Автор: admin

Таулы Қарабақтағы Степанакерт қаласының маңында бірнеше жарылыс болды, — деп хабарлайды РИА Новости. Басылым мәліметінше, Степанакертте жергілікті уақытпен сағат 20:20-да (Нұр-Сұлтан уақытымен 22:20) әуе шабуылының сиренасы шықты, бұл әдетте қаланың үстінде соққы жасаушы немесе барлаушы ұшқышсыз ұшақтардың пайда болуын білдіреді. Бұл жолы сирена ұзақ уақытқа қосылды — шамамен бір сағат. Содан кейін қала аумағында төрт жарылыс естілді. Әзірше қай нысандар бұзылғаны белгісіз. Степанакерттегі түнгі атыстан кейін зардап шеккен көппәтерлі тұрғын үй. Фото: РИА Новости

Read More

Ақтауда 16, 17, 18 және 19 шағынаудандар қиылысында жігіт пен қыздың арасындағы төбелес видеоға түсірілді, — деп хабарлайды Lada.kz. Видео кадрларынан қыздың жігітті қалай ұрып жатқаны көрінеді. Жігіт тек артқа шегінеді. Редакция түсініктеме алу үшін Маңғыстау облысының полиция департаментіне жүгінді.

Read More

Соңғы бір тәулікте қанша адамнан коронавирус табылғаны белгілі болды. «Қазақстанда өткен тәулікте 71 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды», — делінген Coronavirus2020.kz сайтында. Аймақтар бойынша:Нұр-Сұлтан қаласы — 14Алматы қаласы — 1Шымкент қаласы — 1Ақмола облысы — 4Алматы облысы — 4Атырау облысы — 3Шығыс Қазақстан облысы — 18Жамбыл облысы — 1Батыс Қазақстан облысы — 1Қарағанды облысы — 9Қостанай облысы — 2Маңғыстау облысы — 1Павлодар облысы — 3Солтүстік Қазақстан облысы — 9 Осылайша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 108 177-ке жетті.

Read More

АҚШ президентін емдеп жатқан дәрігер Шон Конли Дональд Трамптың жағдайы туралы мәлімдеді, — деп хабарлайды РИА Новости. «Президент бүгін таңертең өзін жақсы сезінді», — деді дәрігер журналистерге. Ол президенттің сақтық үшін ауруханаға жатқызылғанын айтты. «Біз қазір президенттің көрсетіп отырған жетістіктеріне өте ризамыз», — деді Конли. Оның айтуынша, Трампта аздап жөтел мен әлсіздік бар. Баспасөз мәслихатына қатысқан басқа дәрігерлер президентке оттегі берілмейтінін, тыныс алу және қимыл-қозғалыста қиындық жоқ екенін мәлімдеді. Трампта жұмадан бері температура жоқ. Трампты емдеу кезінде олар екі эксперименттік препарат қолданған: «Ремдесивир» және антиденелерден жасалған коктейль. Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің әйелі Меланиямен бірге коронавирус жұқтырғаны хабарланған. 

Read More

Осы жұмада Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласындағы Марс Үркімбаев атындағы Жастар сарайында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қолдау бойынша «Мейірім» жобасының тұсаукесері өтті. Облыста 18 жасқа дейінгі барлығы 433 мың бала тұрады. Оның ішінде 1352 бала жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Осы әлеуметтік санатқа жататын 113 бала облыстың мемлекеттік мекемелерінде тәрбиеленуде. Жобаның тұсаукесеріне келген қонақтар алдымен Жастар сарайының фоесінде әзірленген өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау жөніндегі облыстық орталықтың балаларына арналған суреттер мен қолөнер бұйымдарының көрмесімен танысты. — Бізде барлығы 70 бала бар, олардың 49-ы осы «Мейірім» жобасына енді, ал бүгін көмекке мұқтаж алты бала шараға қатысуда,…

Read More

Жұма күні Тараз қаласындағы Марс Үркімбаев атындағы Жастар сарайында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қолдау бойынша «Мейірім» жобасының тұсаукесері өтті. Облыста 18 жасқа дейінгі барлығы 433 мың бала тұрады. Оның ішінде 1352 бала жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Осы әлеуметтік санатқа жататын 113 бала облыстың мемлекеттік мекемелерінде тәрбиеленуде.Жобаның тұсаукесеріне келген қонақтар алдымен  Жастар сарайыың фоесінде әзірленген өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау жөніндегі облыстық орталықтың балаларына арналған суреттер мен қолөнер бұйымдарының көрмесімен танысты. — Бізде барлығы  70 бала бар, олардың 49-ы осы «Мейірім» жобасына енді, ал бүгін көмекке мұқтаж алты бала шараға қатысуда, — дейді өмірлік қиын…

