Close Menu
    Оқылып жатыр

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 13 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды

    Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды

    Өңір тынысы 14.04.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте аймақтың ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары сараланды. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың карантин жағдайындағы іс-әрекеттері және халықпен кері байланыс орнатуға қатысты мәселелер талқыланды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекованың айтуынша, ағымдағы жылдың үш айында облыс бойынша 114,7 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өнеркәсіптегі өнім көлемінің индексі 97,9 пайызды құраған. Экономикалық көрсеткіштердің төмендеуіне «Қазфосфат» ЖШС зауытындағы пештің және Тараз бен Меркі қант зауыттары жұмыстарының тоқтауы әсер еткен.

    Бюджет кірісіндегі көрсеткіштер де ойдағыдай емес. Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының хабарламасында көрсетілгендей, жергілікті бюджеттің шығындары 3,195 миллиард теңгені құрайды.
    — Карантин ерте ме, кеш пе аяқталады. Өмір ағымы өз арнасына түседі. Сондықтан бүгінгі жағдайды тиімді пайдаланып, көрсеткіштерді қалпына келтіруге тырысу керек. Ең алдымен, жергілікті жерлердегі ахуалдың нақты көрінісіне мұқият талдау жасап алу маңызды. Бүгін не істеу керекпіз, ертең не істей аламыз? Шағын кәсіп пен халықты қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға айрықша назар аудару қажет. Бұл мақсатқа Үкімет тарапынан ауқымды қаражат қарастырылуда. Оны ұтымды ұқсата білейік. Бұл орайдағы жобалар өңір экономикасына жұмыс жасап, тұрғындардың табысын арттыруға ықпал етуі тиіс, — деді Бердібек Сапарбаев.

    Облыс әкімі өз орынбасарлары мен басқарма басшыларын «Еврохим» ЖШС, Амангелді мұнай өңдеу зауыты сияқты ірі кәсіпорындармен жүйелі жұмыс жүргізуге шақырды.

    Өңірдің кейбір орта және шағын кәсіпорындарының тоқтап тұруына қатысты өзекті мәселелердің оңынан шешілуіне қол жеткізу қажет. Өз кезегінде кәсіпорын басшылары жұмысшыларына қамқорлық жасауы тиіс. Жалақыны арттыру мәселесі де өзекті күйінде қалып отыр. Сондай-ақ, инвестиция тарту жөніндегі жұмыстарды жандандыра түсу керек.

    Бердібек Сапарбаев облыста балалар және спорт алаңдарын салу үшін «Самұрық-Қазына» қорынан қаржы бөлінгенін атап өтті. Олардың құрылысы Тараз қаласының Қаратау шағын ауданында, сондай-ақ Байзақ ауданының Сарыкемер және Қордай ауданының Масаншы ауылдарында жүргізілмек. Бұл орайда жергілікті әкімдіктер бөлінген қаражатты тиімді пайдаланғаны абзал.

    Өңір басшысы жауапты тұлғаларға карантиндік тәртіптің талаптары мен шарттарын қатаң сақталуын қамтамасыз ету қажеттігін ескертті. Сонымен қатар, ол жауапты тұлғалардың назарын коронавирустық инфекциямен күресте алдыңғы шептегі медицина қызметкерлері, полиция және басқа да мамандар үшін тиісті жағдайлар жасау керектігіне аударды.

    Жиында ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл облыстық филиалының директоры Евгений Шарыгин сөз алып, екінші деңгейлі банктердің төлемдер мен жәрдемақы төлеу жұмыстарының мерзімі ұзартылуына қатысты шаралардан хабардар етті. 10 сәуірдегі мәліметтерге сәйкес банктерде 42500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны төлеу бойынша барлығы 43835 шот ашылған. Бүгінгі таңда көптеген банктерде электрондық қызметтер қолжетімді десек, бұл орайда бөлімшелерге бармай-ақ төлем карталарын және шоттарды ашуға болатындығы айтылды.
    Сондай-ақ, облыста 9 сәуірден бастап «Нұр Отан» партиясының желісі бойынша «Біз біргеміз!» қорынан 50 мың теңге мөлшерінде жәрдемақы төлеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл көмекті шамамен халықтың әлеуметтік осал топтарындағы 8,5 мыңдай адам алады деп көзделуде.

    Басқосу барысында халықпен тиімді кері байланыс орнату мәселелері де қаралды.

    Бердібек Сапарбаев мемлекеттік органдардың басшыларына азаматтардың өтініштерімен жүйелі түрде жұмыс жүргізу қажеттігін ескертті. Ол 109 бірыңғай диспетчерлік қызметін облыс әкімі аппаратының қарамағына беру туралы бастаманы қолдады. Алдағы уақытта байланыс орталығының жұмысын күшейту жоспарлануда десек, бұл орайда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы аталған қызмет тәжірибесі негізге алынбақ.

    Жамбыл облысы экономика

    Оқылып жатыр

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Әлемде мұнай бағасы арзандауда

    25.05.2026

    Трамптың бір ауыз сөзі мұнай бағасын арзандатты

    21.05.2026

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.