Author: admin

Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың орынбасары Ұлан Жазылбек қайтыс болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы. Мәліметті өңір әкімдігінің өкілдері растады. Баспасөз қызметі өкілдері оның үдемелі тыныс алу жеткіліксіздігінен қайтыс болғанын мәлімдеді. Ол 58 жаста еді. Бұл қызметке шенеунік 2020 жылдың мамырында келген болатын. Ұлан Жазылбек – 1962 жылы туған, білімі жоғары. 1984 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша және 2009 жылы Д.А.Қонаев атындағы университетін «заңгер»мамандығы бойынша тәмамдаған.⠀Ол еңбек жолын 1984 жылы Алматы үй құрылысы комбинатында шебер, прораб, аға прораб болып бастаған. 1992-2005 жылдары жеке секторда және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарда, 2005-2008 жылдары Алматы қаласы мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылау департаментінің бас маманы, сәулет-құрылыс бақылау…

Read More

Жамбыл обылысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалған Тараз қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Досаев қызметінен босатылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «2021 жылдың 3 тамызында Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қайрат Досаев қызметінен босатылды», – деді облыс әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер. Әкімдік мәліметінше, Қайрат Досаев жаңа қызметінде 30 шілде мен 3 тамыз аралығында істеген. Бірақ 2019 жылдың 20 желтоқсанынан бастап (яғни, Тараз қаласының әкімі қызметінен босатылғаннан кейін бір ай өткен соң) еңбек инспекциясы басқармасының басшысы – өңірдің бас мемлекеттік еңбек инспекторы болғанын атап өтті. Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа бір тәулік ішінде кадрлық қателігін түзетуге тапсырма…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісінде жазды. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа 2019 жылы жұмысында едәуір олқылықтарға жол беріп, қызметінен босатылған Қ.Досаевты әкімдіктің басқарма басшысы етіп тағайындағаны үшін сөгіс жариялады. Әкімге бір тәулік ішінде кадрлық қателігін түзетуге тапсырма берілді», – делінген хабарламада. Бұған дейін Тараз қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Досаев Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалғаны хабарланған еді. Қайрат Досаев Айта кетейік, ол 2019 жылдың қараша айында қала мектептерінің бірінде 12 жастағы қызды зорлау оқиғасына байланысты Тараз…

Read More

Бүгін аудан орталығы Меркі ауылында жаңадан бой көтерген спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға, арнайы келген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, аудан әкімі Руслан Нұрсипатов және ауданымыздың зиялы қауым өкілдері, сонымен қатар спортшылар мен жастар қатысты. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа алғашқы құттықтау сөз беріліп, ол шараға қатысушыларды спорт кешенінің ашылуымен құттықтады.«Мемлекетімізде спорттың алар орны бөлек. Спорт адамға денсаулық, мемлекетке абырой-бедел алып келеді. Сондықтан, мемлекетіміз халық үшін, болашақ үшін спортты дамытуға үлкен мән беруде. Тәуелсіздік алған 30 жылдың ішінде, өздеріңізге белгілі, елімізден Олимпиаданың, әлемнің және Азияның қаншама чемпиондары шығып, солардың арқасында Қазақстанымыздың Көк Туы желбіреп, Әнұранымыз әлем төрінде сан мәрте шырқалды.…

Read More

Луговой станциясында көлік полициясының қызметкерлері пойыз бен платформа арасындағы қуысқа құлап кеткен ер адамды шығарып алды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі көліктегі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 23 шілдеде ер адам Көкшетау-Қызылорда бағытындағы пойызға отыруы керек болған. Бірақ жолаушы кешігіп келген. Пойыз жылжи бастағанын көргенде ер адам қатарласа жүгіріп, вагонның есігін ұрғылайды. Ол полицейлердің ескертуіне құлақ аспаған. «Нәтижесінде ер адам байқаусызда тайып кетіп, пойыз бен платформа арасындағы қуысқа құлап кетті. Пойыз шұғыл түрде баяулады және тәртіп сақшылары оны пойыздың астынан алып шықты», – деді полиция өкілі. Кейін ер адамның жеке басы анықталды. Ол Қызылорда қаласының 31 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам…

Read More

Жыл басынан бері Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты Тараз қалалық №2 пробация қызметінің есебінен 34 сотталған өтіп, оның 23-і қоғамдық жұмысқа тартылған. Алайда, тиімділігін дәлелдеп үлгерген қоғамдық жұмыстан жалтарғандар да бар. Тараз қалалық №2 пробация бөлімі бастығының орынбасары әділет майоры Гүлмира Бекмұханбетова ағымдағы жылы қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуден жалтарғандардың ісі сотқа жолданғанын жеткізді. Қазіргі таңда Тараз қалалық №2 пробация бөлімінің есебінде тұрған 7 сотталған азамат қоғамдық жұмыстарға тартылған. Бүгінде олар қала көшелерін сыпырып, шаһардың тазалығына өз үлестерін қосып жүр. Егерде сотталған қоғамдық жұмыстан бас тартқан жағдайда, пробация қызметі сотқа қылмыстық теріс қылық үшін тағайындалған жазаның орындалмаған…

Read More

Жамбыл облысы Жамбыл ауданында орналасқан «Super Pharm» фармацевтикалық зауыты енді медициналық бұйымдармен қатар, шикізат та дайындалатын болады, – деп хабарлайды Жамбыл облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі. Қазір кәсіпорын жаңа кешеннің құрылысымен айналысуда. Кешен іске қосылғанда ауылшаруашылық, жол, құрылыс заттарынына қажетті шикізаттар нарыққа шығарылады. Қазірдің өзінде өнеркәсіп орнында 650 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жылына мұнда 15 млн дана бірреттік медициналық бұйымдар шығарылады. Жұмысын 2011 жылы 15 түрлі медициналық бұйымдарды өндіруден бастаған зауыт бүгінде 400-ге жуық фармацевтикалық заттарды өзімізге және көршілес мемлекеттерге де экспорттайды. Зауытта тоқылмаған материалдан жасалған бірреттік стерильді емес «Нәрия» медициналық халаттары, хирургиялық киімдер жиынтығы, аса жұқпалы және инфекциялық аурулардан сақтануға…

Read More

13 шілдеде Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған мен Қытай төрағасы Си Цзиньпин телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Халықаралық Түркі академиясының Turkic Weekly апталық дайджестіне сілтеме жасаған turkistan.today порталы.   Әңгімелесу барысында екіжақты қатынастардың жай-күйі мен болашағы, сондай-ақ аймақтық процестер талқыланды. Түркия президенті әкімшілігінің байланыс кеңсесі тараптар сауда, инвестиция, энергетика, көлік және басқа салалардағы қатынастарды дамыту жолдары туралы пікір алмасқанын хабарлады. Президент Ердоған биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың жарты ғасырлық мерейтойын атап өткенін еске салып, Түркияның бұл оқиғаны «терең достық байланыстағы елдерге сәйкес» атап өтуге дайын екенін атап өтті. Түрік лидерінің айтуынша, Анкара мен Пекин халықаралық және аймақтық аренада экономика мен дипломатия…

Read More

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекемесінде халықаралық Нельсон Мандела күніне орай арнайы жиын өтті. Мекеменің тәрбие бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырған басқосуға жазасын өтеушілер де қатысып, адамның тең құқықтарымен демократиялық құндылықтар жолында күрескен Н.Мандела туралы мәліметтерге қанықты. Н. Мандела апартеидке қарсы, адам құқықтарын таптайтын саяси режимге, сондай билікке қарсы күрескен. Сол жолда түрмеге де түсті. 27 жыл өмірін түрмеде өткізген. Соның жартысынан астамында жалғыз адамдық камерада отырған! Соңында бəрібір жеңіп шықты! 1990-жылы түрмеден босатылды. Осылайша ол ендігі бостандықта жүріп, демократиялық құндылықтарды іске асыруды жалғастыра түседі.1993-жылы Нобель сыйлығына ие болады. 1994-жылы болса, ОАР-да алғаш рет демократиялық негізде өткен Президент сайлауында жеңіске…

Read More

13-14 шілдеде Әзербайжанның төрағалығымен «Әлемдік сынақтарға қарсы күрестегі көпжақты күштер ауқымындағы Қосылмау қозғалысы» тақырыбында Қосылмау Қозғалысының министрлік аралық конференциясы өтті. Бұл туралы Халықаралық Түркі академиясының Turkic Weekly апталық басылымына сілтеме жасаған newsroom.kz порталы жазады. Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, конференцияның басты мақсаты қозғалыс мүшелерінің Баку саммитінен кейінгі жаһандық сын-қатерлерге қарсы күресте қол жеткізген жетістіктері және осы бағытта одан әрі жасалатын қадамдарды талқылау болды. Сыртқы істер министрлері деңгейінде 33 елдің өкілі болған конференцияға ҚҚ мүшелері мен бақылаушы елдердің жоғары деңгейдегі өкілдері де қатысқан. Қосылмау қозғалысына үш жылдық төрағалығы 2022 жылы аяқталатын Әзербайжан тарапы Қозғалыстың келесі төрағасы болуы керек Уганда бір жылдан кейін төрағалықты…

