Автор: admin

Мемлекеттік бағдарламалардың шапағатын көріп жатқан елді мекеннің бірі — Қызыл жұлдыз ауылы. Тараз қаласымен іргелес жатқан округтің аумағы 364,0 гектарды құрайды. Түрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан ауылдан өткен ғасырдың қырқыншы-елуінші жылдары Мәрзия Ибрагимова, Дариға Жантоқова, Мұхамедқали Нұрбаев, Сындыбала Оңғарбаева сынды 9 Еңбек Ерлері шыққан. Халықтың мұнда көп қоныстануын қазіргі таңда елді мекеннің облыс орталығына жақындығымен байланыстыруға болады. Бүгінгі таңда округте 952 аулада, 6 390 адам тұрады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жергілікті салық түсімдері, атап айтқанда, жер салығы 102,9 процентке, мүлік салығы — 106,0 процентке, ал жеке тұлғаның көлік салығы — 55,8 процентке, жеке табыс салығы — 99,1…

Read More

Жамбыл облысы Сарысу ауданында тұрғындардың өз кәсібін ашуға немесе кеңейтуге арналған шағын жобаларды қаржыландыру туралы не білеміз? Жобаны жүзеге асыруға қажетті қаражат көлемі 9 млн 080 мың  теңгеге наубайхана ашуға несие алынды. Наубайхананың  ғимараты дайындалып, құрал жабдықтарын орнатуда. Саудакент ауылына  жоба аясында 315 ауыл тұрғынына несие беру жоспарланған.  Жоба бойынша Тараз ӘКК- на Саудакент ауылы тұрғындары тарапынан 349 несие алу мақсатында құжатттар тапсырылды. Оның ішінде нақты 303 ауыл тұрғыны несиеге қол жеткізді. Президент қолдап, Үкімет мақұлдаған жобаны жұмыла жүзеге асыру-мерейлі міндет болса, жауапкершілік жүгі одан да батпан. Тұрғындардың тұрмысын арттыру-бүгінгі күннің басты талабы. Бұл бағыттағы жұмыстар Сарысу ауданындағы Байқадам ауылдық округінде…

Read More

Ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану мәселелері облыс әкімдігінің тұрақты назарында. Жыл басында салалық басқармалар мен аудандық әкімдіктерге пайдаланусыз жатқан жерлерді айналымға қайтару бойынша жұмыстар жүргізу тапсырылды. Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында осы тапсырманың орындалу барысы талқыланды. Жер қатынастары басқармасы мен жер инспекциясы өкілдері жасаған баяндамаға сүйенетін болсақ, жоспар бойынша 70 мың гектар жерді қайтару көзделсе, бүгінде 72155 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Оның ішінде 5390 гектар егістік және 66765 гектар жайылымдық жерлер бар. Мойынқұм ауданы бойынша тапсырма ойдағыдай орындалса, Шу, Сарысу, Қордай және Т.Рысқұлов аудандарында игерілмеген жерлердің үлкен көлемі анықталған. Сонымен қатар, бұл істе Байзақ, Жуалы, Меркі, Жамбыл және Талас аудандарында…

Read More

Ауыл бойынша жеке қосалқы шаруашылықта: — 984 аулада 118,0 га жер бар (7 сотығы үй –жай, қора, гараж т.б құрлыстар, 12 -сотығы бау бақша болып табылады. )Пилоттық жоба бойынша ауылдық округтегі 984 ауланың ішінде 901 аула (92,0%) 118 га гектар үй іргесіндегі егістік жерді пайдаланды. Үй іргесіндегі егіске жарамды 118 га жердің 72 га яғни 40,0 гектар қызанақ және 32,0 гектар қияр өсірілді, қалған 46 га басқа бақша дақылдары. Үй іргесіндегі жерге қызанақ пен қиярдың себу материалдарын алуға «Саудакент 2019» кооперативне айналым қаражатын толтыруға 760,0 мың теңге беріліп 901 аулаға «Саудакент 2019» кооператив есебінен тұрғындарға 20 000 қызанақ көшеті мен 20 кг қияр ұрығы таратылды.…

Read More

Ауыл – алтын бесік, қасиетт іқұт мекен. Мемлекет басшысы өз Жолдауында ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғырту қажеттілігін айтты. «Ауыл – Ел бесігі» жобасының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүрусапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту. Ауылдардың жағдайын жақсартып, ауыл халқының тұрмысын көтеру үшін қолға алынған «Ауыл — елбесігі» жобасы Сарысу ауданында да қарқынды жүруде. Елбасының тікелей бастамасымен қолға алынған жоба аясында ауылдарды дамытуға бағытталған нақты істер қолға алынуда. Бұл ретте, «Ауыл –Ел бесігі» жобасын іске асыру тетіктері келесі шараларды қамтиды. Бірінші кезекте тірек ауылдық елді мекендер іріктелді, олардың даму әлеуетіне және қазіргі экономикалық жағдайына талдау жасау негізінде, осы ауылдарда…

