Автор: admin

Биылғы жылы еліміздегі карантин шараларына қарамастан, аудан орталығы мен ауыл және ауылдық округтерде құрылыс қарқынды жүргізілуде. Жыл басынан білім беру, таза ауыз су, мәдениет, спорт, тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылым нысандары «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Ауыл — ел бесігі» бағдарламаларымен құрылыстарына 2 885 449 теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Алдымен үстіміздегі жылы құрылысы жүріп жатқан нысандарға тоқталсақ. Биыл білім беру саласы бойынша Бурыл және Қостөбе ауылында екі жоба жүзеге асырылуда. Бурыл ауылында сметалық құны 1181,647 мың теңге, оның ішінде, конкурстық құны 1 051,987 мың теңгені құрайтын 300 орындық орта мектеп құрылысын «Өмірзақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқаруда. Мердігер мұндағы құрылыс…

Read More

Алаяқтық дегеніміз – бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену немесе өз мүлкіндей пайдалану құқына заңсыз  иемдену  болып табылады. Ол үшін қылмыскер алдау-арбау амалдарын қолданады немесе басқаның сеніміне кіріп алып, қастық жасайды. Бұл арада мынаны еске алу керек, алдау және сенімге кіру жолымен басқа қылмыстар да жасалуы мүмкін, бірақ олар басқа қылмыстық-құқықтық нормалар бойынша қарастырылады. Алаяқтық әрекеттерінің әрбір жағдайында істің мәнісін жанжақты қарастырып, оған ұқсас қылмыстардан ажырата білу қажет. қылмыстық  жауапқа  тарту  және  айыпты  деп тану үшін сол әрекеттерде қылмыс құрамының болған-болмағанын анықтап алу қажет. Мұның өзі қылмыстық заңда қылмыстық жауапкершілікке тартуға бірден-бір негіз болып табылады. қылмыстың әрбір құрамы нақты қылмыстың объективтік және…

Read More

Өткен демалыс күндері Тараз дүкендерінде нан бағасы 5-10 теңгеге өскен еді. Бұл шешім жергілікті билікпен келісілмеген күйі қабылданған. Жедел штаб қазір жағдайды жан-жақты зерттеп жатыр. Облыс әкімдігі тарапынан шұғыл шара қабылданғанның арқасында дүйсенбі күні ірі сауда орындарында ас атасы бұрынғыдай 85 теңгеден сатыла бастады. Тек аулалардағы шағын дүкендердің кейбірінде нан 5-10 теңгеге қымбатырақ босатылып жатыр. Қалада негізгі 6 наубайхана бар. Олардың бесеуі бағаны өсіру туралы шешімге келген көрінеді. Нанның қымбаттауын олар солтүстік өңірлерден келетін ұн құнының өсімімен түсіндіріп отыр. Облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашев тұрғындарды сабырға шақырып, жағдайдың реттелетінін жеткізді. — Мониторинг кезінде бірқатар нан өндірушілері нан бағасын 85-тен 95…

Read More

Бүгінгі таңда, ауданымызда аудан әкімдігі ғылым мен өндірістің интеграциясы бағытында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғалымдарымен бірлесіп, отандық өнімді дамыту, қолдау және жарнамалау мақсатында қоян – қолтық жұмыстар атқаруда. Осы мақсатта, ауданға жұмыс сапарымен келген университет ғалымдары Сарыкемер ауылындағы №3 Байзақ колледжінде бас қосты. «Сүтті мал шаруашылығы» тақырыбын қаузаған семинарды аудан әкімінің орынбасары Болат Сағынбеков ашып, жиын қатысушыларына университет ғалымдарын таныстырды. Семинар барысында “Агродаму” басқармасының жобаларды коммерциализациялау және ақпараттық кеңес беру жұмысы бөлімінің бастығы, профессор Сауле Темірбек Қазақ ұлттық аграрлық университеті туралы мәлімет берсе, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Серғалы Мырзақұлов сиырлардың ұдайы өндірістік…

Read More

Жамбыл облысы балық шаруашылығын дамытуды мейлінше қолға алған. Қазіргі таңда облыс аумағында 121 жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдыны болса, республикалық маңызы бар Балқаш көлінің 18 учаскесі орналасқан. Оның 83-і кәсіптен нәсіп табам деген 74 табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген. Қалған 38 балық шаруашылығы су айдыны әзірге бос көрінеді. Жануарлар дүниесін қорғау және балық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Руслан Балтаевтың айтуынша, ағымдағы жылдың тамызында резервтік қордағы 13 балық шаруашылығына су айдындарын бекітіп беру конкурсы өткізілген. Конкурсқа 18 кәсіпкерден 20 конкурстық өтінім түсіп, нәтижесінде 5 кәсіпкерге 5 балық шаруашылығы су айдындары бекітіліп берілген. Алдағы уақытта қалған су айдындарына конкурс жарияланады. Жалпы…