Read More

Биыл Жазылбек Қуанышбаевтың туғанына – 125 жыл. Даңқты шопан Мойынқұм ауданына қарасты Көктерек ауылында дүниеге келген. Жуырда Мойынқұм аудандық пробация бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен есепте тұрған сотталған азаматтар аудан орталығындағы Жазылбек Қуанышбаев атындағы мұражайға арнайы барып, өңірдің өркендеуіне сүбелі үлес қосқан еңбек ерінің өмірімен кеңінен танысып қайтты. Жалпы, музейде жинақталған көптеген материалдар өз заманында «Малшылардың маршалы» атанған қара жұмыстың қаһарманының жүріп өткен жолы туралы сыр шертеді. Ал Жазатаның өзі өмірлік тәжірибесі мен түйген ойларын қамтыған «Ұрпаққа ұлағат» атты кітабы баға жетпес құндылық. Мойынқұм аудандық пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері бұл шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың…

Read More

Таразда 130 жылдық тарихы бар «Мамыр» саябағы жабайы орманға айналды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibat ақпарат қызметіне сілтеме жасап. Тұрғындардың айтуынша, бірнеше жылдан бері жасыл желек суарылмай келеді. Бүгінде халық тынығатын жерді арамшөп басып, қоқысқа толған. Әуежайдан қалаға әкелетін жол жиегіндегі ағаштар да қурап жатыр. Ал әкімдік өкілдері олар саябақты баптап отырғанын айтады. «Мұнда есірткі пайдаланатын жастар жиі жүреді. Үйсіздер де қонуға келеді. Шөптері күйіп кеткен. Мүлде суарылмайды. Әкімдік бізге саябақты қарап отырғанын айтады», – дейді жергілікті тұрғын Кирилл Бердецкий. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от @aibat_news Ақпарат қызметінің мәліметінше, қала қақпасы мен әуежай жолындағы ағаштар қурап қалған. Жергілікті тұрғын Қасым Сейдуалиевтің…

Read More

Жуырда Мойынқұм ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есе¬бінде тұрғандардың әлеуметтік оңалту мәселелерінің шешу жолдарын қарастыру жөнінде жиын өтті. Басқосуға аудан прокуроры И.Тойшыбеков, аудандық прокуратурасының прокуроры А.Кененбаева және аудандық жергілікті полиция бөлімінің бастығы Т.Абраманов, зиялы қауым өкілі С.Әбіл, аудандық пробация қызметінің еріктісі А.Садуов сондай-ақ, есепте тұрған сотталған азаматтар қатысты. Кездесу барысында ең алдымен есепте тұрған тұлғаларға заңмен немесе сотпен белгіленген міндеттерінің орындалуы кеңінен түсіндірілді. Сотталған азамат егер жаза өтеу тәртіптерін қасақана орындаудан жалтарған жағдайда, жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылатыны тілге тиек етілді. Бұдан бөлек, аталған жиында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық көмек беру, жұмыспен…

Read More

Шу аудандық мәдениет үйінің «Шу» халық театрының негізі 1968 жылы құрылды , театрдың негізін қалаған және режиссеры болып Ермек Құлажанов қызмет жасады. 1978 жылы ұжым «халықтық» атағына ие болды. 1987 жылы режиссер Бірімбетов Омарсейіт «Тірі екенсің махаббат» авторы О.Бодықов, «Апа, апатай» атты көрінісі көрсетілген. 1989 жылы режиссер С.Дәулетқұлова М.Хасеновтың «Пай-пай жас жұбайлар» атты 2 бөлімді комедиясымен «халықтық» атағын қорғады. 1993 жылы режиссер Бақтыбаева Әйгерім С.Жүнісовтың «Жаралы гүлдер» қойылымымен, 1999 жылы режиссер Балтан Қабылбеков М.Хасеновтың «Пай-пай жас жұбайлар» атты 2 бөлімді комедиясымен , 2003 жылы Ш.Досмайловтың «Есірткімен есірген есерлер» қойылымымен «халықтық» атағын қорғады. 2006 жылы 21 маусым күні театр С.Балғабаевтың «Қыз …

Read More

Жамбыл облысында ауылдық округ әкімдеріне кандидаттар ұсыну бойынша нәтижелер белгілі болды. Бір орынға ең көп үміткерлер Жамбыл ауданында. Онда бір орынға 4,2 адам ұсынылды. Ал облыстағы орташа бәсекеге қабілеттілік 3,2 адамды құрады. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов айтты. Оның айтуынша, Жамбылда сайлау процесі басталғаннан бері ауылдық округ әкімдеріне 122 кандидат ұсынылды. Ал 9 шілде ұсыну мерзімі аяқталған күні әр округке екіден көп кандидаттар ұсынылған.Ұсынылған кандидаттардан 76 адам (62%) – саяси партиялардан болса, 46 адам (38%) – өзін-өзі ұсынғандар саналады. «NurOtan» партиясынан 31 кандидат (40,7%), «Ауыл» ХДПП – 16 кандидат (21,0%), «Ақ жол» ҚДП…

Read More

Тарихты күймен тәпсірлеп, танымды жырмен тасқындатқан тұлғаның бірі – дәулескер күйші Әбдімомын Желдібаев. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, күйші-композитор Желдібаевтың бір ғана «Ерке сылқым» күйі қазақтың тұтас дәуір келбеті деуге болады.  1934 жылы 15 қазанда Жамбыл облысы Шу ауданында дүниеге келген күйшінің өнер туындысы жарты ғасырға жуық тылсым да терең әуезімен әлдилеп келеді. Жалындаған ой мен сырлы сезімнің жауһар же­місі «Ерке сылқым» туралы халық жазушысы Шерхан Мұр­таза «Әбдімомынның «Ерке сылқымы» – қазақ өнерінің алтын қорында мәңгі сақталатын қанатты туынды» деп жоғары баға берген екен. Шынымен де «Ерке сылқым» – елдің қазынасына айналған ерекше музыка, ерен құбылыс. Әбдімомын…

Read More

Шілденің екінші жексенбісі – балық шаруашылығы қызметкерлерінің күні. Осы күні өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесіндегі жазасын өтеушілер арасында балық шаруашылығына қатысты сайыс ұйымдастырылды. Жас балықшылармен тәжірибесі мол кәсіпшілер болып, қос командаға бөлінген қатысушылар алдымен арнайы дәріс тыңдады. Дәріс барысында оларға қазіргі таңда экологияның нашарлауына байланысты су айдынын қорғау, оларды ұдайы мелиорациялау, кәсіптік балықтардың сапасын жақсарту, балық өсіру жөнінде кеңінен мағлұмат берілді. Мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет майоры Айгүл Танашева аталған сайыс барысында сотталған азаматтарға теория¬лық білім берумен қатар, балықты қолына ұстатып, жемін бергізіп, тәжірибе жасалғандығын айтады. «Балық берме, қармақ бер!» деген сөз бар. Бұл іс-шара жазасын өтеушілердің…

Read More

Өнер – көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан-дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру және соны халыққа жеткізу. Осындай бір өнер иесі, музыкант, дарынды жас – Әділбол Мұратбек өнер жолына қалай келгенін, адамға деген әсерін, жетістіктерімен бөліседі. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында 1985 жылы 1 желтоқсанда дүниеге келдім. Мектепті сол Мойынқұмда тәмамдадым. Арнаулы орта болашақ гуманитарлық колледжінде Саздық білім беру мамандығы бойынша білім алдым. Өнер келу жолым. Біздің отбасы – «Жанұялық ансамбль» сайысы бойынша облыстық байқауды үш рет жеңіп алған. Қосыбаевтар жанұялық ансамбльінде мен сүт кенжесімін.…

Read More

Жамбыл облысы Шу ауданынан шыққан өнер саңлақтары аз емес. Бүгінде Шу аудандық мәдениет үйінің мамандары ауданға қарасты ауыл тұрғындарын өз өнерлерімен тәнті етіп жүр. “Мәдениетпен бір күн” айдарында жуырда ғана Шу ауданымызға Жамбыл облысы әкімдігінің Мәдениет және Архивтер құжаттама басқармасының бастауымен Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы “Тәуелсіздікке тарту” атты сазды керуен жобасы аясында келіп, өз өнерлерін халыққа паш еткен болатын!Сол кештен сәл ғана үзіндіні сіздердің назарларыңызға ұсынамыз! 4 маусым Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне орай ұйымдастырылғанаудандық мәдениет үйінің онлайн форматтағы сазды бағдарламасының бейне түсірілімін назарларыңызға ұсынамыз. Шу аудандық мәдениет үйіне қарасты Балуан Шолақ ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 4 маусым мемлекеттік…

Read More

Астана – бұл қазақтың, мерейі, мәртебесі. «Мерейіміз таси бергей, Астанамыз ажарына ажар қосып, сұлулығынан танбағай» деген шынайы көңіл тұла бойды кернейді.Есіл өзенінің жағалауынан бой көтерген әсем де арман қала – Астана гүлдей жайнап, әлемнің көрікті қаласына айналсын!Шу аудандық мәдениет үйінің Астана күніне орай ұйымдастырылған онлайн концертінің бейне түсірілімін назарларыңызға ұсынамыз. Шу аудандық мәдениет үйіне қарасты Бірлікүстем ауылдық мәдениет үйінде 6 шілде Елорда күніне арналған «Ел астанасы – Нұр-Сұлтан» атты сазды бағдарлама өткізілді.Мақсаты: Туған елге деген сүйіспеншілікті арттыру.Отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, Отанға қызмет етуге, мақтан етіп, қадір тұтуға патриоттық сезім қалыптастыру. Шу аудандық мәдениет үйіне қарасты Балуан Шолақ ауылдық мәдениет үйінде Елордамыз…

