Автор: admin

Ауыл тұрғындарының қолда бар малымен мен сатып алынған малға азық дайындау үшін, «Саудакент-2019» ауыл шаруашылығы кооперативіне 300,0 гектар тәліми егістік, 2793,0 гектар шабындық және 3811,75 гектар жайылымдық жер берілді. «Саудакент 2019» кооперативі 300,0 гектар жаздық арпа егіп өнімі 195 тонна және бірлескен қызмет арқылы «Мұрат» шаруашылығы мен 500 гектар жаздық арпа егіп, өнімі 325 тонна болды. Бірлескен қызмет арқылы «Игілік» ӨК 102 гектар, «Жанторе» ЖШС мен 32 гектар суармалы егістік алқабына дәндік жүгері егілді. «Саудакент 2019» кооперативі 8 га жүгеріден 48 тн өнім, 8 га көп жылдық шөптерінен 20 тн өнім алынды. Барлығы 950 га жер егістік егілді. Жалпы егістік егуге…

Read More

Түймекент ауылдық округінің тұрғындары бүгінде табыс қазанын қызу еңбекпен қайнатып жүргені аян. Бұған себеп болған аядай ғана ауладан мол табыс табуға болатынын кезекті рет дәлелдеген «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» пилоттық жобасы. Бүгінде Түймекент ауылында жобаның алғашқы бағыты бойынша 1 144 аула 132,7 гектар алқаптан картоп, қияр, қызанақ сынды көкөніс жиналып, қыстық қорын жасақтап үлгерді. Баянды бастаманың көмегімен мал шаруашылығына ден қойғандар қатары артты. Тұрғындар пилоттық жоба қатысушыларына берілген жөңілдетілген несие көмегімен 630 жылқы, 2 954 ұсақ мал, 543 мүйізді ірі қара және 1 025 үй құсын сатып алды. Бұған қоса, ауыл сыртындағы жер үлестерін кәдеге жарату арқылы да…

Read More

Тараз — Қазақстанның ежелгі қалаларының бірі. Оған көп жағынан біріншілік беріледі: алғашқы мегаполис, Қазақстанда салынған алғашқы мешіт, алғашқы медресе және т.б. 2011 жылдан бастап қалада қазба жұмыстары қайта басталды. Бұл дегеніміз, археологтарға ежелгі қаланың құпия-сырларын ашуына мүмкіндік туды деген сөз. Kaz.tengritravel.kz саудагерлердің, әуесқойлардың және қолөнершілердің мекені болған ежелгі Тараз қаласына саяхат ұсынады. Тараз қаласының негізін кім қалады? Қазіргі Тараз қаласының асфальт жолының астында көне қаланың 2 мың жылдық тарихы жатыр. Қала көптеген қанды қақтығыстар мен соғыстарды бастан өткерген, небір құпия-сыр мен таңғажайып махаббат хикаяларын жадына сақтаған, Қазақстандағы ислам мәдениетінің тал бесігі. Орта ғасырдың ұлы ақындары — Хафиз, Омар Хайям, Руми және басқалар…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «АгромашХолдинг KZ» АҚ шығарған жаңа LOVOL тракторының рөліне отырып, ескі ауылшаруашылық техникаларын жаңарту және қалпына келтіру бойынша trade-in бағдарламасын іске қосты. Қазіргі таңда облыстың аграрлық саласы шаруа қожалықтардың ұсақтығы мен техникалардың тозуы секілді екі негізгі проблеманы бастан өткеруде. Айталық, бүгінде өңірдегі 18 мың бірлік техниканың 15 мыңнан астамының немесе 80 пайызының пайдалану уақыты 10 жылдан асқан. Жоғарыда айтылған ұсақ шаруашылықтар мәселесін шешу жолында облыс әкімінің бастамасымен әр ауданда ірі ауылшаруашылық холдингтері құрылуда. Ал, екінші мәселені шешу үшін жетекші қазақстандық өндіруші компания – «АгромашХолдинг KZ» АҚ-мен тығыз ынтымақтастық орнатылған. Бүгінде қостанайлық кәсіпорын бүкіл республика бойынша өзіндік…

Read More

Үстіміздегі жылы аудан әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі тарапынан бірқатар ауқымды істер жүзеге асырылуда. Нәтижесінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі тоғыз ай көрсеткіші бойынша 4199,8 млн. теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 100,2% құрады. Ал, келесі он айға жоспар 4356,9 млн. теңгеге жоспарланып, меже бойынша нақты көлем индексі 100,1% күтілуде. 4377,6 млн. теңгеге болжанған меженің жылдық жоспарын он айдың қорытындысымен орындау жоспарланып отыр. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 9 айға 16071,5 млн. теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 147,9%-ды құрап отыр. 10 айға жоспар 17338,2 млн. теңге болса, нақты көлем индексі 147,3% күтілуде. Жоспарланған 22769,6 млн. теңге жылдық межені асыра орындалуы жоспарда. Бөлшек…

