Биыл Тараз қаласында №8, 12, 14, 39, 52, 50, 57, 15, 23 мектептерді ағымдағы жөндеуден өткізуге 26,9 миллион теңге қарастырылып, жөндеу жұмыстары жүргізілді, — деп хабарлайды Tarazy.kz.
Қазіргі таңда, кейбір мектептерде басқада күрделі мәселелері шешуді қажет етеді. Олар, №22 мектепке акт залы мен асханаға арналған және №7 мектепке акт залы мен 5 сынып бөлмелерге арналған жапсарлас ғимараттарының құрылыстары. Бұл мәселелер бойынша жобалық сметалық құжатамаларды әзірлеу жұмыстары осы жылы басталып, құрылыс 2021 жылы жүргізу көзделуде.
Облыс деңгейінде бекітілген білім нысандары құрылысының Жол картасына сәйкес: «Шалғай–Қарасу» және «Барысхан» тұрғын алқаптарында әрқайсысы 600 орынды мектептердің және «Казарма» алқабында 180 орынды мектептің құрылыстары; 2021 жылы «Арай» және «Қайнар» алқаптарында әрқайсысы 600 орынды мектептердің құрылыстары жоспарлануда.
Аталған нысандар бойынша қазіргі таңда жобалық–сметалық құжатамалары әзірленуде.
Ал, №1 лицейге 300 орынға арналған жапсарлас ғимараттың жобалық сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан шықты. 2020 жылы жоғары тұрған бюджетке ұсынылатын болады.
Қалада 64 мемлекеттік және 69 жекеменшік мектепке дейінгі білім беру мекемелері қызмет атқарады, онда 19 451 бала тәрбиеленуде. 1 мен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім беру, тәрбиемен қамту 79,6 пайыз болса (2018 жылы – 69,1 пайыз), 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды қамту 98,0 пайыз құрайды (2018 жылы – 94,9 пайыз).
Жалпы мектепке дейінгі мекемелердің ішінде 69 жекеменшік ұйымдарында 6032 бала тәрбиеленуде немесе 31,0 пайыз. Кезекке тіркелген балалар саны 18177, оның ішінде 3–6 жастағылары – 392 бала. 2019 жылға жоспарланған 1454 орынның орнына 1534 орын ашылды (80 орынға артық орындалды).
Осы мақсатта мемлекеттік білім беру тапсырыстарынан бөлек, мемлекеттік–жекешелік әріптестіктің тетіктері іске асырылатын болады.
Қазіргі кезде, Мемлекеттік–жекешелік әріптестік аясында сенімгерлік басқаруға беруге 11 нысанның тиісті құжаттамалары жоғары уәкілетті органға ұсынылды, атап айтқанда: №6 орта мектептің асханасы (Отеген батыр көшесі,47); №11 орта мектептің асханасы (Акылбеков көшесі,2); №13 орта мектептің асханасы (Қазыбек би,47 );№20 орта мектептің асханасы (Крылов көшесі, 1); №23 орта мектептің асханасы (Сухамбаев көшесі, 20); №27 орта мектептің асханасы (Жібек–жолы көшесі, 104А); №31 орта мектептің асханасы (Тонкуруш көшесі, 14); №32 орта мектептің асханасы (К.Жалаири көшесі, 31); №36 орта мектептің асханасы (Ақбұлақ м.а., 31); №50 орта мектептің асханасы (Мәмбет батыр,25А); №25 бала–бақша (жобалық сыйымдылығы 64 орындық). Бұл ретте тиісті мекеме тарапынан ұсыныс беру жоспарланып отыр.