Read More

Өңірде балық өсірумен қатар өндіру ісін де қатар дамыту қажет. Сонда ғана балық шаруашылығын кешенді түрде жетілдіріп, тиісті нәтижеге қол жеткізе аламыз. Бұл туралы Жамбыл ауданындағы «Алтын бұлақ» шаруа қожалығының базасында өткен басқосуда жан-жақты айтылып, саладағы жұмыстар мен мәселелер сараланды. Жалпы балық шаруашылығын дамыту мақсатында 2021-2030 жылдарға арналған арнайы бағдарлама қабылданып, соның аясында бұл шаруаға мемлекеттік деңгейде көп көңіл бөлінуде. Бағдарлама аясында субсидиялар беру қаралған.Өңірде балық шаруашылығын дамыту үшін біз ең алдымен инкубаторлар орнатып, тәлімбақ шаруашылығын қолға алуымыз керек. Арнайы ғалымдарды тарта отырып шаруашылықтарға ғылыми жаңалықтарды енгізу қажет. Балыққа қажетті азық қорын жасақтау үшін жем дайындайтын зауыт салу мәселесі де…

Read More

Қазақстанның Израильдегі Елшілігі Тель-Авив мэриясының және «Казцинк» корпорациясының қолдауымен қаланың ең танымал туристік аймақтарының бірі – теңіз портының жағалауында орналасқан саябақта Қазақ киіз үйін тігіп, көрме ашты деп жазады Қазақстанның осы елдегі Елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған newsroom.kz порталы. Экспозицияның ашылуы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Ұлттық Домбыра күніне орайластырылды.Салтанатты шараға Тель Авив – Яффо қалалық кеңесінің мүшелері, Иерусалим Патриархы III Теофиль, Сыртқы істер министрлігінің, дипломатиялық корпус, Израильдің қоғамдық және іскер топтарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен қазақстандық диаспора қатысты. Өз сөзінде Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов 2014 жылы киіз үй мен домбыра ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының көрнекі тізіміне енгізілгенін, сондай-ақ…

Read More

2014 жылы Шу аудандық мәдениет үйінің «Әсем әуен» фольклорлық ансамблі Тараз қаласында өткен, Жамбыл облысының 75 жылдығы аясында II-Халықаралық «Қаратау сарыны-2014» фестивалінде Облыстық фольклорлық-этнографиялық ансамбльдер байқауында үздік өнер көрсетіп, I -орынға ие болып, дипломмен марапатталды. 2015 жылы атқарылған жұмыстардың қортындысы бойынша Шу ауданының мәдениет саласына облыс әкімінің шешімімен бас жүлдені жеңіп, Газель автокөлігін сыйға алды. 2015 жылы 3-13 маусым күндері Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының ұйымдастыруымен 2015 жылы 5-10 маусым күндері Дагестан Республикасының Махачкала қаласында өткен «Каспий-берега Дружбы» атты ІІІ-Халықаралық фестивальге Шу аудандық мәдениет үйінен «Әсем әуен» фольклорлық ансамблі қатысып қайтты. 8 қазан күні сағат 1600-де Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына…

Read More

Бүгін, асыл мұрамыз, ұлттық рухымыз бен салт -санамызға тән қасиетті «Домбыра күні!» Қазақстанның барлық түкпірінде, облыс орталықтарында, қалаларда, аудандар мен ауылдарда да бүгін дәл осылай Домбыра мерекесі тойланып жатыр. Домбыра – қазақтың жаны, рухы, тарихы, салт-дәстүрі, бүкіл бітім-болмысы деп айтуға болады. Ол Ұлы Даланың төсінде ерте заманнан бері халқымызбен бірге жасап келе жатқан қасиетті домбыра құдіретті аспап. Қазақтың елдігін, кеңдігін айқындайтын ұлттық мерекемізге орай Шу аудандық мәдениет үйінің «Шу еркесі»халықтық ән-би ансамблінің орындауында Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым», Сүгірдің «Бозінген», Н.Тлендиевтің «Мұрагер»күйлері орындалды. Мақсаты: мәдени сауатты, қазақтың аспаптық музыкасын терең түсінетін, құрметтейтін, өресі биік, халқымыздың ұлттық аспабы домбыраны қастерлейтін ұрпақ тәрбиелеу.

Read More

Шу аудандық мәдениет үйінде «Халықтық» атағы бар 2 ұжым жұмыс істейді. Оның ішінде: «Шу еркесі» халықтық ән-би ансамблі, және «Шу» халық театры. «Шу еркесі» халықтық ән-би ансамблі 1964 жылы құрылды. «Шу еркесі» халықтық ән-би ансамблінің негізін қалаған қазіргі кезде Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткер, «Құрмет» және «Парасат», ІІ-дәрежелі «Достық» орденінің иегері, күйші-композитор Әбдімомын Желдібаев. Сол жылдан бастап оркестр өз алдына мақсат қоя отырып, репертуарын елімізге белгілі күйші-сазгерлердің күйлерін енгізе білді. Оркестр бірнеше дүркін облыстық, республикалық байқаулар мен фестивальдардың лауреаты атанды. 1978 жылы «Шу еркесі» халықтық ән-би әнсамблі атағына ие болды. Бүгінгі күнге дейін «халықтық» атағын қорғауды жалғастырып келеді. Осы жылдардан…

Read More

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы «Баласағұн» ОКЗ-да Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы аясында Кенен Әзірбаев атындағы Х Республикалық «Шырқа, даусым» дәстүрлі әншілер конкурсы өтті. Конкурс пандемиялық сақтық шараларын сақтай отырып өткізілді, телевизиялық үлгіде және әлеуметтік парақшалар арқылы тікелей эфирлерде көрсетілді. Конкурста Қазақстанның қалалары мен облыстарынан және Қытай Халық Республикасынан жалпы 30 өнерпаз өнер көрсетті.Жамбылдық Ербосын Қасымбектің алшысы биыл оңынан түсті. Шырқа даусым конкурсының 1 орнын иеленген Ербосын Қасымбек Шу аудандық мәдениет үйінің беделді өнер иесі. 2012-2013 Жамбыл облысының «Үздік мәдениет қызметкері» титулы, 2016 жылы…

Read More

23 маусымда Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының мәдениет үйінде облыстық ақындар айтысы өтті, – деп хабарлайды Тarazy.kz. «Құтқа толы Хан тауының қойнауы, Мойынқұмым – Жаз атамның жайлауы» атты облыстық ақындар айтысы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және жыр алыбы Жамбылдың туғанына 175 жыл толуына, Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған жыр додасына облыс бойынша 16 айтыскер ақын қатысты. Шу ауданы атынан Әділет Медетқұл қатысты. Ақындар айтысы басталмас бұрын Жаз ата ескерткішіне гүл қойып, рухына тағзым етілді. Айтыс барысында ақындар Тәуелсіздігіміздің тұғырын текті жырлармен толғап, Мойынқұм ауданының тарихын, тәуелсіздікке жету…

Read More

Өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Қазақстан полициясы күні мен мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты шара өтті. Бұл туралы аталған департаменттің баспасөз қызметі хабарлады. Департамент бастығының міндетін атқарушы әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков жиналғандарды мерекемен құттықтап, мерекеге орай бірқатар қызметкерлерге мерзімінен бұрын берілген офицерлік шендерін табыс етті. Елдің тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігін сақтауда аянбай еңбек етіп жүрген жауапты мамандық иелерінің жұмысы оңай емес. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін салада әрбір қызметкердің төзімділігі қажырлы еңбегі оның антына адалдығын көрсетеді. Ендеше, әрқашан биіктерден көрініп, елімізге адал қызмет ете беріңіздер, – деді Т.Жәнібеков. Бұдан бөлек, бұл күні міндеттерін үлгілі атқарған қызметкерлерге грамота табыс етіп, алғыс жарияланды.

Read More

Жыл басынан бері Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты Тараз қалалық №3 пробация қызметінің есебінен 48 сотталған өтіп, оның 32-і қоғамдық жұмысқа тартылған. Қазіргі таңда олар көшелерді сыпырып, шаһардың тазалығына үлес қосып жүр. Айта кетейік, қоғамдық жұмыстың тәрбиелік мәні тиімділігін дәлелдеп үлгерген. Қоқыс тазалап жүрген жазасын өтеуші азаматтар екінші рет шалыс баспауға тырысады. Тараз қалалық №3 пробация бөлімінің бастығы әділет майоры Қуаныш Қалық ағымдағы жылы қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуден жалтарған жазасын өтеушілердің жеке ісі сотқа жолданғанын жеткізді. Егерде сотталған жұмыстан бас тартқан жағдайда пробация қызметі сотқа қылмыстық теріс қылық үшін тағайындалған жазаның орындалмаған бөлігін – қамаққа алумен…

Read More

Адамзат тарихынан аз да болса хабары бар саяхатшыны Өзбекстан туризмі несімен тартымды және басқа да жүздеген туристік бағыттардан несімен ерекшеленеді деген сұрақтар мазаламауы тиіс. Өйткені оның жауабы айдан анық. Сонысымен тартымды, яғни екі жарым мың жыл бұрын Ескендір Зұлқарнайынды тәнті еткен аймақ, ежелгі гректер оған Трансоксиана деген атау берген. Сонысымен тартымды, арабтар бұл ғажайып аймақты Мәуреннахр атаған – ортаазиялық екі ұлы өзен Әмудария мен Сырдариясы, шебер қолөнершілер тұратын күшті оазис-қалалары мен мәуелі бау-бақшасы мен жайқалған егіні бар алтын аймақ. Kaz.tengritravel.kz порталы таяуда Өзбекстанның туристік қалаларында болған отбасылық жұптың көрген қызықтарымен бөліседі. Фотожурналист, режиссер, видеоинжинер Ернар Алмабек пен оның жары журналист Жәзира Байдалы…

