Автор: admin

Қазіргі уақытта ер адамның есірткі қолданып отырған видеоға байланысты ақпараттың растығын анықтау үшін бірқатар тексерулер жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта құқық қорғау қызметкерлері бұл оқиғаның ақ-қарасын анықтаймыз деп сендірді. Аяусыз ұрып-соғып, еркінен тыс зорлаған. Қара жұмысқа салып, күн көрсетпеген. 36 жастағы алматылық келіншек Жамбыл облысында 3 жыл бойы құлдықта болғанын айтады, — деп хабарлайды zakon.kz. Жәбірленген әйелдің сөзін келтірген Almaty.tv оған бұрынғы жұмыс берушісі зорлық-зомбылықтың сорақысын көрсеткенін хабарлайды. 36 жастағы алматылық келіншек соңғы 3 жылда көрген азабын көзі жасқа толып, еске алады. Жамбыл облысына нәпақа табу үшін барған келіншек, жұмыс берушісінің оны аяусыз қанап, зорлық-зомбылықтың сорақы түріне душар етеді деп ойламаса керек. Ал, осыдан…

Read More

ComprarAcciones сарапшылары дүние жүзіндегі ең танымал смартфонды атады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Сарапшылардың пікірінше, 2020 жылдың екінші тоқсанында смартфондардың әлемдік сатылымы өткен жылмен салыстырғанда 20,4 пайызға құлдыраған, 294,7 миллион құрылғы сатылған. Смартфонның көп бөлігін Huawei (сатылымның 20 пайызы), Samsung (19,5 пайыз) және Apple (13,5 пайыз) сатқан. Төртінші орында қытайлық Xiaomi компаниясы тұр. Смартфондардың әлемде ең көп тиражбен сатылған танымал моделі iPhone 11 болды — 37,7 миллион. Екінші орында 11,4 миллион сатылыммен Samsung Galaxy A51, үшінші орында Xiaomi Redmi Note 8 (11 миллион) келеді. Бір қызығы, әлемдегі ең көп сатылатын 10 смартфонға iPhone-ның бес және Xiaomi-дің төрт моделі кіреді.

Read More

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян Таулы Қарабақтағы соғыс фонында Euronews арнасына эксклюзив онлайн-сұхбатында өз позициясын айтуға келісті. «Атысты тоқтатуға біржақты қол жеткізду мүмкін емес, бұл екіжақты шешім болуы керек. Сонымен қатар, оны жергілікті жерлерде орындау керек. Өздеріңіз білетіндей, Армения 27 қыркүйекте бізге шабуыл жасады, әскери позицияларымызға шабуыл жасады және инфрақұрылымымызға зиян келтірді, бейбіт тұрғындарға шабуыл жасады. Бізде армяндардың, соның ішінде баллистикалық зымырандар мен кассета бомбаларының шабуылынан 30-ға жуық бейбіт тұрғын қаза болды. Біз бірнеше рет шабуылға тап болдық. Соңғы үш айда Әзербайжанға үш шабуыл жасалды», — деді Әлиев. Пашинян бұл айыптаулармен келіспеді және өз кезегінде Әзербайжанды Таулы Қарабақта…

Read More

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Мәскеу қаласына жұмыс сапары аясында РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен келіссөз жүргізді, — деп хабарлайды премьер-министрдің сайты. Тараптар сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық, энергетика салаларындағы, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперациядағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселесін талқылады. Еуразиялық экономикалық одақ форматындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды. COVID-19 індетінің таралуына қарсы күрес және екі елдің экономикасы үшін пандемияның салдарын жою жөніндегі бірлескен шараларға ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар Мәскеу қаласына сапар барысында ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің Ресейдің орталық мемлекеттік органдарының, мемлекеттік корпорациялары мен қаржы-банк құрылымдарының басшылығымен кездесулері жоспарланған.

