Автор: admin

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 30 тамыз — Қазақстан Респуликасының Конституциясы күніне орай Еліміздің Ата Заңың құрметтеуге жастарды баулу, әрбір азаматты өмірдегі өз құқығын, міндеттерін дәріптеуге үйрету, заң аясында ақпараттық кеңес беру мақсатында Жамбыл облысы заң палатасы, «Қорғау» заңгерлер орталығының заңгері Құрбанова Баян Қалдығұлқызымен «Конституция-кемелдік кепілі» атты вебинар онлайн және офлайн форматында өтті. Іс-шара барысында оқырмандардың онлайн сұрақтары, оның ішінде «Бала құқықтары», «Зейнеткерлікке шығу», «Алиментті өндіру», «Зейнетақы төлеу және аудару», «Мүгедектік алу, оның жолдары, қарастырылған жеңілдіктер» т.б түрлі заңгерлік кеңестер берілді.Шараға аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері онлайн қатысып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Баян Қалдығұлқызы оқырмандарға кеңес…

Read More

Бесағаш ауылдық округіЕгін егіп, мал бақса — ел тоқТілші: – Ауылым – алтын бесігім,Айтшы, оның иесі кім?Әкім: – Халық!Осы менің кесімім.Шындығында, ауыл мен халық – мемлекеттің өзегі. Өз шаттығы, өз қуанышы бар, — деп хабарлайды Жамбыл ауданы баспасөз қызметі Шаттықтың шуағына бөленіп, қуаныштың құшағына енген Бесағаш ауылдық округінің кешегісі мен бүгінгісін және ертеңін мақаламызға арқау етпек болып қолымызға қалам алып, иығымызға фотоапарат асынып Бесағаш ауылына келгенбіз. Мақсат – округтің әлеуметтік-экономикалық жағдайына зер салу әрі көрген-білгенімізді газет бетіне түсіру. Оны біз Бесағаш ауылдық округінің әкімі Бейбіт Нигматуллаевтың өз аузынан естігіміз келген. Естідік. Көрдік. 1994 жылы құрылған округтің аумағы 19136 гектарды құраса,…

Read More

Қамқорлықты қажет ететін білім алушыларға көмек көрсетуді көздейтін «Балаларды мектепке даярлаймыз» республикалық қайырымдылық акциясы жалғасуда, — деп хабарлайды Жамбыл ауданы баспасөз қызметі. «Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобасы аясында іске қосылған бұл акцияға жаны жомарт, мейірімді азаматтар белсене атсалысуда. Жақында осындай игі іске куә болдық. Дәлірек айтқанда, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рүстем Қасымовтың бастамасымен облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талас-Аса» су шаруашылығы кәсіпорнының директоры Досжан Тоқбергенов, аудандық мәслихат депутаттары Индира Тоғанбаева, Нұрсұлтан Сматов, Бегалы Ералиев, Нуритдин Бегманов, Рамазан Аширов, Данияр Жузанов, Талап Әбдібеков ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және әлеуметтік аз…

Read More

«Жол азабын жүрген білер» деген халық тәмсілі бекер айтылмаса керек. Жүретін жолың нашар болса, баратын жеріңе уақытында жете алмай, азабын тартарың анық. Ал, жаңа салынған жолдардың сапасы қалай? Бөлінген қаражат өзін-өзі ақтай ма? Осы ретте Жамбыл ауылдық округіндегі аяқталуға жақын су жаңа асфальтты көзбен көріп қайттық. Аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков, аудандық мәслихат аппаратының басшысы Қуаныш Қарашолақов және аудандық мәслихат депутаты Индира Тоғанбаева округке қарасты Бесжылдық ауылына табан тіреп, жолдардың сапасын тексерді. Жөндеу жұмыстарына көңілдері толмайтынын айтқан бақылаушы топ жауапты тұлғаларды сын тезіне алмақ болды. Бірақ, қадағалаушы адам да, мердігер компания өкілдері де төбе көрсетпеді. Дабыл қағатын мәселе сол, Досымбек…

Read More

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жас ақын, бірнеше мүшайралардың жеңімпазы Наурызбек Саршамен «Сары ақынның сағынышы» атты онлайн поэзия кеші өтті. Кеште жас ақын шығармашылығындағы өзгерістерді айтып, өлең өлкесінен жырақтап жүргенін, осы жылдарда журналистикаға ден қойып, «Аристократ» атты журнал шығарып жатқанына тоқталды.Өлеңнің құрылысы, ұйқасы туралы ойымен бөлісіп, жас ақындардың шығармашылығы туралы ой қозғап, аға буын өкілдерінен үлгі тұтатын азаматтары, олардың шығармашылығын айтып, ағаларының өлеңдерін оқыды. Кездесу барысында журналист ретінде қоғамдағы болып жатқан оқиғаларға азаматтық позициясын танытып, ұлтының демі тартылғанда ұл болып өлең шығара алмағанын, бір туындының дүниеге келетініне айтып өтті. Жеке қызуғушылықтарын атап, бала жастан…

