Танганьика провинциясында жолаушылар мен қалайы рудасы тиелген жүк көлігі аударылып кеткен
![](https://azattyq-ruhy.kz/cache/imagine/main_page_full/uploads/news/2019/11/02/5dbc817a56fef531211345.jpg)
Конго Демократиялық Республикасындағы қайғылы жол апатынан 22 адам қаза тапты, деп жазады News.ru.
Елдің оңтүстік-шығысындағы Танганьика провинциясының Манано аумағында қалайы рудасы тиелген жүк көлігі аударылып, соның салдарынан 22 адам қаза тапқан.
Полицияның мәлімдеуінше, ауыр жарақат алған тағы онға жуық адам хал үстінде жатыр.