Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қарқара жайлауындағы Қымызмұрындық тойы ұлттық рухты көтеретін ұлы той

    27.06.2025

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

    13.06.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Сейсенбі, 1 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қарқара жайлауындағы Қымызмұрындық тойы ұлттық рухты көтеретін ұлы той

      27.06.2025

      Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

      12.06.2025

      Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

      05.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

      04.06.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

      15.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Қазақстандық полицейлер қырғызстандық жүргізушілердің шағымына жауап берді

    Қазақстандық полицейлер қырғызстандық жүргізушілердің шағымына жауап берді

    Өңір тынысы 25.12.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстандық полицейлер Қырғызстан жүргізушілерінің шағымына жауап берді. Олардың айтуынша, жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін сақтамайды екен. Жыл басынан бері Қырғызстан Республикасының жүргізушілері 47 ЖКО жасаған, — деп хабарлайды Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі. 

    Осы 47 жол-көлік оқиғасы салдарынан 13 адам қаза тапқан, 96 адам зардап шеккен. 

    «Жыл басынан бері Жамбыл облысының жолдарында жақын шетелдердің жүргізушілерінің кінәсінен 51 жол апаты тіркелді, 14 адам қаза тауып, 99 адам жарақат алды. Бұл оқиғалардың 92 пайызын Қырғыз Республикасының жүргізушілері жасаған. Бұл 47 жол-көлік оқиғасы, 13 қаза болғандар мен 96 түрлі жарақат алғандар», — деп атап өтті полицейлер. 

    Жамбыл облысының полициясында Қырғыз Республикасының азаматтары Қазақстан аумағында қолданылып жүрген жол қозғалысы ережелерін елемейтінін айтады. Мысалы, бағдаршамның тыйым салатын түсіне өтіп, сыртқы жарық құралдарын, дыбыс сигналдарын пайдалану, апатты жағдайда сигнал беруді қолдану ережелерін, темір жол өткелдерінен өту ережелерін бұзады екен. Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін пайдалану және басқалар бойынша талаптарды сақтамайды. Жыл басынан бері көршілес елдің жүргізушілер жасаған 12548 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды. 79,3 миллион теңгеден аса айыппұл салынды.

    Осы үрдісті бұзу үшін биыл желтоқсан айынан бастап «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Жамбыл облысы полиция департаментінің заңсыз көші-қонға қарсы арнайы жеке ротасының қызметкерлері «Айша бибі» өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға жол берген азаматтарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оларға қатысты хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін Жамбыл облысы Жамбыл аудандық сотына жіберіледі.

    Бұл тек биылғы заңбұзушылықтар. Қырғызстан Республикасының кейбір азаматтары биыл ЖҚЕ бірнеше рет бұзуға жол берген, оларға айыппұл салынған. Шетелдік азаматтар бұл айыппұлды төлемей, Жамбыл облысы аумағында бірен-саран келіп тұруды тоқтатпаған», — деді Жамбыл облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының басшысы Арман Тұрдалиев.

    Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 384-бабында көші-қоннан басқа Қазақстан Республикасының заңнамасын бірнеше рет бұзуға жол берген шетел азаматын елден депортациялау түрінде жауапкершілік көзделген. Олардың арасында бұзақылық, қоғамдық орында мас күйінде болу және басқалары бар.

    Бүгінгі таңда Жамбыл аудандық соты Қырғызстанның төрт азаматын жер аудару туралы шешім шығарды. Қосымша Красноярск қаласының тағы екі тұрғынына қатысты материалдар сотта қарастырылып жатыр. 

    Осыған дейін, Қырғызстанның Талас қаласында ондаған жергілікті жүргізуші алаңда жиналып, Қазақстанның жол полициясы қызметкерлеріне наразылық білдірген болатын. 


    жолдар құқық қорғау органдары Қырғызстан

    Оқылып жатыр

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Қарқара жайлауындағы Қымызмұрындық тойы ұлттық рухты көтеретін ұлы той

    27.06.2025

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

    13.06.2025

    Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

    12.06.2025

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.