Read More

«Бала күлкісінен асқан қуаныш бар ма екен мына жалғанда?! Біріміз таңның атысы, күннің батысы күйбең тірліктің соңынан қуып келеміз. Енді біріміз бар дүниені кімнен екенін белгісіз қызғанып, орамалға түйіп, қымттап отырмыз. Таразыда салмағы ауыр амалдарға ден қойып жүргеніміз де шамалы. Әттең, ақтық мәренің марапатын алдын ала білсек, бәлкім жалтыраған дүниелерге алданбас па едік. Түнеугүні «Казсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Бас директоры Арман Қасеновпен ақылдасып, 57 көпбалалы және жалғыз басты аналардың балаларына, тұрмыстық табысы төмен отбасыларға көмек ретінде қаржылай және маңдай терін төске тамызып жүрген сала қызметкерлерінің адал еңбегіне – демалыс орталықтарына жолдама беруді жөн санап, бүгін сол аманатты үлестіру үшін аудандарды…

Read More

Ауыл – берекенің бастауыӨрелі істе өркендеу барАқбұлым ауылдық округіАқбұлым ауылдық округі – тарихи таңбаларға, ескерткіштерге бай елді мекен. Әсіресе, Қарасай шатқалындағы таңбалы тастар шоғыры ата-бабаларымыздың өмірінен сыр шертіп жатқандай. Қола дәуірінде адам баласы аң аулап, тіршілік жасаған әрі олар қолға ұстаған, көрген аңдарының бейнесін тасқа ойып салып отырған. Қарасай петроглифтері тау аңғарларында тұрған ежелгі адамдардың тұрмысын, салт-дәстүрі мен жосын-жоралғыларын айғақтайтын әмбебап үлкен тарихи кешен болып табылады. Онда тауешкі, ат, бұқа, ит, түйе және басқа хайуанаттардың суреттері кездеседі. Адамдардың аңшылық іс-әрекеттерімен қатар, тауешкілердің артқа қайырылған үлкен мүйіздері тасқа шеберлікпен бейнеленгенінен олардың киелі аңдар қатарына жатқызылғандығын көреміз. Кейбір тауешкілердің мүйізі қайқайып әрі…

Read More

Жамбыл облыстық «Жастар ресурстық орталығының» бастамасымен «Донор бол — өмір сыйла» атты акциясына аудан еріктілеріде өз үлестерін қосты. Облыстық қан тапсыру орталығына жиналған 30-ға жуық жамбылдық жастардың көкейінде сауапты іске атсалыссақ деген ой тұрса керек. Аудан әкімдігі «Жастар ресурстық орталығының» директоры Маханбет Рахимжановтың айтуынша, ерікті жастар акцияға үлес қосуға ынта білдіріп, қолқа салған. Қазіргі жастардың бойынан кез келген қасиетті байқауға болады. Олардың заман ағымына тез бейімделуі, заманауи технологияны тез игеруі жастардың ой-өрісінің дамығанын білдіреді. Әрине кез келген ілгерілеушілік адами құндылықтан ауытқымауы қажет. Бүгінде жастар аталмыш акцияға қатыссақ деп ұсыныс білдіргеннен кейін, біз бас тарта алмадық. Содан бәріміз бірге мұқтаж жандарға…

Read More

«Болар істің басына – жақсы келер қасына» дегендей-ақ Абай көшесі бойынан екі бірдей зәулім нысанның бой көтеруі болашақта аудан орталығының келбеті мен көркіні одан сайын ажарландыра түсетіні даусыз. Өткен-кеткендер бұл тұсқа көз тастамай өте алмайды. Жергілікті жастар болашаққа сеніммен қарап, көп үміт күтеді. Сол үміттің оты лаулайтын күнде алыс емес. Сондықтан да шығар, аудан жастары құрылыс жұмысы жоғарғы қарқынмен жүргізіліп жатқан спорттық-сауықтыру кешенін қазірден-ақ айналшықтап жүр.Нысан қазан айында пайдалануға берілмек. Келесі нысан көп пәтерлі бес қабаттан тұратын тұрғын үй құрлысы. Бұл нысанның құрылысы кеше ғана бастау алғандай еді, санаулы күндердің ішінде қабырғасы бой көтеріп қалған. Мердігер мекеме «биномдықтардың» сөзіне сенсек,…

Read More

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қолдауымен «Асарлатып үй салу» жобасы облысымыздың барлық өңірінде жүзеге асырылуда десек, Жамбыл ауданына қарасты Ащыбұлақ ауылында жағдай мүлдем бөлек. Бөлек болғаны сол, ауыл тұрғындары мен қолы ашық азаматтары ауыл кәриелерінің тұрмыстық табысы төмен отбасыға ауыл болып баспана салуымыз керек деген насихатын санаға түйіп, білек сыбана кіріскен. Сөзімізге назардағы суреттер дәлел болады. Ауыл әкімі Самат Селеубаев жұртшылықтың кең пейілділігі мен адамгершілігінің арқасында құрылыс жұмыстары осындай деңгейге жеткендігін айтады. «Біз қиындықта қарайласқан халық екенімізді тағы мәрте дәлелдеп отырғандаймыз. Ләйім Алла тағала ауызбіршілігімізден айырмасын. Алдағы уақытта ішкі әрлеу жұмыстарын тәмамдап, жылу жүйесін жүргіземіз. Ең қызығы мұқтаж отбасыға баспана кілтін…

Read More