Read More

Бүгін Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев облыс басшысының алдында қаладағы экономикалық-әлеуметтік ахуал жайында есеп берді. Ресми жиын барысында қала басшысы бір жарым ай бұрын облыс тарапынан берілген тапсырмалардың орындалып жатқанын мәлімдеді. «Науаларды орнату бойынша бір жарым ай бұрын берілген тапсырма қазргі уақытта орындалып, күрмеуі бар мәселелердің де шешіліп жатыр. Тараз қаласында көше бойынша орнатуға арналған науаларды дайындайтын орындардың жоқтығына байланысты бұл жабдықтар Шымкент қаласынан жеткізіліп жатыр. Қазір көше бойына жиналған науалардың барлығы дерлік арықтарға орналастырылған», — деді А.Қарабалаев. Қала әкімінің ақпаратына сәйкес, Тараз арықтарының науаларын жаңғыртуға жасыл желектің де кедергі келтіріп жатқан жайы бар. «Бұған дейін қаланың ирригация жүйесін қамтамасыз…

Read More

Бүгін Жамбыл облысы әкімінің алдында қаладағы экономикалық-әлеуметтік ахуал жайында есеп берген Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев бір жарым ай бұрын облыс тарапынан берілген тапсырмалардың орындалғанын мәлімдеді. «Облыс әкімі тарапынан бір жарым ай бұрын берілген тапсырмалар толықтай орындалып жатыр. Атап айтсам, қаланың ирригация жүйесін жаңғырту бойынша лотоктар орналастыру және қала тазалығын сақтау аясындағы қоқыстар жинау мәселесі шешімін тапқан», — деді қала әкімі. А.Қарабалаевтың бұл мәлімдемесі аталған мәселелерге бақылау жүргізуші басқарма басшыларының өз салалары бойынша жасалған баяндамаларымен сәйкестік тапқанын айта кету керек.

Read More

«Ливерпуль» шабуылшысы Мохаммед Салах қаңғыбасқа тиіскен бұзақыларды қуып жіберді. Бұл оқиға камераларға түсіп қалды, — деп хабарлайды Vesti.kz. Оқиға 28 қыркүйекте болған, ойыншы өз командасымен бірге лондондық «Арсеналға» қарсы матчынан қайтып бара жатқанда болған. Шабуылшы жасөспірім бұзақылардың қаңғыбасты қорлап жатқанын көріп, өтіп кете алмаған. Салах тәртіп бұзушыларды қуып жіберді, кейін жәбірленушіге 100 фунт берген. Ағылшын премьер-лигасының осы маусымында Мохаммед Салах төрт матч өткізіп, бес гол соққан. АПЛ төртінші турында «Ливерпуль» сырт алаңда «Астон Вилладан» 2:7 есебімен жеңілген болатын.

Read More

Ертең еліміздің бірнеше өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады, — деп хабарлайды «Қазгидромет». Синоптиктердің мәліметінше, Нұр-Сұлтанда 08 қазанда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болжанады. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-18 м/с күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 18 м/с жетеді. Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші түнде және таңертең кей жерлерде 15-18 м/с күтіледі. Қызылорда облысында солтүстіктен жел соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерінде…

Read More

«Бірде-бір базар белгіленген талаптарға толық сәйкес келмейді. Қабылданған шаралар сатып алушылардың да, саудагерлердің де қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз». Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев базар иелерінің қатысуымен өткен жиында осылай деді. Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтың айтуынша, облыс бойынша 41 базар тіркелген, онда 12 мыңнан астам адам жұмыс істейді. — Халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері тұрғындардың тауарларды негізінен базардан сатып алатынын көрсетіп отыр. Мәселен, азық-түлік тауарлары көлемінің 64 пайызы, азық-түлік емес тауарлар көлемінің 73 пайызы, техникаға қажетті бөлшектердің 81 пайызы және құрылыс материалдарының 85 пайызы базарлардан сатып алынады, — деп атап өтті А.Сейсебаев. Тұтынушылардың көптігін ескерсек, базарлардағы…

Read More

Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері 2020 жылғы 5 қазанда бұйрық шығарып, 2020 жылдың 14 тамызындағы «Жамбыл облысында шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды zakon.kz. Атап айтқанда, қазір қонақ үй, отельдер, демалыс үйлері, туристік орталықтар және басқа да туристік нысандар мен тұрғылықты орын жалдау қызметтерін көрсету саласындағы ұйымдардың жұмысына рұқсат етілді. Сот орындаушыларына да жұмыс істеуге рұқсат берілді. Сонымен қатар, спорттық-сауықтыру орталықтары да енді өз жұмысын бастай алады. Барлардың, ойын клубтарының, сауда желілерінің жұмысына салынған тыйым жойылды. Қала маңындағы жолаушылар пойыздарының / электр пойыздарының қозғалысына рұқсат етілді. Сонымен бірге 65-тен асқан адамдар үшін емін-еркін жүруіне салынған…

Read More