Автор: admin

Облыс әкімдігінің мәжіліс залында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы мен «Нұрлы жол» инфрақұрылымын дамыту бағдарламасын іске асыру мәселелері қаралды. Басқосуда облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек баяндама жасап, ағымдағы жылдың 9 айында облыста 433 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін және бұл өткен жылдың сәйкес деңгейінен 9,5 пайызға артық екендігін мәлімдеді. Жалпы өңірде тұрғын үй кезегінде 32 740 адам тұрған болса, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері, көп балалы отбасылар, жетім балалар, бюджет қызметкерлері бар. Пәтер кезегіндегілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бюджеттен 24,9 миллиард теңге бөлініп, 65 көппәтерлі тұрғын…

Read More

Қазіргі уақытта аудан көлемінде суландыру жүйесін қалпына келтіру бағытында ауқымды істер қолға алынып отыр. Аграрлық сала үшін суармалы жерлердің қосымша алаңдарын енгізуге септігін тигізетіндігі белгілі. Осы мақсатта Ботамойнақ ауылдық округінде де бірқатар каналдар қайтадан қалпына келтірілу үстінде. Ботамойнақ ауылдық округі аумағынан өтетін «Төрегелді» каналының ұзындығы 17 шақырымды құрайды. Канал ауылдық округтегі қазіргі Байзақ, Ботамойнақ елді мекендерінің жоғарғы бөлігі, Қазақстан Темір жолы мен «Алматы — Ташкент» автомагистралінің астынан өткен немесе қазылған. Канал ауылдық округті суландырып, егіншілікпен айналысу үшін Күнбасұлы Мәмбет батырдың ұйымдастыруымен шамамен XVIII ғасырдың аяғы, XIX ғасырдың басында қазылып, Мәмбет батырдың ұлы Төрегелдінің атымен аталған. «Төрегелді» каналы кешегі Кеңес дәуірінің…

Read More

В селе Мойынкум Жамбылской области волонтеры посадили березы и ели. Местные экоактивисты с удовольствием рассказали, как осуществили это мероприятие во время карантина. «Мы как жители этого села, хотели внести свой вклад в родную землю. В этом году в рамках Года волонтеров по всей стране реализуются многие проекты, в том числе мини гранты общенационального проекта Birgemiz: Taza Alem. Там по нескольким направлениям поддерживалось экологическое движение. Мы решили поучаствовать в двух проектах. Будем очищать от мусора берега реки Шу и посадим деревья. Мы не смогли оказаться в числе победителей в первом проекте. Потом, мы выиграли грант на посадку деревьев. Самое интересное началось…

Read More

Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев мониторингтік топ жүргізген рейд барысында мейрамханалардағы тойда мемлекеттік қызметкерлердің бар екені анықталса, тиісті шара қолданылатынын айтты. Шаһар басшысы бұл қалалық әкімдіктегі қызметкер болса, жұмыстан босатылуы бек ықтимал екенін ескертті. Сондай-ақ, басқа мемлекеттік мекемеде қызмет атқаратын «тойшыл» азаматтар әшкере болып жатса, тиісті басқарма, департаментке ұсыныс хат жолданады.

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев абайтанушы ғалымдармен кездесті, — деп хабарлайды Ақорда сайты. Қазақстан Президенті алдымен мәдени-спорт кешеніндегі көрмені тамашалады. Мемлекет басшысына Абайдың сирек кездесетін кітаптары, «Абай әлемі» сериясы бойынша шыққан кітаптар мен филология ғылымдарының докторы, профессор, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлының ақын шығармашылығына арналған көптомдығы ұсынылды. Сондай-ақ көрмеге Шығыс Қазақстан өнер мұражайы мен Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайының қорларындағы 18 сурет қойылды. Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы Дала алтыны» археологиялық көрмесін аралап көргеннен кейін абайтанушы ғалымдармен кездесті. Президент ұлт зиялыларымен қасиетті топырақта, тарихи маңызы зор Семейдің төрінде жүздесіп отырғанына қуанышты екенін жеткізіп, Абайдың 175 жылдық мерейтойы әлемдік пандемияға тап келсе де, ұлы баба рухы алдындағы…