Read More

Енді тұрғындардан түскен өтініштер 1 шілдеден бастап «Е-өтініш» ақпараттық жүйесіне енетін болады. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасының аға прокуроры Қалыбек Жақыбаев айтты. Бұл жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекстің қабылдауына байланысты шыққан шешім. Аталған ақпараттық жүйе Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында жүзеге аспақ.«Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі біріншіден өтініштерді автоматты түрде бөлуге, мемлекеттік органдар арасында сауалдар санын оңтайландырып, өтініштерді қарау мерзімін қысқартуға жағдай қалыптастырады. Екіншіден өтініш берушімен кері байланыс ұстап, мемлекеттік органдардың жұмысына баға беруге жол ашады. Үшіншіден мемлекеттік органдарға түскен өтініштердің…

Read More

Биыл елімізде бірінші рет it-технологиялар арқылы ұлттық санақ өтеді деп жоспарланған. Ал Жамбылда ұлттық халық санағының бірінші кезеңі басталды. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Жамбыл облысы бойынша статистика департаментінің басшысы Сырым Мадиев айтты, – деп хабарлайды Tarazy.kz порталы Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Халық санағын өткізу мерзімі биыл 1 қыркүйектен бастап 30 қазан аралығына белгіленді. Ал оны өткізуге жәрдемдесу жөніндегі комиссия құрамы да бекітілген. Жалпы бұл ретте «Санақ бізге не береді?» деген сауалдың тууы заңды. Айта кету керек, санақ нәтижелері үй шаруашылықтарының жағдайларын, некелік-отбасылық қатынастарды, мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту, сонымен қатар білім, жұмыспен қамту, туу және…

Read More

1-маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай Мойынқұм ауданында «Бақытты бала – бақытты ел» тақырыбында талантты бүлдіршіндер арасында сурет салудан байқау өтті. Аудандық пробация қызметі бөлімі және жергілікті атқарушы органдардың ұйытқы болуымен өткізілген шараның басты мақсаты – балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау әрі олардың олардың шығармашылық қабілетін шыңдап, дамыту. Сайыс барысында балалар өз өнерлерін ортаға салып, өздерінің жүрек қалауымен түрлі бейнелерді қағаз бетіне түсірді. Олардың қылқаламынан туған әр дүниеге қарасаң, көз тоймайды. Себебі, балалар әлемі сондай пәк, шынайы, таза! Байқауға қатысқан балақайлардың ішінен оза шауып, талантымен тамсандырғандарға ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар тарту етілді. Нұрсұлтан Каипов,Мойынқұм аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет…

Read More

Балаларды қорғау күніне орай өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/4 мекемесінің ұжымы игі іс тындырып, ата-аналар мен балалардың алғысына бөленді. Нақтырақ айтқанда, қатаң режимдегі түзеу мекемесінің қызметкерлері көпбалалы ана Анжела Науатованың шаңырағына арнайы барып, бүлдіршіндерді шексіз қуанышқа бөледі. Ұл-қызының риясыз қуанғанын көрген көпбалалы ана мереке қарсаңында кұттықтап, ыстық ілтипат білдіргені үшін өңірлік мекеме бастығы әділет подполковнигі Ерлан Тоқанов бастаған жеке құрам қызметкерлеріне алғысын білдірді. Айта кетейік, аталған мекеме ұжымы бұған дейін де игі бастамаларға үлес қосып, имандылық шараларына ұйтқы болуды дәстүрге айналдырған. Әлжан АлтынбекЖД-158/4 мекемесі кадр бөлімінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты

Read More

1-маусым балаларды қорғау күніне орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті және оған қарасты түзеу мекемелерінің жеке құрам қызметкерлері аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасындағы балаларға көмек көрсетуде. Атап айтқанда, бұл күні ЖД-158/5 мекемесінің ұжымы бірнеше жылдан бері көмек көрсетіп келе жатқан көп балалы Мамбетязовтардың отбасында болып қайтты. Сырға Мамбетязова кәмелетке жасқа толмаған 2 қыз, 4 ұл тәрбиелеп отыр. Жылы жүздесу барысында мекеме қызметкерлері балаларды мерекелерімен құттықтап, оларға сыйлықтармен тәттілерді сыйға ұсынып, бүлдіршіндерге қуанышты көңіл-күй сыйлады. Өз кезегінде көпбалалы ана Сырға Мамбетязова арнайы уақыт бөліп, мереке қарсаңында бауыр еті балаларына риясыз қуаныш сыйлаған ҚАЖ қызметкерлеріне өз алғысын білдірді. Айнура…

Read More

Қазақстанның халық жазушысы, ақын, әдебиеттанушы, лингвист-зерттеуші, түрколог, мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат Олжас Сүлейменов 85 жасқа толып отыр. Осыған орай, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Олжас Омарұлы Сүлейменовтің 85 жылдық мерейтойына арналған «Олжас Сүлейменов және таза планета» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Әлемнің Олжасына арналған бірнеше халықаралық конференциялар мен мемлекеттік деңгейдегі түрлі іс-шаралардың Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің іргесінде өтуі бекер емес. Өйткені мұнда ақынның атымен аталып, тұлғасымен тәрбиелентін жастардың өзіндік әлемін, танымдық көзқарасын жаңаша қалыптастыруға тікелей ат салысып отырған Олжас Сүлейменов атында­ғы «Әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбие институты» 2004 жылдан бері рухты жастарды тәрбиелеп келеді. Ақын университет жастарымен жиі кездесіп,…

Read More

Қазақ ұлттық аграрлық университеті апталық жұмыс қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі BasNews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. Оқу орнындағы айшықты оқиғалар аңдатпасы: Алматы облысында кореялық мамандар салатын смарт жылыжайдың іргетасы қаланды..Ғаламның Олжасы – 85 жаста!Ардагер волейболшылар Ресейден жүлделі оралды.Университетте Қазақстан-Венгрия зерттеу орталығы ашылатын болды.

Read More

Жамбыл облысының әр ауданында «Жомарт түлек» форумдары өтіп жатыр. Мақсаты – өз ауылына, өз мектебіне қол ұшын созып, керегін алып беріп, стипендия тағайындап жүрген азаматтардың онлайн/оффлайн форматта басын қосу. Осындай бір шара Мойынқұм ауданында пандемияға байланысты барлық талаптар ескеріле отырып, ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Tarazy.kz. Қайырымдылық шараларын, меценаттықты үзбей атқарып жүрген мойынқұмдықтар арасында айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева, «Тараз» триосының солисі Асылхан Шүңіреков, Исабеков Бәкір, Бейсебаев Бәкен, Жазықбаев Жайдар және тағы басқа азаматтар алды баспанаға мұқтаж жандарға үй алып берген болса, басқалары аз қамтылған отбасыларға азық-түлігін, отын-суымен көмектесіп келеді, сондай-ақ стипендия тағайындап жатқандары да бар. Шамамен шараға арнайы шақырылған 40-тан аса…

Read More

Жамбыл облысында жыл басынан бері мемлекеттік сатып алулардан 2,7 млрд. теңге үнемделген. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Бақытжан Жүнісбеков айтты. Облыс бойынша сатып алулардың бірыңғай ұйымдастырушысы болып мемлекеттік сатып алу басқармасы тағайындалған. Егер де сатып алулардың сомасы 40 000 айлық есептік көрсеткіштен асатын болса, сатып алуды ұйымдастыру облыс бойынша бірыңғай ұйымдастырушыға, ал 4 000 АЕК асатын жағдайда, аудандық бірыңғай ұйымдастырушыларына жүктеледі. Биыл облыста мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушыларымен жалпы сомасы 56,0 млрд. теңгеге 383 лот өткізу жоспарланған. Оның ішінде, мемлекеттік сатып алу басқармасымен 54,6 млрд. теңгеге 248 лот өткізу жоспарланған, қазіргі таңда 33,7 млрд.…

Read More

Жамбыл облысының тумасы Әділет Рахметолла бүгінде танымал фото және видеоблогер. Оның Instagram желісіндегі парақшасында 127 мыңнан аса оқырманы бар. Фотоаппарат пен камераға деген қызығушылығы бала күнінен оянған ол еліміздің тұмса табиғатын түсіріп, халықпен бөліскенді ұнатады. Халық арасында блогерді «дронның атасы» деп те атап кеткен. – Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Кенен Әзірбаев атындағы ауылда тудым. Анам мұғалім, әкем мал шаруашылығымен айналысады. Фото, видео түсіруге мектеп жасымнан қызықтым десем болады. Оған әкемнің Тұрған есімді інісі себеп болды. Ол кісі 1989 жылдары Германияда әскери борышын өтеп, 1993 жылы Қазақстанға оралды. Германиядан әртүрлі камера алып келді. Тұрған ағам сол жылдары ауыл-аймақты, Алматыға келіп, бәйгелерді,…

