Автор: admin

«Қарасора-2020» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Мойынқұм ауданының полиция бөлімшесінің қызметкерлері Меркі-Шу-Бурылбайтал тас жолының 168-шақырымында 22 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «БМВ» автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында «Рони» есімді қызметтік ит автокөліктің қақпағының астынан ақ кристалды ұнтақ заты бар полиэтилен пакетін тапты, ол СХЭ нәтижелері бойынша салмағы шамамен 1,5 кг психотроптық есірткі заты болып шықты. Жауап алу барысында жүргізуші «Телеграмм» желісі арқылыШымкенттен Қарағандыға 200 000 теңге көлемінде ақы төлегені үшін жүкті жеткізуге келіскенін мойындады. Ол пакетті Шымкент қаласының көшелерінің біріндегі тастың астынан алғанын айтты, бірақ жолда ұсталды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойыншақылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат Шу АПБ…

Read More

Алдағы ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай жамбылдық мұғалімдер құттықтауларға ие бола бастады. Мәртебелі әрі әрі жауапты мамандық иелеріне жылы сөздер мен ыстық лебіздерге лайық. Мұғалімдер күні қарсаңында Достық үйінде Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен салтанатты шара өтті. — Сапалы білім – кез-келген прогрестің негізі. Сондықтан еліміздің жетістігі мен өркендеуі сіздердің үйлесімді жұмыстарыңызға байланысты. Мұғалімдердің төгілген маңдай тері өздері оқытқан, сол біліммен биіктерге жете білген шәкіртерінің алғысымен өтеледі. Сіздер өскелең ұрпақтың білімі мен тәрбиесін дамытуға ерекше үлес қосып, елімізге зор пайда әкелесіздер. Сіздер тек оқытып қана қоймай, өз оқушыларыңыздың қабілеттерін ашуға, оларға жетістікке жетуге баулисыздар, — деді облыс әкімі. Бүгінгі таңда мұғалімдер…

Read More

1 қазаннан бастап Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасы бойынша жылыту маусымын бастау туралы шешім қабылданды. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметтері бойынша облыстық желілер мен жылумен жабдықтау жүйелері жылу беру маусымына 100% дайын. Бірінші кезеңде денсаулық сақтау және мектепке дейінгі білім беру (балабақшалар) мекемелері жылумен жабдықтауға қосылуда. Келесі кезеңде тұрғын үй, әлеуметтік, коммерциялық және басқа да нысандар жылумен қамтылады. Қолданыстағы нормативтерге сәйкес, ол үшін сыртқы ауа температурасы 5 күн бойы +8 градусқа тең немесе одан төмен болуы керек. Өткен 5 күнде өңірдегі орташа тәуліктік температура: + 10°С-ден + 11°С-ге дейін және сәрсенбі күні ғана + 7,5°С болды. Қазгидромет орталығының болжамына…

Read More

Бейжің мен Вашингтон «қырғи қабақ соғыстың» бастапқы кезеңінде тұр. Бұл туралы Der Spiegel неміс журналы жазды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мақаланы ИноТВ сайты аударған. Der Spiegel неміс журналы мақаланы Германия үкіметіндегі трансатлантикалық қатынастар жөніндегі үйлестіруші Питер Байердің пікіріне сілтеме жасай отырып жариялаған. Неміс дипломатының пікірінше, Бейжің мен Вашингтон арасындағы сауда соғысы — жүзжылдықтың тағдырын шешеді. Германия үкіметінің өкілі 3 қарашада АҚШ-тағы президент сайлауында кім жеңіске жетсе де, Еуропа «АҚШ-пен серіктестікте осы сын-қатерге бейімделуі керек» деп санайды. Байер Дональд Трамптың қарсыласы демократ Джо Байден де «Қытайға қатысты қатаң саясат жүргізуге» ниет білдіргенін айтты. Осыған байланысты дипломат «қиялдағы ескірген трансатлантикалық құндылықтар» түсінігін еске алуға шақырды. Бұл ретте…

Read More

Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвилиге Киевтегі Fabius мейрамханасында қастандық жасалды, — деп хабарлайды «Страна» порталы полицияға сілтеме жасап. Портал мәліметінше, бұл оқиға 30 қыркүйекте болған. «Белгісіз ер адам мейрамхана залына баса-көктеп кіріп, Саакашвилиге жақындаған. Осы сәт видеоға түсіп қалған. Видео кадрларынан ер адамның экс-президентке сөйлеп жатқаны көрінеді. Артынан тағы екі адам келеді. Содан олардың жанына күзетші барып, Саакашвилиге қарай өтуге кедергі келтіреді. Содан белгісіз ер адам Саакашвилидің үстеліне тағы да барып, артынша залдан шығып кетеді», — деп жазады портал.

