Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қарқара жайлауындағы Қымызмұрындық тойы ұлттық рухты көтеретін ұлы той

    27.06.2025

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

    13.06.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Сейсенбі, 1 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қарқара жайлауындағы Қымызмұрындық тойы ұлттық рухты көтеретін ұлы той

      27.06.2025

      Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

      12.06.2025

      Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

      05.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

      04.06.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

      15.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Елордада аса мұқтаж отбасыларға шамамен 1800-1900 пәтер беру жоспарланып отыр

    Елордада аса мұқтаж отбасыларға шамамен 1800-1900 пәтер беру жоспарланып отыр

    Ел іші 17.05.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Мұны Бақыт Сұлтанов көпбалалы аналармен кездесуінде айтты.

    Бүгін қалалық әкімдікте Бақыт Сұлтановтың көпбалалы аналармен кездесуі өтіп жатыр. Кездесуде халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына әлеуметтік қолдау көрсету және оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz елорда әкімдігінің ресми сайтынасілтеме жасап.

    Қала әкімімен қатар кездесуге Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің өкілдері қатысты. Елорда әкімімен кездесуге 70-ке жуық қала тұрғыны келді, олардың әрқайсысы толғандырған сұрақтарын ортаға салды.

    Көпбалалы аналардың айтуынша, бірінші кезекте оларды тегін тұрғын үй беру, атаулы әлеуметтік көмек беру, жұмысқа орналастыру мәселелері қызықтырады.

    Қала әкімінің мәліметінше, соңғы уақытта бейінді басқармалар азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша үлкен жұмыс жүргізді. Нәтижесінде көмекке аса мұқтаж отбасылардың деректер базасы құрылып, нақты қажеттіліктер мен проблемалар анықталды. Әрбір отбасын қолдау жөніндегі жеке шаралар жоспары әзірленді.

    Әкімнің айтуынша, елордада тұрғын үй кезегінде халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар, соның ішінде көпбалалы аналар, аз қамтылған азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі адамдар тұр. Бақыт Сұлтанов қосымша қаражат есебінен шамамен 1800-1900 пәтер беру жоспарланып жатқандығын мәлімдеді.

    «Бұл көлемді алдағы жылдары екі есеге арттыруға тырысамыз. Бірақ барлығы тұрғын үй заңнамасының талаптарына сай болуы қажет. Біз аз қамтылған және көмекке аса мұқтаж отбасыларды, соның ішінде көпбалалы отбасыларды муниципалдық тұрғын үймен қамтамасыз етуге тиіспіз», – деді ол.

    Бақыт Сұлтановтың айтуынша, қиындыққа тап болған әрбір отбасы «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Бизнестің жол картасы» бағдарламалары мен атаулы әлеуметтік көмек аясында қолдауға ие болады. Сондай-ақ, азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселелері де шешіледі.

    «Біз азаматтарды қайта оқытуға немесе біліктілігін арттыруға көмектесеміз», – деп атап өтті Бақыт Сұлтанов.

    Көпбалалы аналар айтқан барлық өтініштер жедел түрде жүйеленіп, талданады. Әр өтініш бойынша түсініктеме беріледі.

    Оқылып жатыр

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Кәсіпкер Дулат Тастекей өзгеше челлендж бастады

    23.04.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Қарқара жайлауындағы Қымызмұрындық тойы ұлттық рухты көтеретін ұлы той

    27.06.2025

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

    13.06.2025

    Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

    12.06.2025

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.