Read More

«Жомарт түлек» жобасы аясында таластық кәсіпкер Досан Рымтаев иелігіндегі қараусыз қалған қонақ үй ғимаратын аудан әкімдігіне тегін тарту етті. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен облыста «Жомарт түлек» жобасы қолға алынған болатын. Ондағы мақсат-туған жерден түлеп ұшқан, түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген түлектердің өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету, сонымен қатар, осы азаматтардың атсалысуымен туған жердің әлеуметтік мәселелеріне қатысты шараларды қабылдау және маңызды жобаларды іске асыру еді.Туған жердің дамуына үлес қосып жүрген танымал азаматтардың басын қосқан «Жомарт түлек-2021» форумы Қаратау қаласында да ұйымдастырылды. Шараға кіндік қаны Талас топырағына тамып кейін елімізге белгілі болған тұлғалармен қатар, қайырымды істерге ұйытқы болып…

Read More

Ақтөбеде зейнеткер достарын үйіне қонаққа шақырған. Бірақ олармен бірге ере келген таныстары үй иесін байлап, зейнетақысын қолды еткен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеп. Зейнеткер әйелі қайтыс болғаннан кейін бау-бақша ұжымындағы үйде жалғыз тұрады екен. Бір күні зейнектерге танысы қоңырау шалып, қонаққа шақыруын өтінеді. Танысы құрбыларымен қараңғы түскенде келген. Зейнеткер екі әйелді үйге кіргізіп, есікті жаппақшы болғанды тағы екі тұрғын басып кірген. Олар иесін ұрып-соғып, оның басына тұншығып, есін жоғалтуы үшін жаңбыр жамылғысын кигізген. Оның қол-аяғын байлап, ақша талап етіп, үйдің астан-кестең еткен. Қонақ болып келген әйелдердің бірі қарт зейнеткерген көмектесуге тырысқан. Бірақ өзі оңбай таяқ жеген. Ақшаны қолды еткеннен кейін қарақшылар болған оқиға туралы …

Read More

Қытайлық қазақ файтер Сайран Нұрданбек (19-7) Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткен UFC Vegas 27 турниріндегі дебютінде жеңіліс тапты. Ол аустралиялық Джошуа Кулибаодан (9-1-1) жеңілді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жек төрешілердің шешімімен аяқталды. Олар жеңісті бірауыздан аустралиялық спортшыға берді.  Бұл Нұрданбектің UFC-дегі алғашқы кездесуі. Мұның алдында ол қатарынан екі рет жеңген. Қазір оның қоржынында 19 жеңіс және 7 жеңіліс бар. Ал Кулибаоға келер болсақ, бұл аустралиялықтың промоушендегі үш кездесудегі алғашқы жеңісі. Habló de su plan de juego y tal cual lo hizo, evadiendo la lucha del rival, @CulibaoMMA derrota a Sha Yilan por decisión unánime #UFCVegas27 pic.twitter.com/35ejTXjxzy— UFC…

Read More

Биыл жыл соңына дейін еліміздің Елтаңбасының бейнесін мөрлерде және ресми құжаттарда яғни, жеке куәлік, туу туралы куәлік, паспорт және өзге де құжаттарда ауыстыру жұмыстары аяқталады. Бұл туралы бүгін ӨКҚ ақпарат алаңында ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Әлия Ахметова айтты. Еске салайық, еліміздің Тұңғыш Президенті «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» жарлық шығарған болатын. Соған сәйкес техникалық реттеу және метрология комитетінің 20.09.2018 жылғы №272-ші бұйрығымен «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы» ұлттық стандарттың барлық мәтіні бойынша «ҚАЗАҚСТАН» деген жазуды латын графикасында жазу бөлігінде өзгеріс енгізілді. «Аталған стандарт 2018 жылдың 1 қарашасынан…

Read More

Жамбыл облысында жоғалған келіншекті іздеген сүңгуір өлі табылды, – деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 3 сәуірде Шу ауданында Тасөткел су қоймасында 1997 жылы туған азаматты іздестіру жұмыстары жүргізілген болатын. Ауа райының қолайсыздығы, желдің күшеюі салдарынан қайық аударылып, іздестіру жұмыстарын жүргізу орнында Жамбыл облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Жұмағали Абдрахманов жоғалып кеткен еді. Іздестіру-құтқару жұмыстары басталып, 35 күн бойы жүргізілді. «10 мамырда сағат 12.20-да Шу ауданында, Тасөткел ауылынан 3 шақырым жерде, Тасөткел су қоймасында, Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының күшімен қамыс аймағында іздеу орнынан 500-600 метр қашықтықта акваторияны тексеру кезінде 1970 жылы туған бас құтқарушы Жұмағали Абдрахмановтың денесі…

Read More

Бүгінгі таңда Тараз қаласында Ұлы Отан соғысының 20 ардагері бар.Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығына орай қала көлемінде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 6 мамыр күні Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» атты акция өткізілді. Акция барысында «Темірқазық» және «Жалын» волонтерлық қозғалысының еріктілері Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің тұрғылықты мекен-жайлары бойынша үй-жайды жинастыру, әктеу, жер қопару, ауланы қоқыстан тазарту жұмыстарын атқарды.

Read More

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бірлік күніне орай өңірдегі кәсіпкерлерді қайырымдылық жасауға шақырды. «Ежелгі Тараз» мәдени-тарихи орталығындағы «Достық» үйінде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, облыстың этномәдени бірлестіктерінің халықтық қолөнер көрмесі өтті, – деп хабарлайды Tarazy.kz порталы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Онда қойылған қолөнер туындыларымен танысып шыққаннан кейін Бердібек Сапарбаев облыс тұрғындарын бірлік күнімен құттықтап, дендеріне саулық пен отбасыларына амандық тіледі. Облыстағы күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты мереке мәдени іс-шараларсыз өткізіледі, бірақ қайырымдылық іс-шараларын өткізуге баса назар аударылған. «Біртұтас халықтың күші – қайырымдылығы мен әрдайым өзінің жақынына қол ұшын беруге әзір тұратындығында. Сондықтан, менің бастамаммен «Қайырымды істер» республикалық акциясы…

Read More

Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсу үшін құжаттар қабылдануда. Оқу www.apa.kz ақпараттық жүйесінде магистратураның 7 бағдарламасы мен докторантураның 2 бағдарламасының бірі бойынша онлайн форматта жүргізіледі. Академияға оқуға түсу үшін құжаттар қабылдау биылғы жылдың 5 маусымына дейін жүзеге асырылады. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында өткен брифингте айтылды. -Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсетін мемлекеттік қызметшілер үшін көптеген бонустар мен мүмкіндіктер бар. Оларға лауазымдық жалақы деңгейіндегі шәкіртақы тағайындалады, кәсіби және тұлғалық құзіреттіліктерді арттыру, шетелде тағылымдамадан өту мүмкіндігі мен жатақхана қарастырылады ,-деді Жамбыл облысы бойынша филиалының жетекші сарапшысы Малик Асанов. Ал, аймақтағы мемлекеттік қызметшілердің саны мен құрамы жөнінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы…

Read More

Тараз тұрғыны қазақстандықтарды спорт шараларына ұтыс тігіп, 50 пайыз табыс шығарып беретініне сендірген. Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов айтты7 Биыл наурызда WhatsApp мессенджерінде «Касса от ставки» тобы анықталған. «Онда спорт шараларына тиімді ұтыс тігу арқылы 50 пайыз табыс алу ұсынылған. Топтың әкімшісі (Тараз қаласының тұрғыны) және 30-дан 100 мың теңгеге дейін ақша тіккен 14 жәбірленуші анықталып, ұсталды.Сондай-ақ, Шымкент қаласының тұрғыны WhatsApp арқылы ақшаны айналдыру сылтауымен алаяқтықпен айналысқан. Жәбірленушілерге жалпы сомасы 4 миллион теңгеге жуық материалдық шығын келтірген. Олар анықталды», – деді Нұрмағамбетов ІІМ-нің онлайн-брифингінде. Оның айтуынша, 2021 жылдың үш айында ішкі істер органдары осындай 6…

Read More

«Жомарт түлек – Тараз». Бүгін осындай атаумен Таразда түлектер кездесуі өтті. Мақсат – түрлі салада еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа насихаттау, әлеуметтік маңызы бар жобаларға тарту. Облыс әкімі Б.Машбекұлының бастамасымен өткен түлектер форумына үн қосу. Осы ретте қала әкімі Ержан Жылқыбаев алдымен игі шараның маңызына тоқталды. Инвестиция құямын, әлеуметтік жобаларды іске асырамын деген тараздан түлеп ұшқан азаматтарға әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетіндігін жеткізді. Жетістікке жеткен әрбір түлек алтын ұя мектебімен тығыз байланыс орнатып, кейінгі жастармен өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, ұрпақтар сабақтастығын жалғау керектігін айтты. Таразда меценаттардың бастамасымен игі істер атқарылып келеді. Биыл да жомарт түлектеріміздің бастамасымен «Оқушылар сарайы»,…

Read More

Тараздағы мектеп оқушылары арасындағы атыстан зардап шеккендер бірнеше күннен соң ауруханадан шығарылады. Дәрігерлердің сөзінше, олардың өміріне төнген қауіп жоқ. Ал құзырлы орын мен білім бөлімі болған жағдайды бес күн бойы жасырған. Әлі күнге ақпарат беруден тартқан, – деп хабарлайды «КТК» телеарнасы. Телеарна мәліметінше, жасөспірімдер арасындағы жанжалға не себеп болғаны әлі белгісіз. Оқиға бес күн бұрын сағат 23:00 шамасында Шөлдала ауылында болған. Бір топ бала осы елдімекеннің жасөспірімдеріне оқ атқан. Бірақ бұл дерек бүгінге дейін жасырын ұсталған. Жаппай тәртіпсіздікке қанша адамның қатысқаны белгісіз. Ал жарақат алғандар саны үшеу. Оның біреуі – колледж студенті, екеуі 11 сынып оқушысы. Денесі бытыраға тұнып қалған жәбірленушілер әлі…

Read More

Таразда облыстық балалар ауруханасына оқтан жарақат алған үш кәмелетке толмаған бала түсті. Бұл туралы полиция өкілі мәлім етті. Жасөспірімдердің жағдайы тұрақты, олардың өміріне қауіп төндіп тұрған жоқ. Қазіргі уақытта Тараз қаласының полиция басқармасының мамандары тергеу шараларын жүргізіп жатыр. ​Алдын ала мәліметтерге сәйкес, кәмелетке толмаған Н.Избасханов Жамбыл облысы, Амангелді ауылының балаларымен сөзге келіспей қалып, телефон арқылы шақырғандығы анықталды. Сосын оларды Шөлдала алқабы, Дорожник массивіндегі каналдың жанында 3 автокөлікпен белгісіз тұлғалар келіп, белгісіз қарумен (бытыра оқтар) атып кеткен.