Read More

Жарылған құбыр Қарабалаевтың қадағалауымен қалпына келтірілді, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Кеше қаладағы Төле би даңғылының бойында жарылған газ құбыры тәулікке жетпей қалпына келтірілді. Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев бүгін таң сәріден апат орнына тағы қайтара келіп, нысандардың жылуға қайта қосылуын қадағалады. Еске салсақ, кеше, 23 қазан күні «ЖамбылТранстелеком» АҚ жұмысшылары жер қазу жұмыстарын жүргізу барысында Тараздағы Төле би даңғылының бойында газ құбыры АГРС-2 (автоматтандырылған газ реттеуіш станциясы) қалаға кіретін 630 мм диаметрлі полиэтилен газ құбыры зақымдалған болатын. Газдың шығуын тоқтату мақсатында апатты бригада ф-600 және ф-500 миллиметрлі жерасты ысырмаларын бекітіп тастауына тура келді. Мұның салдарынан РК-4 аудандық 4-ші қазандық,…

Read More

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында ұлт өнерін ұрпаққа насихаттайтын халықаралық «Мен қазақпын» телевизиялық мегажобасының «Көрермен көзайымы» номинациясының жеңімпазы, қаршадайынан қазақтың қара домбырасын серік етіп, ұлттық музыканың қайнарынан қанып ішкен Сұлужан Әбеновамен «Ұлы дала әуендері» атты онлайн ән кеші өтті. Кеш барысында Сұлужан Әбенова Шу өңірінде туғанын, алғаш қолына домбыраны әкесінің ұстатқанын, өнер жолында әлемнің көп мемлекеттерінде болғанын, шығармашылықты шыңдауда үлкен байқаулардың алатын орны туралы айтты. Жарты жылға созылған халықаралық «Мен қазақпын» мегажобасының еліміздің әр өңіріндегі дәстүрлі әнші, термеші және күйшілердің басын бір арнаға тоғыстырып, атадан балаға мұра болып келе жатқан төл өнерімізді насихаттауда жеткен жетістігіне тоқталды.…

Read More

Бүгін, 23 қазан күні «Транстелеком» АҚ жұмысшылары жер қазу жұмыстарын жүргізу барысында Тараздағы Төле би даңғылының бойында АГРС-2 (автоматтандырылған газ реттеуіш станциясы) қалаға кіретін 630 мм диаметрлі полиэтилен газ құбыры зақымдалды. Апатты жағдай салдарынан РК-4 аудандық 4-ші қазандық, 4 өнеркәсіптік кәсіпорын, 27 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын және 176 жеке тұрғын үй уақытша газсыз қалып отыр. Төтенше жағдай салдарын реттеу және нысандарға газ беруді қалпына келтіру мақсатында облыс және қала әкімдігінің өкілдері, қала әкімінің ұйымдастыруымен жауапты мекемелердің басшылары оқиға орнына келді. Қазір қабылданатын шаралар пысықталып жатыр.

Read More

Құрметті отандастар! Бүгін мен Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойдым. Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы тағайындалады. Алдағы сайлау конституциялық мерзімге сәйкес, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді. Барлық саяси партиялардың бұл сайлау науқанына қатысуға дайындалуына, сайлау алдындағы платформасын әзірлеуіне, партиялық инфрақұрылымдарды жетілдіруіне уақыты жеткілікті болды. Орталық сайлау комиссиясы мен Бас прокуратура сайлаудың заңдылығын, ашықтығын және әділдігін сақтау үшін тұрақты бақылау жүргізіп отырады. Жаңа сайлау науқанына дейін саяси жаңғыру, көппартиялықты дамыту және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне азаматтардың қатысу аясын кеңейту жөнінде шаралар қабылданды. Бірінші. «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заңға және «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» заңға…

Read More

Жамбыл облысы Мойынқұм ауылында еріктілер аққайың мен шырша ағаштарын отырғызды. Жергілікті экобелсенділер карантин уақытында осы шараның қалай жүзеге асырылғаны туралы толық баяндады. «Биыл еріктілер жылы аясында республика бойынша көптеген жобалар іске асырылып жатыр. Соның бірі Birgemiz: Taza Alem жалпыұлттық жобасының шағын гранттары. Онда бірнеше бағыт бойынша экологиялық қозғалысты дәріптеді. Біз соның ағаш отырғызу бойынша грант жеңімпазы атандық. Енді нағыз қызық басталды, өйткені менде де, достарымда да аса бір тәжірибе болмаған еді. Ағаш отырғызуды зерттеу, еріктілер тобын құру, есеп-қисап құжаттарын рәсімдеу сынды мәселелер өз ретімен шыға берді», — дейді Айдос Қосыбаев. Айдостың айтуынша, осы шараны іске асыруға карантин жағдайы өз әсерін…

Read More