Read More

Бүгін Праймеризге қатысушылардың сайлауының үшін күні. «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласының №3 учаскесінде болып, онлайн режимінде дауыс берді. Жалпы, облыс бойынша праймеризге 768 үміткер қатысуда. Оның 269-ы әйелдер, 222-сі 35 жасқа дейінгі жастар, 28-і көп балалы аналар, 8-і мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Айта кету керек, кандидаттардың басым бөлігі, яғни 657 адам өзін-өзі ұсынған. Осы уақытқа дейін олардың қатысуымен шамамен 2800 іс-шара және 176 қоғамдық пікірсайыс өткізілген. Қазіргі таңда жамбылдықтар үміткерлерге дауыс беруде белсенділік танытуда. Таңертеңгі сағат 10:00-ге дейін учаскелерше шамамен 42 500 адам келеді деп күтілсе, ресми мәліметтерге сәйкес, осы уақытқа дейін 31…

Read More

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек праймеризде дауыс берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Facebook-те жазды. «Праймеризде дауыс бердім. Сайлау учаскесіне арнайы барып өз таңдауымды жасадым. Бір жағынан дауыс беру процесінің ұйымдастырылу деңгейін де байқап көрмек болдым. Партия Лидері Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен «Nur Otan»-ның партияішілік сайлауы еліміздің партиялық-саяси даму тарихында тұңғыш рет республикалық ауқымда өтуде. Бұл — Елбасы бастамасымен қолға алынған партияны «қайта жандандыруды» түйіндейтін кезеңнің бірі. Бүгінгі таңда адамдар қоғам өміріне белсенді атсалысқысы келеді. Өзгерістерге, жаңа тұлғалар мен тың идеяларға деген сұраныс арта түсуде. Еліміздің жетекші саяси күші ретінде «Nur Otan» партиясы ел сұранысын дер кезінде қанағаттандырып…

Read More

«Коза Пресс» интернет-басылымының бас редакторы Ирина Славина Нижний Новгородтағы ІІМ ғимаратының алдында өзін орындыққа байлап, киімін өртеп жіберді, — деп хабарлайды «Подъем». Жолаушылар мен полиция қызметкерлері журналисті құтқармақ болған, алайда ол оларды итеріп жіберген. Нәтижесінде Ирина Славина қайтыс болды. Осыдан біраз уақыт бұрын ресейлік журналист өзінің Facebook-тегі парақшасында: «Менің өліміме Ресей Федерациясын кінәлауды сұраймын», деп жазған. Қайғылы оқиғадан екі күн бұрын журналистің үйінде тінту жүргізілген. Славинаның айтуынша, одан бірнеше компьютер, телефон және ақпарат құралдары тәркіленген. Адвокатпен байланысуға рұқсат берілмеген, ал күйеуі қызына қоңырау шала алмаған. Журналист тәркіленген заттардың хаттамасы берілмегенін айтты. «Соңғы уақытта осындай жағдайлар кездесті… Оны билік тарапынан қыса…

Read More

Жамбыл облысының тұрғындары Қордай ауылындағы орын алған оқиғалардан кейін әкім Бердібек Сапарбаевтың шешімімен «Бейбітшілік пен келісім» жобасы қолға алынғандығынан хабардар. Жоба мақсаты – қақтығыс аймағындағы әлеуметтік үйлесімді қалпына келтіру және мұндай оқиғалардың алдын алу болып табылады. Бағдарламаны іске асыру шиеленістің ықтимал ошақтарын анықтаудан басталған. 25 елді мекен анықталған десек, онда түрлі себептерге байланысты атқарушы биліктің қосымша назары қажеттігі белгілі болып отыр. Бұл елді мекендерге арнайы құрылған бес мониторингтік топ мүшелері барып, халықпен көптеген кездесулер өткізген. Кездесулер нәтижесі бойынша шұғыл шешуді қажет ететін өзекті мәселелер анықталған. Өткен бейсенбі күні өткен облыс әкімімен кездесуде аталған топ жетекшілері ақпараттық-түсіндіру, әлеуметтік мәселелер, ауылдағы кәсіпкерлікті…

Read More