Read More

Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ірі көлемдегі парамен ұсталды, – деп хабарлайды nege.kz. Ведомство мәліметінше, өз араларындағы сыбайлас жемқорлық әрекеттерімен күрес жұмыстары барысында Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаментінің өкілдері Жамбыл облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдерімен бірге 16 сәуір күні Байзақ аудандық прокуратурасының қызметкерін ұстады.⠀«Оған ірі көлемде пара алды деген күдік келтіріліп отыр. Осы іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері қолға алынды. Өзге мәліметтер тергеу жүріп жатқандықтан жарияланбайды», -делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Read More

Флешки по цене ноутбука и дорогие компьютеры пытались приобрести в госучреждениях Жамбылской области, передает «Хабар 24».⠀Борцы с коррупцией выявили факты неоправданной расточительности бюджетных средств. За первый квартал текущего года путем пересмотра закупочных цен удалось вернуть в казну почти 800 млн тенге.⠀В прошлом году Антикоррупционная служба предотвратила около 30 фактов необоснованных закупок, сэкономив больше 600 млн бюджетных тенге.⠀В ходе мониторинга портала госзакупок выявляют различные интересные случаи. Так, борцы с коррупцией обнаружили, что департамент полиции Жамбылской области планирует закуп 80 флешек стоимостью 235 тыс. тенге каждая. Завышенную в 100 раз цену на покупку носителей информации пересмотрела Антикоррупционная служба.⠀В итоге одна флешка с памятью 16 Gb обошлась полицейским в чуть более 2 тыс. тенге.⠀На похожий факт наткнулись сотрудники и в акимате Шуского района. Там на 12 млн тенге…

Read More

Тәуелсіздікке тартылған сый Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында Қазақстан Республикасының 30 жылдығы аясында «Тәуелсіздікке тартылған сый» атты әдеби композиция өтті Кітапхананың тұрақты оқырманы, жас ақын Райымбаев Мерейхан «Тәуелсіздіке тарту» өлеңімен кешті ашып, іс-шара қонағы Жамбыл облысы «Jas otan» жастар қанаты төрағасының орынбасары Әбуғали Ерғали Рүстемұлы зағип жандармен пікірлесті. І топ көз мүгедектері Пірманов Махмұд «Мен қазақпын», Ақпаев Нұрсұлтан «Атамекен», Есманов Ғалымжан «Қазағым-ай» әнін шырқап, арнайы кітапханада іс-тәжірибеден өтіп жүрген Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің білімгерлері Лесбек Мақпал мен Зәйлу Гүлзат қазақ ақындарының өлеңдерін оқыды. Ерғали Рүстемұлы мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мақсатында атқарылып жатқан оң істер,…

Read More

АҚШ-тың Калифорния штатының Лос-Анджелес қаласында қазақтар Наурыз мерекесін тойлады. Kaz.tengritravel.kz порталына берген сұхбатында журналист Сандуғаш Сүндетбай мәдени шараның қалай өткені туралы толығырақ айтып берді. АҚШ жерінде коммерциялық емес California Qazaq Center қауымдастығы Наурыз тойын ұйымдастырды. Шараға 200-ге жуық адам қатысқан, олардың арасында танымал қазақстандық кәсіпқой боксшылар, өнерпаздар және білім алып жүрген жастар мен ұзақ жылдар бойы сонда америкалық болып кеткен қазақтар болған.  «Әдетте жыл сайын осындағы қазақтар өздері саябаққа шығып, өз тамақтарын алып келіп, отандастарымен жиналып өткізетін болған, ал бұл жолы мұны таяуда ашылған California Qazaq Center ұйымы өз мойнына алып, концерттік бағдарламасымен, кең дастарқанымен әрлеп, ойын-сауығымен тартысты қылып өткізді. Шараға айтарлықтай…

Read More

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес, Кәрібек Дәулет Жамаубайұлы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Кәрібек Дәулет Жамаубайұлы 1990 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданында туған, білімі жоғары. Жамбыл облыстық дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернатын, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «саясаттану» мамандығы бойынша бітіріп, 2012 жылы бакалавр, 2014 жылы магистр дәрежесін алған, 2018 жылы PhD докторантурасын бітірген. Еңбек жолын Астана қаласының Алматы ауданы «Jas Otan» Жастар қанаты төрағасының бірінші орынбасары болып бастаған. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының инспекторы, «Jas Otan» Жастар қанаты филиалының аппарат басшысы, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының…

Read More

Бүгін Бәйдібек ауданы, Тұрақты елді мекенінде ауданның тарихында өзіндік орны бар, 1944-1946 жылдары Шаян аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған Жүзбай Жүнісбековтің ескерткіші ашылды. Ескерткіш қоғам қайраткері Жүзбай Жүнісбековтің есімімен аталатын мектептің алдына орнатылды, – деп хабарлайды Newsroom+  ақпарат агенттігі  Аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Салтанатты шараға аудан әкімі аппаратының басшысы Алмасбек Нақыпбеков қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, Жүзбай Жүнісбековтің қызмет еткен жылдарында ауданның дамуына сіңірген еңбектеріне тоқталды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тарту ретінде жасалған ескерткіштің авторы, мүсінші Қуаныш Сүлейменов болса, іс-шараны ұйымдастыруға басшылық жасаған тұрақтылық Жақсыбек Баймұратов. Шараға Жүзбай Жүнісбековтің ұлы Сәбит Жүнісбеков қатысып, әкесіне арнап ескерткіштің қойылуына мұрындық болған жерлестері мен ескерткіштің…

Read More

Жалақы дауы жолға қойылды. Жамбылда жыл басынан бері 108,1 млн. теңге жалақы қарыздары өндірілген. Бұл сомма биылғы жылдың басынан еңбек инспекторларымен анықталған 733 жұмыскерге тиесілі еңбекақы. Жалпы. еңбек даулары мен наразылықтар негіз болатын бірден бір себеп – жалақының уақытылы төленбеуі. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Жамбыл облысы әкімдігі еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Қайрат Досаев айтты. «Биылғы жылдың қаңтар-сәуір айларында облыстағы еңбек қатынастарының ахуалы тұрақты болып, еңбек шиеленістері тіркелген жоқ. Дегенмен, жекелеген кәсіпорындарда жұмыскерлердің тарапынан жалақыны көтеру мәселесіне қатысты әлеуметтік желілер, ұжымдық арыздар арқылы өз талаптарын білдіру фактілері «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде және «Қазақтелеком» АҚ-ның облыстық фиалының Талас,…

Read More

Таразда халық тарапынан түсетін арыз-шағымның 80 пайызы тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне қатысты. Жолдың жайы, ауыз су, жарықтандыру мәселесі – күн тәртібінен түскен емес. Облыс орталығына жаңадан тағайындалған әкім Е.Жылқыбаевтың да биыл ең алдымен осы мәселелерді шешу жоспарында. Тараз қаласының аумағына қосылған елдімекендер мен жаңадан бойкөтерген тұрғын-үй алқаптарында жол жайы – өзекті мәселелердің бірі. Бірақ, алдымен ауыз су мәселесі шешімін таппай асфальт жол төсеу тиімсіз әрі қаражатты мақсатсыз игеру болып табылады. Сондықтан, жол мәселесі бар аудандардың әзірге жолын тегістеп, шағал төселеді. Ал, ауыз су кірген елдімекендерге кезең-кезеңімен жол салынады.Қаланың кейбір жолдары жөнделгеніне жыл өтпей жатып қайта асфальты үгітіліп жатқан жағдайлар кездеседі. Алайда,…

Read More

«Бәйтерек» мөлтекауданындағы 37,38 үйлердің сыртына жөндеу жұмыстары басталды. 2014 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйлер 5 қабаттан, 75 пәтерден тұрады. Мердігерлер 3 жылға кепілдік бергенімен, 3 жыл өте сала қабырғалар сыр бере бастаған. Содан бері тұрғындардың бармаған жері, қақпаған есігі қалмапты. Уәдеге тойған олар, әлеуметтік желілер мен БАҚ-та мәселені талай рет көтерген. Өткен жылдың маусым айында бюджеттен қаражат қарастырылып, құрылыс басталған тұста пандемия жағадан алып, құрылысты жүргізетін жұмысшылар тапшы болған. Жөндеу жұмыстары тоқтап, халықтың үміті тағы үзілген еді. Күні бүгінге дейін жалтарып жүргендер компанияны жауапкершілігі заң аясында қарастырылуда. Бірер күн бұрын мәселенің мән-жайын білуге барған Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев сәуірдің…