Read More

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кету туралы шешім қабылдады, — деп хабарлайды ел президентінің сайты. «Қымбатты менің отандастарым! Мен үшін Қырғызстандағы бейбітшілік, елдің тұтастығы, халқымыздың бірлігі және қоғамдағы тыныштық бәрінен жоғары. Мен үшін әрбір отандасымның өмірінен қымбат ештеңе жоқ. Мен билікті ұстамаймын. Қырғызстан тарихында өз азаматтарын атқан, қан төккен президент ретінде қалғым келмейді. Сондықтан отставкаға кету туралы шешім қабылдадым. Жапаров пен басқа да саясаткерлерді өз жақтастарын ел астанасынан шығарып, Бішкек тұрғындарына бейбіт өмірді қайтаруға шақырамын. Ешбір билік еліміздің тұтастығы мен қоғамдағы келісімге тұрмайды. Алла тағала бәрімізді сақтасын, жерімізде бейбітшілік пен тыныштық болсын!», — делінген Жээнбековтің үндеуінде. Қырғызстан конституциясына сәйкес президент…

Read More

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай ақынның сахналық бейнесін сомдаушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі Асқарбек Сейілханмен «Абай болып ой кештім» атты онлайн кездесу өткізді. Кездесу барысында Асқарбек Сейілхан Абай өлеңдерінің құрылысына, маңыздылығына, қоғамды тәрбиелеудегі аса құндылығына тоқталып, бірнеше өлеңдерін жатқа оқыды. Сонымен бірге театр сахнасына келген жылдарын, журналистикада атқарған қызметі, өмірлік ұстанымдары жайлы кең толғанып әңгімеледі. Кейінгі кездегі мәдениетке, театрға деген көрерменнің көзқарасына, жас әртістердің сахна майталмандарынан сабақ, шеберлік дәріс алудың орнына, той жағалап кеткеніне қынжылатынын, оларға үлкен…

Read More

Жаңа орталық Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасының базасында ашылды. «Дұрыс тамақтану» орталығының жетекшісі, Жамбыл облыстық көпсалалы ауруханасының диетологы Баян Баймұратованың айтуынша, орталықта азаматтарға дұрыс тамақтану бойынша ақпарат беріледі. «Бүгінде дұрыс тамақтану мәселесі өзекті болып отыр. Бұл қоршаған ортаның бұзылуына, организмге қоректік заттардың жеткіліксіз түсуіне және дұрыс тамақтанбауға байланысты. Орталықта диетолог, эндокринолог, гастроэнтеролог және кардиолог мамандарының кеңесі ұйымдастырылған. Өйткені, дұрыс емес тамақтану үрдісі метаболизмді бұзады, бұл семіздікке, қант диабетіне, асқазан-ішек жолдары мен жүрек — тамыр жүйесінің ауруларына әкелуі мүмкін. Кез-келген адам орталыққа келіп, дұрыс тамақтану мәселелері бойынша қажетті ұсыныстар ала алады. Мысалы, семіздікке шалдыққандарға сарапшылар тағамды салмағына, бойына, жасына және жынысына…

Read More

«Ауыл — Ел бесігі», «Дипломмен — ауылға!», «Еңбек» бағдарламалары қалай жүзеге асырылуда? Неге айрықша назар аудару керек және қай бағыттағы жұмыстарды күшейту қажет? Бұл мәселелер облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте қаралды. Аппараттық кеңес әдеттегідей және облыс әкімдігінің ресми сайтында және «YouTube» арнасында онлайн режимінде таратылды. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова хабарлағандай, 2019 жылы Байзақ, Жамбыл, Шу аудандарында «Ауыл — Ел бесігі» аясында 108 жоба іске асырылған. «Үш ауданда 24 әлеуметтік нысан, 55 көше, екі су құбыры жөндеуден өтті, 23 көше жарықтандырылды, төрт әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілді», — деді Г.Жауынбекова. Ағымдағы жылы 29 елді мекенде…

Read More

Қалада санитарлық талаптарды сақтамаған кәсіпкерлік нысандары, оның ішінде тойханалар мен кафелер жабылады. «Мейрамханалар, кафелер, түнгі клубтар және басқа да кәсіпкерлік мекемелер санитарлы талаптарды қатаң сақтауы тиіс. Егер де, ескерту жасалғаннан кейін қайталап талаптарды бұзу жағдайлары орын алса, кәсіпкерлік нысандарын жабатын боламыз. Ал, қала тұрғындары міндетті түрде маска режимі мен арақашықтықты ұстану керек», деп хабарлады Тараз қаласы әкімдігі. Айта кетейік, 10-11 қазан күндері күндізгі және түңгі рейд барысында 49 нысан тексеріліп, карантин талаптарын бұзғандарға хаттама толтырылды. Оның ішінде, орталықтағы «Гранд роял», «Ыдырыс», «Севинч», «Бақ береке» тойханалары да бар. Сонымен қатар, облыс аудандарында да мобильдік топтар күндізгі рейдте 100-ден астам нысандарды араласа,…

Read More