Close Menu
    Оқылып жатыр

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

    05.05.2025

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Сенбі, 17 Мамыр
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

      13.05.2025

      Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

      05.05.2025

      Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

      30.04.2025

      Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

      24.04.2025

      Алматыда салық форумы: Жаңа салық реформасынан қорқуға болмайды

      23.04.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025

      Қызылордада алғашқы қазақстандық такси агрегаторы – APARU таныстырылды

      01.03.2025

      Қарағандыдағы медицина колледжі жабылмайтын болды

      25.02.2025

      Теміржолдың тірегі: хантаулық Жаңабек Амангелдіұлының еңбек жолы

      05.02.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Қордай ауданында қақтығыс болған ауылдар қоқыс пен өртенген көліктерден тазаланды — Асқар Мырзахметов

    Қордай ауданында қақтығыс болған ауылдар қоқыс пен өртенген көліктерден тазаланды — Асқар Мырзахметов

    Өңір тынысы 10.02.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысы Қордай ауданында орын алған жағдайға байланысты бүгін Сортөбе ауылында брифинг өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

    Онда ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен облыс әкімі Асқар Мырзахметов БАҚ өкілдеріне қақтығыс зардаптарын жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды, бүгінгі күннің дәл осы сағаты бойынша түскен мәліметтерді баяндап, олардың жолдаған сауалдарына толыққанды жауаптар берді.

    Бердібек Сапарбаев қазіргі таңда Қаракемер, Масаншы, Сортөбе, Қарасу, Ауқатты ауылдарының барлық кіріс-шығыстарына блог-постар қойылып, көшелерде қоғамдық тәртіпті сақтау жұмыстары жүргізіліп жатқандығын жеткізді. Сондай-ақ, соңғы тәулік ішінде Қордай, Қарасу, Ауқатты, Сортөбе шекара бақылап-өткізу бекеттерінен 4454 адам ҚР аумағына қайт оралғандығын айтты.

    Облыс әкімі Асқар Мырзахметов қақтығыс салдарынан 36 тұрғын үй мен 11 кооммерциялық нысан және 44 автокөлік өртенгендігін тілге тиек етіп, алдын-ала жасалған есептеулер бойынша келтірілген залал көлемі анықталып жатқандығына назар аудартты.

    Аймақ басшысының айтуынша, аталған ауылдарда зардап шеккен азаматтармен жұмыс жасау мақсатында арнайы топтар құрылып, мобильді халыққа қызмет көрсету орталықтары ұйымдастырылған. Ол арқылы өткен тәуліктің ішінде 22 азаматқа жеке куәлік, 17 азаматқа туу туралы куәліктер беріліп үлгерілген. Асқар Исабекұлы бүгінгі таңда көше бойындағы өртенген автокөліктерді, қоқыстарды тазалау жұмыстарын толық аяқталғанын, оған 30 техника мен 125 адам жұмылдырылғанын хабарлады.

    Сонымен қатар, барлық әлеуметтік нысандар, сауда орындары мен дәріханалар қалыпты жұмыс жасауда. Қазіргі уақытта жағдай тұрақталған.

    Осыған дейін хабарлағанымыздай, ағымдағы жылдың 7-ші ақпан күні Қордай ауданындағы Қаракемер, Масаншы, Бұлар батыр ауылдарында болған қақтығыс нәтижесінде 176 адам ауруханаға жүгініп, 41-і жатқызылса, 10-ы қаза болды. Зардап шеккендерге барлығы 39 дәрігер көмек көрсетіп, қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айту, қол ұшын беру шаралары ұйымдастырылған. Үкіметтік комиссия мүшелері вице-премьер Б.Сапарбаев пен облыс басшысы А.Мырзахметов марқұмдардың жерлеу рәсіміне қатысып, ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізді.

    Қақтығыс болған күні төтенше жағдай департаментімен 19 техника, 80 адам жұмылдырылған. Ал жағдайды бақылау үшін барлығы 1968 құқық қорғау органдарының қызметкерлері, 130-ға жуық әскери техника жұмылдырылды.

    Айта кетейік, аймақ басшысы Асқар Исабекұлы оқиға орын алған күннен бастап аталған ауылдарға арнайы барып, жағдайды өз бақылауына алған болатын. Тұрғындармен кездесіп, сабырға шақырып, тараптардың пікірлеріне құлақ түріп жүрген аймақ басшысы барлық қалпына келтіру шаралары сапалы әрі шұғыл атқарылуына көңіл бөлуде.

    Қордай ауданы

    Оқылып жатыр

    Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

    15.03.2025

    Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

    03.03.2025

    Қызылордада алғашқы қазақстандық такси агрегаторы – APARU таныстырылды

    01.03.2025

    Қарағандыдағы медицина колледжі жабылмайтын болды

    25.02.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

    05.05.2025

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025

    Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

    24.04.2025

    Алматыда салық форумы: Жаңа салық реформасынан қорқуға болмайды

    23.04.2025

    Кәсіпкер Дулат Тастекей өзгеше челлендж бастады

    23.04.2025

    Алматыда Zhas Skills – 2025 байқауы өтті: Жастар жол саласының қыр-сырымен танысты

    22.04.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.