Read More

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің әйелі Меланиямен бірге коронавирус жұқтырғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Бүгін бірінші ханым екеумізде COVID-19 оң нәтиже көрсетті. Біз карантин мен қалыпқа келу процесін дереу бастаймыз. Біз оны бірге жеңеміз!» — деп жазды Дональд Трамп Twitter-де. Бұған дейін АҚШ президентінің кеңесшісі Хоуп Хикстен коронавирус расталғаннан кейін Дональд Трамп карантинге жатқызылды. Ол COVID-19 тестілеуінің нәтижесін күтіп отырғаны хабарланған болатын. «Үзіліссіз көп жұмыс істеген Хоуп Хикстен COVID-19 расталды. Қорқынышты! Біз бірінші ханыммен бірге тест нәтижелерін күтіп отырмыз. Осы уақытта біз карантин процесін бастаймыз!» — деп жазды Трамп өзінің Twitter-дегі парақшасында. Бұған дейін БАҚ өкілдері Хикстің Трамппен 29 қыркүйекте…

Read More

2020 жылдың 1-ші қазанында сағат 09:57 минутта полицияға, Тараз қаласы Ақмола көшесінде өрт орын алғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер өртті сөндірген. Оқиға орнын қарау барысында полицейлер 2017 және кәмелетке толмағанның мәйітін тапқан. Болжам бойынша өлім – өрт нәтижесінде иіс газынан уланудан болған. Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 292 бабы 3 б. бойынша сотқа дейінгітергеу басталған (екі және одан да көп адамның өліміне апарған өртқауіпсіздігі ережелерін бұзу). Қажетті сараптамалар тағайындалды.Жамбыл облысының Полиция департаменті ата-аналарды балаларынқараусыз қалдырмауға, сондай-ақ балаларын тұрмыста өзін ұстаудыңқауіпсіздік ережелеріне үйрету қажеттігіне шақырады.

Read More

Желіде «Борат 2» фильмінің тизері пайда болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  Фильм 23 қазанда Amazon Prime Video сервисінде жарық көреді. Тизерден фильмнің бірнеше кадрын көруге болады. Онда Борат рөлінде ұлыбританиялық актер Саша Барон Коэн ойнайды. Айта кетейік, осыған дейін «Борат» фильмінің авторлары Twitter-де Қазақстан үкіметінің жалған парақшасын ашқаны хабарланған еді.

Read More

Илон Маск вакцина дайын болған кезде оны салғызудан бас тартты, — деп хабарлайды Daily Star. Tesla иесінің айтуынша, ол және оның отбасы қауіп тобына жатпайды. Сондықтан осындай шешім шығарған. «Бұл жағдай жалпы адамдардың иррационалдығы үшін адамзатқа деген сенімімді әлсіретті», — деді Маск подкастта. Айта кетейік, пандемия басында Маск коронавирусқа байланысты шектеулерге қарсы шықты. Сол кезде ол COVID-19-ға байланысты шыққан дүрбелеңді орынсыз деп атаған.

Read More

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный Der Spiegel журналына берген сұхбатында оның улануына жауапты Ресей президенті Владимир Путин екенін айтты, — деп хабарлайды DW. «Бұл қылмыстың артында Путин тұрғанын мәлімдеймін, менде болған жағдайдың басқа нұсқасы жоқ», — деді Навальный. Ол қорықпайтынын және Ресейге оралуды жоспарлап отырғанын айтты. «Менің енді міндетім — батыл болу және менде қорқыныш жоқ!», — деді ол. Навальный уланғанда не сезгенін айтып берді. «Ешқай жерің ауырмайды, бірақ өліп бара жатқаныңды білесің», — дейді ол. Осыған байланысты Мемлекеттік Думаның төрағасы Вячеслав Володин Навальныйды «ұятсыз және оңбаған» деп атады. «Путин оның өмірін қорғап қалды. Оған жасалған істі батыс мемлекеттерінің арнайы қызметтері ұйымдастырса,…

Read More