5 наурызда кешке Мәскеудің батысындағы пәтерлердің бірінде белгілі украиналық шахматшы Станислав Богданович пен оның құрбысы Александра Вернигора өлі табылды, – деп хабарлайды «Федеральное агентство новостей«.
Мәйіт жанында азот тотығы бар шарлар жатқан: алдын ала болжам бойынша, спортшылар көңіл көтеретін газдан уланған. Зорлық белгілері жоқ. Өлімнің нақты себебін сараптама анықтайды.
![](https://kaz.tengrinews.kz/userdata/u262/2020-03/resize/28ca8b3e19be6248b3dd928cf3e4caaa.jpeg)
27 жастағы Богданович гроссмейстер, Одесса және Украина чемпионы болған. Онымен бірге қаза тапқан 18 жастағы Вернигора ММУ-де оқыған, ол әлемдік шахмат федерациясының (FIDE) рейтингінде 1861-орында тұр, қыз Украинаның намысын қорғаған.
Бірнеше күн бұрын Станислав Богданович Ресей атынан Украинаға қарсы интернет-матчте ойнаған. Осылайша, оның айтуынша, ол елдер арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға көмектескісі келген. Алайда бұл әрекетіне украиналық әлеуметтік желі қолданушылары наразылық білдірді.
Спортшы сын астында ғана қалып қоймай, сонымен қатар, Ресейдің насихат акциясына қатысушы ретінде «Миротворец» сайтының базасына енді.