Read More

Айтыскер ақын, «Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабеков Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы ұстанатын Матруди ақидасына өтті. Бұл туралы ол 3 қараша күні Алматыда өткен Ғұламалар Кеңесінің XXVII кезектен тыс отырысында айтты. Бұл ақпаратты kazislam.kz сайты хабарлады. Қазақастанның бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен өткен отырыста сөз алған Тазабек алдымен «Асыл арна» телеарнасының жабылатынын, арна алдағы уақытта діни бағытта хабар таратпайтынын баса айтты. Бұдан бөлек, Мұхамеджан Тазабек халық арасында күмән тудырып келген өзінің діни сенім туралы да айтты. «Бұған дейін сәләфи жолындағы жігіттермен аралас-құралас болғаным рас. Матуриди ақидасына қатысты кейбір күмәнім болатын. Алайда, соңғы жылдары оның ең дұрыс сенім екеніне, ата-бабамыз…

Read More

Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Байқадам ауылдық округтегі ауладағы мал шаруашылығын тиімді пайдалану бойынша есеп берілді. Округ бойынша мал сатып алуға 300  өтінім түсіп, берілген несие сомасы  778 млн  311 мыңтеңгені құрады. Пилоттық жоба бойынша алынған малдан 912 бас мүйізді ірі қараның 115 бас бұқа бордақыланды. 797 бас аналық бастан 398 бұзау, 747  бас жылқыдан 373 құлын, 2235 бас майда малдан 1117 бас төлдер алынды. Алынған несие нысаналы мақсатына сәйкес  жоспар 101% орындалды. Пилоттық жоба бойынша алынған115 бас бордақыланған бұқаның 90 басы көршілес Түркістан облысы Қарабұлақ ауылына сатылып қалған 25 бас ауыл және аудан көлемінде және өзіндік тұтынуға сатылды. Жалпы бордақы малдан 18 тонна ет 1800…

Read More

Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» кемел бағдарламасын ұсынған болатын. Мақаладағы «ұлттық бірегейлікті сақтау» атты екінші бағытта ортақ тіл, мәдениет, тарих – бұлар барлық заманда да қуатты мемлекеттің іргетасы екеніне ешкім дау туғызбаса керек. Елбасының ұлттық рух туралы ұсынған тезисі ұлы дала елін дамытудың басты қозғаушы күшіне айналды. Жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеу білім саласымен ұштасып жатқандықтан, бұл істі жаңашылдықпен қолға алу керек. Елбасының қолға алуды ұсынған «туған жер» бағдарламасы аясында игі істер атқарылып келеді. Күнгейі мен теріскейінде жоталы қырлары, кез-келген тасының түбінен мөлдір бұлағы жылғалай ағатын қасиетті қарт Қаратаудың қойнауы тұнған тарих. Ғасырлар тереңінен тамыр тартатын қазақ тарихының талай тағдырлы…

Read More

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановтың қабылдауында болған зиялы қауым өкілдері бірқатар  ұсыныстарын ортаға салды. Мысалы, «Абай мектебі» мен жазушылар қауымы арқа сүйейтін тірек болатын орда ашылуы керек. Сондай-ақ сансыз бабтар мекені Сайрамның тың құпияларын ашып, тылсым тарихын зерттеу ұсынылды. Түркістанды уақыт талабы қажет ететін ұлттық кодтан ауытқымай отырып дамыту еске салынды. Өңірдің жай-күйі, мәдениет, руханият, білім, туризм салалары, өнер мен тілдің ахуалы әңгіме арқауына айналып, келелі кеңеске ұласқан басқосу барысында зиялылар өз ұсыныс-тілектері мен ойларын бүкпесіз ортаға салды. Ал тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаев Саурандағы көнеден қалған кәріз жолдары жайлы сөз етті. Әлі күнге дейін сақталған аумақты қайта…

Read More

Кәсіп бастауға шешім қабылдаған кез келген азамат енді банк бөлімшесін араламай–ақ жұмысының көп бөлігін оңай әрі жылдам шеше алады. Яғни, жеке кәсіпкерлікпен айналысатындар бұрынғыдай ұзақ кезекте тұрмай, үйден шықпай-ақ, еш қиындықсыз шот аша алады. Ал пандемия кезінде бұл қызметтің танымалдылығы одан сайын арта түсті. Ендеше кәсіпкерлерге арналған жаңа мүмкіндік туралы ақпараттан құр қалмаңыз. Кәсіпкерлер банк бөлімшесіне бару үшін өзінің басты жұмыстарын кейінге шегеріп, бизнесін ысырып қоюға мәжбүр, осылайша, табыс көзінен айырылады. Одан бөлек, белгілі бір банк операциясын жасау кезіндегі қағазбастылық, құжаттарды дайындау да адамдарды шаршататыны анық. Осы орайда, Halyk Bank клиенттермен тиімді әрі нәтижелі қарым-қатынас жасап қана қоймай, енді тұтынушылар қолайлығына назар аударуды жөн көрген. Осы мәселені цифрлы деңгейде сапалы түрде шешу жолында Банк кәсіпкерлерге су жаңа…

Read More