Read More

Жамбылда тұтынушылардың құқықтары көбіне бөлшек саудада жиі бұзылатыны анықталды. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Жамбыл облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Байқадам Дүйсенбаев айтты. Спикердің айтуынша, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласы бойынша түскен өтініштер талданған. Қортындысындажоғарыда айтылған құқықтар бұзылғаны анықталып отыр. Егер электронды сауда саласындағы өтініштерді қосқанда, онда сауда саласындағы барлық өтініштер саны 69 пайызды құраған. Былтыр аймақта осы кезеңмен салыстырғанда өтініштердің жалпы саны өскен. Яғни, 18,0 пайызға артқан. Айталық, биыл 110 өтініш болса, былтыр осы уақытта 93 өтініш қаралыпты. «Департаментпен 46 өтініш қанағаттандырылды. Бұл барлық өтініштердің 32,7%-ын құрайды. Тұтынушыларға 1 590 350 теңге қайтарылды. 23 тұтынушының сапасыз тауарлары айырбасталды. Ал,…

Read More

Жамбыл облысында IV тоқсанда 229 мектеп дәстүрлі форматта оқытылатын болды. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында облыстық Білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова айтты. Сондай-ақ, брифингте Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Дамеш Ускумбаева қатысып, алдағы жоспарлар жайын бөлісті. Жамбыл облысы жасыл аймақта болғандықтан, төртінші тоқсанда оқу үрдісі дәстүрлі және аралас форматта ұйымдастырылады. Жалпы облыстағы 442 мектеп бар десек, онда 238 682 оқушы оқиды. Бұған дейін ІІІ тоқсанда оқушылардың 51% дәстүрлі форматта оқыса, 49% қашықтықтан білім алған болатын. Оқушылар үшін пандемия жағдайында бірыңғай мектеп формасын кию талап етілмейді. Ал оқу пәндерінің 70% дәстүрлі форматта, қалған 30% қашықтықтан оқытылады. Олардың…

Read More

26 наурызда 65 мекеменің қатысуымен 54 көшеде сенбілік ұйымдастырылып, 2895 мекеме мамандары мен қала тұрғындары атсалысты. Сенбілікте 27 шақырым арық жүйесі тазартылып, 192 тонна күл-қоқыс шығарылды. 28 дана арнайы көлік жұмылдырылды. Сонымен қатар, «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-нің 500 жуық қызметкерлері қаланың магистральді және орталық көшелерінде арық жүйелерін тазарту, бағаналарды сырлау, қураған ағаштарды кесу, жол жиектерін сыпыру, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару жұмыстарын атқарды. Аталған жұмыстарға 83 техника жұмылдырылып, 91 тонна күл-қоқыс шығарылды. Абай даңғылы мен Сүлейменов көшесінде орналасқан бағаналарды сырлау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, қала әкімдігі тарапынан көшелердегі ретсіз, заңсыз орналасқан жарнамаларды алу жұмыстарын жүргізді.

Read More

Тараз қаласының әкімі Е.Жылқыбаевтың қала тұрғындарына үндеуі жарияланды. Құрметті тараздықтар! Бәріміз таза, жасыл желекті және қауіпсіз қалада өмір сүргіміз келеді. Шаһардың көркі мен тазалығын сақтау қала әкімшілігіне жүктелгенімен, әрбір саналы азамат өзі тұратын ортаның таза, әрі қолайлы болуына үлес қосуы керек. Тараз күн сайын көркейіп, аллеялар мен демалыс орындары көбейіп келеді. Көгалдандыру жұмыстарына да мән беріліп, жасыл желектер мен гүлдер егіледі. Алайда, Тараз қаласының өзіне тән сәулеті мен келбетін жөнсіз ілінген жарнамалар мен заңсыз орын тепкен нысандар бұзып тұр. Осы орайда, әкімдік қала сәулетін біркелкі етуді қолға алады. Сіздерді ғимараттардың сырты мен жарнама құралдарын орналастырғанда біркелкі үлгіні ұстануға шақырамын. Құрылыс компаниялары…

Read More

2021 жылдың 24 наурызы – 1 сәуірі аралығында Тараз қаласы полиция басқармасымен қала көлемінде «Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кететін автомотокөлiктерді және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану» бойынша рейдтік жұмыстар жүргізіледі. Рейдтік жұмыстар барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінінің 334-бабының 1 тармағына сәйкес жеке тұлғалардың шығарындыларда ластаушы заттардың болуы, сондай-ақ олардың жұмыс iстеуi кезiнде шығатын шудың деңгейi белгiленген нормативтерден асып кететін автомотокөлiктердi және басқа да жылжымалы құралдар мен қондырғыларды пайдалануы анықталған жағдайда аталған Кодекстің талаптарына сәйкес хаттама толтырылады. Жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе екi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Read More

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Ержан Жылқыбаев Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tarazy.kz порталы облыс әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. Облыс орталығының жаңа әкімін қала активіне аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев таныстырды. «Айтқазы Қарабалаевтың атқарған жұмысына рахмет айтамын. Тараз облыс орталығы болғаннан кейін оның дамуы аймақтың дамуына тікелей байланысты. Ержан Жылқыбаев біраз жерде қызмет атқарды, сыннан өтті. Тараздың дамуына бар тәжірибесін салады деп сенемін. Ең бастысы, бірігіп жұмыс істеу керек. Тараз мәдени, туризм ордасы болуы керек. Былтырғы жыл Қордайға көп көңіл бөлінсе, биыл Таразға ерекше назар аударылмақ. Халықтың жағдайын жақсарту, әлеуметтік…

Read More

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасының Тағзым күнін сәйкес «Наурыз нұры» мейірім кешін «Сарымолдаев балалар үйінде» атап өтті. Карантин талаптарын сақтап, балалардың қауіпсіздігін ойлап, ішке кірместен, мекеме қызметкері аға сарапшы Жеңіскүл Есеналиеваға балаларға әкелген базарлықты ұсынды. Шараны ұйымдастыру арқылы қайырымдылық- ізгіліктің нақты көрінісі, адамның асыл қасиеттерінің бірі екенін, жастарға қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылдырып, балалардың қуанышын, ризашылығын көру шынында керемет сезімге бөлейтінін байқадық. Аға сарапшы Жеңіскүл Есеналиеваға: «Балаларға жасаған қамқорлық елімізге еселеп қайтатыны, оларға сыйланған қуаныштың бақытқа апаратынын, ел тірегі, ертеңіміздің кепілі – жас ұрпақ екенін» – айтып…

Read More

Жамбыл облысында алдағы бес жыл ішінде 140 млн түп ағаш отырғызылады. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Аслан Оразбеков айтты. Бастама президент жолдауында жүктелгендей «Ағаштар көлемін арттыру» бағыты бойынша жүргізілетін жұмыстарға жатады. «Жолдауда айтылған Республика бойынша отырғызылатын 2 млрд ағаштың 140 млн түбі біздің өңіріміздегі орман қорына отырғызу жоспарланып отыр. Аталған тапсырманы кезең-кезеңімен орындау үшін арнайы жоспарда бекітілген. Тапсырманы алдағы 5 жылда орындау үшін Жамбыл облысы бойынша кешенді жоспар 5 есеге көбейтіліп,орман шаруашылығы комитетімен келісілді. Отырғызылатын ағаштарға 79,4 мың га орман қоры жерлері дайындалуда, – деді А. Оразбеков. Бұдан бөлек елді мекен…

Read More

🔰Жамбылда тоқсан сайын аймақтың тілдік ахуалы зерделенеді. Бұл мақсатта аймақтағы атқарушы органдардың кіріс-шығыс құжаттарына мониторинг жасалады. Былтыр мемлекеттік органдардағы қазақ тіліндегі шығыс құжаттарының үлес салмағы – 99,2% құраған. Алайда, өңірдегі банк жүйесі мен құқық қорғау органдарында іс құжаттарының басым бөлігі орыс тілінде жүргізіледі. Бұл туралы ӨКҚ ақпарат алаңында облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова айтты. ✅Спикердің айтуынша, жамбылдық тұрғындардың тілдік ахуалына өткен жылы әлеуметтік сауалнама жүргізілген. Нәтижесінде, мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі 91,9% көрсеткен. Ал 70,5% үлесті мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін, оқитын және жазатындар құраған. Орыс тілін меңгерген тұрғындардың үлесі 93,5%. Сондай-ақ, ағылшын тілін білетін тұрғындар үлесі 27,7%. Үш…

Read More

Қазақ әдебиетінің қазыналы туындыларын насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамытуға бағытталған ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен 15 жыл бойы «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы жарияланып келеді. Бұл жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылып, 30 шығарма оқырман назарына ұсынылды. Республика бойынша барлық кітапханалар әдебиеттерді насихаттау жұмыстарына кірісіп, түрлі мәдени іс-шаралар: дөңгелек үстелдер, оқу конференциясы, тұрақты кітап көрмелері мен библиографиялық шолулар өткізілуде. Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы да осы үрдістен қалыспай, акция аясында жарияланған кітаптарға мүмкіндігі шектеулі жандардың қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын таңдалып…

