан құрамасы 3:1 есебімен жеңіліп қалды.  Ойыннан кейін Қазақстан төрт ұпаймен квартеттің соңында тұр. Топтағы…

Read More

Qazaqstan ұлттық арнасындағы «Қымбат жандар» бағдарламасында анасы мен қызы 55 жылдан кейін қауышты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бақытгүл Айменбетова ана құшағынан айырылып, перзентханада қалған. Кейіннен оны перзентханадан бір отбасы асырап алған. Алайда Бақытгүл 20 жасында туған анасы өзінен бас тартқаны туралы құжатты тауып алады. Оның бір арманы — анасын іздеп табу болған. Табылған құжат арқылы деректер іздеуге кіріскен. «Перзентхананың мұрағаты өртеніп кетті. Бізде нақты деректер қалмады. Тек аты-жөні жазылған және тұрып жатқан мекенжайы көрсетілген. Бірақ ол мекенжайда үй болмады», — дейді ол. Бағдарлама ұжымы Бақытгүлдің анасын табылғаны туралы қуанышты хабарды жеткізген. Шығыс Қазақстан облысынан Таразға оқуға түсемін деп келген Бақытгүлдің анасы…

Read More

Жамбыл облысында жезөкшелікпен айналысатын притон жойылды, — деп хабарлайды Жамбыл облысы ДП баспасөз қызметі. Жаңатас қаласында Сарысу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жезөкшелікпен айналысу үшін притон ашқан 33 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлімі (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған адам кінәсін мойындады. Сонымен қатар, 12 адам ҚР ӘҚБтК 449-бабы (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша жауапқа тартылды. ҚР ӘҚБтК 450-бабы 1-бөлігі (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну) бойынша құқық бұзушылық анықталған. Бір адам «сутенер» ретінде, екі әйел жезөкшелікпен айналысқаны үшін тіркеуге алынды.

Read More

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен «Асарлатып үй салу» жобасы өңірдің барлық ауданында бастау алғаны баршаңызға мәлім. Жамбыл ауданында игілікті іске бейіл берген тұрғындар 10 ауылда баспана көтеріп жатыр. Соның бірі – Айша бибі ауылындағы керемет үлгідегі тұрғын үй. Бүгінде құрылысы толығымен аяқталған, — деп хабарлайды Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. Баспана кілтін табыстау рәсіміне қатысқан Бердібек Мәшбекұлы ауыл азаматтарын ауызбіршіліке шақырып, бағзы дәстүрімізді кеңінен насихаттап жүрген қазына қариялармен әңгімелесіп, баспана жайын сұрады. Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Райымбек Мұсатаевтың айтуынша, таразыда салмағы ауыр амалға жергілікті кәсіпкерлер мен көпшілік демеушілік…

Read More

Облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің облыс тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуынан сақтандыру мақсатында қаулы қабылданып, шектеу шаралары енгізілгені белгілі. Бүгінгі таңда, жұмыс жасап тұрған нысандарға COVID-19-ды болдырмау іс-шаралары бойынша, жасақталған мониторинг жүргізу тобының мүшелері бақылау жасап, қызметкерлер мен басшыларға санитариялық ағарту жұмыстарын жүргізуде. Шектеу шараларын сақтамау бойынша жіберілген кемшіліктер мен құқық бұзушылықтарға әкімшілік айыппұлдар салынуда. Аудан орталықтарында көптеген тұрғындар қорғаныш медициналық бетперделерді пайдаланбауда. Соның нәтижесінде ағымдағы жылдың 2-6 қарашасы күндері аралығында С.Курбанбаева, М.Толбаев есімді азаматтарға дүкендерде медициналық бетперде пайдаланбағаны үшін, ал, Базарбай ауылы, «Мұлдиев» көшесінде орналасқан жеке кәсіпкер Т.Абитаеваға санитариялық — дезинфекциялық режімді қамтамасыз етпегені үшін 319 470…

Read More