Read More

Облыс орталығындағы ұлы ғұламамен аттас көшеде Абай бейнелері пайда болды. Тараздың негізгі көшелерінің бірі саналатын Абай даңғылының бойына ағартушы ақынның суреті ілініп, көше көркін кіргізе түсті. Тараз көшелерінің аты берілген Төле би, Жамбыл, Әл-Фараби секілді қазақтың біртуар тұлғаларының да фотосуреттері бағаналарға бекітілетін болады. Айта кету керек, биылғы жылы Тараз көшелерінің күрделі және орташа жөндеуден өтуімен қатар, қазіргі уақытта «Smart City» бағдарламасы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде шаһар көшелерін сыртқы жарықтандыру желілерін жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы жобаны іске асыру барысында түнгі Тараз түрлене түспек. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Tarazy.kz (@tarazy.kz) 29 Окт 2020 в 11:57 PDT

Read More

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Jambyl» радиосының жетекшісі, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, сатирик-ақын Бақытжан Советұлы Әлімқұловпен «Қайнар бұлақтан нәр алған тұлға» атты онлайн сұхбат өткізді. Онлайн сұхбатты Бақытжан Советұлы әкесі, лирик ақын Совет Әлімқұловтың өлеңімен бастап, өмірден ерте кеткен әкесінің алдындағы перзенттік парызы, архивтен тапқан еңбектері жайлы толқып айтты. Өмірдің қиын сәттері мен көңіл толмайтын кездерін ащы сатирамен түйрей жөнелетін Бақытжан Әлімқұлов өзінің өмір жолына кеңінен тоқталып, жарыққа шыққан кітаптарын, сатираға қанша жасында келгенін, шығармашылықпен айналысатын уақыттарын әңгімелеп берді. Қоғамның ең өзекті мәселесі, таусылмайтын тақырыбы сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы ойын айтып, арнаған…

Read More

Жамбыл облысы әкімдігінің мәжілісінде өңірдің ағымдағы жылдың тоғыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары сараланды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жыл басынан бері экономиканың тұрақтылығы сақталып тұрғанын баса айтты. Аграрлық секторды қоспағанда, барлық салалар бойынша көрсеткіштер республикалық деңгейден жоғары. Баяндама жасаған облыс әкімінің орынбасарлары өздері жетекшілік ететін салалардағы жұмыстарға тоқталып өтті. Айталық, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісі 3,8 пайызға өссе, экономикалық өсім 2,3 пайызды құрады. 433,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді десек, бұл жоспардан 9,5 пайызға жоғары. 230,3 миллиард теңге инвестиция тартылып, өсім 8,2 пайызға жеткен. Сонымен бірге инфляция деңгейі 4,8 пайызды, жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрап отыр. Бұл…

Read More

Алдағы бес жылда Жамбыл облысында таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі 100 пайыз шешілетін болады. Бұл туралы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев айтты, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі. Оның айтуынша облыстағы төрт қалада 394 мың тұрғын немесе 88 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. «Қалған қала тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Тараз қаласында 6 жоба, Шу қаласында 8 жоба әзірленуде. Жалпы жобалар құны 9 миллиард теңгені құрайды», — деді Құдайберген Қорғанбаев. Ал, облыстың ауылдық елді мекендеріндегі тұрғындардың 75 пайыздан астамы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамсыз етілген. Жыл басынан бері 9 елді мекенде тұратын 13100 адам орталықтандырылған ауыз…

Read More

2020 жылғы 15 қазанда облыс әкімі, облыс прокуроры, сондай-ақ Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Р. Жүрсіновтің, Ұлттық экономика вице-министрі А. Шаимованың, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Е. Үстеміровтің және «Астана» Халықаралық қаржы орталығының өкілі Д. Нұрпейісовтің қатысуымен бизнесті қорғау жөніндегі Сараптамалық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Кеңестің жұмысына облыстық құқық қорғау және бақылау органдарының, өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшылары, бизнес-қауымдастықтар мен ассоциациялардың өкілдері қатысты. Облыс әкімі Б.М. Сапарбаев кеңесті аша отырып, Мемлекет басшысының пандемия жағдайында ғана емес, сонымен бірге болашаққа бағытталған бизнесті қолдау қажеттілігі туралы тапсырмаларын жеткізді. Облыс прокуроры Н.М. Әбдіров Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша прокуратура органдарының жұмысы кәсіпкерлердің…

Read More