Read More

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 4 наурыз ақын Серік Томановтың туғанына 65 жыл толуына орай ақынның жары Бибігүл Оразбаевамен «Соғады сен деп жүрегім» атты онлайн сұхбат өткізді. Онлайн сұхбат барысында ақынмен алғаш танысқан кезі, ақынның жары болудың қызығы мен қиындығы, отбасылық құндылықтар, арада жылдар өтсе де мәңгілік сағыныш жайлы толқып отырып әңгімеледі. Ақынның өлең жазудағы жанкештілігі, білімділігі, сіріңкенің қабығына өлең жазатын кездері, өзіне деген құрметі, аяулы сезім кешкен сәттері де айтылды. Ақын деген – Құдайдың сөз құдіреті қонған адам болса, ақынға жарды Құдай қосатынын, қос құлыны Еркін мен Маралды…

Read More

Жамбылда вакциналаудың 1-ші кезеңі бойынша 850 медицина қызметкері ресейлік «Спутник V» вакцинасының 1-компонентімен егілді. Олар осы аралықта екінші рет, яғни 21 күннен кейін «Спутник V» вакцинасының 2 компонентінің екінші дозасын алды. Мақсат – вакцинацияланған адамның ағзасындағы қорғаныш антиденелерінің санын көбейту және иммунитетті бекіту. Бұл туралы бүгін ӨКҚ ақпарат алаңында облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев айтты. Аймақтың бас дәрігерінің айтуынша, вакцинадан кейін адамдардан асқынулар байқалмаған. Ал 2 наурызда Қарағанды фарм зауыты базасында өндірілген «Спутник V» вакцинасының 5250 дозасы Шымкент қаласынан Жамбылға жеткізілді. Қазір аталған преператтар вакциналаудың 2 кезеңін өткізу үшін Денсаулық сақтау басқармасының қоймасында тұр. Жалпы екпенің 2-ші кезеңінде…

Read More

Азаматтарға құқықтық кеңес беру, бизнесті қолдау және дамыту, салауатты қоғам қалыптастыру мақсатында «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында Меркі ауданында 3 бағытта іс-шаралар өткізілуде. «Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу және бизнесті дамыту» тобының мүшелері Меркі, Сарымолдаев, Ойтал ауылдық округінде халықты әлеуметтік қолдау шаралары туралы таныстырып, 80-нен астам ауыл тұрғындарын жеке сұрақтармен қабылдап, оларды толғандырған оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек алу, жұмысқа орналасу, грант алу мәселелерінің шешімін қарастыру бақылауға алынды. Сонымен қатар, салауатты қоғам қалыптастыру, зияткер жастарды тәрбиелеу мақсатында бірқатар спорт түрлерінен турнирлер өткізілуде. Мәселен, №22 спорт мектебінде шахмат, дзюдо, қол күрестен жарыстар өтсе еркін күрес пен бокс мектептерінде шеберлік сабақтары мен минифутболдан жарыс…

Read More

2021 жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы № 9 қаулысына сәйкес, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы мен тұрақтануына байланысты, жалпы білім беретін мектептердің 1-5 сынып және халықаралық мектептердің 1-7 сынып білім алушыларын аралас форматта оқытуға рұқсат етілді. Тек ерекше жағдайларда, ауырғанда немесе науқастармен қарым-қатынас жағдайларында ата-аналардың өтініші бойынша балаларды қашықтан форматында оқытуға қалдыруға рұқсат етіледі. Ата-аналар тарапынан балалардың жеке гигиенаны сақтауы және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттігін түсіндіру өте маңызды. Осыған дейін бастауыш сыныптары онлайн әрі офлайн режимінде аралас оқып келді. Бастапқыда онлайн білім беруге күмәнмен қарағанымыз рас, алайда ұстаздар мен оқушылар және ата-аналары…

Read More

Әділқазылар байқау шарттарына сәйкес Жамбыл Жабаевтың шығармаларынан үзінді мәнерлеп оқу, мәтінді оқу уақыты бес минуттан аспауын назарда ұстады.Нәтижесінде:1 орын екеу – «Болашақ» мектебінің оқушысы Байбосын Айзере, 47 мектеп оқушысы Оралбек Бекболат,2-ші орын үшеу – Мойынқұм ауданынан Байгөбек Шархат, 10 мектеп оқушысы Сейдазім Әлібек, Талас ауданы Майтөбе ауылынан Дархан Матвай,3-ші орын үшеу –Жуалы ауданынан Еламан Салауат, Жамбыл медициналық жоғары колледжінің білімгері Қуанышбай Мейірман, Тараз қаласы №5 мектеп оқушысы Әлімхан Әдия;Ынталандыруға «Болашақ» мектеп интернатының оқушысы Суров Ибрахим, І топ көз мүгедегі Меркі ауданының тұрғыны Нисанова Мария, Байзақ ауданынан Тұрсынбаева Мөлдір, №5 мектеп оқушысы Кеңес Мөлдір ие болып, бағалы сыйлықтар мен дипломмен марапатталды.…

Read More

Өткен жылы Жамбыл облысында 2503 гектар игерілмеген егістік жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды. Ал 7197 гектар егістікті пайдаланушыларға жер салығы он есеге дейін ұлғайтылыпты. Бұл туралы бүгін ӨКҚ ақпарат алаңында облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысы Бахтияр Көпбосынов баяндады. Спикердің айтуынша өңірде барлық бағыттағы жерлерге болжамды космомониторинг яғни әуе арқылы бақылау жүргізілді. Нәтижесінде 25 мың гектар егістік жерлердің игерусіз қалғаны анықталды. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда біршама төмендеген. Мәселен сол жылы облыс аудандарында 35,5 мың гектар егістік жерлер игерусіз қалған. Осыған байланысты қатаң шаралар қолдануға тура келген. Қол алған шұғыл шаралардан кейін игерілмеген егістіктің 2503 гектары мемлекет меншігіне қайтарылған. Ал 7197 гектар…

Read More

Жамбыл облысында алтын кенін заңсыз өндіретін орын анықталды. Оны Мойынқұм ауданында 52 жастағы алматылық ұйымдастырған. Ер адам ұсталып, одан қару тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қылмыс болған жерді тексеру барысында полицейлер тіркелмеген 16 калибрлі бір ұңғылы аңшылық мылтығын тапты. Сондай-ақ, жарылыс жұмыстарын жүргізуге арналған қолдан жасалған сегіз тұтандырғыш тәркіленді. «Анықталған факт бойынша ҚР ҚК-ның 287-бабы 3-бөлігі «Атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Read More

Кеше облыс əкімі Бердібек Сапарбаев Қоғамдық кеңес алдында өткен жылы атқарылған жұмыстары бойынша есеп берді. Аймақ басшысы атқарылған жұмыстарды рет-ретімен баяндап, алдағы жоспарымен бөлісті. Жиын барысында кеңес мүшелері қойған сұрақтарға да жан-жақты талдай отырып жауап берген болатын, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі. Жиында қоғамдық кеңес мүшесі Исламбек Дастан облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа мынадай сұрақ қойды: — Өзіңіз барлық аудандарға барып, аудан əкімдерінің жұмысыментанысып шықтыңыз. Əкімдерге баға беріңізші, олардың ішінде өзжұмысын дұрыс үйлестіре алмай отыр деп кімдерді атар едіңіз? —деп сұрақ қойды. — Исламбек Дастан мен қатысқан аудан әкімдерінің есеп беружиындарына қатысып, облыстық индикаторлардың орындалмауыжөнінен жақсы сұрақтар қоя білді. Қазіргі…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураның, облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы прокуратуралар басшыларының қатысуымен бейне байланыс режимінде кеңес өткізді. Жиын алдында Мемлекет басшысына «Электронды қылмыстық іс», «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай реестрі», «Субъектілер мен объектілерді тексерудің бірыңғай реестрі», «Электронды арыз-шағымдар» және «Аналитикалық орталық» сияқты цифрлық жобалар ұсынылды. Президентке прокурорлардың сотқа дейінгі тергеу амалдары бойынша кейбір органдардың шешімдерімен онлайн-режимде келісу үдерісі таныстырылды. Аталған зияткерлік шешімдер Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау аясында қабылданды. – Дұрыс бағыттағы ауқымды жұмыс атқарылғанын ерекше қуанышпен айтқым келеді. Бұл жұмыстарды кеңейтіп, жалғастыра беру керек. Өйткені цифрландырудың баламасы жоқ, – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев кеңесте сөйлеген сөзінде…

Read More

Как применяются принятые законы на практике и как цифровые технологии способствуют повышению их эффективности оценили сегодня депутаты Мажилиса в ходе выездного заседания комитетов в Генеральной прокуратуре. Депутатам комитетов Мажилиса по международным делам, обороне и безопасности, а также по законодательству и судебно-правовой реформе представили такие цифровые проекты Генеральной прокуратуры, как «Единый реестр административных производств», «Единый реестр субъектов и объектов проверок», «Электронные обращения» и др. Заместитель Генерального прокурора Марат Ахметжанов проинформировал мажилисменов об особенностях работы данных систем. Внедрение проектов направлено на исключение коррупционных рисков, повышение прозрачности, оперативности деятельности государственных органов, а также качества государственного контроля и надзора. В частности, системой «Единый реестр…

Read More