Армения премьер-министрі Никол Пашинян Александр Лукашенко Беларусь президенті болып тұрғанда ол елге мүлде бармайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy ақпарат.
Армения премьер-министрі Никол Пашинян өзі де, өзге армениялық шенеуніктер де Александр Лукашенко президент болып тұрғанда Беларусь еліне бармайтынын айтты. Мұны барлық ақпарат агенттіктері жарыса жазуда. Пашинянның айтуынша, Лукашенко армян халқынан кешірім сұрауы тиіс.
«Келесі қисынды қадам — Арменияның ҰҚШҰ-дан шығу. Ол оқиға қашан орын алатынын біз өзіміз шешеміз. Ол мүмкін бір айдан кейін, мүмкін, бір жыл, үш жылдан соң болуы да ықтимал», деді Никол Пашинян.
ҰҚШҰ құрамынан Арменияның шығатыны туралы Пашинян жақында мәлімдеді. Естеріңізде болса, 2023 жылы қаңтар айында Армения ҰҚШҰ оқу-жаттығуын өткізбей қойды. Жаттығу Қырғызстанда өткен. Өткен жылдың қарашасында Минскте өткен ҰҚШҰ саммитінде Армениядан ешкім қатыспады. Ұйымның БАс хатщшысы Иманғали Тасмағамбетов «Армения ұйымнан шықпайды» деп мәлімдеген.